|
Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруКонкурсты ұйымдастырушы – «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, №508, E-mail: ZKO.AGIS@list.ru) «БҚО Зеленов ауданы Жаңатаң а. «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде 100 үйдің құрылысы» жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі, көлемі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, сатып алынатын жұмыстардың орындалу мерзімі мен орны конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурсқа Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңы 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі 2011 жылғы 12 маусым күні сағат 12-00-ге дейін қоса алғанда электронды және қағаз жүзінде, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, 5-қабат, №508, мекен-жайы бойынша сағат 9.00 ден сағат 17.00-ге дейін алуға болады. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі тегін ұсынылады. Әлеуетті жабдықтаушылар өкілі конкурстық құжаттама қөшірмесін алу үшін куаландыратын құжат ұсынуы керек. Мөрленген конверттерге салынған конкурсқа қатысу өтінімдерін әлеуетті жабдықтаушылар БҚО құрылыс басқармасына Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, 5-қабат, №508 мекен-жайына тапсырады. Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2011 жылғы 13 маусымды қоса алғанда, сағат 10.00-ге дейін. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2011 жылғы 13 маусым күні, сағат 12.00-де, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215, 5-қабат, №508 мекен-жайында ашылатын болады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (87112) 504201. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру өкілі: Сметалық келісім-шарт құжаттамалары және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Тәжбаев Ғайса Бектемісұлы, тел. 50 42 01. |