«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Название«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Дата конвертации21.08.2014
Размер108.28 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына   
1-қосымша      

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


      1. Осы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы және «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді, қызмет алушылардың қалауы бойынша мемлекеттік қызмет нотариустар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – БНАЖ) өзара іс-қимыл жасау арқылы құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы мәмілені куәландырғаннан (бұдан әрі – электрондық тіркеу) кейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынын негізінде көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      3. Жүргiзiлген тiркеу туралы белгiсi бар құқық белгiлеуші құжат не Заңда көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi болып табылады.
      БНАЖ-ға электрондық тіркеуге жүгінген жағдайда қызмет берушінің (құқық иеленушінің) уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тіркеу туралы хабарлама не тіркеуді тоқтату немесе бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама порталдағы жеке кабинетке және ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет алушының электрондық мекенжайына (бар болған жағдайда) жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілген жағдайда, тіркеу үшін алымның төленгені туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайталап берген кезде ұсына алады.    

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы


      4. Көрсетілетін қызметті алушының мыналарға жүгінуі көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастауына негіздеме болып мыналар табылады:
      1) қағаз жеткізгіште Орталыққа - стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар пакетін қоса тіркей отырып, мемлекеттік қызмет стандартының 2 және 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген мемлекеттік тіркеу туралы жазбаша өтініші;
      2) БНАЖ арқылы нотариусқа – құқық белгілеуші құжатты және мемлекеттік тіркеуге салық алымын төлегенін растайтын құжатты тіркей отырып, бекітілген электрондық сұрау салуы.
      5. Қызмет берушінің қызметкері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес, құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталықтан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, әрі қарай жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар пакетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына мұрағатқа табыстайды, жауапты орындаушы 3 жұмыс күні ішінде тіркеу істерді іздестіруді және жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу бөліміне табыстауын, орындалған құжаттарды құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталыққа табыстауын жүзеге асырады; қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері – өтінішті қарау және орындауын жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетіелтін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
      1) орталықтың инспекторы – құжаттарды қабылдау және табыстау;
      2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы – көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алу және жолдау;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері – құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталықтан құжаттарды қабылдау, тіркеу істерін іздестіру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне табыстау, орындалған құжаттарды құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталыққа жіберу;
      4) көрсетілетін қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері – өтінішті қарау және орындау.
      7. Құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында (Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың іс-қимылдарының сипаттамасы) және 2-қосымшасында (Функционалдық іс-қимылдар сызбанұсқасы) келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа
көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіндегі
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы


      8. Орталықта құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген (бар болғанда) және лауазымы көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының күтуге рұқсат берiлгін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлгін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Орталықта құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының БНАЖ арқылы нотариустың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі өтініш беру тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігі тәртібінің сипаттамасы 3-қосымшада (Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бизнес-процестердің өзара іс-қимылдарының көрнекі диаграммасы) көрсетілген:
      1) жылжымайтын мүлік объектісін иеліктен шығару туралы келісім-шартты нотариус куәландырған соң және осы тіркеу іс-қимылды БНАЖ-да тіркегеннен кейін нотариус жаңа құқық иесінен – нотариалдық іс-қимылға қатысушыдан электрондық тіркеуді жүргізуді қалайтыны туралы сұрайды;
      2) сұратылған тұлғаның келісімі бойынша нотариус құқықты тіркеуге өтінімді ашу үшін БНАЖ-да жылжымайтын мүлік объектісін табады және тандайды;
      3) құқықтық тіркеуге өтінімді толтырған кезінде нотариус өтінімнің бірегей кодына назар аударады; көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) және азаматтық жағдайын белгілейді; электрондық поштаға хабарламаны алуға қалауы болған немесе қалаған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайын, осы нотариустың БНАЖ тіркелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісін иеліктен шығару туралы келісім-шарт нөмірін, осы нотариустың БНАЖ тіркелімінде жылжымайтын мүлік объектісін иеліктен шығару туралы келісім-шартты тіркеген күнін, құқық белгілеуші құжаттың тұрпатын; құқық белгілеуші құжатты қоса тіркейді; көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар санатына жататын жағдайда – тұлғаның қандай жеңілдікті санатқа жататының көрсетеді;
      4) нотариус толтырылған өтінімге ЭЦҚ қол қояды;
      5) нотариус құқықты тіркеуге өтінімді сәтті жолдағаны туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға табыстайды;
      6) көрсетілетін қызметті алушы электрондық үкімет порталында авторизацияланады және сәтті жолдау туралы хабарламада көрсетілген нұсқауларды қолданып, құқықты тіркеуге өтінімнің бірегей кодын енгізеді;
      7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік баждың қажетті сомасын төлейді және қалыптасқан электрондық чекті алады;
      8) көрсетілетін қызметті алушы БНАЖ-дан құқықты тіркеуге өтінімді және мемлекеттік бажды төлеу туралы растауды алады және жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы немесе токтата тұру не бас тарту себептерін көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты тіркеуді жүргізуді тоқтата тұру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      9) құқықты сәтті тіркеу туралы хабарлама БНАЖ-ға және көрсетілетін қызметті алушының құқықты тіркеуге өтінімге электрондық пошталық мекенжайы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке поштасына жолданады.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне                   
1-қосымша                     
^

1-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың
іс-қимылдарының сипаттамасы


Негізгі процестің (жұмыстар ағынының, барысының) іс-қимылдары

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

2

Қатысушы тараптың атауы

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Әділет органның қызметкері (тіркеуші)

БНАЖ

ЖМТ МДҚ АЖ

ЭҮП және ЭҮПШ электрондық үкіметтің құраушылары

Орталықтың табыстау бөлімінің инспекторы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды тексеру және қабылдау, құжаттарды есепке алу кітабына жазбаларды енгізу және алушыға қолхат табыстау

Құжаттарды қабылдау және оларды тіркеушіге әділет органына жолдау; қызмет берушіден орындалған құжаттарды қабылдау

Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау; ЖМТ МДҚ-нан тіркеуге құжаттарды қабылдау

Мүлікті меншіктен шығару мәмілесін куәландыру; тіркеуге өтінімді толтыру және жолдау; ЖМТ МДҚ АЖ-не құқық белгілеуші құжаттын электрондық нұсқасын жолдау; қызмет көрсетудің нәтижесін алу

Тіркеуге түскен өтінімдер туралы орталықтан және БНАЖ-дан мәліметтерді алу; өтінімнің мәртебесінің өзгеруі туралы мәліметтерді жолдау

Өтінім берушінің жеке кабинетінде қызметті алғаны туралы деректі белгілеу; төлемді алу; қызметті алу туралы ақпаратты көрсету

Өтініш берушіге табыстау үшін орындалған құжаттарды қабылдау

4

Орындалудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-жарлық шешімі)

Орталықтың жинақтау бөліміне табыстау

Орындалған құжаттарды орталықтың табыстау бөлімінің инспекторына табыстау

Тіркеу істі іздестіру және орындау үшін табыстау; тіркеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; ЖМТ МДҚ АЖ-не тиісті өзгертулерді енгізу

Өтінімді сәтті жолдау туралы хабарлама

Тіркеу бойынша жұмыстарды аяқтау туралы хабарлама

Электрондық чек; өтініш берушінің жеке кабинетінде қызметтерді алу тарихындағы қызмет

Құжаттарды өтініш берушіге қолхат және құжаттарды есепке алу кітабы бойынша табыстау

5

Орындау мерзімдері

15 минут

Күніне 2 рет

Бір тіркеу істі іздестіру және табыстауға 30 минут; құжаттарды орындауға қабылдаудан кейін тіркеуге 1 тәулік

Өтінімді толытурға және жолдау,а 30-40 минут

3 минут

3 минут

3 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3, 7

2, 5

6

3

5

-

7

Пайдалану нұсқасы

Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс, баламалы үдеріс

Баламалы үдеріс

Негізгі үдеріс, баламалы үдеріс

Баламалы үдеріс

Негізгі үдеріс
^

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс


Негізгі процес (жұмыс ағыны, барысы)

Орталық

Қызмет беруші

Қызмет беруші (мұрағат)

Қызмет беруші (тіркеу бөлімі)

1. Құжаттарды тексеру

4. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау

5. Тіркеу істі орындау үшін іздестіру және табыстау

6. Өтінішті қарау және тіркеу

2. Құжаттарды есепке алу кітабына қабылдау туралы жазбаны енгізу

7. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша орындалған құжаттарды Орталыққа табыстау







3. Қолхат беру










8. Құжаттарды есепке алу кітабы және қолхат бойынша орындалған құжаттарды өтініш берушіге табыстау









^

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процес


Баламалы процес (жұмыс ағыны, барысы) немесе кеңейтулер

БНАЖ

ЭҮП және ЭҮПШ электрондық үкіметтің құраушылары

ЖМТ МДҚ АЖ

Әділет органының қызметкері (тіркеуші)

1) Нотариус жылжымайтын мүлікті меншіктен шығару туралы келісім-шартты куәландырады

3). Өтініш беруші ЭҮП-да тіркеу қызметін алуына өтінімді табады

5). Өтінім және мемлекеттік бажды төлеу қабылданады

6). Тіркеуші өтінімді тіркеуге қабылдайды және қажетті іс-шаралар іске асырылады

2) Нотариус өтініш берушінің келісімінен жылжымайтын мүлікке құқытарды тіркеуге өтінімді толтырады және ЖМТ МДҚ АЖ-не жолдайды

4). ЭҮПШ тіркеу үшін мемлекеттік бажды қабылдайды

8) БНАЖ-ға мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпарат жолданады

7) тіркеуші тиісті мәліметтерді ЖМТ МДҚ АЖ-не енгізеді

9). Қызметті көрсету нәтижесі нотариустың жеке кабинетінде БНАЖ-да көрсетіледі










«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне                
2-қосымша                  

Орталық

Көрсетілетін қызмет беруші

Көрсетілетін қызмет беруші (мұрағат)

Көрсетілетін қызмет беруші (тіркеу бөлімі)

О-1. Құжаттарды тексеру




Құжаттардың толық пакеті




О-2. Құжаттарды есепке алу кітабына жазба енгізу, қабылдау




О-3.Қолхат беру




О-8. Қолхат бойынша орындалған құжаттарды табыстау




А-8. Бас тарту себептерін көрсетуімен хабарламаны табыстау




О-4. Есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау




О-7. Есепке алу кітабы бойынша құжаттарды күніне 2 рет табыстау




А-7. Бас тарту себептерін көрсетуімен Орталыққа хабарламаны табыстау




О-5. Тіркеу істі іздестіру және орындаушыға табыстау




О-6. Өтінішті қарау және тіркеу




А-6. Өтінішті қарау және бас тарту себептерін көрсетуімен хабарламаны дайындау




«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша            

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бизнес-процестердің
іс-қимылының көрнекті диаграммалары


      Қызмет көрсету орталықтарымен құжаттарды қабылдау және жолдау арқылы мемлекеттік қызметті көрсету:

БНАЖ арқылы құжаттарды қабылдау және табыстау арқылы мемлекеттік қызметті көрсету:




Похожие:

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу
Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconҚазақстан Республикасының Заңы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon11. жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру
Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы ақпараттарды алу үшін сұраудан басқа, арызданушы тіркеу...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі – орталық) арқылы аумақтық...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconНотариалды расталмаған шарттар негізіндегі құқықты тіркеу «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
Республикасының Азаматтық кодексінің 152 бабы 2 тармағымен анықталғандай, іскерлік айналым тәртібінен аспаса, жазбаша түрде жасалған...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан...
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon2009 жылға арналған «Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және сату»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы