|
2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 331бұйрығымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (Тұрлубек А.А.): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М.Жақсалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. ^ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 331бұйрығымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департамент) көрсетеді. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне басқа органдардың қатысуы көзделмеген. 5. Мемлекеттік қызмет: 1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
7. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 8. Мемлекеттік қызметті көрсету және тапсырылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің www.kgen.gov.kz және Департаменттердің интернет-ресурстарына орналастырылған. 9. Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде департамент өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жібереді. 2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты-20 минуттан артық емес; 3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан артық емес. 10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар тізбесін тапсырады. 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін Департаментке барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушыға: 1) сұралып отырған мемлекеттік қызмет түрін; 2) қосымша берілген құжаттардың атаулары мен саны; 3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын); 4) мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті алған күні мен орнын; 5) құжаттар рәсімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері: 1) құжаттар қабылданған күні, мемлекеттік қызметті алушы тапсырған барлық құжаттардың сканерленген көшірмелері бекітіле отырып, Департаменттің Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің деректер базасында, сондай-ақ жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі; 2) тіркелген құжаттар қарар салу үшін және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаны айқындау үшін Департамент басшылығына беріледі; 3) Департамент директорының қарары бар құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты тұлғаға жіберіледі; 4) жауапты тұлға: ұсынылған құжаттарды қарайды; рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетілген, дәлелді жауапты рәсімдейді. 5) рәсімделген рұқсаттамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауапқа Департамент директоры қол қойып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты тұлғаға беріледі; 6) рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауап тіркеледі, мемлекеттік қызмет алушыға почта байланысы арқылы (жіберіледі) немесе қолма қол беріледі. 14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады: 1) Департамент директоры; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты тұлға; 3) құжат айналымы үшін жауапты тұлға. 16. ҚФБ-ның кезектілігінің сипаттамасы мен әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдердің) тәртібі мен өзара әрекеттесуі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген. 17. ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша ^ Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы
^ Негізгі үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім бекітілген жағдайда
^ Баламалы үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешімді бекіткен жағдайда
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша ^
|