Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы icon

Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы



НазваниеЖылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Дата конвертации09.04.2013
Размер222.98 Kb.
ТипДокументы
источник

Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 маусымдағы № 757 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2012.08.15. № 510-515 (27588); "Казахстанская правда" от 15.08.2012 г., № 268-270 (27087-27089);




      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 757 қаулысымен 
бекiтiлген      

^ Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереже

      1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi шараларды келiсу тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) жабдық тобы - жаңарған будың бiрдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерiнiң, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететiн барлық қазандықтардың (тозаң көмiрлi, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;
      2) жабдықтың кiшi тобы – тозаң көмiрлi немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бiрге жұмыс жасайтын жаңарған будың бiрдей параметрлерi бар турбоагрегаттардың кез келген типтерiнiң жиынтығы;
      3) электр станциясының белгiленген қуаты – генерацияланатын электр станциясының, оның қуатын шектеудi шегере отырып белгiленген мәнi;
      4) жылу электр станциясының белгiленген электр қуатын шектеу - белгiленген қуатты ерiксiз толық пайдаланбау мәнi;
      5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу – агрегаттың, оның тораптарының күрделi жөндеулер кезiнде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан конструктивтi ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнiмдiлiгiнiң белгiленген қуатқа сәйкес келмеуiнен белгiленген қуатын мәжбүрлi азайту;
      6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесiнiң өзгеруi салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуi) iс-әрекетiнен агрегаттың белгiленген қуатын азайту;
      7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдiк, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиiсiнше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан iске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтiрiлген шектеулер;
      8) жылу электр станциясы – отынның химиялық энергиясын электр генераторы бiлiгiнiң айналуын механикалық энергияға айналдыру есебiнен электр энергиясын өндiретiн электр станция;
      9) қуаттың күтiлетiн шектеулерi - алдағы жылға арналған қуаттың шектелуi;
      10) қуатты шектеудiң жылдық орташа мәнi – қуатты шектеудiң айлар бойынша орташа арифметикалық мәнi;
      11) номиналды қуат – осы жабдық үшiн жабдықтың паспортымен немесе жобасымен белгiленген қуат;
      12) сараптама ұйымы – заңнамада белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
      13) уәкiлеттi орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      14) жылу электр станциясының белгiленген электр қуаты – техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсендi электр қуатының жиынтық мәнi;
      15) электр станциясының жұмыс қуаты – жөндеуге шығарылған жабдықтың қуатын шегере отырып, электр станциясының қолда бар қуаты;
      16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң арасындағы шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн, электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесi;
      17) экологиялық шектеулер – табиғиғатты қорғау iс-шараларын өткiзу себебiнен белгiленген қуаттың азайтылуы.
      3. Жылу электр станциялары электр қуатын шектеудi келiсу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды бередi:
      1) 50 МВт дейiн және одан жоғары қуатымен, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша - осы Ережеге  1 және 3-қосымшаларда көрсетiлген нысандар бойынша;
      2) энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Ережеге 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген нысандар бойынша;
      3) өткен жылы электр қуатын шектеудi қысқарту жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы туралы есеп және алдағы жылға арналған осындай iс-шаралардың тiзбесi. Есеп еркiн нысанда берiледi;
      4) сараптама ұйымның берген энергетикалық сараптаманың актiсi;
      5) белгiленген қуатына қарамастан, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған қуаты 50 МВт дейiн және одан көп жылу электр станциялары бойынша, оның iшiнде энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша жүйелiк оператордың ұлттық диспетчерлiк орталығымен келiсу.
      4. Электр қуатын шектеудi келiсу үшiн материалдар екi данада берiледi және оны уәкiлеттi орган күнтiзбелiк 20 күннен аспайтын мерзiмде қарайды.
      5. Қараудың нәтижесi бойынша уәкiлеттi орган ұсынылған материалдарды келiседi немесе құжаттар осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келiсуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган келiсуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебiн көрсетiп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.
      6. Келiсуден бас тарту себебiн жойғаннан кейiн материалдар қайтадан келiсуге жiберiледi. Қайта келiсу күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
      7. Жылу электр станцияларындағы электр қуатын шектеудi қысқарту үшiн мынадай iс-шаралар орындалады:
      1) күрделi жөндеу жүргiзу кезiнде станцияның тиiмдi жұмысын арттыруға бағыталған iс-шаралар орындалады;
      2) циркуляциялық (салқындатқыш) суды салқындату үшiн тиiмдi жылу алмасу аппараттары қолданылады;
      3) күл- қож шығару мен түтiн газын тазалаудың тиiмдi жүйесi қолданылады;
      4) жобалау отынымен станцияның жұмысы қамтамасыз етiледi.
      8. Жылу электр станциялары жүргiзiлген энергетикалық сараптаманың нәтижелерi мен нәтижелерi бойынша ұсыныстар негiзiнде электр қуатын қысқарту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi.
      9. Электр қуатын қысқарту жөнiндегi әзiрленген iс-шаралар уәкiлеттi органға келiсуге жiберiледi.
      10. Қараудың нәтижесi бойынша уәкiлеттi орган бiр ай iшiнде электр қуатын қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiседi немесе оларды келiсуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган келiсуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебiн көрсетiп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.
      11. Жылу электр станцияларының белгiленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескiсiн бөлшектеген немесе жұмыс iстеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертiледi.
      12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштiк агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгiленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.
      13. Буды бөлiп алу және қос мәндi номиналды қуаты (мысалы: Т-120/130-130; Т-80/100-130; ПТ-30/40-29), бу бөлудiң жүктеме режимiне тәуелдi жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшiн номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептiк жұмыс режимiнде қамтамсыз етiлетiн турбинаның ең төменгi қуатының мәнi бойынша қабылданады.
      14. Есептер өткен жылы электр қуатын шектеу орын алған және алдағы жылы электр қуатын шектеу күтiлетiн жылу электр станциялары бойынша жүргiзiледi;
      15. Электр қуатын шектеу:
      1) жылу электр станциялары жабдықтарының жеке топ бөлiгi бойынша;
      2) алдағы жылдың әрбiр айына және орташа есеппен жылға есептеледi.
      16. Қуатты шектеу жабдығының кiшi тобы бойынша негiзделетiн бiрнеше факторлар бiр мезгiлде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектiлiгi қуатты шектеудiң мынадай басым түрлерiне сәйкес келуi тиiс: техникалық, маусымдық, уақытша.
      Жабдықтың кiшi тобы қазандықтарында олардың бу өнiмдiлiгiнiң төмендеуiн (техникалық шектеу түрi) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгiлiнде салқындатқыш судың температурасының көтерiлуiне байланысты (маусымдық шектеу түрi) электр қуатын шектеудiң есебi номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетiлген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулердi бағалаған кезде жанған өнiмдердiң атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгiлiнде вакуумның нашарлауына байланысты кiшi топтың электр қуатын шектеу ескерiле отырып есептеледi.
      17. Қуатты шектеу есептерi мынадай жағдайларда орындалады:
      1) жылу электр станцияларында орнатылған барлық жабдықтардың жұмыста болуы;
      2) жылу электр станциясы тарапынан тұтынушыларға жылуды бумен және ыстық сумен босатуда шектеудiң болмауы;
      3) сыртқы тұтынушыларға жылуды ыстық сумен босатудың күтiлетiн мәнiнiң сәйкестiгi соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергiлiктi метеоқызметiнiң бақылау деректерi бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келедi;
      4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнiн қабылдау олардың өтiнiмдерi бойынша, ал өтiнiм болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;
      5) өз қажеттiлiгiне жұмсалған жылу жуне электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және бекiтiлген тәртiппен жабдықтардың нормативтiк сипатамалары бойынша көрсеткiштердi есептеу үшiн қажет басқалары.
      Есептеу кезiнде отынның жетiспеушiлiгiнен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзiмдi нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетiн шөгiндiлердiң басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.
      18. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi есептеу өткен жылы орындалған, оларды қысқарту жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдiлiгi ескерiле отырып орындалады.

Жылу электр станцияларының электр  
қуатын шектеудi және оларды қысқарту
жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi
туралы ережеге           
1-қосымша              

Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станцияcының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды

Жабдық тобының атауы

Код

толық

қысқартылған

ЖЭС бойынша барлығы

ЖЭС барлығы

97

Қуаты:







500

500 блок

3

300

300К блоктар

4

200

200К блоктар

7

150

150К блоктар

8

МВт конденсациялы энергиялық блоктар







Буды iрiктеу реттеуiшi бар энергиялық блоктар, қуаттылығы МВт:







300

300Т блоктары

54

200

200Т блоктары

57

150

150Т блоктары

58

КЭС 90 кгс/см2

КЭС-90

11

ЖЭО 240 кгс/см2

ЖЭО-240

5

ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатусыз

ЖЭО-130

10

ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатумен

ЖЭО-130ПП

59

ЖЭО 90 кгс/ см2

ЖЭО-90

12

Бу-газды қондырғылар

БГҚ

16

Газ-турбиналы қондырғылар

ГТҚ

17

Өзге де жабдықтар*

Өзге

21

Қолданыстағы ЖЭС-тi iске қосу қазандықтары

IҚҚ

18

Ең жоғары су қыздыратын қазандықтар

ПСҚҚ

20

      Ескертпе: шетелдiк фирмалардың жабдығы будың 60 ч 120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелдi қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.

Жылу электр станцияларының электр  
қуатын шектеудi және оларды қысқарту
жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi
туралы ережеге           
2-қосымша              

^ Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерiнiң коды

Қуатты шектеудiң себебi

Шектеулер себептерiнiң коды

техникалық

маусымдық

уақытша

1

2

3

4

Қуатты жиынтықты шектеу

100

200

300

Жобасыз отын, сапасы төмен отын







301

Есептi қорларды өтеген қазандықтар және қосалқы-қазандықтар жабдықтары

102







Қазандықтардың құрылымдық ақауылары

103







Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының құрылымдық ақаулары

104







Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының жеткiлiксiз номиналды өнiмдiлiгi

105







Қазандықтар сыртының қайнауының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







306

Газды ауа трактысының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







307

Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







308

Будың төмендетiлген параметрлерiмен бу жеткiзушiлердiң, турбина жұмыстарының техникалық қанағаттанарлықсыз жай-күйi







309

Қазандықтардың жеткiлiксiз номиналды бу өнiмдiлiгi

110







Турбоагрегаттардың құрылымдық ақаулары

111







Турбиналардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







312

Күректi аппараттың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







313

Турбоагрегаттардың қосалқы жабдығының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







314

Регенерациялау жүйесiндегi қондырғылардың және жабдықтардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







315

Есептiк ресурсты өтеген турбоагрегаттың тозуы

116







ПТН-ның жеткiлiксiз номиналды берiлуi

117







ПТН-нiң қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







318

Р типiндегi турбиналарда жылу жүктемелерiнiң болмауы

120







Р типiндегi турбиналарда жылулық жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi




221

321

Жаман вакууммен жұмыс iстейтiн турбиналардың жылулық жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi




222

322

Т, П, ПТ типiндегi турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi (жоғары конденсациялық өндiру)




223

323

Жылуды тұтыну режимiмен байланысты өзге себептер




224

324

Т, П, ПТ типiндегi турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi (құрылымдық ерекшелiктер)

125

225

325

Жылуды тұтынудың артуы




231




Реттелмейтiн сұрыптаудан жылу беру




232




Репродуктивтi-салқындату құрылғысынан (РСҚ) жылу беру салдарынан қазандықтар қуатының тапшылығы





 

333

Жоба бойынша градирен санының жеткiлiксiздiгi

141

241

341

Жоба бойынша циркулярлық сорғылардың жеткiлiксiздiгi

142





 

Градиреннiң қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







343

Циркуляциялық сорғылардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







344

Конденсаторлардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







345

Гидросуытқыштардың жеткiлiксiз суытылуына байланысты өзге де себептер

146

246

346

Конденсаторға кiрерде суытқыш су температурасының артуы




247


 

Тоған-суытқыштардың жеткiлiксiз салқындату қабiлеттiлiгi

148

248

348

ГТУ бойынша шектеулер

149

249

349

ПГУ бойынша шектеулер

150

250

350

Генератор қуатының жобалық сәйкессiздiгi

151





 

Iлеспе компенсатордың режимiндегi турбогенератордың жұмысы







352

Жүйеаралық электр байланыстарының жеткiлiксiз өткiзу қабiлетi (жабылған қуат)







353

Генератордың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы







354

Қайта енгiзiлген агрегаттарды игерудi нормативтiк мерзiм кезiнде шектеу







355

Жылу беру өнiмдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi

161





 

Қазандықтарда және қосалқы- қазандықтар жабдықтарының құрылыс-монтаждық кемшiлiктерi







362

Турбиналардың қосалқы жабдықтардың жылу кестелерiнде, турбиналарда құрылыс-монтаждық кемшiлiктерi







363

Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлерi)







364

Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз жобалық өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлерi)

165







Жалпы станциялық жабдықтағы құрылыс-монтаждау кемшiлiктерi







366

Ауа бассейнiн қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу







370

Су бассейнiн қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу







371

Жiктеуiшке кiрмеген өзге де себептер

172

272

372

Су ағысында (су ағысымен) жұмыс жасайтын, гидроэлектростанцияда (ГЭС) су ресурстарының жетiспеушiлiгi




226




Құйылудың және су қоймасының жұмыс iстеуiнiң төмендiгiне байланысты су ресурстарының жетiспеушiлiгi




227




Су қоймасынан суды тастау режимi бойынша шектеу




228




Төменгi бьефтi жоғарғы тiреу




229




Гидроэлектростанция (ГЭС) плотинасының дайын болмауы





 

367

Жүктелу қабiлетiн ескерiп, турбиналардың жұмысы

180







Жылу электр станцияларының электр  
қуатын шектеудi және оларды қысқарту
жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi
туралы ережеге           
3-қосымша              

^ КЕЛIСIЛДI                               КЕЛIСIЛДI
___________________ басшысы      ҚР Индустрия және жаңа технологиялар
сараптама ұйымның атауы          министрлiгi
__________ ______________       ___________________________
      қолы Т.А.Ә.                  қолы       Т. А.Ә.
20 __ ж. «___»_______________  20 __ ж. «____»____________

20__жылғы қуаты 50 МВт және одан жоғары __________________
                                            ЖЭС аты

жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер

Көрсеткiш

Жабдық тобының коды

Жобалық отын түрiнiң коды

Энергия блогының нөмiрi

Жол коды

Шектеу себебiнiң коды

Айлар бойынша көрсеткiштiң мәнi (МВт)

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық орташа

Белгiленген қуаты























































Қолда бар

қуаты























































Шектеулi қуаты























































Оның iшiнде себептер бойынша























































ЖЭС басшысы ________________________ ____________________
                    қолы                   тегi, А.Ә.

      Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кiшi топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептерi бойынша бөле отырып), әрбiр жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтiрiлген.



Похожие:

Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconЭлектр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығын пайдалануды, сондай-ақ энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының,
Мамандарының біліктілігін тексеру бойынша тестілеудің құрамына кіретін сұрақтар тізбесі
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconЭлектрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актiсiн жасау жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 10 тамыздағы №1039 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 17 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconҚазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 08. 18. №527-532 (27605); "Казахстанская правда" 18. 08. 2012 г., №276-278 (27095-27097)
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconЭлектр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының,
Егемен Қазақстан" 2012. 08. 16. №516-521 (27594); "Казахстанская правда" 16. 08. 2012 г., №271-273 (27090-27092)
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 30 шiлдедегi n...
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету»
«Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар», «Электр желілері», «Жылу желілері», «Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі...
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconПостановление № Орал қаласы город Уральск Тұтынылған жылу энергиясының нормасын бекіту туралы
Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №10 «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану...
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconТұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconЭлектр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы
Электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес...
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы iconЭлектр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы
Электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы