«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты icon

«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты



Название«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты
Дата конвертации21.08.2014
Размер273.71 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

Министрінің

2013 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 20/460 бұйрығының

2 қосымшасы

«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету

және жөндеу» кәсіптік стандарты


  1. Жалпы ережелер





  1. Кәсіби стандарт аңықтайды үшін:

еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;

қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған;

2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:

білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.

4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;

2) біліктілік деңгейі/біліктіліктің деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.

3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

7) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ (ұқсас және қызметі жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы атқарымдарды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;

8) кәсіби стандарт - кәсіптік қызметтердің нақты саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және қызметкер құзыретіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесіні нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдалар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қаблеті;

12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;

13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

КҚ – кәсіптік қызмет;

ҚТ – қызмет түрі;

КС – кәсіби стандарт;

ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;

СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;

БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы.

ШРК – шектеулі рұқсат етілген концентрациясы.

^

2. Кәсіби стандарттың паспорты



6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): Ауылшаруашылығы.

7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: ауылшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Кәсіби стандарт «Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы Кәсіби стандартының 1 қосымшасында көрсетілді.

Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады:
^

ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі;


ауылшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі шебер.


3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптер) карточкаласі



Параграф 1. Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі
9. СБШ – 2- 3 бойынша біліктілік деңгейі.

10. Мүмкін болатын лауазым атауы: Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі.

11. «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу және профилактикалық техникалық қызмет көрсету жөніндегі кәсібі субъектіні негізгі функцияны жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы Кәсіби стандартының 2 -қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

12. Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы Кәсіби стандартының 2 қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы Кәсіби стандартының 2 қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

14. Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы Кәсіби стандартының 2 қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

15. Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы Кәсіби стандартының 2 қосымшасының 5, 6 кестесінде көрсетілді.

Параграф 2. Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техник (шебер)
16. СБШ – 2-4 бойынша біліктілік деңгейі.

17. Мүмкін болатын лауазым атауы: машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техник (шебер).

18. «Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техник (шебер)» түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу және профилактикалық техникалық қызмет көрсету кәсібі субъектіні негізгі функцияны жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы Кәсіби стандартының 3 - қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

19. Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техниктің (шебердің) еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы Кәсіби стандартының 3 қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

20. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы Кәсіби стандартының 3 қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

21. Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техниктің (шебердің) орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы Кәсіби стандартының 3 қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

22. Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техниктің (шебердің) құзыреттеріне қойылатын талаптар осы Кәсіби стандартының 3 қосымшасының 5, 6 және 7 кестесілерінде көрсетілді.

«Ауылшаруашылық

техникасына техникалық

қызмет көрсету және жөндеу»

кәсіптік стандартының

1 қосымшасы

Қызмет, кәсіп, біліктілік деңгейлерінің түрлері



Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдістерін ескерумен кәсіптің атауы


ҚР 05-2008 МС сәйкес кәсіп атауы



СБШ біліктілік деңгейі


1.

Ауылшаурашылық техникасын дайындау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі

Тракторшы-машинист

2-3

2.

Машиналар мен механизаторлардың көмегімен агротехникалық жұмыстарды жүргізу

Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техник (шебер)

Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі шебер

2-4


«Ауылшаруашылық

техникасына техникалық

қызмет көрсету және

жөндеу» кәсіптік

стандартының

2 қосымшасы


1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы


«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші

Базалық топ

1226

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

Шығарылым 64 «Ауыл, су және орман шаруашылығындағы механизаторлық жұмыстар» 1.11.2012 ж. № 422-ө-м (ӘМ № 8089 23.11.2013 ж.)

БТБА бойынша кәсіп

Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинист

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтары

2

-

3

-

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

-

-

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар




-



        ^

        2 Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар





Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ауылшаруашылық техникасы станциялары, ауалшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсететін компаниялар, машина-трактор парктері және жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге арналған шеберханалар. Жерді өңдеу бойынша ауылшаруашылық құрамалары, қоғамдық және ауылшаруашылық құрылыстар, ауыл жолдарын жайластыру

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Температуралық режім. Ауыр техниканың айналма элементтері. Биіктікте жұмыс істеу, ауыр көтеру. Электр қуаты, шу, шаң, қышқылдар, сілтілер, аллергендер. Жанар-жағар майлар, естицидтер мен түрлі нысандағы қауіпті химиялық заттар. Зиянды заттар немесе газдардың ШРК арттыру мүмкіндігі. Стресс-факторлар, әсіресе астықты отырғызу және жинау кезеңінде

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізуші, тракторшы, машинист куәлігі

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білімі және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Жалпы орта білімі болғанда қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту

Оқу кезінде

3

Техникалық және кәсіптік білім мен практикалық жұмыс тәжірибесі

1 жыл



        ^

        3 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі

        (еңбек функцияларының кәсіптер)





Еңбек атқарымының



Еңбек атқарымының атауы

(кәсіби стандарттың бірліктері)

1

Жұмыс машиналары мен механизмдерін таңдау, қабылдау және жұмысқа қосу

2

Түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу және профилактикалық техникалық қызмет көрсету

3

Жою, жөндеу жұмыстарының сапасын талдау жасау

4

Комбайн, трактор, машина және механизмдердің жұмысқа дайындығын тексеру

5

Машина, механизмдердің жұмыс параметрлерін диагностикалау және бақылау

5

Агрегаттар мен механизмдерді құрастыру және жөндеу қорытындыларына талдау жасау



4 Кесте. Кәсіби стандартының бірліктерді сипаттау

(функционалдық карта)


Еңбек атқарымы-ның



Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер

(енбек іс-қимылдар)

1

Ауылшаруашылық мақсаттағы құралдар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, автокөліктер, трактор, комбайндар

Трактор, комбайндар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, рульдік басқару, басқару пульттары. Салқындатуға арналған сұйықтықтар, жанар-жағар майлар, нұсқаулықтар, паспорт, ТТ, техникалық сипаттамалар. Керек-жарақтар, құралдар. Өлшеу аспаптары, пневматикалық, гидравликалық, электронды және электр құрылғылары

1-1) Трактор, комбайндар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтарды сыртынан шолып тексеру және таңдау. Аспалы, тіркемелі агрегаттарды құрастыру және орнату және қозғалтқыш пен жабдықтың тиімді режімдерін анықтау

1-2). Ақауларды жою, жөндеу және жұмысқа қосу

2

Ауылшаруашылық мақсаттағы құралдар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, автокөліктер, трактор, комбайндар

Трактор, комбайндар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, рульдік басқару, басқару пульттары. Салқындатуға арналған сұйықтықтар, жанар-жағар майлар, нұсқаулықтар, паспорт, ТТ, техникалық сипаттамалар. Керек-жарақтар, құралдар. Өлшеу аспаптары, пневматикалық, гидравликалық, электронды және электр құрылғылар

2-1) Еңбек қызметі барысындағы түрлі ауылшаруашылық техникасын пайдалану

2-2) Түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу

2-3) Түрлі ауылшаруашылық техникасы түрлеріне профилактикалық қызмет көрсету

3

Ауылшаруашылық мақсаттағы құралдар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, автокөліктер, трактор, комбайндар

Трактор, комбайндар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, рульдік басқару, басқару пульттары. Салқындатуға арналған сұйықтықтар, жанар-жағар майлар, нұсқаулықтар, паспорт, ТТ, техникалық сипаттамалар. Керек-жарақтар, құралдар. Өлшеу аспаптары, пневматикалық, гидравликалық, электронды және электр құрылғылар

3-1) Комбайн, трактор, машина және механизмдердің жұмысқа дайындығын тексеру

3-2) Машина, механизмдердің жұмыс параметрлерін диагностикалау және бақылау

3-3) Агрегаттар мен механизмдерді құрастыру және жөндеу қорытындыларына талдау жасау



        ^

        5 Кесте. СБШ 2-деңгейі ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі құзыретіне қойылатын талаптар




Міндеттердің шифры

Жеке және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білім

1-1)

Ауылшаруашылық техникасын қарау және таңдау, құрастыру және орнату кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Ауылшаруашылық техникасының пайдалануға жарамдылығын тексеру

Техника жүйелерінің, компоненттерінің, қызмет ету және пайдалану ережелерінің, оларды сыныптау сипаттамасы

3-1)

Комбайн, трактор, машина және механизмдердің жұмысқа дайындығын тексеру кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жұмыс істеу және оны түзету кезінде пайдалану параметрлерін орнату, мониторинг жүргізу және бақылауды жүзеге асыру



Механикалық жетекті көлік құралдарының атқарымдық механизмдері мен пайдалану параметрлері жүйелерінің, принциптерінің және режімінің сипаттамасы


        ^

        6 Кесте. СБШ 3-деңгейі ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі құзыретіне қойылатын талаптар





Міндеттердің шифры

Жеке және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білім

1-2)

Ақауларды жою, жөндеу және жұмысқа қосу үшін жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жабдықты, құралдарды құрастыру, реттеу, бөлшектеу және сақтау

Жұмыс рәсімдерінің, жұмыс кезеңдерінің, ауылшаруашылық жабдығының техникалық сипаттамалары



2-1)

Түрлі ауылшаруашылық техникасын пайдалану кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Көлік құралдарын басқару және онымен жұмыс істеу

Жол жүру ережелері, салмақ пен өлшем шектеулері, габаритті емес өзі жүретін ауылшаруашылық жабдығын жүктеу ережелері

2-2)

Түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу кезінде қойылған міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Машина мен механизмдерді пайдалану кезінде ақаулар мен кемшіліктерді анықтау

Автоматты басқару, дабыл жүйесі механизмдерінің және ауылшаруашылық машиналарының сипаттамасы

2-3)

Түрлі ауылшаруашылық машинасына профилактикалық қызмет көрсету үшін жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Көлік құралдарымен жұмыс істеу

Жұмыс рәсімдерінің, жұмыс кезеңдерінің, ауылшаруашылық жабдығының техникалық сипаттамалары

3-2)

Машина, механизмдердің жұмыс параметрлерін диагностикалау және бақылау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Машина мен механизмдерді пайдалану кезінде ақаулар мен кемшіліктерді анықтау

Көлік құралдарының жеке компоненттері мен бөлшектерін ретке келтіру үшін жүйелер мен механизмдердің сипаттамасы

3-3)

Ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, тіркемелерді және аспалы жабдықты тексеру кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, тіркемелерді және аспалы жабдықты техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тиімді және қауіпсіз пайдалануға жарамдылығын тексеру

Ауылшаруашылық техникасының тиімді және қауіпсіз жұмысын бақылау әдістерін сипаттау, механизмдер мен құрылғыларға мониторинг жүргізу және бақылау. Жұмыс рәсімдері мен кезеңдерін, машиналардың баптауларын және жүргізуді басқару, қауіпсіз орнату, құрастыру, бөлшектеу, өңдеу және аспалы жабдық пен құралдарды сақтау



«Ауылшаруашылық

техникасына техникалық

қызмет көрсету және

жөндеу» кәсіптік

стандартының

3 қосымшасы

1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы


«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші

Базалық топ

1226

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі




БТБА бойынша кәсіп

      -


СБШ біліктілік деңгейі

-

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар




Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі шебер

-

-

-

-

-

-

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар








2 Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ауылшаруашылық техникасы станциялары, ауылшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсететін компаниялар, машина-трактор парктері және жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге арналған шеберханалар.

Жерді өңдеу бойынша ауылшаруашылық құрамалары, қоғамдық және ауылшаруашылық құрылыстар, ауыл жолдарын жайластыру

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Температуралық режім. Ауыр техниканың айналма элементтері. Биіктікте жұмыс істеу, ауыр көтеру

Электр қуаты, шу, шаң, қышқылдар, сілтілер, аллергендер. Жанар-жағар майлар, естицидтер мен түрлі нысандағы қауіпті химиялық заттар

Зиянды заттар немесе газдардың ШРК арттыру мүмкіндігі. Стресс-факторлар, әсіресе астықты отырғызу және жинау кезеңінде

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізуші, тракторшы, машинист куәлігі

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білімі және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Жалпы орта білімі болғанда қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту

Оқу кезінде

3

Техникалық және кәсіптік білім мен практикалық жұмыс тәжірибесі

СБШ деңгейінде 2 жыл

4

Техникалық және кәсіптік білімнің жоғарылатылған біліктілік деңгейі

Талап етілмейді



        ^

        3 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі


(еңбек функцияларының кәсіптер)


Еңбек атқарымының №

Еңбек атқарымының атауы

1

Жұмыс машиналары мен механизмдерін таңдау, қабылдау және жұмысқа қосу

2

Түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу және профилактикалық техникалық қызмет көрсету

3

Жою, жөндеу жұмыстарының сапасын талдау жасау



4 Кесте. Кәсіби стандартының бірліктерді сипаттау

(функционалдық карта)


Еңбек атқарымының №


Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер

1

Ауылшаруашылық мақсаттағы құралдар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, автокөліктер, трактор, комбайндар

Салқындатуға арналған сұйықтықтар, жанар-жағар майлар, компьютерлер мен компьютер құралдары, диагностика мен бақылау құралдары, механикалық бақылау-өлшеу аспаптары

1-1) Трактор, комбайндар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтарды сыртынан шолып тексеру және таңдау.

1-2) Аспалы, тіркемелі агрегаттарды құрастыру және орнату және қозғалтқыш пен жабдықтың тиімді режімдерін анықтау

2

Ауылшаруашылық мақсаттағы құралдар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, автокөліктер, трактор, комбайндар

Салқындатуға арналған сұйықтықтар, жанар-жағар майлар, компьютерлер мен компьютер құралдары, диагностика мен бақылау құралдары, механикалық бақылау-өлшеу аспаптары

2-1) Түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу

Еңбек қызметі барысындағы түрлі ауылшаруашылық техникасын пайдалану

2-2) Түрлі ауылшаруашылық техникасы түрлеріне профилактикалық қызмет көрсету

3

Ауылшаруашылық мақсаттағы құралдар, механикаланған агрегаттар, аспалы, тіркемелі жабдықтар, автокөліктер, трактор, комбайндар

Салқындатуға арналған сұйықтықтар, жанар-жағар майлар, компьютерлер мен компьютер құралдары, диагностика мен бақылау құралдары, механикалық бақылау-өлшеу аспаптары

1-1) Машина және механизмдердің жұмысын тексеру, машина, механизмдердің жұмыс параметрлерін диагностикалау, бақылау және ақауларды жою

1-2) Агрегаттар мен механизмдерді құрастыру және жөндеуге талдау жасау, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру

1-3) Ақауларды жою және жұмысқа қосу



        ^

        5 Кесте. СБШ 2-деңгейі машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техниктің (шебердің) құзыретіне қойылатын талаптар


        Міндет

        тердің шифры

        Жеке және кәсіптік құзыреттіліктер

        Біліктер мен дағдылар

        Білім

        1-1)

        Ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, тіркемелерді және аспалы жабдықты тексеру кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

          Техникалық және агроклиматтық талаптарды ескерумен машина комбинацияларын таңдау және ұйымдастыру




        Трактор, комбайн, және механикалық жетекті машиналарды құрастырмасы, мақсаты, атқарымы, пайдалану саласы және пайдалану сипаттамалары бойынша сыныптау



        ^

        6 Кесте. СБШ 3-деңгейі машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техниктің (шебердің) құзыретіне қойылатын талаптар





Міндеттердің шифры

Жеке және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білім

1-2)

Құрастыру, жұмыс режімдерін орнату бойынша міндеттерді орындау кезіндегі жауапкершілікті, бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

  • Дайындықты жүзеге асыру, ауылшаруашылық техникасын құрастыру, реттеу, бөлшектеу және сақтау

  • Аспалы жабдықты, құралдарды қауіпсіз орнату, құрастыру, бөлшектеу, өңдеу, тиеу, төсеу, түсіру және сақтау бойынша жұмыс рәсімдері мен кезеңдерінің сипаттамасы

2-1)

Түрлі ауылшаруашылық техникасын жөндеу кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

    Ауылшарушылық техникасы қозғалтқыштары мен жүйелерін жинау және бұзу. Машиналарды пайдалану барысында ақауларды анықтау және оларды құжаттау

Механизмдер жүйелерінің, пайдалану параметрлерінің жұмыс режімі принциптерінің және доңғалақты, шынжыр табан трактор, комбайн және моторлы көлік құралдарының сипаттамалары

2-2)

Түрлі ауылшаруашылық машинасына профилактикалық және техникалық қызмет көрсету кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

    Ауылшарушылық техникасы қозғалтқыштары мен жүйелерін жинау және бұзу. Машиналарды пайдалану барысында ақауларды анықтау және оларды құжаттау, ақау актілерін толтыру

Механизмдер жүйелерінің, пайдалану параметрлерінің, жұмыс режімі принциптерінің және доңғалақты, шынжыр табан трактор, комбайн және моторлы көлік құралдарының сипаттамалары



        ^

        7 Кесте. СБШ 4-деңгейі машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі техниктің (шебердің) құзыретіне қойылатын талаптар





Міндеттердің №

Жеке және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білім

3-1)

Машина және механизмдердің жұмысын тексеру, машина, механизмдердің жұмыс параметрлерін диагностикалау, бақылау және ақауларды жою кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Машиналарды пайдалану кезіндегі кемшіліктер мен ақауларды анықтау. Бақылау-өлшеу аспаптарының аспап панельдерін баптау



Мотор көлік құралдарының және басқа өзі жүретін ауылшаруашылық жабдығының механизмдерінің және автоматты басқару мен дабыл жүйелерінің, сенсорлық технологияларының сипаттамасы

3-2)

Агрегаттар мен механизмдерді құрастыру және жөндеуге талдау жасау, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

    Пайдалану параметрлерінің мониторингі, бақылау және түзету

Механикалық жетекті көлік құралдарының, ауылшаруашылық машиналарының, тіркемелердің, аспалы жабдықтың, агрегаттардың атқарымдық механизмдері мен пайдалану параметрлері жүйелерінің, жұмыс принциптері және режімінің сипаттамасы

3-3)

Ақауларды жою және жұмысқа қосу кезіндегі жауапкершілікті, бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет


Ауылшаруашылық техникасын пайдалану кезінде техникалық бұзушылықтарды, апаттар мен инциденттердің себептерін анықтау. Басшыларға сапаны қамтамасыз ету шараларына сәйкес стандартты рәсімдерді жақсарту бойынша ұсыныстар беру

Ауылшаруашылық техникасының қауіпсіз, тиімді жұмысын бақылау, механизмдер мен қондырғыларға мониторинг жүргізу мен бақылау әдістерінің сипаттамасы



4. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері

5. Кәсіби стандартты әзірлеушілер

PRC «Career-Holdings»

        ^

        6. Келісу парағы





Ұйым атауы

Келісілген күні

        Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің техникалық және кәсіптік білімді және кадрлар даярлауды дамыту бойынша салалық кеңес




7. Кәсіптік стандарттың сараптамасы және тіркелуі


Осы кәсіптік стандарт ____________________ бекітілді және тіркелді.
Кәсіптік стандарттар тізіліміне енгізілді. Тіркеу № ___________
Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________




Похожие:

«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты iconКәсіби стандарты Жалпы бөлім
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету...
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты icon«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы № бұйрығымен бекітілген
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты icon«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №752 бұйрығымен бекітілген
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты iconҚызметтік автокөліктігін ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;МХҚО автокөлігін ағымды жөндеу және техникалық өызмет көрсету;
МХҚО автокөлігін ағымды жөндеу және техникалық өызмет көрсету; Мобильді ХҚко автокөлігін ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету–қызметтерді...
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты icon«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»
Кс «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне және құзыретіне,...
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты icon«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу»
«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету,...
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты iconЕсеп және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету, жабдықтарға жүйелік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
...
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты iconЕсеп және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету, жабдықтарға жүйелік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алудың

«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты icon«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету»
«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет...
«Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік стандарты iconАвиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымының қызметтік нұсқаулығы
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы