2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon

2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»



Название2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница3/8
Дата конвертации26.08.2014
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның мақсаты
      Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
^ 2. Нысаналы индикаторлар
      Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу көрсеткіштерді аралық нәтижелермен салыстыру және өлшеу арқылы мынадай индикаторлар бойынша анықталатын болады:
      ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қоя жеткізуді АЕМ-нің жалпы санының 80 %-на, шағын қалаларда - 100 % қамтамасыз ету;
      ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100 %-ға қамтамасыз ету;
      2020 жылы 64,5 %-дан 100 %-ға дейін тазалау құрылғыларынан еткен жалпы сарқынды сулар көлемінде нормативтік мәніне дейін тазартылған сарқынды сулар үлесін ұлғайту;
      әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарын құру;
      пайдаланушы кәсіпорындар жұмысының тиімді өтемділігін қамтамасыз ету;
      жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде концессиялық келісімдер және басқа да шарттар негізінде су шаруашылығы кәсіпорындары санының 2015 жылға дейін 20 бірлікке өсуі;
      суды есептеу ЖЕҚ аспаптарымен қалаларда 100 % және АЕМ-де 80 %-ға қамту;
      сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық өнім мен технологиялар көлемін пайдалануды 60 %-ға жеткізу;
      3000-нан астам АЕМ-ді жер асты суы қорымен қамтамасыз ету;
      қалалар және ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында 165 кен орынына және топтық су құбырлары үшін 15 кен орынына одан әрі барлау жүргізу;
      86 қалада және 6943 АЕМ-де сумен жабдықтау жобаларын мониторинг жүйесімен қамту;
      аудандық мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындарға жабдықтар, машиналар мен механизмдер сатып алуға жергілікті бюджеттен кезең-кезеңімен қаражат бөлу.
      Алдағы жылдары машиналар мен механизмдерді сатып алу және күтіп-ұстау кәсіпорынның шаруашылық қызметі есебінен тарифтердегі қажетті шығындарды ескере отырып, жүзеге асырылуы қажет.
^ 3. Бағдарламаның міндеттері
      Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салған және қолданыстағыларды қайта жаңғыртқан кезде жүйелі тәсілді енгізу.
      2. Қалалық жерлерде сумен қамтамасыз ету мен су бұрудың орталықтандырылған жүйесін және ауылдық елді мекендерде жергілікті жүйелерді (септик) салу және қайта жаңарту.
      3. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және оны қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.
      4. Су секторын реттеу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
      5. Елді мекендердің сумен жабдықтау мен су бұру жүйесін тиімді және рентабельді пайдалануды қамтамасыз ету.
      6. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану.
      7. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау сапасын арттыру.
      8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесі жай-күйінің мониторингі жүйесін құру.
      9. Жер асты және жер үсті сулары сапасының мониторингі жүйесін құру.
      10. Су шаруашылығы ұйымдары жұмысының өтемділігін қамтамасыз ету үшін тариф белгілеу.
      11. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық қамтуды дамыту.
      12. Саланы кадрмен қамтамасыз ету.
^ 4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
      Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.



Р/с


Нәтиже көрсеткіштері

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қалалар бойынша

1.

Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу, %

83

84

85

86

87

88

90

93

97

100

2.

Республиканың қалаларында орталықтандырылған су бұруға қол жеткізу, %

73

75

78

81

85

88

90

93

97

100

3.

Нормативтік тазаланған су деңгейі

64

66

71

76

81

86

90

93

97

100

4.

Жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде концессиялық келісімдер негізінде су шаруашылығы кәсіпорындарының саны, 20 бірлік


4



16










5.

Орта және ұзақ мерзімді тарифтерге өткен су арналарының саны (бірлік)

8

9

4

2

2

1









6.

Қалаларда халықты ауыз суды жеке есептеу аспаптарымен қамту, %

76

89

100















7.

Сумен жабдықтау объектілеріндегі авария, 1 километр желіге авария саны

0,6

0,5

0,5

0,5

0,4

0,4

0,4

0,4

0,3

0,3

8.

Су бұру объектілеріндегі авария, 1 километр желіге авария саны

0,3

0,3

0,3

0,2

0,2

0,2

0,2

0,1

0,1

0,1

9.

Нормативтік ысырап деңгейі, %

40

35

30

25

19

19

18

17

16

15

10.

Жер асты суларының барланған кен орындарының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау, жылына бірлік





35

35

35

35

35

5






АЕМ бойынша

1.

Ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу, %

41,2

43

45

47

49

61

65

70

75

80

2.

Су бұру қызметіне қол жеткізу, %

8,8

9

10

11

12

13

15

17

18

20

3.

Әрбір аудан орталығындағы мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарының саны, жылына бірлік





40

60

61











4.

АЕМ-де халықты ауыз суды есептеу аспаптарымен қамту, %

28

34

38

41

55

61

67

72

76

80

5.

Жер асты сулары қорымен қамтамасыз етілген АЕМ-нің қосымша саны, жылына бірлік

-

-

341

480

480

480

480

480

465

-


^ 5. Бағдарламаны іске асыру тетігі
      Ескерту. 5-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қатысады.
^ 5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      Ескерту. 5- бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше міндеттер шешілетін болады:
      1 - кезең 2011 - 2015 жылдар.
      ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санының 49 %-на, қалаларда - 87 %-ға қамтамасыз ету;
      ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді 12 %-ға, қалаларда - 85 %-ға қамтамасыз ету;
      2- кезең 2016 - 2020 жылдар.
      ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санының 80 %-на, қалаларда - 100 % қамтамасыз ету;
      ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда - 100 %-ға қол жеткізу.
      Бюджет қаражатын тиімсіз және үнемсіз пайдалану фактілерін болдырмау, Бағдарламаны іске асырудың алдағы 2011 - 2020 жылдар кезеңіне арналған халықты ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша баламалы және үнемді шешімдерін іздеуді кеңейту мақсатында мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларды қайта жаңарту кезінде жүйелі тәсілді енгізу.
      2. Сумен жабдықтау және су бұру су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.
      3. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің экономикалық негізделген моделін енгізу.
      4. Қалалық және ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын МЖӘ моделіне кезең-кезеңімен көшіру.
      5. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру.
      6. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жай-күйінің мониторингі жүйесін құру.
      7. Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану.
      8. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалау сапасын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру саласында қазақстандық қамтуды дамыту.
      9. Саланы кадрмен қамтамасыз ету.
^ 1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларды реконструкциялау кезінде жүйелі тәсілді енгізу
      Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салуға және қолданыстағыларды реконструкциялауға жұмсалатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жүйелі тәсіл қолданылатын болады.
      Жүйелі тәсіл ауылдық және қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің ағымдағы жай-күйіне міндетті зерттеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық негіздемесі жағдайын және ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтаудың және су бұрудың келісілген жобалар тізбесін қалыптастыруды көздейді.
2. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін
      Ескерту. 2-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
      Қалалық жерлердегі жүйелі тәсіл мыналарды көздейді:
      1. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және қайта жаңартуды талап ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыру.
      2. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне (2011 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтай отырып) зерттеу жүргізу. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша 56 қалалық сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне арналған инвестициялар негіздемелерін әзірлеу (жұмыстың 2011 жылдың екінші жартыжылдығында бастау және 2013 жылы аяқтау).
      Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштері (халық саны, өнеркәсіп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелерін әзірлеу үшін негіз болып табылады, соның негізінде тиісті деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемі, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.).
      Бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негіздемесін бекіту жергілікті атқарушы органдар бекіткен кемінде 2020 жылға дейін есептелген мерзімге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі.
      3. Жергілікті атқарушы органдардың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланып отырған жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен келісуі.
      4. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін зерттеу нәтижелері болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйелері инвестицияларының негіздемесіне қатаң сәйкестікте қалыптастыру.
      5. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізбесін бекіту:
      1. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізімін қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдардың келесі қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдері негізінде жүзеге асыратын болады.
      Бұл ретте, сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іріктеудің негізгі өлшемі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жобаларды міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс.
      Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іріктеу және тізбеге қосу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
      1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
      2) экологиялық сараптаманың болуы;
      3) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;
      4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
      6) түсіндірме жазба;
      7) техникалық зерттеудің болуы;
      8) жобаны бекіту туралы бұйрық;
      9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
      2. 2010 жылы басталған қалалық елді мекендердің (бұдан әрі – ҚЕМ) сумен жабдықтау мен су бұру жүйелеріне зерттеу жүргізу жалғасады.
      Зерттеу жөніндегі іс-шаралар: диагностикалау әдістерін қолдана отырып, қолдағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жағдайы туралы бастапқы деректерді жинауды жер асты су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар мен жер үсті су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар жасауды қамтиды.
      Орындалған іс-шаралардың нәтижесі сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін зерттеу актісі және "Ғимараттар мен құрылғылардың техникалық жағдайын зерттеу және бағалау" ҚР ҚН 1.04-04-2002 сәйкес объектілер жағдайы туралы техникалық түйіндеме болып табылады.
      Зерттеудің орындалуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі техникалық тапсырма түрінде бекітеді.
      Зерттеулер нәтижесі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келісіменнен кейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі оны есеп түрінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуға тиіс.
      Зерттеуден кейін пайдаланушы кәсіпорындар негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуге тиіс. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша (ірі және орташа қалалар) 2011 – 2013 жылдары сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялық негіздемесі әзірленетін болады.
      Қалаларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялық негіздемесі мыналарды қамтуы тиіс:
      коммуналдық қызметтерді өндіру және тұтыну көлемінің, коммуналдық қызметтерге тарифтер деңгейі өсуінің болжамы;
      инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдері және оларды іске асыру басымдылығы;
      коммуналдық секторды қайта жаңғырту және дамыту жобаларын қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      инвестициялық жобалардың жалпы тізімі;
      жобаларды қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар;
      энергияны және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу;
      қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету.
      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелеріне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі белгілеуі тиіс. Сумен жабдықтау және су бұру инвестициялық жүйелерінің негіздемелерін әзірлеуді Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ведомстволық бағынысы мемлекеттік жобалау-іздестіру ұйымы арқылы орталықтандырып жүзеге асырады.
      Одан кейін, инвестициялар негіздемелерінің негізінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерінің жекелеген учаскелеріне және объектілеріне ЖСҚ әзірленетін болады.
      56 қалаға инвестициялық негіздемелер әзірлеу жөніндегі жұмыс 2013 жылы аяқталуға тиіс, алайда бүгінгі күнге дейін орындалған жұмыстардың көлемі кестеден артта қалып келеді.
      3. Қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру зерттеу қорытындылары болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйесінің инвестициялық негіздемесімен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатын болады.
      Бұл ретте, қалалық жерлерде жобалар тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет тарапынан бірлесіп қаржыландыру міндетті шарт болады.
      Бөлінетін қаражатты өңірлер арасында бөліп беру өңірде тұратын халық санына тепе-тең жүзеге асырылады.
      Өңір ішінде бюджет қаражаты қалалар бойынша мынадай өлшемдерге сәйкес бөлінетін болады:
      қалалардағы халық саны;
      халықтың сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтылуы;
      жөндеуді қажет ететін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің үлесі.
      Осылайша, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесін қалыптастыруды жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері мен инвестициялар негіздемелерінің нәтижесі негізінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жүзеге асырады.
      Жобалардың басымдылығын сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерінің инвестициялары негіздемелерінің негізінде жоғарыда көрсетілген басымдылық өлшемдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі анықтайды.
      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері инвестицияларының негіздемелерін әзірлеу кезеңінде (2011 – 2013 жылдар) қалалық жердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесіне жобаларды іріктеу осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын құрастырылатын қалалық жердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесі мыналарды қамтитын болады:
      ЖСҚ-ның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін инвестицияларының негіздемесіне сәйкестігі расталған, сондай-ақ сумен жабдықтаудың расталған көздері бар ҚЕМ жобалары;
      ЖСҚ әзірлеуді немесе түзетулерді қажет ететін ҚЕМ жобалары;
      жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуді қажет ететін ҚЕМ жобалары;
      жер асты су көздерінің пайдалану мерзімі аяқталған, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жер асты сулары қорларының бар болуы туралы уақытша қорытынды берген ҚЕМ жобалары;
      Қалалық жердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының түпкілікті қалыптастырылған бірыңғай тізбесі кейіннен, жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарауына шығару үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне және Экономикалық даму және сауда министрлігіне алдын ала қарауға енгізілетін болады.
1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Кет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы