|
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидаларына 8-қосымша ^ 1. Энергетикалық ұйым персоналының электр қауiпсiздiгi бойынша куәлiгi ұсынушының жеке басын куәландыратын және көрсетiлген лауазым (кәсiп) бойынша өз бетiнше жұмыс iстеу құқығын растайтын құжат болып табылады. 2. Куәлiктi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi техникалық пайдалану қағидалары мен қауiпсiздiк қағидалары бойынша бiлiмдi бастапқы бiлiктiлiк тексеру өткiзiлгеннен кейiн бередi және электр қауiпсiздiгi бойынша тобы мен оның бiлiмiн кезектi бiлiктiлiк тексеру нәтижелерi туралы тиiстi жазулар жасалғаннан кейiн ғана жарамды болады. 3. Жұмыскер қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде куәлiк үнемi оның өзiмен бiрге болуы тиiс және жоғары тұрған лауазымды немесе бақылаушы, қадағалаушы адамдардың талап етуi бойынша көрсетiледi. 4. Персоналдың лауазымы өзгерген жағдайда куәлiк ауыстырылады немесе персонал жұмыстан шығарылған жағдайда қайтарылады. 5. Куәлiк мөлшерi 95Ч65 мм. Куәлiк матадан жасалған қатты мұқабадан және 8 бетi бiр блоктан тұрады. Мұқаба көгiлдiр түстi болғаны жөн. 6. Қапталған мұқабаның беткi жағына сары түстi жазу жазылады:
Блоктың бiрiншi бетi
Блоктың екiншi бетi
Блоктың үшiншi бетi
Ескертпе. Үш жолдан артық емес. Блоктың төртiншi бетi
Блоктың бесiншi бетi
Блоктың алтыншы бетi
Блоктың жетiншi бетi
Блоктың сегiзiншi бетi
|