«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты



Название«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты
Дата конвертации04.02.2013
Размер159 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ __ қаулысымен бекітілді


«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсетуді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана және Алматы облыстарының, қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі - Департаменттер) көрсетеді.

2. Көретілетін мемлекеттік қызмет формасы: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Электрлік энергетика туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады: www.kgen.gov.kz.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады:

тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру;

тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беруден бас тарту себептері көрсетіліп, дәлелденген жауапты жіберу (беру).

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы).

7. Департаменттердің мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекетік қызмет осы Стандарттың 11-тармағында көзделген қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі.

2) өтінуші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанша максималды рұқсат етілетін күту уақыты – 20 минуттан артық емес;

3) өтінуші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға максималды рұқсат етілетін қызмет көрсетілу уақыты – 20 минуттан артық емес.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Департаменттердің жұмыс графигі: жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.30 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30 дейін; демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Қабылдау алдын ала жазбасыз кезек және жедел қызмет көрсету тәртібімен іске асырылады.

10. Департаменттерде үй-жайдың қауіпсіздік талаптарына сай келетін, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, күтетін және құжаттар толтыратын орындар болады, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалады.




^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Тұтынушы (не уағдаластық бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін Департаментке мынадай құжаттар тапсырады:

1) электрлік қондырғы(лар) атауы және қосу түрі көрсетілген өтініш;

2) техникалық шарттарды беретін энергия тасымалдаушы ұйыммен келісіліп бекітілген жобалық-сметалық құжаттама, жоба сараптамасы (түпнұсқа, көшірме);

3) тұтынушының электрлік қондырғыларды қосуына берілетін техникалық шарттар;

4) энергия тасымалдайтын ұйым мен тұтынушы арасында жасалған тараптардың баланстық керек-жарақтары мен пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі;

5) Электрлік қондырғыларды орнату ережесіне сәйкес, қабылдау-тапсыру сынақтарының қажетті хаттамалары (актілері);

6) құрастырушы ұйым (оның лицензиясының нөмірлері және олардың берілген күндері көрсетілген) мен тұтынушы арасында орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілері;

7) оқытылған және тексеруден өткен электр шаруашылығына жауапты тұлға мен электртехникалық персоналмен жабдықталуы туралы мәліметтер (тағайындалуы туралы бұйрықтар, біліктілік куәліктері, білімін тексеру хаттамалары, білімі туралы дипломдарының немесе оқығаны туралы куәлік көшірмелері, еңбек кітапшалары – түпнұсқалары және көшірмелері) немесе тиісті ұйыммен электрлік қондырғының қызмет көрсетуіне жасалған шарт;

8) сараптамалық ұйымның қосылған объектіге кернеу беру мүмкіндігі туралы оң қорытындысы;

9) атқарушылық сызбанұсқасы, жабық жұмыстарға жасалатын актілер (көшірмелері);

10) энергиямен жабдықтау ұйымының электрмен жабдықтауға жасайтын шартын ресімдеу және есептеу аспаптарының дайындығы туралы анықтамасы.

Құжаттар түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін көшірмелерімен бір мезгілде ұсынылады.

Рұқсат алуға тапсырылатын құжаттар құжаттар тізімдемесі бар папкада ұсынылады, тігіледі, нөмірленеді және уәкілетті тұлғаның мөрі және/немесе қолымен куәландырылады.

12. Өтініштер үлгісі Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің интернет-ресурсына www.kgen.gov.kz және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Департаменттердің ақпараттық стендтерінде орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Департаменттерге ұсынылады.

14. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті барлық құқжаттар тапсырылған кезде тұтынушыға мыналар көрсетілген тиісті құжаттрардың қабылданғаны туралы тізімдеме көшірмесі беріледі (қайтарылады):

1) сұралған мелекетік қызмет көрсету түрі;

2) қоса берілген құжаттар саны мен атауы;

3) құжаттардың қабылданған күндері (уақыты);

4) тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні және жері;

5) құжаттар ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.

15. Тұтынушыға не оның өкіліне дайын құжаттарды сенімхат бойынша беру осы Стандарттың 14-тармағына сәйкес, құжаттарды қабылдау туралы тізімдеме негізінде жеке өзі келген кезде қолына тапсырылып іске асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетінің тапсырылуы;

2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда жалған мәліметтер ұсыну.

Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде тұтынушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.




^ 3. Жұмыс принципі


17. Мемлекеттік қызметтер көрсететін департаменттердің лауазымды тұлғалары өз қызметтерінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;

2) заңдылықтың сақталуы;

3) әдепті және сыпайы болуға;

4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат ұсыну;

5) құжаттарды қараған кезде төрешілдікке және әуре-сарсаңға салуға жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қолдануға;

6) қызметті тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге.


^ 4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Департаменттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаттылы мәндері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің бұйрығымен бекітіледі.




^ 5. Шағымдану тәртібі


20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін Департаменттердің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі түсіндіреді.

21. Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспейтін жағдайда, тиісті Департаменттің атына шағыммен жүгіне алады.

22. Әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда, шағым Департаменттердің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы поштамен не қолына апарып беру арқылы жазбаша түрде беріледі.

23. Шағымды тиісті Департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді. Шағым түсірген тұлғаға өтінімді қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген қолхат беріледі.

Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар бойынша алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарастыру тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде іске асырылады.

24. Егер тұтынушы қолданылған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияның қарауын талап етсе, тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша жолдай алады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс, телефон факс: (7172) 74-12-19, сенім телефоны: (7172) 74-12-0525.

Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңмен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.


«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасы


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана және Алматы облыстарының, қалаларының аумақтық департаменттерінің мекенжайлары



№ р/с

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Интернет-ресурстар

1

2

3

4

5

1.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Астана қ., Кенесары көшесі, 40-үй

8(7172)
96-84-01

www.kgen.gov.kz

2.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Алматы қ., Байзақов көшесі, 221

8(727)
378-07-52

www.kgen.gov.kz

3.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Талдықорған қ.,
Ақын Сара көшесі, 207 «а» үй

8(727)
268-42-71

www.kgen.gov.kz

4.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Көкшетау қ., Әуелбеков көшесі, 139-үй

8(7162)
76-01-42

www.kgen.gov.kz

5.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Ақтөбе қ., 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 42 «В» йү

8(7132)
77-39-24

www.kgen.gov.kz

6.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Атырау қ., Махамбет Өтемісұлы көшесі, 110-үй

8(7122)
99-43-24

www.kgen.gov.kz

7.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ»

Өскемен қ.,
Михаэлис көшесі, 1-үй

8(7232)
55-12-64

www.kgen.gov.kz

8.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Орал қ., Хамид Чурин көшесі, 164/1 үй

8(7112)
54-53-75

www.kgen.gov.kz

9.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Тараз қ., Сыпатай батыр көшесі, 5-үй

8(7262)
45-54-48

www.kgen.gov.kz

10.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қарағанды қ., Чкалов көшесі, 8-үй

8(7212)
94-25-54

www.kgen.gov.kz

11.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қызылорда қ.,
Бейбітшілік көшесі, н/ж

8(7242)
25-94-89

www.kgen.gov.kz

12.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қостанай қ., Әл-Фараби көшесі, 109-үй

8(7142)
52-81-01

www.kgen.gov.kz

13.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Ақтау қ.,
22-шағын аудан, «ТВС және В» МҚК ғимараты

8(7292)
60-53-52

www.kgen.gov.kz

14.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Павлодар қ., Катаев көшесі, 18-үй

8(7182)
68-66-60

www.kgen.gov.kz

15.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Петропавл қ., Советская көшесі, 37-үй

8(7152)
46-78-29

www.kgen.gov.kz

16.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Шымкент қ., Б. Момышұлы көшесі, 27-үй

8(7252)
97-35-22

www.kgen.gov.kz



«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 2-қосымшасы


^ Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері



Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Келесі жылдағы көрсеткіштің мақсаттылы мәні

Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

^ 1. Уақытылы болуы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсету жағдайларының % (үлесі)










2. Сапасы

2.1. қызметтер көрсету процесінің сапасы қанағаттандырған тұтынушылар % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратпен және сапасымен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










3.3. ақпаратқа электронды форматта ғана қол жететін қызмет көрсетулер % (үлесі)










4. Шағымдану процесі

4.1. қолданыстағы шағымдану процесі қанағаттандыратын тұтынушылар % (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. персоналдың сыпайылығы қанағаттандыратын тұтынушылар % (үлесі)












Похожие:

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алуына арыз
На подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты iconПриказ №331бұйрығымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты iconРешение на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт
Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына берілетін
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік...
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon1 Қызметтің атауы
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің...
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен,
МВт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35...
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы түрі «Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру»
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы түрі «Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» (бұдан...
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты icon«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет атауы: «Электрлік зертханаларды аккредиттеу»
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы