«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» icon

«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»



Название«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
Дата конвертации21.08.2014
Размер84.18 Kb.
ТипДокументы
источник


«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е



1. Жалпы ереже.
1. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» (одан әрі Бөлім) мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде мемлекеттік басқару және бақылау қызметін іске асыруға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің атауы мемлекеттік тілде – «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков города Уральска».

4. Бөлім заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте есеп айырысу шоты, дербес балансы бар.

Бөлім өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастар жасайды.

Бөлім егер заңнамаларға сәйкес өкілеттігі болса азаматтық - құқықтық қатынастарға мемлекет атынан араласуға құқылы.

5. Мемлекеттік басқару органы - Орал қаласының әкімдігі бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.

Қала әкімдігінің «Бөлім құру туралы» қаулысы мен осы Ереже бөлімнің құрылтайлық құжаттары болып табылады.

Бөлім туралы Ережені, оның құрылымы мен штаттық санын Орал қаласы әкімдігі бекітеді.

6. Бөлім мемлекеттік басқару органы бола отырып, бағынысындағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқарады.

7. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен іске асырылады.

8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, қызметі мен құқығы
2.1.Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қалада бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

2) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету;

3) басқа да мәдениеттерді сақтауға, дамытуға, таратуға қамқорлық жасау;

4) инфрақұрылымдарды дамытуды, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

5) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

6) өнер қызметкерлерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

7) қала аумағындағы ескерткіштерді анықтау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, насихаттау;

8) қалалық барлық ведомстволар мен бірлестіктердің меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңды, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарын қоғамның бүкіл экономика, қоғамдық-саяси салаларында, әлеуметтік, мәдени өмірінде жүзеге асыру жолындағы қызметтерін үйлестіру;

9) мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуына бақылау мен басшылық етуді жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді іске асыру.
2.2.Бөлімнің негізгі қызметтері:

1)оркестрлердің, студиялардың, мектептердің, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, кинотеатрлардың, бейнесалондардың, кітапханалардың, көркем салондардың, мәдени-ағарту мекемелерінің, мәдениет және демалыс паркінің, тарихи-мәдени орталықтардың және басқа да мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

2)мәдениет және демалыс паркінің жасыл қорын сақтау, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету;

3) кітапханалар қорларын жасақтау мен сақтауға жағдай жасауды қамтамасыз ету;

4) халық көркемөнер кәсіпшіліктерін, қолөнерін дамытуға ықпал ету;

5) ұлттық-мәдени мұралар нысандарының сақталуын бақылау және қамтамасыз ету, меншік түріне қарамастан азаматтардың оларға қол жеткізуге ашық құқығын жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарында ақылы қызмет көрсетуді бақылау және бюджеттің қалыптасуы және оның мақсатты орындалуы;

7) мәдениет мекемелерінің негізгі қызметін, мәдениет ауқымындағы мемлекеттік бағдарламаларды, мәдениет игіліктерін сатып алуға, мәдениет саласында ұлттық шараларды өткізуге бағытталған қаржының жұмсалуын бақылау;

8) ведомствалық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда бастапқы есепті, статистикалық бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда жүйелі ревизиялар мен тексерістер жүргізу арқылы меншікті сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

9) мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының халық жаппай демалатын жерлерде жұртшылыққа түрлі нысандағы мәдени қызмет көрсетуді одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарын бақылау;

10) ұлттық-мәдени орталықтар мен қоғамдардың ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мерекелерді жаңғырту жөніндегі жұмыстарына ықпал ету;

11) мәдениет және өнер салаларында конкурстар, байқаулар, фестивальдар, көрмелер, концерттік және гастрольдік қызметтерді ұйымдастыру және өткізу;

12) халық шығармашылығын дамыту жұмыстарына бақылау жасау;

13) жастар саясаты бағдарламасын іске асыру жұмыстарын қамтамасыз ету;

14) ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың біліктіліктерін арттыру;

15) қала аумағында тілдер туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуына басшылық етуді іске асыру;

16) тілдік ортада мемлекеттік тілдің басымдылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, тілдерді дамытудың өзекті мәселелері жөнінде шаралар өткізу, ұлттық – мәдени бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселесі бойынша қызметтерін үйлестіру;

17) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның сақталуын, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;

18) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдары мен құжаттар дайындау;

19) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, түрлі деңгейдегі өкілетті және атқарушы билік органдарына, білім мен мәдениет мекемелеріне, халыққа қызмет көрсетуші салаларға, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізуді жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету;

20) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ведомстволарға «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттар ресімдеуде көмек көрсету;

21) Ресей Федерациясының шекаралас облыстарындағы қазақ диаспорларымен байланыс орнату;

22) заңнамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

23) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
2.3 Бөлімнің негізгі міндеттері мен өз қызметін жүзеге асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіпте мыналарға құқылы:
1) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нұсқаулар беріп, ведостволық актілер шығаруға;

2)белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан ақпарат сұратып алуға;

3)заңнамаларда белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындап, босатуға;

4)ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда қаржы көздерінің тиімді пайдалануын тексеруге;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қалалық мекемелерде, ведомстволарда, сонымен қатар меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу жағдайын тексеруге;

6) мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шаралар әзірлеп, өткізуде тіл заңнамаларының орындалу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс жасауға;

7) мемлекеттік және басқа да тілдер мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға, әртүрлі деңгейдегі түрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық бірлестіктердің тақілеттес форумдарына қатысуға;

8) бөлім құзырына жататын белгіленген тәртіпте тұрғындардың хаттары мен арыздарын қарауға, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға;

9) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, осы мәселе жөніндегі облыс және қала әкімі мен әкімдігінің актілерін орындау негізінде бұйрықтар, нұсқаулықтар шығаруға;

10) өзінің қызметтік ақпараттық-анықтамалық бюллетеньдерін, плакаттарын, қаттаулы кітапшаларын, әдестемелік материалдарын шығаруға;

11) сәйкес органдар мен ұйымдардан тіл саясаты мәселелері бойынша ақпараттар, материалдар, қажетті мәліметтер мен анықтамалар сұратып алуға, сондай-ақ тіл туралы заңнамалардың дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктеме беруге және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттік қызмет атқаруға.
^ 3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

Бөлімнің құрылымына Қазақстан Республткасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте қала әкімімен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім бастығы, заңнамаларда белгіленген тәртіпте бөлім бастығымен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын мәдениет секторының меңгерушісі және тілдерді дамыту секторының меңгерушісі, бас және жетекші мамандар кіреді. Штат санының лимиті қала әкімдігімен белгіленеді.

Бөлім бастығы:

1) бөлім қызметіне басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді;

2) бөлімнің қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;

3) құрылымдық бөлімшелер туралы Ережені бекітеді;

4) стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;

5) өзінің өкілеттігі шегінде бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша бағынысындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындары қызметін үйлестіріп отырады;

6) заңнамаларда белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды;

7)заңнамаларда белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

8) өзінің құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

9)бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша бөлім отырыстарын, кеңесін, активін және басқа да шаралар өткізеді;

10)Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


^ 4. Бөлімнің мүлкі

Бөлімнің оқшауланған мүлікті тікелей басқаруына құқығы бар. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет тарапынан берілген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ бөлімнің балансында құны көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.

Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

Бөлімнің өзіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен айыруға немесе басқалай билік жасауға құқығы жоқ.

Бөлімді қайта құру немесе тарату жағдайында оның қарамағындағы мүлік мемлекетке қайтарылады немесе құқықтық мұрагеріне беріледі.
5. Бөлімді қайта құру және тарату

Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес негізінде жүзеге асыралады.



Похожие:

«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» icon«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік...
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» icon«Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
«Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлім) мәдениет саласында басшылықты жүзеге...
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» icon«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» iconЕрежесі жалпы ережелер
«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге...
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» iconБюджеттік бағдарлама мм «ШҚо семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
«Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 2012 – 2014...
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» iconОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» iconОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 20 12 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» iconҮржар аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және басты нысаналы индикаторлары
«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» icon2012 жылғы 30 наурыздағы «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепті және есептілікті анық және дұрыс жүргізуін, жергілікті бюджет қаражатын пайдалану сәйкестігін бақылау қорытындылары туралы»
«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм бастығы А. М. Сәрсенбаева
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы