|
Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруКонкурсты ұйымдастырушы – «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, №508, E-mail: ZKO.AGIS@list.ru) «Компьютерлермен оргтехниканы толтыру және жөндеу қызметін көрсету» жұмыстарына келесі: Лот №1 «Көшіру-көбейткіш техникаларды, факстарды, принтерлерді, картридждерді толтыру, жөндеу қызметі», Лот №2 «Компьютерлерді, шеткері құрылымдарды жөндеу, бағдарламалық қамтуды және компьютерлерді күйіне келтіру, жөндеу қызметі» мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі, көлемі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, сатып алынатын жұмыстардың орындалу мерзімі мен орны конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурсқа Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңы 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі 2010 жылғы 18 ақпан күні сағат 12-00-ге дейін қоса алғанда электронды және қағаз жүзінде, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, 5-қабат, №508, мекен-жайы бойынша сағат 9.00 ден сағат 18.00-ге дейін алуға болады. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі тегін ұсынылады. Әлеуетті жабдықтаушылар өкілі конкурстық құжаттама қөшірмесін алу үшін куаландыратын құжат ұсынуы керек. Мөрленген конверттерге салынған конкурсқа қатысу өтінімдерін әлеуетті жабдықтаушылар БҚО құрылыс басқармасына Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, 5-қабат, №508 мекен-жайына тапсырады. Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2010 жылғы 19 ақпанды қоса алғанда, сағат 10.00-ге дейін. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2010 жылғы 19 ақпан күні, сағат 12.00-де, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, 5-қабат, №508 мекен-жайында ашылатын болады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (87112) 504201. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру өкілі: Сметалық келісім-шарт құжаттамалары және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Тәжбаев Ғайса Бектемісұлы, тел. 50 42 01. |