Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon

Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



НазваниеПавлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/5
Дата конвертации04.02.2013
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5





Павлодар облысы әкімдігінің

2009 жылғы 25 желтоқсан

“Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”

№ 265/18 қаулысымен

бекітілген



Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


1. Миссиясы мен пайымдауы


Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының миссиясы – облыс тұрғындарын қолжетімді және сапалы көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету.

Пайымдауы – облыс тұрғындары мен кәсіпорындарын сапалы және қолжетімді көлік қызметтерін алуға арналған мүмкіншіліктермен қамтамасыз ететін дамыған көлік инфрақұрылымы.


^ 2. Ағымдағы жағдайды талдау


Павлодар облысының көлік-коммуникациялық кешені теміржол, әуе, автомобиль көліктерін, облыс автомобиль жолдарын біріктіреді.

^ Темір жол саласы. Павлодар жол бөлімшесінің қызметі аумақтық шекараларда жүк және жолаушылар тасымалдарының үдерісін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Павлодар жол бөлімшесінің теміржолының пайдалану ұзындығы 1069,2 шақырымды, басты жолдың жазылмалы ұзындығы 1436,7 шақырымды, жалпы ұзындығы 893,3 шақырымды, соның ішінде электрлендірілгені 391,8 шақырымды құрайды.

Павлодар жол бөлімшесінде пайдалану қызметін қамтамасыз ету үшін 43 бөлім бекеті, солардың ішінде: 35 станция, 5 разъезд, 1 озба бекеті, 2 жол қосыны бар.

2008 жылы теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау көлемі 0,49 млн. адамды құрады. Жүктерді тасымалдау көлемі шақырымына 82,7 млн.тоннаны, жүк айналымы – 20421 млн. тоннаны құрады. 2007 жылмен салыстырғанда жүктерді тасымалдау көлемі 13 % -ға көбейді, ал жүк айналымы бойынша 4 % -ға азайды.

Әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы Павлодар-Құлынды темір жол қатынасының экономикалық есебін жүргізген кезде жолаушыларды теміржолмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы өз қызметінен 2009 жылы 65000 мың теңге, 2010 жылы - 70525 мың теңге, 2011 жылы - 76167 мың теңге, 2012 жылы - 82641 мың теңге, 2013 жылы шамамен - 89665 мың теңге, 2014 жылы шамамен 97286 мың теңге мөлшеріндегі залалдарға ұшырайтыны анықталды.

^ Азаматтық авиация. 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Павлодар әуежайынан 39544 жолаушы, соның ішінде Қазақстан Респуб-ликасы бойынша – 28809 жолаушы, алыс және жақын шетелдерге – 10735 жолаушы жіберілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жолаушыларды жөнелту 5,0 % - ға көбейді.

2008 жылдың 12 айында ұшақтардың ұшу саны 1034 бірлікті құрады, 2007 жылмен салыстырғанда 8,2 %- ға көбейді.

2008 жылдың 12 айында әуежай 176,2 тонна жүкті, поштаны өңдеді, өткен жылдағы деңгейге қарағанда 119 % құрады.

Шетелде шығарылған Боинг-737, Боинг-757, А-320, А-319 және т.б. үлгідегі ұшақтарға қызмет көрсету үшін арнайы автотехника, сондай-ақ өздігінен жүретін жолаушылар трапы қажет.

^ Автомобиль көлігі. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша автокөлік құралдарының облыстық паркінде 171235 бірлік, соның ішінде 4478 автобус пен шағын автобус бар.

2008 жылы автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 629,8 млн. адамды (2007 жылға қарағанда 106 %) құрады, жолаушылар айналымы 2008 жылы шақырымына 11097,2 млн. жолаушы - шақырым (103,8 %) құрады. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі 2008 жылы 50,09 млн. тоннаны (101 %), жүк айналымы шақырымына 3982,5 млн. тонна – шақырымды (170,2 %) құрады.

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 67 облысішілік маршруттарға қызмет көрсететін облысішілік тұрақты маршруттар-да 78 автотасымалдаушы жұмыс істейді. Елді мекендер арасындағы, ал ауылдық округтерде аудан орталықтары арасындағы автобустық (шағын автобустық) қатынастарды қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта 43 ауданішілік маршрут жұмыс істейді.

Жалпы алғанда облыстың ауылдық округтерінің барлығы дерлік тұрақты жолаушылар қатынасымен қамтылған.

Автомобиль көлігіндегі реформалау аяқталды, сала бәсекелестік ортада жұмыс істейді. Автокөлік инфрақұрылымының және жоғары білікті кадрлардың көп бөлігі сақталған.


^ Автомобиль жолдары. Павлодар облысында 2009 жылғы 1 қаңтарға жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 5736 шақырымды құрады, соның ішінде:

республикалық маңызы бар - 1510 шақырым;

облыстық маңызы бар - 1190,4 шақырым;

аудандық маңызы бар – 3035,6 шақырым.

Қатты жамылғысы бар жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланым-дағы автомобиль жолдары жалпы ұзындығынан 81,8% (3 456,2 шақы-рымды), қара топырақты жолдар - 18,2% (769,8 шақырымды) құрайды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2009 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 2 шақырым қайта жаңартылды, 8 шақырым күрделі жөнделді, 41,5 шақырым орташа жөнделді, жалпы 55,6 шақы-рым.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жыл сайын бұзылуы 80-120 шақырымды құрайды, ал жөнделетіні тек 50-60 шақырым ғана, бұл автомобиль жолдарын жөндеу қажеттілігіне қарағанда толық көлемде қаржыландырылмайтынын көрсетеді.

Жергілікті маңызы бар жолдар негізінен III – IV техникалық санатты жолдардың қатарына жатады, ал кейбір кіреберіс жолдар – V техникалық санатты ауылдық елді мекен жолдарының қатарына жатады. Өтпелі жамылғысы бар автомобиль жолдарының учаскелері және қара топырақ жолдар қозғалыс жылдамдығы бойынша да, осьтік жүктемесі бойынша да талапқа сай келмейді және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

Көлік саласында бірсыпыра проблемалар бар. Бұл Павлодар қаласы әуежайының аэровокзал кешенінің халықаралық талаптарға сай келмейтіні. Ішкі әуе қатынастарына қызмет көрсетуді жақсарту үшін “Павлодар әуежайы” АҚ-ның аэровокзал кешенін қайта жаңарту және кеңейту керек.

“Павлодар әуежайы” АҚ-ның тапсырысы бойынша 2006 жылы “EDLI&C” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы әуежай инфрақұрылымын халықаралық ұшулардағы және жүрдек рейстердегі жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормалар мен талаптарға сәйкес келтіру мақсатында Павлодар қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту және кеңейтуге техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеген болатын. Осыған байланысты осы жұмыстарды жүргізу үшін республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теңге қаражат бөлу қажет.

Облыс тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыратын көлемде жолаушылар тасымалдарын қамтамасыз ету.

Автожол саласындағы негізгі техникалық проблема – жол жамылғысының көтергіштік қабілеттілігін біртіндеп жоғалтуы. Павлодар облысындағы жолдардың көп бөлігі 60-80 жылдары жобаланған және салынған, мұнда автомобильдің оське алғандағы жүктемесі 6 тоннадан аспайтын болып белгіленген. Осы жүктемеден асатын ауыр жүкті көліктің облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша жүруі, олардың қарқынды бұзылуына әкеледі.

Автомобиль жолдарының жыл сайын бұзылуы 80-120 шақы-рымды құрайды, ал жөнделетіні тек қана 50-60 шақырым, бұл автомо-биль жолдарын жөндеу қажеттілігінен алғанда толық көлемде қаржы-ландырылмайтынын көрсетеді.

2009 жылдың күзгі тексерісінің нәтижесі бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 55,0 шақырымға күрделі жөндеу, 425,0 шақырымға орташа жөндеу жүргізу қажет. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 8 көпір мен жолөткелдерінен 5-еуі күрделі және орташа жөндеуді қажет етеді. Жоғарыда аталған жұмыстардың шамамен алғандағы құны 10000 млн. теңгені құрайды.


^ 3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


Р/с



Атауы

Өлшем бірлігі

^ Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

1-стратегиялық бағыт. Павлодар облысының көлік инфрақұрылымын дамыту

2

1-мақсат. Павлодар облысындағы жолаушылар тасымалдарын, облыс тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын көлемде қамтамасыз ету

3

Нысаналы индикаторлар

Облыс тұрғындарының жолаушылар және жүк тасымалдарындағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету

4

1-міндет. Облыстың шалғайдағы елді мекендерін жолаушылар тасымалдарымен қамту

5

2-мақсат. Павлодар облысы тұрғындарын қала маңындағы теміржол қатынасындағы жолаушылар тасымалдарымен қамтамасыз ету

6

1-міндет. Әлеуметтік маңызы бар Павлодар – Құлынды темір жол маршрутын демеуқаржыландыру

7

Әлеуметтік маңызы бар Павлодар – Құлынды теміржол маршрутын демеуқаржыландыру

Мың теңге

123298,0

105567,0

65000,0

65000,0

65000,0

65000,0

65000,0

8

3-мақсат. Автожол саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыру

9

1-міндет. Облыс автожолдарында автокөлік құралдарының қауіпсіз және іркіліссіз жүруін қамтамасыз ету

10

Автожолдарды қайта жаңарту

Шақырым

2

6

2,4

4

4,5

5

6

11

2-стратегиялық бағыт. Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

12

1-мақсат. Автокөлік процестерінің қауіпсіз жүру жағдайын қамтамасыз ету

13

1-міндет. Автокөлік құралдарының қауіпсіз және іркіліссіз жүруін қамтамасыз ету

14

Күрделі жөндеу

Шақырым

10,1

8

6,1

9

6

6

7

15

Орташа жөндеу

Шақырым

30,1

41,5

44,0

46

49

55

60



^ Облыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының

стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Р/с



Басқарманың стратегия-лық бағыттары және мақсаттары

Басқарманың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған қызметі

^ Стратегиялық құжаттың, нормативтік - құқықтық актінің атауы


1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Павлодар облысының көлік инфрақұрылымын дамыту

1

1-мақсат. Павлодар облысындағы жолаушылар тасымалдарын, облыс тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын көлемде қамтамасыз ету

Жолаушылар тасымалдарының жүйесін дамыту


Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы

11 сәуірдегі “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы” № 86 Жарлығы



2

2-мақсат. Павлодар облысы тұрғындарын қала маңын-дағы теміржол қатынасындағы жолаушылар тасымалдарымен қамтамасыз ету



Облыс тұрғындарының темір жолмен жолаушыларды тасымалдаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы

11 қарашадағы “Тасымал-даушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiн бекіту туралы”

1

2

3

4










№ 1188 қаулысы.

3

3-мақсат. Автожол саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыру

Көлік инфрақұрылымын дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы

11 сәуірдегі “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы” № 86 Жарлығы

2-стратегиялық бағыт. Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

4

1-мақсат. Автокөлік процестерінің қауіпсіз жүру жағдайын қамтамасыз ету

Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы

11 сәуірдегі “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы” № 86 Жарлығы


^ 4. Функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдер


Жоспарланған іс-шараларда мынадай басымдықтар көзделген:

- Ресей Федерациясының шекарасына шығатын жолдары бар негізгі жолдарды, сондай-ақ облысаралық және ауданаралық байланысты қамтамасыз ететін жолдарды бірінші кезекте қайта жаңарту;

- автомобиль жолдарының жергілікті желілеріндегі бұзылған жолдарды біртіндеп жою;

- автокөліктің жүккөтерімділігі және габариті бойынша талапқа сай келмейтін жолөткелдерін күрделі жөндеу;

- қайта жаңартудан және қайта өңдеуден өткен учаскелерде жөндеуаралық мерзімді сақтау;

- облыстық маңызы бар автожолдарда қара топырақтың қопары- луын жою;

- ауылдық жерлердегі елді мекендерді жыл бойы автокөлік қатынасымен қамтамасыз ету;

- облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын сақтау және қалпына келтіру.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу жоғарыда көрсетілген басымдықтарға сәйкес мына бағыттарға жүргізілетін болады:

КS-1 Ленин-Ертіс-Русская Поляна (іріктеліп);

КS-11 Ивановка-Трофимовка (іріктеліп);

КS-9 Ертіс-Ертіс станциясы (іріктеліп);

КS-17 Павловка-Галицкое (іріктеліп);

КS-10 Панфилов-Бестөбе (іріктеліп);

КS-12 Шақат-Восточное-Шалдай (іріктеліп);

КS-7 Актоғай – Шолақсор (іріктеліп);

КS-17 Екібастұз-ГРЭС -2 (іріктеліп);

КS-18 Майқайың-Екібастұз (іріктеліп).

Ықтимал тәуекелдер: облыстық және республикалық бюджеттер-ден бағдарлама әкімшісін уақытында қаржыландырмау және жылдың температурасы қолайсыз кезеңінде жасалатын жол-жөндеу жұмыстары сапасының төмендеуі.

Сонымен бірге, басқарма ішкі ортаны жетілдіру және қызмет нәтижесін жақсарту бойынша мақсатты жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру арқылы, қызмет көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу басымдықты болып қалып отыр:

мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру;

басқарушы лауазымға бірінші рет тағайындалғандардың үшін қайта даярлаудан өтуі;

мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілге оқытудан өтуі;

мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік сатып алу жөніндегі семинарларда оқытудан өтуі.


Р/с №

Ықтимал тәуекелдер

^ Тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралар

1

2

3

1

Баға бойынша

Энергия үнемдеу технологиялар енгізу және көлік жұмысының тиімділігін арттыру

2

Заң шығарушы

Озат техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу, көлік активтерін жаңғырту

3

Техногендік және
экологиялық



Озат техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу, көлік активтерін жаңғырту

^ 5. Нормативтік- құқықтық актілер


  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы.

  2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі.

  3. Мемлекет Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы “Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” Қазақстан халқына жолдауы.

  4. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі “Қазақстан Республикасындағы көлік туралы” Заңы.

  5. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңы.

  6. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі “Авто-мобиль жолдары туралы” Заңы.

  7. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы “Темір жол көлігі туралы” Заңы.

  8. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы “Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы” Заңы.

  9. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі “Автомо-биль көлігі туралы” Заңы.

10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуір-дегі “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы туралы” № 86 Жарлығы.

11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамыр-дағы “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы” № 377 Қаулысы.

12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қараша-дағы “Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiн бекiту туралы” № 1188 Қаулысы.

13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы “Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы” № 113-I Бұйрығы.
  1   2   3   4   5



Похожие:

Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров, 2009 жыл Мазмұны
Жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconПавлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсан “Павлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2010-2014 жылдарға...
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКелісілді Маңғыстау облысы әкімдігінің Қазақстан Республикасы «24» желтоқсан 2010 жылғы
Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шемонаиха қ
Шемонаиха ауданында 38 елді мекендері, сонымен қатар 2 кент (Усть-Таловка және Первомайский), 35 ауыл және аудан орталы –Шемонаиха...
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconПавлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”

Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
Келісілді: «ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мм а. С. Шерубаев «ШҚО жолаушы көлігі және
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мен пайымдауы
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»...
Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған
«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы