1 | Қызметтің атауы | Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру |
2 | ҚызметтікөрсететінМемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті |
3 | Қызметтің тұтынушылары | Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар |
4 | Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы* | Автоматтандырылмаған |
5 | Қызметтің көрсетілетін орны | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана және Алматы облыстарының, қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі - департаменттер).
|
6 | Қызметтің көрсетілетін тәртібі | Жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалар тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру жөніндегіеркін нысанда өтініш және қажетті құжаттарды ұсынады. Мемлекеттік қызмет алушыға тиісті құжаттрардың қабылданғаны туралы тізімдеме беріледі: 1) сұралып отырған мемлекетік қызмет түрін; 2) қоса берілген құжаттардың атаулары мен саны ; 3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын); 4) тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні мен орнын; 5) құжаттар ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы тізбенің көшірмесі беріледі .
|
7 | Қажетті құжаттар | Мемлекеттік қызметті алушы (не уағдаластық бойынша өкіл) мемлекеттік қызметті алу үшін Департаментке мынадай құжаттар тапсырады: 1) еркін нысанда жазылатын өтініш; 2) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып тұтынушылардың электр қондырғыларды қосуына арналған техникалық шарттардың көшірмелері; 3) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып нормативтік-құқықтық актілерде көзделген қабылдау-тапсыру сынақтарының және өлшеулердің қажетті хаттамалары немесе актілердің көшірмелері; 4) салыстыру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып орындалған электрлік құрастыру, іске қосу-баптау, электрлік өлшеу жұмыстарының тапсыру-қабылдау актілердің көшірмелері; 5) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып электр техникалық персонал және электрлік қондырғы үшін жауапты тұлға туралы мәліметтер (тағайындау туралы бұйрықтардың, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы туралы біліктілік куәліктерінің, дипломдардың көшірмелері) немесе мамандандырылған ұйыммен электрлік қондырғыларды пайдалануға жасалатын шарт; 6) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып энергия беруші ұйымның тұтынушыларды қолданыстағы желілерге қосу дайындығы туралы қорытындысы. Рұқсат алуға арналған құжаттар, құжаттар тізімдемесі бар папкада, тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген уәкілетті тұлғаның және/немесе қолымен куәландырылады. |
8 | Қызметтiң құны және төлеу тәртібі | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
9 | Қызмет көрсету процесiнің сипаттамасы | Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру жөніндігі өтініш ұсынады. Құжаттар 15 жұмыс күннен кешіктірілмей қарастырылады.
|
10 | Қызметтің көрсетілетін мерзімі | 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей .
|
11 | Қызмет көрсетілуінің нәтижесі | Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуына рұқсат немесе мемлекеттік қызмет беруден бас тарту себебін көрсете отырып, дәлелді жауап жіберу болып табылады |
12 | Нормативтiк құқықтық акттер** | «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы |
13 | 2011 ж. қызметтің көрсетілген саны | 5466 |