2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon

2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»



Название2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница5/8
Дата конвертации26.08.2014
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 7. Бағдарламаны нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
      Ескерту. 7-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      МЖӘ модельдерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда:
      жекешелендіру құқығынсыз сумен жабдықтау жүйелерін жалға беру, сенімгерлік басқаруға беруге не концессияға беруге рұқсат беру бөлігінде Қазақстан Республикасының Су кодексіне;
      ерекше стратегиялық маңыздылығы бар объектілер тізбесінен, су шаруашылығы құрылыстарын (жинақтауыш құрылыстар, сорғы станциясы, су құбырының тазалау құрылыстары) алып тастау бөлігінде «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына.
      Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер өзгеруінің болжамды деңгейін айқындау бөлігінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттігін айқындау бөлігінде «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Заңына.
      Экологиялық заңнамада су айдындарына сарқынды сулардың құйылуын реттеуді жетілдіру, қалалық станцияларда сарқынды суды жете тазалайтын күрделі әрі қымбат тұратын құрылыстардың салуын болдырмау үшін өнеркәсіп кәсіпорындарын өздерінің жергілікті тазалау құрылыстарын салуға ынталандыру бойынша, қалалық су бұру жүйелеріне ластану құрамы бойынша шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларға жақын өнеркәсіптік сарқынды суларды төгуге рұқсат беруге пәрменді тетіктер әзірлеу.
      Құқықтық қатынастарды жетілдіру, тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекіту, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындардың қызметтерін құқықтық реттеу үшін 2012 жылы «Сумен жабдықтау және су бұру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу қажет.
      Жалпы, заңнама шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын, концессионердің қызметіне тарифтер қалыптастыру әдістерін дамыту мәселесін пысықтау, қолдағы мемлекеттік мүлік объектілерін концессияға беру, концессияға берілмейтін объектілер тізбесін қайта қарау жөніндегі концессия модельдерін дамыту, сондай-ақ концессияның қолданылу салаларын кеңейту қажет.
^ 8. Сумен жабдықтау және су бұру секторының жай-күйін мониторингілеу жүйесін құру
      Ескерту. 8-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 N 994 Қаулысымен, 2012.05.15 № 621 Қаулыларымен.
      Бағдарламаны іске асыруға орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері қатысады.
      Бағдарламада мемлекеттік үйлестірушінің функцияларын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктеу көзделген.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі органдардың қызметін жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен іс-шараларын орындау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді.
      Орындаушы мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер агенттігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері) бағдарламалық іс-шаралар мен нысаналы индикаторларды орындау бойынша жұмыс барысын бақылауды қамтамасыз етеді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары төрағалық ететін Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия құрылды, оның негізгі мақсаты ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының қаралатын тізбелері, Бағдарлама шеңберінде геологиялық-барлау жұмысының объектілері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Республикалық бюджет комиссиясына Тізбелерді қарауға шығару, су шаруашылығы саласындағы МЖӘ жобаларын іске асыруға байланысты мәселелерге қатысты ұсыныстар әзірлеу, сумен жабдықтау және су бұру секторының тиімділігі мен рентабельділігін арттыру бойынша мәселелер мен ұсыныстарды қарау болып табылады.
      Бүгінгі күні республикада су сапасы, ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің техникалық жай-күйі, сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жай-күйі туралы бірыңғай жүйеленген дерекқор болмаған.
      Осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру барысында мониторинг жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай іс-шараларды іске асыру қарастырылған:
      бағдарламалық іс-шаралардың орындалу барысының тиімділігі мен нәтижелігін бағалау бойынша жұмыстарды орындау үшін әртүрлі көздерден алынатын есептілік, статистикалық, анықтамалық, болжамды және бағалау ақпараттарын жинау, жүйелеу және талдау;
      халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру саласында нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу деңгейі және жағдайдың өзгеру динамикасы туралы ақпарат алу үшін бағдарламалық іс-шараларды іске асыру мониторингі жүргізу;
      сумен жабдықтау және су бұру секторының жай-күйін мониторингілеудің автоматты, ақпараттық-талдау жүйесін құру бойынша ұсыныстар енгізу.
      Бағдарламаның тиімділігін бағалау және жергілікті жердегі қала құрылысы кадастырының электронды базаларын пайдалана отырып, инвестицияның әзірленген негіздемесіне жүргізілген зерттеудің нәтижесі негізінде сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жағдайына одан әрі мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бағдарламасы шеңберінде деректер базасының электронды ақпараттық-талдамалық жүйесі әзірленетін болады
      Бағдарламаның тиімділігін бағалауға қажетті ақпаратты жинау және талдау жүргізу үшін әкімшілік есепке алу нысандары әзірленеді.
^ 9. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суы әлеуетін барынша пайдалану
      Ескерту. 9-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Бағдарлама шеңберінде жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенімді көзі ретінде жер асты тұщы суларының көздерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
      Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемін жыл сайын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту және жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірлесіп айқындайды.
      Сумен жабдықтаудың жер асты көздері жоқ жерлерде сумен жабдықтаудың жер үсті көздері пайдаланылатын болады.
      Жалпы алғанда жер асты суларын пайдалану бойынша қызметтердің мынадай бағыттары көзделеді:
      энергия және су-энергия үнемдейтін жабдықтарды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      мемлекеттік есепте тұрған жер асты тұщы суларының барланған көздерін неғұрлым толық пайдалану;
      қолданыстағы жер асты су айдындарының және бекітілмеген қорларда жұмыс істейтін су айдындарынан су алудың барынша ықтимал ұлғаю перспективаларын бағалау;
      жер асты суларының пайдалану қорларын бағалау;
      ауыз сумен жабдықтаудың қорғалмаған көздері бар елді мекендерде іздестіру-барлау жұмыстарын өткізгеннен кейін жер асты суларының жаңа көздерін игеру.
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі пайдалану мерзімі аяқталған қорлардың болуына және жер асты суларының сапасына кепілдік беретін қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды беретін болады.
      Жер асты су көздеріндегі судың сапасы су тарту ұңғымаларын пайдалану режимдерінің бұзылуы және иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы, жер асты суларының техногенді ластануы нәтижесінде төмендейді. Осыған байланысты жер асты суларының жиналу жерлерін қорғау, иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша шаралар қабылдау қамтамасыз етілетін болады.
      Баламалы су көздері болмаған кезде ең алдымен ластанудан барынша қорғалған жер астындағы ауыз суын пайдалану қажет.
^ 10. Сумен жабдықтау мен су бұру және қазақстандық қамтуды дамыту жүйелерін жобалау сапасын арттыру
      Ескерту. 10-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 N 994, 2012.05.15 № 621 Қаулыларымен.
      Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру және қолданыстағы жобалау ұйымдарының жауапкершілігін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сәулет, қала.құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет түрлеріне біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерін әзірлеу бөлігінде уәкілетті орган ретінде лицензияланатын субъектілерге жаңа біліктілік талаптарын әзірлеу бойынша шараларды қарастырды.
      Жосықсыз жобалаушыларды «іріктеу» үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сумен жабдықтау және су бұрудың ірі объектілерін жобалауға байланысты жұмыстарға мынадай санаттар енгізетін болады.
      Бірінші санат (жоғары) ерекше күрделі және бірегей объектілердегі қызметті, оның ішінде сумен жабдықтаудың және су бұру объектілерін -топтық суларды тартқыштарды, тазарту құрылғыларын, су айдындарын жобалау қызметін көздейді.
      Бұл санатқа өндірістік базасы, мамандығы бойынша білікті кадрлары бар, жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.
      Екінші санат (орташа) бұқаралық құрылыс объектілеріндегі қызметті, оның ішінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың көшедегі тарату желілері мен квартал ішіндегі желілерін көздейді. Бұл санатқа кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.
      Үшінші санат (базалық) техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілердегі (үйлерге құбырларды, жеке тұрғын үйлердің ішкі су құбырларын орнату) қызметті көздейді. Бұған тәжірибесі жоқ кәсіпкерлік субъектілері жіберілуі мүмкін.
      Бұл ретте санатты енгізу жаңадан құрылатын су шаруашылығы ұйымдары мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша кедергілер туындатпайды.
      Бұдан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды дербес аттестаттау енгізілетін болады.
      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанынан сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басты бейінді мемлекеттік ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру ұйымын құру қажет.
      2011-2013 жылдар кезеңінде бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ жобалау және құрылыс мерзімдерін қысқарту мақсатында ағымдағы жылы ғылым мен техниканың озық жетістіктері негізінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың үлгі жобаларының тізбесін әзірлеуді қарастыру қажет, бұл түпкі қорытындыда сумен жабдықтау және су бұру объектілері құрылысының тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
      Бұл ретте үлгі жобаларда Бағдарламаны іске асыру кезінде қазақстандық қамтуды арттыру тетігін енгізу арқылы отандық кәсіпорындардың өнімдерін кепілді пайдалануды көздеу керек.
      Осы мақсатта Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қолданыстағы өндірістерге талдау жүргізеді және елді индустрияландыру бағдарламасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасына енгізу орынды болатын материалдар, технологиялар мен жабдықтар өндірісі бойынша перспективалы және басымды жобалардың тізбесін айқындайтын болады.
      Жүргізілген талдау негізінде жоғарыда көрсетілген жобаларда одан әрі пайдалану үшін Отандық өндірістің бұйымдарымен және жабдықтарымен жабдықтаудың бірыңғай тұжырымдамасы әзірленеді, бұл ретте «Сумен жабдықтау және су бұру» саласында отандық өндірістің материалдары мен жабдықтарын қолдануды регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттама (ҚН және Е, техникалық тапсырмалар және т.б.) қайта қаралатын болады.
^ 11. Саланы кадрмен қамтамасыз ету
      Ескерту. 11-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Кадрлар тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесе отырып, кәсіпорындармен, жобалау ұйымдарымен қатар мемлекеттік органдар үшін де сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жөніндегі білікті мамандарды, геологиялық саланың білікті мамандарын даярлау жүйесін күшейтулері қажет.
      Оқу орындарының базасында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша жұмысты қайта бастау, сондай-ақ тікелей кәсіпорындарда тәжірибеден өту үшін жағдай жасау қажет.
^ 6. Қажетті ресурстар
      Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері 2011 жылдан бастап жергілікті бюджеттерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан сумен жабдықтау жобаларын қоса қаржыландыруды көздеуі тиіс.
      2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық қажеттілік (млн. теңге)



Жылдар

Мемлекеттік бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Барлығы

1 273 859

1 164 142

109 717

2011

93 572

85 670

7 902

2012*

134 097

122 739

11 358

2013*

133 555

122 248

11 307

2014*

130 662

119 355

11 307

2015*

130 662

119 355

11 307

2016*

130 662

119 355

11 307

2017*

130 162

118 855

11 307

2018*

130 162

118 855

11 307

2019*

130 162

118 855

11 307

2020*

130 162

118 855

11 307
1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Кет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы