|
“Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу ” мемлекеттік қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1.пОсы “Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі “Жергілікті атқарушы органдар көрсететін, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы” № 394 қаулысына (әрі қарай- Стандарт) сәйкес дайындалды. 2.пМемлекеттік қызметті “Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-уәкілетті орган) ұсынады. Және де балама негізінде Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 85а мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылады (әрі қарай-орталық). 3. 1Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –автоматтандырылмаған. 4. 1Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган ғимаратында, орталықта орналасқан стенттерден алуға болады. 6. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Качир ауданы әкімдігі ресми сайтында www.terenkol.pavlodar.gov.kz. орналасқан. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі талаптары 7.1Мемлекеттік қызмет Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 85а, мекенжайы бойынша уәкілетті орган ғимаратында демалыс пен мерекелі күндерден басқа күндері аптасына бес күн, 9-00 сағаттан 18-30 сағатқа дейін 13-00-ден 14-30 сағатқа дейінгі үзіліспен көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1)1мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап: уәкілетті органға - он жеті жұмыс күні ішінде; орталыққа- он жеті жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 2)1тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды; 3)1тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетумен жүзеге асырылады. 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 10. Стандарттың 16 тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы 11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді өкіл келгенде ұсынылады. 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін Стандарттың 11 тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. 13. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға: 1) уәкілетті органда - өтініш берушінің тіркелген және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі; 2) орталықта – тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы Стандарттың 14 тармағы көрсетілген реквизиттерді көрсетумен қолхат беріледі. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мына құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады: 1) уәкілетті органның бас маманы; 2) уәкілетті органның бастығы. 15. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген. 16. Осы регламенттің 2-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған. 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі 17. Уәкілетті органның 1лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олардың шешім қабылдау мен әрекетімен (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.
құрылымдық-функционалды бірліктер әкімшілік іс-әрекеттерінің өзара қарым-қатынас және реттік сипаттамасы Арнайы комиссияның жұмыс органына өтініш білдіргенде
Іс-әрекеттердің қисынды реттілік пен өз ара байланысты көрсететін схема Тұтынушы уәкілетті органға өтініш білдіргенде ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |