Конкурс тық ҚҰжаттама icon

Конкурс тық ҚҰжаттама



НазваниеКонкурс тық ҚҰжаттама
Дата конвертации26.08.2014
Размер324.17 Kb.
ТипКонкурс
источник


«Бекітемін»

«БҚО құрылыс басқармасының» ММ-нің бастығы

Н.Мырзағалиев

2012 жылғы 05 сәуірдің №40 бұйрығы


КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
«БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» лот №1, «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» техникалық қадағалау» лот №2 бойынша жұмыстарға (қызметтерге) мемлекеттік сатып алулары үшін конкурс
Тапсырыс беруші: «БҚО құрылыс басқармасы», 090006 Орал қ., Х.Чурин 116, 3 қабат, 19 кабинет, банк-бенефициар: Астана қ, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, ИИК KZ03070102KSH2701000, СТН 270100230751, БИК KKMFKZ2A, КОД ГУ 2712001, БСҚ 060240004327

^ Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «БҚО құрылыс басқармасы», 090006 Орал қ., Х.Чурин 116, 3 қабат, 19 кабинет, банк-бенефициар: Астана қ, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, ИИК KZ03070102KSH2701000, СТН 270100230751, БИК KKMFKZ2A, КОД ГУ 2712001, БСҚ 060240004327 электрондық мекен-жай: ZKO.AGIS@list.ru, веб-сайт: http://depstroyzko.gov.kz

Электрондық мемлекеттік сатып алу веб-порталынан конкурстық құжаттамаларды алған әлеуетті жеткізушілер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамаларды алған тұлғаларды тіркеу журналына мәліметтер енгізу үшін тіркеуді сұрап хат жолдаулары қажет.

^ Конкурстық құжаттаманың құны: конкурстық құжаттама ақысыз беріледі.
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс ««БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» лот №1, «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» техникалық қадағалау» лот №2 алу үшін өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

2. «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» лот №1, «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» техникалық қадағалау» лот №2 алу қызметтерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін қарастырылған сома: «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» лот №1 – 1 550 236 220 теңге, «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» техникалық қадағалау» лот №2 – 7 399 425 тенге. 2012 жылға бөлінген сома: «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» лот №1 – 496 550 000 теңге, «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» техникалық қадағалау» лот №2 – 2 450 000 тенге.

Нысанды пайдалануға беру күннен бастап 3 жыл кепілдік мерзімі.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;

2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға ^ 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар ұшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банкілік кепілдемелерді;

6) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік берешектің жоқтығы туралы анықтаманы;

7) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурстағы сатып алу тақырыбы болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілермен қосалқы мердігерлерге берілетін жұмыстар мен қызметтер түрлерін орындау бойынша қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді;

8) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің бағалар кестесін;

9) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты;

10) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17-бабы 4-тармағына (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алуды жүргізу Ережелеріне сәйкес кретерилердің әрқайсысының пайыздық маңызын көрсете отырып, сапалы жұмысты ұсынатын конкурс қатысушысын анықтау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссиямен ескерілетін міндетті кретерийлер тізбесін;

4. конкурсқа қатысуға өтініш білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға арналған өтініммен бірге төменде көрсетілген үлгілердің біреуіндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызының көлемінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:

1) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «БҚО құрылыс басқармасы» 090006 Орал қ., Х.Чурин 116, 3 қабат, 19 кабинет, банк-бенефициар: Астана қ, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, ИИК KZ03070102KSH2701000, СТН 270100230751, БИК KKMFKZ2A, КОД ГУ 2712001, БСҚ 060240004327КБЕ 12 депозиттік шотына конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін енгізілетін ақшаның кепілдемелік ақшалай салымын.
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша банкілік кепілдемелер.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
^ Конкурстық өтінімнің қолдану мерзімі
5. Конкурстық өтінімнің қолдану мерзімі конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күнінен бастап 60 күнтізбелік күнде белгіленеді.

6. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі неғұрлым қысқа конкурстық өтінім кейінге қалдырылады.
^ Конкурстық өтінімнің тілі
7. Әлеуетті өнім берушімен дайындалған конкурстық өтінім, сонымен қатар конкурстық өтінімге қатысты барлық хат-хабар мен құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тілде құрастырылады және ұсынылады. Әлеуетті өнім берушімен ұсынылатын жолдама құжаттама және баспа әдебиет конкурстық өтінімнің тілінде тиісті тараулардың дәл, нотариалдық куәландырылған аудармасы қоса берілген жағдайда басқа тілде құрастырыла алады және ондай жағдайда конкурстық өтінімді түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде құрастырылған құжаттардың артықшылығы болады.

^ 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
8. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012 жылғы "26" сәуір «12» сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық қүжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: ««БҚО құрылыс басқармасы», 090006 Орал қ., Х.Чурина, 116, 3-қабат, 19-каб»

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған түлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін тұсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін тұсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің Интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы "02" мамыр 12 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы ұшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің Интернет-ресурсында жариялайды.

11. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін, «БҚО құрылыс басқармасы», 090006 Орал қ., Х.Чурина 116, мекенжайы бойынша 2012 жылғы «25» сәуір «12» сағат 00 минутта кездесу өткізеді.

12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы тұсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің Интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

13. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарєғ сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

14. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға ^ 3 және 4 қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды түлғалар үшін), жеке түлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды:

заңды түлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық тұрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың тұпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы аныңтама осындай банктердің әрқайсысынан үсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындаңы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

бар болған жағдайда, ҚҚСС (қосылған құнға салынатын салық) бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;

статистикалық корточканың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТТН);
Әлеуетті өнім беруші мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқылы:

1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат;

2) әлеуетті өнім берушіні ресми биржа листингіне енгізу туралы қор не тауар биржасынан ұзінді көшірме;

Егер өнім беруші - Ќазақстан Республикасының резидент емесі болса, онда оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растау ұшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне арналған құжаттар не конкурстық құжаттаманың тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен Қазақстан Республикасының резидент емесі - әлеуетті өнім берушісінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтер бар құжаттар беріледі. Әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растауғы құқылы.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің толық орындалуы үшін осы конкурстық құжаттаманың 9 қосымшасына сәйкес конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;

3) әлеуетті берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

әлеуетті өнім берушінің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді.

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 8 қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің їштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;

4) көрсетілетін қызметтердің тізбесін (қатысатын лоттар көрсетілген), оның ішінде:

қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатын (техникалық айрықшалықтар);

көрсетілетін қызметтердің сандың көрсеткіштері;

қызметтерді көрсету орны, жағдайы мен мерзімдері;

сапа кепілдігін және қызметтерді көрсету шарттарын ұсыну (қажет болған жағдайда);

5) Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің келесі түрлерінің бірін таңдап алуға құқылы:

- осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдеме;

- сатып алуды ұйымдастырушының бантік шотына аудару арқылы кепілдік берілген ақша жарнасы.

6) Әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

15. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

16. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті әнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

17. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалың немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

18. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» лот №1, «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» техникалық қадағалау» лот №2 (конкурстың дәл атауы көрсету қажет)» және 2012 жылғы «8» мамыр «12» сағат 00 минут "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ".
^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

19. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: «10» сағат 00 минутқа дейін 2012 жылдың «8» мамыр қоса алғанда «БҚО құрылыс басқармасы» ММ, 090006 Орал қ., Х.Чурина 116, 3 қабат, 19 кабинет мекенжай бойынша береді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мен тіркеуге жауапты – Акмурзина Райхан Сафиуллиновна.

20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуєа өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

21. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

22. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
23. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

25. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

26. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен «БҚО құрылыс басқармасы, 090006 Орал қ., Х.Чурина, 3-қабат 19 кабинет мекенжай бойынша 2012 жылдың «8» мамыр «12» сағат 00 минутта конкурстық комиссия жүргізеді. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс, «БҚО құрылыс басқармасы», 090006 Орал қ., Х.Чурина, 3-қабат 19 кабинет мекенжай бойынша 2012 жылдың «8» мамыр «11» сағат 45 минуттан бастап «12» сағат 00 минутқа дейін.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

30. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жүмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сүратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

33. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағына көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;

2) конкурстық комиссияның:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.

31. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

34. Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

35. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің проценттік мәнін қолданады;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

36. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
^ 6. Конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру
37. Барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыру кезінде конкурстық өтінім конкурстық құжаттамаларда айтылған, Заңның 17-бабы 4-тармағында санамаланған кретерийлерді ескереді, және барлық конкурстық өтінімдерге тең көлемде қолданылады.

Әлеуетті жеткізушілермен конкурстық бағалық ұсынысқа әсер ететін кретерийлерді растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушіге конкурстық бағалық ұсынысты шартты азайтуды қолданбайды. Әлеуетті жеткізушімен конкурстық бағалық ұсынысты шартты азайтуды қолдану үшін ұсынылған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

38. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысушы әлеуетті жеткізушінің (қосалқы мердігердің) жұмыс өтілінің бар екендігін қарастыру кезінде конкурстық комиссия тек тауарларды жеткізу нарығындағы, аталған конкурста жинақталған жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсетудегі жұмыс өтілін қарастырады. Бұл ретте конкурстық комиссия бір жылдан бастап, алайда бес пайыздан кем емес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығындағы әлеуетті жеткізушінің өтілінің бар екендігі бойынша әр жылына конкурстық өтінімнің бағасын жарты пайызға (0,5%) шартты азайтады. Бір жылға дейін жұмыс өтілі болған жағдайда немесе жоқ болған жағдайда мұндай пайыз бекітілмейді. Аталған критерийдің конкурстық өтінімнің шартты бағасына суммарлық пайыздық әсер етуі бес пайыздан аспауы тиіс.

39. Мемлекеттік стандарттар талаптарына және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес таза экологиялық өнім стандартына сәйкестігін растау талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау басқару менеджментінің сертификатталған жүйелері.

40. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларға еркін сертификаттау жүргізуді растайтын құжаттар болған жағдайда конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға шартты азайтады.

41. Сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар болған жағдайда конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтінімнің бағасын үш пайызға шартты азайтады.

42. Әлеуетті жеткізуші жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, ұсынылатын қызметтердің конкурстық құжаттамаларға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің пайдалану сипаттамасына кепілдік беретін кезең көрсетіледі. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасынан егер конкурстық өтінімде ұсынылған кепілдеме кезеңі конкурстық құжаттамада көрсетілген базалық кезеңнен артық болған жағдайда әр жылға пайыздың жартысын (0,5%) алып тастайды. Бұл ретте аталған критерийдің конкурстық өтінімінің бағасына пайыздық әсер ету үш пайыздан аспауы тиіс.

43. Тауарларды әлеуетті жеткізу сатып алынатын тауарларды отандық өндіруші болып табылса, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің бағасын қазақатснадық қамту үшін он пайызға шартты азайтады.

44. Конкурстық комиссия отнадық тауар өндірушінің конкурстық өтінім бағасынон пайызға, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушінің бағасын бес пайызға шартты азайтады.

^ 6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
45. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

46. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» лот №1, «БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы» техникалық қадағалау» лот №2 (конкурстың атауын және лоттың нөмірін көрсету қажет) - КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫ – ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ: «___» сағат 00 минут «___» _________ 2012 жыл» (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ұсыну мерзімі конкурсқа қатысуға жіберілу туралы хаттамада көрсетіледі)».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

^ 7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау 

47. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тјртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраєа конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

48. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

49. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

50. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттыќ Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

51. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

52. Конкурсқа қатысушылардың конкурстың баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

53. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.
^ 8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
54. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап ұш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

55. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
^ 9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
56. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

57. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

58. Заңның 37-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

59. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

60. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

61. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

      1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.




Похожие:

Конкурс тық ҚҰжаттама iconКонкурс тық өтінімнің шартты бағасы

Конкурс тық ҚҰжаттама iconДағдарысқа қарсы облыстық кеңестің
«Нұр Отан» хдп павлодар облыс-тық филиалы төрағасының орынба-сары (келісім бойынша)
Конкурс тық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу...
Конкурс тық ҚҰжаттама iconҮлгі конкурстық ҚҰжаттама «Аудан мектептеріне өрт қауіпсіздігінің алдын алу дабылын орнату жұмысын конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу» бойынша
Лгі конкурстық ҚҰжаттама «Аудан мектептеріне өрт қауіпсіздігінің алдын алу дабылын орнату жұмысын конкурс арқылы мемлекеттік сатып...
Конкурс тық ҚҰжаттама iconШығыс Қазақстан облысыныңмұрағаттар және құжаттама басқармасы Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23 2012 жылға Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты»
...
Конкурс тық ҚҰжаттама icon«Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2012 жылға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру туралы жедел есептілік
Павлодар облысы әкімдігінің2009 жылғы 25 желтоқсандағы Павлодар облыс мұрағаттар және құжаттама
Конкурс тық ҚҰжаттама iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А. А.Әубәкіров
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мм 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамытуы бойынша...
Конкурс тық ҚҰжаттама icon2014 жылға арналған «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мм операциялық жоспары
Бөлім Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының іс-шаралары
Конкурс тық ҚҰжаттама icon2010 жылда Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмысы жөніндегі ақпарат
Жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасымен...
Конкурс тық ҚҰжаттама icon-
Тәуелсіздік жылдары азамат­тық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады:...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы