|
Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруКонкурсты ұйымдастырушы – «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ (Орал қаласы, Х.Чурина көш, 116, 3 қабат, №508 каб, E-mail: ZKO.AGIS@list.ru) «Теректі ауданының Ақсоғым ауылындағы су құбырын қайта құру» жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі, көлемі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, сатып алынатын жұмыстардың орындалу мерзімі мен орны конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурсқа Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңы 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі 2012 жылғы 25 мамыр күні сағат 18-00-ге дейін қоса алғанда электронды және қағаз жүзінде, Орал қаласы, Х.Чурина көш.119, 3-қабат, №19, мекен-жайы бойынша сағат 9.00 ден сағат 18.00-ге дейін алуға болады. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі тегін ұсынылады. Әлеуетті жабдықтаушылар өкілі конкурстық құжаттама қөшірмесін алу үшін куаландыратын құжат ұсынуы керек. Мөрленген конверттерге салынған конкурсқа қатысу өтінімдерін әлеуетті жабдықтаушылар БҚО құрылыс басқармасына Орал қаласы, Х.Чурина көш.119, 3-қабат, №19 мекен-жайына тапсырады. Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2012 жылғы 28 мамыр қоса алғанда, сағат 10.00-ге дейін. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2012 жылғы 28 мамыр күні, сағат 12.00-де, Орал қаласы, Х.Чурина көш.119, 3-қабат, №19 мекен-жайында ашылатын болады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (87112) 504201. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру өкілі: Сметалық келісім-шарт құжаттамалары және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Мурзабулатов Нуржан Казекеевич, тел. 50 42 01. |