Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі icon

Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі



НазваниеКонкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі
страница1/4
Дата конвертации27.09.2014
Размер0.57 Mb.
ТипКонкурс
источник
  1   2   3   4




 Жалпы ережелер

1. Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы конкурстық құжаттамаға ^ 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

6) осы конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес үлгі келісім-шарт негізінде дайындалған елеулі шарттар көрсетілген мемлекеттік сатып алу шарттың жобасы.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын ИИК KZ720705034522001001, ^ БИК KKMFKZ2A, БИН 000240000185, мемлекеттік мекеме коды 4522001, банк бенефициары: ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті.

      2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

   Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

^ Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші ^ 2012 жылғы "17" шілде сағ. 18:00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 090000, БҚО, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45, «Орал қаласы қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншікті басқару секторы, каб. 112.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

      1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

      2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің www.uralsk-akimat.kz интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ^ 2012 жылғы "22" шілде сағ.18:00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

      Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің www.uralsk-akimat.kz интернет-ресурсында жариялайды.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім
      8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

      9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы Конкурстық құжаттамаға ^ 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 35 күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кейiнге қалдырылады

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

- құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

-  заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;

      - лицензиялардың және (немесе) патенттердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

      - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      - құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

      - төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

      - осы Конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

- не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын; Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

Конкурстық құжаттама өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқығын көздеуі тиіс:
      1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат;

2) әлеуеттi өнiм берушiнi ресми биржа листингiне енгiзу туралы қор биржасынан үзiндi көшiрме;

Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

  осы Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.

      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
      осы Конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;
      5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

      6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлғға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілетінің болуын растау үшін) қамтуға тиіс.

Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.
^ Конкурстық өтінімдерді салыстыру және бағалауға

қолданылатын өлшемдер.
10. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру кезiнде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердi ескередi және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтiнiмдерге қолданады.

      Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

     11. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.  

      Жергілікті қамтудың бар екендігін қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті қамтудың әрбір пайызы үшін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

      Тауарда жергілікті қамтудың бар болуы СТ-KZ нысанды тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады.

      Әлеуетті тауар жеткізуші сатып алынатын тауардың отандық өндірушісі болып табылған жағдайда, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын жергілікті қамту болғаны үшін шартты түрде он пайызға азайтады.

      Жұмысты, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушінің жергілікті қамтудың мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін төлеу құнының жалпы еңбекті төлеу қорынан және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген әлеуетті өнім беруші тікелей де, сол сияқты қосалқы мердігерлік шарт жасасу арқылы да жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері толық өндіруіне немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстаннан шыққан үлестің (үлестердің) құнынан шартты пайыздық қамтуы ретінде айқындалады.
      Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің - бес пайызға азайтады.
^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

     12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
      14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ МҮЛІКТІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАНЫ ЖАРИЯЛАУ ҮШІН МЕРЗІМДІ БАСПА БАСЫЛЫМЫН АЙҚЫНДАУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ОСЫ КОНКУРС» және 2012 жылдың 28 шілде сағат 15:00-ге "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ"

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

     16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: 2012 жылдың 28 шілде 15:00 сағаттан бастап қоса алғанда 090000, БҚО, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45, «Орал қаласы қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншікті басқару секторы, каб. 112 конкурстық комиссия хатшысы Н.С.Рахимжановаға береді.

      17.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

    18. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

     19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
      Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
     22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
  1   2   3   4



Похожие:

Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі icon800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды: 1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны...
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі iconАҒылшын тәсілімен сауда-саттық бойынша: 1 Көлік құралы Hyundai Terracan 5 gi мт
Сауда-саттық 2013 жылдың «24» маусымында сағ. 11-30-де өткізіледі: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі iconАҒылшын тәсілімен сауда-саттық бойынша: 1) Тәуелсіздік көшесі, 15 бойынша жылжымайтын мүлік (ғимарат)
«курчатов қаласының Қаржы бөлімі» мм курчатов қаласының коммуналдық меншік нысандарын сату бойынша аукцион өткізеді
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі iconБорышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабарлама «лик-снаб»
Бсн 02014000511, конкурстық басқарушысы борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың жүргізілетіндігі туралы хабарлайды,...
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі iconАҒылшын тәсілімен сауда-саттық бойынша: 1) Жылжымайтын мүлік (көлік құралы) Skoda Oktavia Comba Elegance
«курчатов қаласының Қаржы бөлімі» мм курчатов қаласының коммуналдық меншік нысандарын сату бойынша аукцион өткізеді
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі iconАҒылшын тәсілімен сауда-саттық бойынша: 1) Жылжымайтын мүлік (көлік құралы) Skoda Oktavia Comba Elegance
«курчатов қаласының Қаржы бөлімі» мм курчатов қаласының коммуналдық меншік нысандарын сату бойынша аукцион өткізеді
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі icon«ШҚо курчатов Қаласының Қаржы Бөлімі» мм аукциондық Сауда Саттық Өткізеді Сауда – саттық 2014 жылдың «25» ақпанда сағ. 11-00 Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4 мекенжайында өткізіледі
ШҚО, Курчатов қаласы, Абай көшесі, 37, жалпы ауданы – 4136,90 ш м. 1975 жылы салынған, «ШҚо курчатов қаласының тұрғын-үй коммуналдық...
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі iconКепілдеме пайыз мөлшерін анықтау параметрлері
Бт (қазақ немесе орыс тілдері (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) / /кешенді тест нәтижелері...
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі icon«Мемлекеттік коммуналдық объектілерді жекешелендіруді, алдын ала сатысындағы жекешелендіруді өткізу туралы мемлекеттік және орыс тілінде мерзімдік басылымдарда
«Мемлекеттік коммуналдық объектілерді жекешелендіруді, алдын ала сатысындағы жекешелендіруді өткізу туралы мемлекеттік және орыс...
Конкурс Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі iconБорышкердің мүліктерін (активтерін) сату бойынша сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарлама «astana dpm»
Астана қаласы, Баянауыл к-сі, 71 үйі, 82пәт, бсн 010540000435, стн 620300018074 борышкерінің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы