|
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ^ 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Меңдіқара ауданыныда іске асырудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Боровское ауылы мен ауылдық округтердің әкімдері, ауданның мемлекеттік мекеме басшылары іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жартыжылдық қорытындысы бойынша есепті жылдың 30 маусымына дейін, жыл қорытындысы бойынша есепті жылдың 30 желтоқсанына дейін ұсынсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Ә. Ерқановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. ^ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Меңдіқара ауданында іске асырудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы « ____ » ___________________ № _____ қаулысына келісу парағы Әкімдік мүшелері: ______________М. Ерқанов ______________Қ. Садуақасов _____________ Р. Байсақалов _____________ А. Ковальчук _____________ С. Хабалкина
КЕЛІСІЛДІ «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы _____________Н. Овчарова |