Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы icon

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы



НазваниеҚазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
страница1/3
Дата конвертации15.04.2014
Размер463.16 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11 (26413); "Казахстанская правда" от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1 (2578), 1-құжат




      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 31-б. қараңыз.

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн реттейдi және бақылау мен қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған.

^ 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын берудi, тiркеу есебiне қоюды, сондай-ақ тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi нысанасына байқау және тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар және олардың аумақтық бөлiмшелерi;
      2) жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерiлетiн субъектiлерге қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерудi жүзеге асыру барысында және тексерулердiң нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi;
      3) мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға олардың қызметiнiң сәйкестiгi нысанасында тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
      4) мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның iшiнде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн;
      5) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      6) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;
      7) тексерiлетiн субъектiлер – қызметiне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi.

      ^ 2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау
              туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      ^ 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мәртебесiне, меншiк нысанына және қызмет түрлерiне қарамастан, тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейдi.
      2. Осы Заңда:
      1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбi;
      2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi;
      3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар;
      4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.
      3. Осы Заңның 4 және 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күшi:
      1) инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауға;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттар талаптарын сақтауын бақылауға;
      3) кеден iсi саласындағы мемлекеттiк бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      4. Осы Заңның күшi, осы Заңның 8-бабын қоспағанда, мынадай:
      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;
      3) сот әдiлдiгi;
      4) жедел-iздестiру қызметi;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы  заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар көрсетiлген салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      ^ Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      4-бап. Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен
              мiндеттерi

      1. Бақылау және қадағалау:
      1) заңдылық
      2) бәрiнiң заң және сот алдындағы теңдiгi;
      3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
      4) жариялылық
      5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелiлiгi;
      6) мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының кәсiптiк бiлiктiлiгi мен құзыреттiлiгi;
      7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және олардың өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жауаптылығы;
      8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
      9) қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк;
      10) мемлекеттiк органдар арасындағы бақылау өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажырату;
      11) адал тексерiлетiн субъектiлердi көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
      12) тексерiлетiн субъектiлер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабiлеттiлiгiн арттыру;
      13) мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесiнiң есептiлiгi мен ашықтығы;
      14) тәуелсiздiк;
      15) объективтiлiк және турашылдық
      16) дәйектiлiк қағидаттарына негiзделедi.
      2. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Мемлекеттiк органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.
      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейтiн мемлекеттiк органдар оларды кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiседi.
      5. Жеке кәсiпкерлiктi бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның қосымшасында көрсетiлген қызмет салаларында жүзеге асырылады.

      ^ 5-бап. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiне қойылатын
              талаптар

      Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында белгiленедi.

      ^ 6-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды және
              қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке
              кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi

      Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргiзедi.

      ^ 7-бап. Бақылау

      1. Бақылау iшкi бақылау және сыртқы бақылау болып бөлiнедi.
      2. Iшкi бақылау – мемлекеттiк орган өз құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың мемлекеттiк орган қабылдаған шешiмдердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.
      Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Заңның 8-бабында айқындалады.
      Осы тармақтың күшi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес жүргiзiлетiн iшкi бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүзеге асыратын iшкi бақылауға қолданылмайды.
      3. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Заңның 5-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.
      Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.
      Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

      ^ 8-бап. Iшкi бақылау

      1. Iшкi бақылау:
      1) құқықтық актiлердiң орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актiлерде көзделген iс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиiс iс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актiлер бақылауға алынады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және мемлекеттiк органның басшы лауазымды адамдарының қызметтiк сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлiнедi.
      2. Iшкi бақылау:
      1) қажеттi ақпаратты талап ету;
      2) орындалуы туралы есептердi және баяндамаларды тыңдау және талқылау;
      3) ревизия және құжаттамалық тексерудiң өзге де нысандары;
      4) жергiлiктi жерлерге шыға отырып, тексерулер;
      5) заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдер арқылы жүргiзiледi.
      3. Iшкi бақылау мынадай өлшемдер:
      1) құрылымдық, аумақтық бөлiмшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестiгi;
      2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
      3) орындау кезiнде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргiзiледi.
      4. Күшiне енген құқықтық актiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды тұлға не мемлекеттiк органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесi қажеттiгiне қарай бақылау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi.
      Бұл ретте iшкi бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды тұлға не мемлекеттiк органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесi оның орындалуы туралы келiп түскен ақпаратты:
      1) құқықтық актiнiң деңгейiн және орындалу сапасын;
      2) құқықтық актiнi орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерiн және ауытқушылықтарды жою үшiн ықтимал шараларды белгiлеудi;
      3) бақылаудан алу не орындалу мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгiн;
      4) құқықтық актiнi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгiн айқындау үшiн талдайды.
      Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзiрленген ұсыныстар тиiстi шешiм қабылдау үшiн мемлекеттiк органның басшылығына баяндалады.
      Ақпаратқа талдау жүргiзген мемлекеттiк органның орындаушылары қабылданған шешiм туралы хабардар етiледi.
      5. Құқықтық актiде көзделген iс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды және мерзiмдерiн ұзартуды мемлекеттiк органның басшылығы жүзеге асырады.
      6. Жоғары тұрған мемлекеттiк органның не орындаушы органның бақылау қызметi құқықтық актiде белгiленген орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн мемлекеттiк органның регламентiнде айқындалған тәртiппен орындаушыға тиiстi жазбаша ескерту жiбередi.
      Iшкi бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерiн мемлекеттiк органның өзi не одан жоғары тұрған мемлекеттiк орган айқындауы мүмкiн.

      ^ 9-бап. Қадағалау

      1. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шараларын қолдануы болып табылады.
      Жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделедi және мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiрген жағдайда қолданады.
      2. Қадағалау:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.

      ^ 10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары

      1. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау:
      1) ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы Заңда айқындалатын тексерулер;
      2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
      2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiнi алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеу талап етiлмейдi.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түрiне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғамастан, бiрақ тексерiлетiн субъектiге осы бұзушылықты жою тәртiбiн мiндеттi түрде түсiндiре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалуы мүмкiн.
      Осы тармақтың екiншi бөлiгi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлерiне қолданылмайды.
      3. Бақылау және қадағалау органдары:
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген;
      егер объектiнiң (субъектiнiң) орналасқан жерi бойынша оған барғанға дейiн бiр тәулiк бұрын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарға мiндеттi түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын (рәсiмдерiн) алумен (өтумен) байланысты болған;
      құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тiреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуiне инспекция жүргiзу;
      әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын бақылау;
      iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыруы;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыретi

      Бақылау және қадағалау органдары:
      1) мемлекеттiк бақылау және қадағалау саласындағы тиiстi бағыттағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
      2) бақылау және қадағалау жүргiзудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
      4) өз құзыретi шегiнде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) бақылау мен қадағалау тиiмдiлiгi мониторингiн ұйымдастырады және жүргiзедi;
      6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметiн өзара үйлестiрудi жүзеге асырады;
      7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

^ 2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДI ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI

      12-бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi

      1. Тексерiлетiн субъектiнi тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:
      1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге баруы;
      2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етудi қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;
      3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты iс-әрекеттердiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi.
      2. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
      3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күшi:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
      2) кеден одағының кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;
      3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
      4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау нысанасында көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
      5) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi және сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
      6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
      7) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды өткiзетiн iшкi сауда объектiлерiнде, жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды бiрыңғай технологиялық циклда өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
      9) карантиндiк аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша iс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
      10) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиация қауiпсiздiгi талаптарын сақтауына;
      11) iшкi iстер органдарының жүргiзiлетiн жедел-профилактикалық iс-шаралары шеңберiнде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;
      12) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
      13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
      14) монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауға;
      16) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      18) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптарды сақтауға;
      19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
      20) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
      21) орталық мемлекеттiк органдардың, мәслихаттардың және әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау талаптарын сақтауына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
      5. Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту және тоқтата тұру мерзiмдерi тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      
  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 қаңтардағы №11 (26413); "Казахстанская правда" от 15. 01. 2011 г., №13-14 (26434-26435); Қазақстан...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 қаңтардағы №11 (26413); "Казахстанская правда" от 15. 01. 2011 г., №13-14 (26434-26435); Қазақстан...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» туралы Қазақстан Республикасының Заңының 13 және 15 баптарына сәйкес...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Астана қаласы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconАвтомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Осы Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы