Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, icon

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының,



НазваниеЭлектр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының,
страница1/3
Дата конвертации09.04.2013
Размер329.86 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 маусымдағы № 893 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2012.08.16. № 516-521 (27594); "Казахстанская правда" 16.08.2012 г., № 271-273 (27090-27092)


      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 30 маусымдағы
№ 893 қаулысымен  
бекiтiлген      

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидалары

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзiрлендi әрi электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының (бұдан әрi – персонал) техникалық пайдалану қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiн тексеру;
      2) бiлiктiлiк комиссиясы – тексерiлетiн адамның атқаратын лауазымына лайықтығын анықтау, сондай-ақ атқаратын лауазымы бойынша қауiпсiздiк тобын растау үшiн уәкiлеттi органның шешiмiмен құрылған комиссия;
      3) персонал – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және тұтынушыларды энергиямен сенiмдi жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен мамандары;
      4) уәкiлеттi орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

^ 2. Бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру тәртiбi

      3. Бiлiктiлiк тексерудi жүргiзу кестесiн уәкiлеттi орган 15 қаңтарға дейiн ағымдағы күнтiзбелiк жылға бекiтедi және бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру жүргiзiлгенге дейiн үш ай бұрын ұйымдарға хабарлайды.
      4. Электр энергетикасы саласындағы бiлiктiлiктi тексеру:
      1) бiлiмдi бастапқы тексеру;
      2) бiлiмдi мерзiмдiк тексеру;
      3) бiлiмдi кезектен тыс тексеру болып бөлiнедi.
      5. Бiлiмдi бастапқы тексеру лауазымға тағайындалғаннан кейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi. Тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы, жұмыс өтiлi, бiлiмi және қызметке тағайындау бұйрықтың көшiрмесi көрсетiлген ұйым хатының Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiне (бұдан әрi – МЭҚБК) келiп түсуi МЭҚБК-нiң бiлiмдi бастапқы тексерудi ұйымдастыруға және тестiлеу өткiзуге арналған өтiнiмдердi ресiмдеуi үшiн, сондай-ақ мерзiмдi тексеру кестесiне енгiзу үшiн негiз болып табылады.
      6. Бiлiмдi бастапқы және кезектен тыс бiлiктiлiк тексерудi жүргiзуге өтiнiм осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген нысан бойынша ресiмделедi.
      7. МЭҚБК бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы бекiткен бiлiмдi мерзiмдi тексеру жүргiзу кестесi персоналдың бiлiмiн мерзiмдi тексерудi ұйымдастыруға және жүргiзуге негiз болып табылады.
      8. Бiлiмдi кезектен тыс бiлiктiлiк тексеру мынадай:
      1) өндiрiсте жазатайым оқиғаларға жол берген;
      2) Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң аумақтық департаменттерiнiң (бұдан әрi – МЭҚБК АД) инспекторлары жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер жүргiзу барысында техникалық пайдалану қағидалары мен қауiпсiздiк қағидалары талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталған, сондай-ақ технологиялық бұзушылыққа немесе жазатайым оқиғаға алып келген электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасын бұзуға жол берiлген;
      3) персоналдың ағат iс-әрекетiнiң салдарынан жабдықтардың бүлiнуiне жол берiлген; басқа энергия тұтынушыларды шектеуге және ажыратуға әкеп соқтырған белгiленген энергия тұтыну режимi бұзылған;автоматика, релелiк немесе технологиялық қорғау құрылғыларының, байланыс құралдары жалған немесе дұрыс емес жұмыс iстеген; техникалық қызмет көрсету мен жабдықтарды жөндеу жұмыстары қанағаттанғысыз ұйымдастырылған; монтаждауда ақау болған; жөндеуде ақау болған жағдайларда;
      4) энергетикалық кәсiпорындардың шешiмi бойынша:
      техникалық пайдалану қағидаларының және қауiпсiздiк қағидаларының өрескел бұзушылықтары, персоналдың оларды жеткiлiктi бiлмеуi анықталған кезде;
      жаңа жабдық пайдалануға берiлген немесе оны қайта жаңартқан, басты электрлiк және технологиялық схемалар өзгерген кезде тағайындалады.
      9. Бiлiмдi кезектен тыс тексеру бiлiмдi мерзiмдiк бiлiктiлiк тексеру мерзiмдерiн ауыстырмайды.
      10. Бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру 2 кезеңнен тұрады:
      1) тестiлеу;
      2) әңгiмелесу.
      11. Бiлiмдi кезектен тыс бiлiктiлiк тексеру кезiнде тестiлеу техникалық қамтамасыз ету мен тәуелсiз бiлiктiлiгiн тексерудi жүргiзетiн заңды тұлға (бұдан әрi – тестiлеу орталығы) мен энергетикалық кәсiпорын арасындағы шарт бойынша жүргiзiледi.
      12. Бiлiмдi бастапқы және мерзiмдiк бiлiктiлiк тексеру кезiнде тестiлеу МЭҚБК мен тестiлеу орталығының арасындағы шарт бойынша жүргiзiледi.
      13. Тестiлеу тексерiлетiн адамның таңдауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде автоматтандырылған компьютерлiк тәсiлмен жүргiзiледi.
      14. Басшылар үшiн тестiлеу сұрақтарының саны 120 сұрақты құрайды.
      15. Мамандар үшiн тестiлеу сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды.
      16. Тестiлеу уақыты 2 сағатты құрайды.
      17. Бiлiмдi бiлiктiлiк тексерудiң тестiлеу сұрақтарының тiзбесiн уәкiлеттi орган әзiрлеп бекiтедi. Тест сұрақтарының тiзбесi жыл сайын 30 пайызға жаңартылып отырады.
      18. Тестiлеу нәтижелерiн оң деп санау үшiн негiз болып табылатын дұрыс жауаптардың шектi деңгейi тесттердегi сұрақтар санының 85 %-ын құрайды.
      Тестiлеу орталығының жауапты адамының мөрi және жеке қолы бар тестiлеудiң қорытынды нәтижелерi тексерiлетiн адамның қолына берiледi.
      19. Тестiлеу нәтижелерi қанағаттанғысыз болған кезде комиссия хаттама ресiмдейдi және бiрiншi тестiлеу өткiзiлген күннен бастап екi аптадан бұрын емес және бiр айдан кеш емес мерзiмге қайта тестiлеу тағайындайды. Қайта тестiлеу бiр реттен артық өткiзiлмейдi.
      20. Тестiлеудiң нәтижелерi қайтадан терiс болған жағдайда МЭҚБК немесе МЭҚБК АД энергетикалық кәсiпорынға тестiлеудiң нәтижелерi туралы ұйым басшылығы мен иеленушiсiне хабарлайтын хат жiбередi.
      21. Әңгiмелесу нәтижелерi осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы түрiнде ресiмделедi.
      22. Егер тестiлеу нәтижелерi белгiленген шектi деңгейден төмен болса, персонал бiлiмдi бiлiктiлiк тексерудiң келесi кезеңiне жiберiлмейдi.
      23. Әңгiмелесу тестiлеуден кейiн 10 күн iшiнде жүргiзiледi.
      24. Әңгiмелесу өткiзу үшiн 2 деңгейден тұратын комиссия құрылады:
      1) орталық комиссия – МЭҚБҚ комиссиясы;
      2) аумақтық комиссия – МЭҚБК АД комиссиясы.
      25. Орталық комиссия бiрiншi басшылардың (бас директор мен оның орынбасарларының, президенттiң және вице-президенттiң, басқарма төрағасы мен оның орынбасарларының), сондай-ақ техникалық директорлардың, бас инженерлердiң, электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен таратуды және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын энергетикалық кәсiпорындардың қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау жөнiндегi қызметтерi бастықтарының қағидалар мен нормаларды бiлуiн тексеру мақсатында МЭҚБК бiрiншi басшысының бұйрығымен құрылады.
      26. Төраға, төрағаның орынбасарлары, басқарма бастықтары кiретiн орталық комиссия құрамын МЭҚБК басшысы анықтайды.
      27. Аумақтық комиссия техникалық басшылар орынбасарларының, бас инженерлер орынбасарларының, өңiрлiк электр желiлерi (бұдан әрi – ӨЭЖ), цехтары, қызметтер бөлiмдерi басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының, электр және жылу энергетикасын өндiрудi, беру мен таратуды және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын энергетикалық кәсiпорындар бөлiмдерi, цехтары, қызметтерi мен ӨЭЖ-нiң инженерлiк-техникалық персоналының бiлiмiн бiлiктiлiк тексерудi жүргiзедi.
      28. Аумақтық комиссия құрамын МЭҚБК АД басшысы айқындайды.
      29. МЭҚБК орталық және аумақтық комиссияларының қызметiн ұйымдастыру МЭҚБК мен МЭҚБК АД-ге жүктеледi.
      30. Сұрақ-жауап нысанында өткiзiлетiн әңгiмелесу кезiнде комиссия тексерiлетiн адамның техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне көз жеткiзедi.
      31. Әңгiмелесудiң қорытындысы бойынша комиссия тексерiлетiн адамды пайдалану техникасы қағидаларын (ПТҚ), электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОҚ), қауiпсiздiк техникасы қағидаларын (ҚТҚ) бiлуiн «қанағаттанарлық», «қанағаттанғысыз» бағалары бойынша бағалайды.
      32. «Қанағаттанарлық» баға алған кезде комиссия атқаратын қызметiне сәйкестiгi туралы шешiм қабылдайды және электр қауiпсiздiгi бойынша топ бередi.
      33. «Қанағаттанғысыз» баға алған кезде комиссия қайтадан әңгiмелесу туралы шешiм қабылдайды.
      34. Қайтадан әңгiмелесу бiлiмiн тексеру жүргiзiлген күнiнен бастап бiр ай өткен соң өткiзiледi және бiр реттен артық өткiзiлмейдi.
      35. Қайтадан әңгiмелесудiң қорытындысы бойынша комиссия тексерiлетiн адамның пайдалану техникасы қағидаларын (ПТҚ), электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОҚ), қауiпсiздiк техникасы қағидаларын (ҚТҚ) бiлуiн «қанағаттанарлық», «қанағаттанғысыз» бағалары бойынша бағалайды.
      36. «Қанағаттанарлық» баға алған кезде комиссия атқаратын қызметiне сәйкестiгi туралы шешiм қабылдайды және электр қауiпсiздiгi бойынша топ бередi.
      37. «Қанағаттанғысыз» баға алған кезде комиссия атқаратын қызметiне сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
      38. Қайтадан «қанағаттанғысыз» деген баға алған жағдайда МЭҚБК немесе МЭҚБК АД энергетикалық кәсiпорынға хат жiберiп, бiлiмiн бiлiктiлiк тексеру нәтижелерi туралы ұйым басшылығына және иеленушiге хабарлайды.
      39. Комиссия бiлiктiлiк тексеру қорытындысы бойынша барлық шешiмдердi бiлiмдi тексеру хаттамасында ресiмдейдi және бiлiмдi бiлiктiлiк тексерудi есепке алу журналына енгiзедi. Журнал тiгiледi, нөмiрленедi және мемлекеттiк органның мөрiмен расталады.
      40. Егер комиссия отырысында комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3 қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерi дауыстарының көптiгiмен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
      41. Тексерiлетiн адам бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тестiлеу нәтижелерiмен танысқан сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру комиссиясы төрағасының атына өтiнiмдi ресiмдеу жолымен бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру нәтижелерiн аппеляцияға беру құқығы көзделедi.
      42. Комиссия отырысының хаттамасын ресiмделгеннен кейiн тексерiлетiн адамның электр қауiпсiздiгi бойынша куәлiгiнде мыналардың қолы қойылған тиiстi жазба енгiзiледi:
      1) комиссия төрағасының – орталық комиссияда бiлiктiлiк тексеру кезiнде (осы Қағидалардың 7-қосымшасы);
      2) комиссия төрағасының – аумақтық комиссияда бiлiктiлiк тексеру кезiнде (осы Қағидалардың 8-қосымшасы).
      43. Комиссия отырысының хаттамаларын, бiлiмдi тестiлеу нәтижелерiн есепке алу, сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      44. Комиссия отырысының хаттамаларын және бiлiмдi тестiлеу нәтижелерiн сақтау мерзiмi кемiнде үш жылды құрайды.
      45. Комиссия отырысының хаттамасы екi данада ресiмделедi. Хаттаманың бiр данасы тексерiлетiн адамға 2 күн iшiнде берiледi. Хаттаманың екiншi данасы және тестiлеу нәтижелерiнiң көшiрмесi уәкiлеттi органда немесе оның аумақтық бөлiмшесiнде сақталады.
      46. Бiлiмдi тестiлеу нәтижелерiнiң түпнұсқасы тексерiлетiн адамда сақталады.
      47. Комиссия отырысының хаттамасы уәкiлеттi органның сайтына жарияланады.

Электр және энергия қондырғыларының техникалық 
жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды
жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын    
өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен  
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын 
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық   
пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын
бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидаларына 
1-қосымша                      

^ ҚР ИЖТМ МЭҚБК         
бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру
жөнiндегi орталық комиссия
төрағасы           
_________________________

Жолдама

      Техникалық пайдалану қағидалары мен қауiпсiздiк қағидалары бойынша _________________________________ бiлiмдi бiлiктiлiк тексеруден өту үшiн бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
                             ұйым атауы
_____________________________________________________________________
                              лауазымы
_____________________________________________________________________
                     тегi, аты, әкесiнiң аты (толық)

жiберiледi.

      Бiлiмдi_____________________бiлiктiлiк тексеру себебi:
              бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Ұйым басшысы __________________ __________________________
                    қолы                  Т.А.Ә.

                                                                 мөр

      Ескертпелер:
      1. Бiлiмдi бастапқы бiлiктiлiк тексеру себебi ретiнде лауазымға тағайындау көрсетiлуi мүмкiн.
      2. Бiлiмдi кезектен тыс бiлiктiлiк тексеру себебi ретiнде мыналар көрсетiлуi мүмкiн:
      1) қағидалар, нормалар мен нұсқаулардың бұзылуы, оларды жеткiлiксiз бiлуi;
      2) жаңа жабдықты пайдалануға енгiзу немесе оны қайта жаңғырту;
      3) электр және технология схемаларының өзгеруi;
      4) технологиялық бұзушылықтарды немесе жазатайым оқиғаларды тергеудi жүргiзген комиссияның қорытындысы.

Электр және энергия қондырғыларының техникалық 
жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды
жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын    
өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен  
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын 
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық   
пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын
бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидаларына 
2-қосымша                      

^ ҚР ИЖТМ МЭҚБК         
бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру
жөнiндегi орталық комиссия
төрағасы           
_________________________

Жолдама

      Техникалық пайдалану қағидалары мен қауiпсiздiк қағидалары бойынша бiлiмдi _________________________________ бiлiктiлiк тексеруден өту үшiн   бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
                            ұйым атауы
_____________________________________________________________________
                             лауазымы
_____________________________________________________________________
                     тегi, аты, әкесiнiң аты (толық)
жiберiледi.
      Бiлiмдi________________________бiлiктiлiк тексеру себебi:
              бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Ұйым басшысы ____________________ __________________________
                      қолы                 Т.А.Ә.

                                                                  мөр

      Ескертпелер:
      1. Бiлiмдi бастапқы бiлiктiлiк тексеру себебi ретiнде лауазымға тағайындау көрсетiлуi мүмкiн.
      2. Бiлiмдi кезектен тыс бiлiктiлiк тексеру себебi ретiнде мыналар көрсетiлуi мүмкiн:
      1) қағидалар, нормалар мен нұсқаулардың бұзылуы, оларды жеткiлiксiз бiлуi;
      2) жаңа жабдықты пайдалануға енгiзу немесе оны қайта жаңғырту;
      3) электр және технология схемаларының өзгеруi;
      4) технологиялық бұзушылықтарды немесе жазатайым оқиғаларды тергеудi жүргiзген комиссияның қорытындысы.

Электр және энергия қондырғыларының техникалық 
жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды
жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын    
өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен  
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын 
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық   
пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын
бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидаларына 
3-қосымша                      

^ ҚР ИЖТМ МЭҚБК         
бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру
жөнiндегi орталық комиссия
төрағасы           
_________________________

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
(ҚР ИЖТМ)
Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi
(МЭҚБК)

^ ИЖТМ МЭҚБК
бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру жөнiндегi орталық комиссия отырысының
№ ___ хаттамасы
20 __ жылғы «___» «__________»

ҚР ИЖТМ МЭҚБК бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру жөнiндегi орталық комиссия мына құрамда:
төраға: МЭҚБК төрағасы ______________________________________________
                                         Т.А.Ә.
комиссия мүшелерi: МЭҚБК төрағасының орынбасарлары, басқармаларының бастықтары __________________________________________________________
                            басқарма атауы
_____________________________________________________________________
      тестiлеуге қатысушының тегi, аты, әкесiнiң аты (толық)
_____________________________________________________________________
                       лауазымы, ұйым атауы

техникалық пайдалану қағидалары мен қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексерудi жүргiздi және бiлiмдi бiлiктiлiк тексерудiң келесi нәтижелерiн анықтады:
1. ______________________________________________________ ___________
            нормативтiк құқықтық актiнiң атауы             балдары
2. ______________________________________________________ ________
            нормативтiк құқықтық актiнiң атауы             балдары
3. ______________________________________________________ ________
            нормативтiк құқықтық актiнiң атауы             балдары
4. ______________________________________________________ ________
            нормативтiк құқықтық актiнiң атауы             балдары
5. ______________________________________________________ ________
            нормативтiк құқықтық актiнiң атауы             балдары
6. ______________________________________________________ ________
            нормативтiк құқықтық актiнiң атауы             балдары

Жиыны ________ балл

Бiлiмдi бiлiктiлiк тексерудiң түрi: _________________________________
                                    бастапқы, мерзiмдiк, кезектен тыс

Бұдан бұрын бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру өткiзiлген күн: 20__жылғы «__» «_____»

^ Комиссия қорытындысы

      ҚР ИЖТМ МЭҚБК бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру жөнiндегi орталық комиссия
_____________________________________________________________________
                      лауазымы, ұйым атауы
_____________________________________________________________________
                    тегi, аты, әкесiнiң аты (толық)
электр қауiпсiздiгi бойынша ________ тобын беру үшiн бiлiмiн _________________________________________деп таниды.
      қанағаттанарлық/қанағаттанғысыз

      Қайта тексеру күнi: 20 __ жылғы «___» «___________».

      Келесi тексеру болатын күн: 20 __ жылғы «___» «___________».

      Комиссия  _______________________    __________________________
      төрағасы:     қолы                             Т.А.Ә.
      Комиссия  _______________________    __________________________
      мүшелерi:     қолы                             Т.А.Ә.
                _______________________    __________________________
                    қолы                             Т.А.Ә.
      Комиссия қорытындысымен
      таныстым және хаттаманың бiр  ____________   __________________
      данасын алдым:                    қолы         Т.А.Ә.
                                     20 __ жылғы «___» «___________»

Электр және энергия қондырғыларының техникалық 
жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды
жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын    
өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен  
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын 
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық   
пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын
бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидаларына 
4-қосымша                      

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
(ҚР ИЖТМ)
Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi
(МЭҚБК)

^ ҚР ИЖТМ МЭҚБК
  1   2   3



Похожие:

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconЭлектр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығын пайдалануды, сондай-ақ энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының,
Мамандарының біліктілігін тексеру бойынша тестілеудің құрамына кіретін сұрақтар тізбесі
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету»
«Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар», «Электр желілері», «Жылу желілері», «Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі...
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconЭнергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімі № ұйымның атауы
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімі
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconҚосымша Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімі
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімі
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconҚосымша Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімі
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімі
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconЭнергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімі

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, icon«келісілді» Қазақстан Республикасының
Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconПостановление № Орал қаласы город Уральск Тұтынылған жылу энергиясының нормасын бекіту туралы
Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №10 «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану...
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, iconПостановление № Орал қаласы город Уральск Трудовая көшесіндегі №4,6,8 Кольцевая көшесіндегі №2/1, 2/2, 14,16 тұрғын үйлердің жылуына жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы
Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №10 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану...
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, icon«келісілді» Қазақстан Республикасының
Жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы