2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon

2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»



Название2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница4/8
Дата конвертации26.08.2014
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін
      Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру объектілері үшін жүйелі тәсіл мыналарды көздейді:
^ 3.1. Сумен жабдықтау
      Ескерту. 3.1-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйіне жүргізілген техникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі елді мекен шегінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекен шегінен тыс ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастырады, ол мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
      құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мүмкін болатын АЕМ (зерттеу нәтижелері бойынша ЖСҚ сәйкестігі және сумен жабдықтау көздерінің болуы расталған);
      ЖСҚ әзірлеу немесе түзету талап етілетін АЕМ (зерттеу нәтижелері бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін техникалық өлшемдер айқындалған немесе ЖСҚ түзету қажеттілігі анықталған);
      жер асты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу талап етілетін АЕМ;
      жер асты су көздерінің пайдалану мерзімі аяқталған, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жер асты сулары қорларының бар болуы туралы уақытша қорытынды берген АЕМ;
      Сумен жабдықтау жобаларын іріктеу және тізбеге енгізу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
      1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
      2) экологиялық сараптаманың болуы;
      3) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;
      4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
      6) түсіндірме жазба;
      7) техникалық зерттеудің болуы;
      8) жобаны бекіту туралы бұйрық;
      9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
      Сумен жабдықтау жөніндегі жобалардың басымдығы мынадай өлшемдер бойынша анықталатын болады:
      1) халық саны 1000 адамнан астам АЕМ;
      2) халық саны 500-ден 1000 адамға дейінгі АЕМ;
      3) халық саны 100-ден 500-ге адамға дейінгі АЕМ.
      Жобалардың басымдығын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі техникалық зерттеулердің негізінде жоғарыда көрсетілген басымдық өлшемдерін негізге ала отырып анықтайтын болады.
      Сондай-ақ, сумен жабдықтау жобаларын іріктеудің негізгі өлшемдерінің бірі жергілікті атқарушы органдар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс.
      Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі елді мекен шегінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекен шегінен тыс елді мекендерді жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің келісімі бойынша қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына енгізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі қарағаннан кейін ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз суымен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.
3.2. Су бұру
      Ескерту. 3-2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 N 994, 2012.05.15 № 621 Қаулыларымен.
      1. Орталықтандырылған сумен жабдықталған бар ауылдық елді мекендердің су бұру жүйесіне зерттеу жүргізу үшін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыру.
      2. Іске асыруға жоспарланған су бұру жобаларына зерттеулер жүргізу.
      3. Су бұру жобаларының түпкілікті тізбесін бекіту.
      Су бұру жобаларының алдын ала тізімін қалыптастыру жыл сайын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жоспарлайтын қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдардың келесі қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.
      Су бұру жобаларының алдын ала тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) мыналар енгізілуі тиіс:
      бекітілген ЖСҚ бар жобалар, пайдаланушы кәсіпорынның немесе ұйымының болуы, экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы.
      Бұл ретте жобаларды іріктеудің негізгі өлшемі жергілікті атқарушы органдар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаларды міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс.
      Су бұру жобаларын іріктеу және тізбеге енгізу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
      1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
      2) экологиялық сараптаманың болуы;
      3) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
      4) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
      5) түсіндірме жазба;
      6) техникалық зерттеудің болуы;
      7) жобаны бекіту туралы бұйрық;
      8) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
      Сумен жабдықтау жөніндегі жобалардың басымдығы мынадай өлшемдер бойынша анықталатын болады:
      1) орталықтандырылған сумен жабдықтаудың болуы;
      2) аудандық орталықтар;
      3) халық саны 1000 адамнан астам АЕМ.
      Су бұру жобаларын іріктеу нәтижелері бойынша жүйелер жағдайын техникалық зерттеу жүргізу үшін жобалар тізбесі қалыптастырылады. Зерттеу ғимаратты, құрылыстарды және су бұру жүйелерінің желілерін пайдаланушы кәсіпорыннан немесе оларды баланста ұстаушы ұйымдардан ақпарат жинау және объектілер орналасқан жерде салыстыру арқылы жүргізіледі және зерттелетін объектінің мынадай сипаттамаларын қамтуы тиіс:
      аталған негізгі құралдарды іске қосу жылы, олардың қалдық құны және тозу дәрежесі;
      су бұрудың қолданыстағы жүйесінің құрамы;
      құбырлардың өнімділік, ұзындық, диаметр көрсетіштері;
      су бұру жүйесі объектілерінің желілері мен құрылыстары материалдарының сипаттамасы;
      ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі;
      жергілікті атқарушы органдар әзірлеген ЖСҚ-ның су шаруашылығы инфрақұрылымының нақты жай-күйіне сәйкестігін тексеру және басқа да сипаттамалар.
      Зерттеулерден кейін пайдаланушы кәсіпорындар негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізулері тиіс.
      Техникалық зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі экологиялық қауіпсіздік бөлігінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің келісімі бойынша ауылдық жердегі су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына енгізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі қарағаннан кейін ауылдық жердегі су бұру жобаларының бірыңғай тізбесі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз суымен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.
^ 4. Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру әрі сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту
      Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының дағдарыстық жағдайы осы сектор кәсіпорындарының қаржылық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуымен байланысты екендігі белгілі.
      Қазіргі таңда тұрғындар саны 50 мың адамнан астам ірі қалаларда орналасқан сумен жабдықтаудың және су бұрудың 26 базалық кәсіпорнының ішінен 20 кәсіпорын коммуналдық меншік нысанында және 6 кәсіпорын жеке капиталдың қатысуымен құрылған.
      Бұл ретте 2008 - 2010 жылдар кезеңінде зерттелген 20 қалалық коммуналдық су арналары бойынша кәсіпорындардың 52,6 %-ы негізгі қызметінен теріс қаржылық нәтиже алды.
      Су арналары инвестицияларының жалпы сомасының 78,8 %-ы бюджеттік қаражатқа келеді, 12,8 %-ы жеке меншік, 8,4 %-ы қарыз көздеріне келеді.
      Жалпы, осы саладағы кәсіпорындардың қызметі шығынның жоғары болуымен, сумен жабдықтау қызметтері өндірісіне шығыстарды төмендетуде экономикалық ынталандырудың болмауымен, бәсекелестіктің дамымауымен сипатталады, бұл негізгі қорлардың тозуының жоғары дәрежесінің сақталуына,
      кәсіпорынның тиімді жұмыс істемеуіне, энергия, су және басқа ресурстардың жоғары шығынына әкеледі.
      Айталық, 2011 жылғы 1 қаңтарға тексерілген 20 қалалық су арналарының деректері бойынша сумен жабдықтау жүйесі ұзындығының барлығы 10458 км, су бұру желісі - 6057 км құрады, бұл ретте сумен жабдықтау жүйесінің тозу деңгейі орта есеппен 64 %-ды, су бұру жүйесі 56 %-ды, орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік деңгейі 79 %-ды, су бұру қызметіне 69 %-ды құрайды.
      Жыл сайын қалалық сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің өзіне қайта жөндеуге және жаңғыртуға республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 25,0 млрд. теңге бөлінетініне қарамастан, жалпы Қазақстан Республикасы бойынша орташа су секторының қалалық жүйелері мен құрылғыларының тозу деңгейі жоғары күйінде сақталып отыр және 60-80 %-ды құрайды.
      Осыған орай, сараптамалық бағалау бойынша 86 қала (26 ірі және 60 шағын) бойынша су құбырлары мен кәріз құрылыстарына жұмсалатын шығынды есепке алмағанда, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін қайта жөндеуге жалпы қаражат қажеттілігі 515,6 млрд. теңгеге бағаланады.
      Инвестициялардың осындай көлемін бюджеттік салымдар есебінен ғана қамтамасыз етуге болмайтыны анық және сыртқы инвестиция тарту үшін жағдай жасауды талап етеді, олар халықаралық қаржы институттары, су секторында тәжірибесі бар жеке инвесторлар және даму жөніндегі басқа әріптестер болуы мүмкін.
      Осыған байланысты Бағдарлама шеңберіндегі қызметтің негізгі бағыттарының бірі сумен жабдықтау мен су бұру секторларының инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру болып табылады.
      Кәсіпорындардың рентабельді жұмысын және жеке инвесторлар салған инвестициялар қайтарымдылығының кепілдігін қамтамасыз ететін инвестициялық тартымды тарифтер сектордың инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі факторына айналуға тиіс.
      Инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тарифті қалыптастырғанда:
      инвестордың қаржылық-экономикалық тәуекелін;
      нормативтік және/немесе нормативтен тыс шығындарды төмендетуді;
      жобалардың ішкі кірістілік нормаларын және басқаларды ескеру қажет.
      Желілердің қазіргі тозу деңгейін және сумен жабдықтау мен су бұру қызметтеріне қолданыстағы тарифтердің деңгейін ескере отырып, алдағы кезеңде қала жүйелерін қалыпқа келтіру және дамыту жөніндегі іс-шараларды бюджеттен бірлесіп қаржыландыру сақталады.
      Сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйелерін қайта қалпына келтіруге және дамытуға қажетті сома қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі жүргізіп жатқан зерттеу мен инвестициялардың негіздемесін әзірлеу бойынша нақтыланатын қорытындыларын атап өту керек.
      Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне орта және ұзақ мерзімді тарифтің шекті деңгейінің есебі мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы жүктемені төмендету есебінен ғана емес, жеке инвестиция тарту есебінен және тиісті кәсіпорынның ішкі резервтерін тиімді қолдану есебінен жүзеге асырылуға тиіс.
      Бағдарламада 2020 жылдың аяғына дейін республиканың 26 ірі қаласын базалық сумен жабдықтау мен су бұру кәсіпорындарын орта және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмысқа көшіру көзделген. Сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорынның жеке айналым қаражатын толықтыру көздерінің бірі суды қолдану көлеміне байланысты және тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифтерді қолдану мүмкіндігі болып табылады.
      Бағдарламада сумен жабдықтау және су бұру секторын жаңғырту жобаларын қаржыландырудың мынадай қағидаттары белгіленеді:
      қайта жаңарту мынадай жолмен жүргізілуге тиіс:
      1) табиғи монополия субъектілерінің орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны іске асыруы;
      2) мемлекеттік меншіктегі объектілер үшін бюджет қаражатын бөлу, сонымен бірге сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары тарифті бекіту;
      Халықтың сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қол жеткізуін арттыру үшін жаңа инженерлік желілер салу бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
      Сумен жабдықтау және су бұру секторын жаңғыртудың тиімді және негізгі аспектілерінің бірі жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың озық құралдарын қолдану болып табылады.
      Оған су арналарының орта және ұзақ мерзімді кезеңдерде шекті (инвестициялық) тарифтерді қолдануы жатады.
      Шекті (инвестициялық) тарифтер бойынша жұмыс істейтін субъектілердің санын арттыру мүмкіндігін іске асыру:
      1) су арналарының тарифтік кірістер есебінен және қарыз қаражатын мейілінше аз тарта отырып, жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында негізгі қаражатқа кезең-кезеңмен (үш-төрт жылда бір рет) қайта бағалау жүргізуі;
      2) су арналарының жабдықтарды ауыстыра, жаңа техникалар мен технологияларды енгізе отырып, сумен жабдықтау және су бұру секторының желілері мен құрылғыларын жаңғыртуға және қайта жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуі және бекітуі;
      3) реттелетін қызметтерге инвестициялық тарифтер (орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге) бекіту;
      4) реттелетін қызметтерге бір мезгілде тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін республиканың барлық өңірлерінде табиғи монополия субъектілерінің, ең алдымен – базалық субъектілердің (2015 жылға қарай міндетті көшуіне орай) инвестициялық тарифтерге көшуі бойынша кесте әзірлеу жолымен қамтамасыз етілетін болады.
5. Қалалық және ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын МЖӘ моделіне көшіру кезеңдері
      Ескерту. 5-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 N 994, 2012.05.15 № 621 Қаулыларымен.
      Қалалық су арналарын МЖӘ моделіне көшіруді жеделдету мақсатында Бағдарламада кәсіпорындардың бірқатар техникалық-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, коммуналдық меншік нысанындағы 20 кәсіпорынды кезең-кезеңімен көшіру көзделген.
      Бастапқы кезеңде 2012 жылы жеке инвесторлармен ынтымақтастықта дайындалған 4 пилоттық қаланың - Тараз, Атырау, Семей, Орал қалаларының су арналарын (халқының саны 200,0 мыңнан 300 мың адамға дейін) МЖӘ моделіне көшіру ұсынылады.
      Осы кәсіпорындар бойынша су арналарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері орта есеппен мынадай:
      сумен жабдықтау жүйелерінің тозу деңгейі - 56%, су бүру жүйелері -48%;
      жеке есептеу аспаптарымен қамту пайызы - 73%;
      орта және ұзақ мерзімді тарифтердің болуы (2011 - 2012 жылдар кезеңінде көшірілетін болады);
      тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтердің болуы.
      Екінші кезеңде 2013-2015 жылдар кезеңінде 14 ірі қаланың (Қостанай, Орал, Ақтау, Талдықорған, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Екібастұз, Түркістан, Жезқазған, Балқаш, Кентау, Риддер, Қызылорда) және республикалық маңызы бар 2 қаланың (Алматы, Астана) қалған 16 су шаруашылығы кәсіпорындары МЖӘ тетіктерін қолдануға көшіру көзделген, олардың су арналарының орташа техникалық-экономикалық көрсеткіштері мынадай:
      сумен жабдықтау жүйелерінің тозу деңгейі - 58%, су бұру жүйелерінің -55%;
      жеке есептеу аспаптарымен қамту пайызы - 83%;
      орта және ұзақ мерзімді тарифтердің болуы (2012 - 2016 жылдар кезеңінде көшірілетін болады);
      тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифтердің болуы.
      Бастапқы кезеңде жеке капиталды тартуға су арналарын дайындау мақсатында техникалық көмек құралдарын қолдану арқылы (гранттық қаржыландыру) әртүрлі халықаралық қаржы институттарымен бірлесе отырып, су арналарының қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері мен ағымдағы техникалық жағдайына егжей-тегжейлі сараптама жүргізілетін болады.
      Бұдан кейін Халықаралық қаржы институттары, ҚР Үкіметі және Пилоттық қалалар (облыстар) әкімдіктері арасындағы түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады.
      2011 жылы сумен жабдықтау мен су бұру саласында МЖӘ жобаларын дайындау үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Еуропа Қайта Құру және Даму банкі мен Тараз, Атырау, Семей қалалары әкімдіктерінің арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
      Қазіргі уақытта Еуропа Қайта Құру және Даму банкі жобалардың ТЭН-ін әзірлеп жатыр. Осы ТЭН әзірленгеннен және бекітілгеннен кейін конкурстық құжаттама әзірленетін, келісуден өткізілетін және бекітілетін болады және жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды тартуға конкурс жарияланады.
      Бюджет қаражаты барынша аз тартылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында осы сектордағы табысты жұмыс тәжірибесі мен қаржы қаражатының көлемі бар жергілікті инвесторларға басымдық берілетін болады.
      Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен келісімдер не жеке инвесторлармен келісімшарттар жасасқанда, 2020 жылға дейін қалалық жерлерде осы Бағдарламаның нысаналы индикаторларын қамтамасыз ету бойынша инвесторлар үшін бірқатар нақты міндеттемелерді көздеу қажет:
      орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтауға және су бұруға қол жетімділік деңгейін 100%-ға дейін жеткізу;
      сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің сенімділігін өсіру (авариялар саны 1 километрге -тиісінше 0,3 және 0,1);
      халық үшін жеке есептеу аспаптарымен қамту - 100 %;
      нормативтік-тазаланған су деңгейін 100 %-ға дейін арттыру арқылы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыру;
      нормативтік ысырап деңгейін 15 % дейін төмендету.
      Сондай-ақ кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату бойынша міндеттемелер көздеу қажет:
      суды автоматтандырылған коммерциялық есептеумен қамтамасыз ету 100%;
      қызметтер көрсетудің өзіндік құнындағы операциялық шығындарды 70 %-ға дейін төмендету, сарқынды су көлемінің бірлігіне электр энергиясының үлестік шығынын төмендету және т.б.
      Жергілікті атқарушы органдарға өз кезегінде осы көрсеткіштер негізінде инвестор қабылдаған міндеттердің орындалуы бойынша мониторинг және бақылау жүйесін ұйымдастыру қажет.
      Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі әр облыстан бір-бірден 14 аудандық кәсіпорынға сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары үшін пилоттық режимде МЖӘ модельдерін қолдану мүмкіндігін қарастыратын болады.
      Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдарға іріктеп алынған ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарына талдау жүргізу қажет.
      Будан кейін кәсіпорындардың 2020 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу қажет, онда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің негізгі даму бағыттарын және орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру, суды есептеу аспаптарын орнату жөніндегі индикаторларға қол жеткізу жолдарын көрсету қажет.
      Бұл ретте сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға салынатын салымдар бойынша инвесторға қойылатын міндетті талаптарды белгілеу қажет.
      Кейінен пилоттық жобаларды іске асыру тәжірибесі республиканың қалған елді мекендеріне таратылатын болады.
^ 6. МЖӘ-нің әлеуетті нысандары
      Халықаралық практикада мемлекет пен жекеменшік секторының арасындағы өзара қатынастар екі МЖӘ нысан шеңберінде қолданылады:
      келісімшарттық МЖӘ (концессия, жалға беру, сенімгерлік басқару);
      институционалдық МЖӘ (бірлескен кәсіпорындар, мемлекеттік мүліктің үлестерін сату).
      Сумен жабдықтау саласындағы халықаралық практика негізінде қолдануға болатын келісімшарттық МЖӘ-нің мынадай түрлері айқындалған:
      Басқаруға және ұстауға арналған келісімшарттар жеке сектор субъектісінің ағымдағы операциялық және өндірістік қызметі бойынша әкімшілік шешімдер қабылдау, мемлекеттік меншік объектілерін басқару және қызмет көрсету жөніндегі функцияларын көздейді. Мұндай келісімшарттар берілетін объектіге айтарлықтай институционалдық өзгерістер қажет етпейді. Осындай келісімшарттардың басты мақсаты ішкі басқару жүйесін және объектінің операциялық қызметін жақсарту болып табылады.
      Тұтынуға арналған тарифтер объектінің өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейден төмен белгіленген кезде басқаруға және ұстауға арналған келісімшарттарды тиімді пайдалануға болады.
      Жеке меншік сектор субъектілері өзінің басқару және ұстау жөніндегі қызметі үшін сыйақы алады. Сыйақының жалпы құны әдетте конкурс жүргізу арқылы анықталады да, қызметтердің ең қолайлы бағасын ұсынған компанияға келісімшарт беріледі. Бұл ретте сыйақының нақты төленуі қызмет тиімділігінің алдын ала белгіленген көрсеткіштеріне байланыстырылуы мүмкін.
      Басқаруға және ұстауға арналған келісімшарттар бойынша мемлекеттік сектордың тұтынушылар алдындағы қызметті ұсынғаны үшін және объектілерді қайта құру, дамыту, жөндеу жүргізу бойынша жалпы жауапкершілігі сақталады. Мұндай келісімшарттар, әдетте 3-5 жыл мерзімге жасалады. Жеке меншік секторға жүктелетін тәуекел үлкен емес.
      Көбінесе лизинг деп аталатын пайдалануға және ұстауға арналған келісімшарттар жеке сектордың өндірістік объектілерді жалға алуын және оның оператор функцияларын атқаруын көздейді. Жеке меншік сектор тұтынушының алдында қызмет көрсету операторы ретінде жауапты болады. Осындай келісімшарттарды жасаудың мақсаты операциялық тиімділікті арттыру және ұсынылатын қызметтің сапасын жақсарту, сондай-ақ объектілерді қаржыландыру үшін жеке сектордан қаражат тарту.
      Жеке оператор айналым капиталына қажеттілікті өтейді; кейбір жағдайларда ол қабылданатын активтердің бір бөлігін ауыстыруды және жаңғыртуды қаржыландырады. Объектілерді және т.б. қалпына келтіру мен кеңейту жөніндегі күрделі салымдарды қаржыландыру мемлекеттік сектордың міндеті болып табылады.
      Мұндай келісімшарттар бойынша жеке оператор объектіні пайдаланғаны және ұстағаны үшін мөлшері оның тиімділік көрсеткіштеріне тікелей байланысты болатын сыйақы алады. Сонымен бір мезгілде жеке оператор күрделі салымдар үшін пайдаланылатын үкіметке «жалдау» ақысын төлейді. Мұндай келісімшарттардың ұзақтығы мерзімі 5-10 жыл. Жеке секторға жүктелетін тәуекел орташа ретінде сипатталады.
      Салуға (иелеуге)-пайдалануға арналған келісімшарттар жекелеген сынаптамаларда концессиялық келісімшарттар түрлеріне жатқызылады. Бұлардан өзгешелігі қызметтерді жеткізуші салынған объектіге меншік құқығын әрдайым өзіне сақтайды. Үкімет белгілі бір уақыт аралығында көрсетілетін қызметтердің бәрін немесе бір бөлігін сатып алу міндетін өзіне алады.
      Келісімшарттық МЖӘ-нің бастапқы екі түрі жеке меншік иесі тарапынан негізгі күрделі қаржыландыруды талап етпейтін, бірақ сапалы менеджмент пен ағымдағы жөндеу жұмыстарын өтеуге қаржы тартуды қажет ететін жобаларға барынша лайықты.
      Келісімшарттың үшінші түрі сумен жабдықтау объектілерін жаңадан салу көзделетін жобаларға барынша лайықты, бұл ретте жеке сектор құрылысқа салған өз инвестицияларын өтей отырып, пайдалану кезеңінде өзінің қызметтеріне мемлекеттің тұтыну кепілдігін алады.
      Бүгінгі таңда «Концессиялар туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Сәтпаев, Рудный қалаларында орналасқан жеке капитал қатысатын қалалық 6 су арнасы үшін концессияны мүлік мемлекет меншігінде (мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын теңгерімінде) болған жағдайда ғана қолданылуға болады.
      Сонымен қатар, мұндай меншік нысаны шеңберіндегі қызмет институционалдық МЖӘ нормалары мен қағидаттарына сәйкес келуі тиіс.
      Коммуналдық меншікте тұрған 20 су арналарына жеке секторды тарту үшін МЖӘ-нің келісімшарттық нысанын енгізу қажет, ол сатылық сипатта болуы мүмкін.
      Әрбір су арнасы үшін инвестициялық бағдарлама әзірлеу талап етіледі, ол болжамды күрделі салымдарды өтеу үшін пайда көздерін көздейді, бұл ретте қызметтерді тұтынушылардың төлемдері табыс көздерінің бірі болып табылады.
      Институционалдық ортасы нашар және/немесе халықтың табысы төмен өңірлерде тұтыну кепілі, өтемақы, инвестициялық шығын және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары есебінен жобаның рентабельділігі мәселесін қарастыру қажет.
      Кейіннен қаланың әрбір су арнасы үшін МЖӘ-нің нақты нысаны былайша анықталатын болады:
      Техникалық жай-күйі қанағаттанарлық коммуналдық су арналары конкурстық негізде жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
      Меншік нысанына қарамастан, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жай-күйінің шекті деңгейі мен қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз су арналары үшін жеке капитал тарту бойынша оларды қайта құрылымдау және қарыздардан тазаланған теңгерімі бар жаңа өнеркәсіп құру түрінде дайындық іс-шараларын жүргізген жөн.
      Экономикалық жағдайдың жақсаруы мен халық табысының жоғарылауына қарай, сондай-ақ МЖӘ-нің тәжірибе жинақтауына байланысты МЖӘ-нің қарапайым нысандарынан неғұрлым күрделі нысандарына:
      сенімділік басқару шарттарынан жалға алуға;
      жалға алудан концессияның неғұрлым қарапайым түрлеріне (ВТО);
      концессияның қарапайым нысанынан барлық дерлік (коммерциялық, инвестициялық және басқалары) тәуекелдер мен жауапкершілікті жеке инвесторға бере отырып, классикалық концессияға бірте-бірте өтуге болады.
1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Кет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы