|
Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруКонкурсты ұйымдастырушы – «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ (Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, E-mail: ZKO.AGIS@list.ru) Лот №1- «Жәнібек ауданы Ақоба ауылындағы су құбыры құрылысы» ЖСҚ түзету, Лот №2-«Жәнібек ауданы Талов ауылындағы су құбырын қайта құру» ЖСҚ дайындау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі, көлемі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, сатып алынатын жұмыстардың орындалу мерзімі мен орны конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурсқа Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңы 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі 2012 жылғы 19 маусым күні сағат 12-00-ге дейін қоса алғанда электронды және қағаз жүзінде, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, 3-қабат, №19, мекен-жайы бойынша сағат 9.00 ден сағат 17.00-ге дейін алуға болады. Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі тегін ұсынылады. Әлеуетті жабдықтаушылар өкілі конкурстық құжаттама қөшірмесін алу үшін куаландыратын құжат ұсынуы керек. Мөрленген конверттерге салынған конкурсқа қатысу өтінімдерін әлеуетті жабдықтаушылар БҚО құрылыс басқармасына Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, 3-қабат, №19 мекен-жайына тапсырады. Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2012 жылғы 20 маусымды қоса алғанда, сағат 10.00-ге дейін. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2012 жылғы 20 маусым күні, сағат 12.00-де, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, 3-қабат, №1 мекен-жайында ашылатын болады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (87112) 504201. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру өкілі: Сметалық келісім-шарт құжаттамалары және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Мурзабулатов Нуржан Казакеұлы, тел. 50 42 01. |