Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы



НазваниеЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
страница1/6
Дата конвертации03.02.2013
Размер0.93 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заңы





      Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы мына редакцияда берiлдi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, кiрiспе алып тасталды, бүкiл мәтiн бойынша сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01 N 2 Заңымен (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз).

МАЗМҰНЫ

      1-тарау. Жалпы ережелер

      ^ 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын iздестiруге және оларды бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар);

      2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру - мұнай мен газды сақтау үшiн жер асты құрылыстарын, сондай-ақ радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және сарқынды суларды көму үшiн жер асты инженерлiк құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;

      3) геологиялық бөлу - жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауының учаскесiн схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келiсiм-шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын барлауға, бiрлескен барлау мен өндiруге жасалатын келiсiм-шартқа қосымша;

      4) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;

      5) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және осы Заңға сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба;

      6) жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке созылған жер қыртысының бөлiгi;

      7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдалану саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      8) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;

      9) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингiне, жер қойнауы учаскелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөлiктерiнiң және тұтастай бүкiл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын iздестiру және iздестiру-бағалау жұмыстарын жүргiзу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негiзiн құрайтын мемлекеттiк геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);

      10) жер қойнауын пайдаланудың қауiпсiздiгi - жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзген кезде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

      11) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, барлауға және өндiруге, оның iшiнде жер асты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндiруге, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшiн барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес, жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;

      12) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - Үкiмет шешiмi бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгiлi бiр салаларында қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;

      13) жер қойнауын пайдалану құқығы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берiлген келiсiм-шарттық аумақ шегiндегi жер қойнауына иелiк ету және оны пайдалану құқығы;

      14) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзуге құқықтарды шоғырландыру - бiр елден шыққан бiр тұлғаның немесе тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағында жер  қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарда осындай үлестi иеленуi немесе Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiне қауiп төндiруi мүмкiн немесе қауiп төндiретiн Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында осындай меншiк үлесiн иеленуi;

      15) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу құқығын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;

      16) жер қойнауы учаскесi - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тұйықталған шекараларда бөлiп көрсетiлетiн жер қойнауының геометрияланған бөлiгi;

      17) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген өнiмдi әлемдiк нарыққа ықпалдастыру мақсатында қолданылатын жаңа және жетiлдiрiлген өнiм мен барынша экологиялық таза технология ретiнде сатуға шығарылған техника мен технологиялық процестердегi жалпы жұрт мойындаған жаңа жетiстiктер;

      18) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңның 41-5-бабының 5-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстардың шарттарын iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қоса алғанда, келiсiм-шарт күшiнiң толық мерзiмiне арнаған жоспарларының жиынтығы;

      19) жұмыстар - тауарларды шығару (өндiру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келiсiм-шартта көзделген қызмет үшiн де iлеспе ретiндегi өзге де қажеттi объектiлердi салу жөнiндегi қызметтi ақылы негiзде жүзеге асыру;

      20) жұмыстың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының күнтiзбелiк жылға арналған барлау, өндiру жөнiндегi тау-кен жұмысының көлемi мен даму бағытын қамтитын iс-әрекеттерiнiң жоспары және қаржылық шығындары;

      21) келiсiм-шарт - құзыреттi орган мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге не барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiм-шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актiлерiне сәйкес жасалған шарт;

      22) келiсiм-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге құқылы, геологиялық не тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ

      23) келiсiм-шарттың шеңберiнде құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасымен жасалған келiсiм-шарттағы консорциумға қатысушылардың бiрiнiң осы қатысушыға келiсiм-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша дербес шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн үлесiнiң шамасы;

      24) кен орны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлiгi;

      25) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесi - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде қолданылатын ұтымды, қауiпсiз, қажеттi және экономикалық тиiмдi деп саналатын жалпы қабылданған халықаралық iс-тәжiрибе;

      26) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйiнде немесе сәл өңделiп, тазартылғаннан кейiн негiзiнен жергiлiктi шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар);

      27) кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшiн өндiруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндiру;

      28) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өз мұқтаждары үшiн өндiру - өндiрiлген кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсiз, жеке меншiктегi, не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде жүзеге асырылатын өндiру;

      29) коммерциялық табу - келiсiм-шарттық аумақта өндiру үшiн экономикалық жарамды бiр немесе бiрнеше кен орындарын табу;

      29-1) Қазақстанда шығарылатын тауарлар - Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлгенiн растайтын шығарылу сертификаты бар тауарлар;

      30) қазақстандық мазмұн - жыл сайынғы:
      қазақстандық кадрларды мiндеттi оқыту бағдарламаларын және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды iске асыру шаралары бойынша жыл сайын саны азаюға тиiс шетелдiк қызметкерге шаққандағы арақатынасында әрбiр санат бойынша жеке проценттiк мазмұнын көрсете отырып, қызметкер санаты бойынша бөлiп, келiсiм-шартты орындаған жағдайда жұмысқа тартылған қазақстандық кадрлардың
      мердiгер тауарларының, жұмыстары мен көрсететiн қызметтердiң жалпы құнынан тiкелей де, қосалқы мердiгерлiк шарттарды жасасу арқылы да иемденiп алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер құны көлемiнiң проценттiк мазмұны;

      31) қазақстандық өндiрушi - Қазақстанда шығатын тауарларды өндiретiн, жұмыстарды орындайтын және қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;

      32) қазақстандық шығарылым (Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының аумағында тiкелей өндiруi (орындауы);

      33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;

      34) құзыреттi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және келiсiм-шарттар жасау мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет жасайтын мемлекеттiк орган;

      35) қызметтер көрсету - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндiруге) бағытталмаған, келiсiм-шартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де қажет қызметтердi ақылы негiзде жүзеге асыру;

      36) мердiгер - құзыреттi органмен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге келiсiм-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      37) минералдық шикiзат - жер қойнауының (тау жынысы, кен шикiзаты және басқалар) жер үстiне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлiгi;

      38) минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсiбi қызметiнiң өндiрiлген жерiнде жинауды, ұсатуды немесе үгiтудi, жiктеудi (сорттауды), брикеттеудi, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдiстермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйiн, кристалдық-химиялық құрылымын айтарлықтай өзгертпестен) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiру жөнiндегi жұмыстардың (жер асты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық ерiту, ұсақ тау-кен жынысты кен орнын ұсақтап және гидравликалық жолмен игеру) арнайы түрлерi болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкiн түрi;

      39) минералдық шикiзатты өңдеу - минералдық шикiзаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөлiп алуға байланысты жұмыстар;

      40) модельдiк келiсiм-шарт - келiсiм-шарттардың жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жекелеген операцияларды жүргiзу көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн және келiсiм-шарттар жасау кезiнде үлгi ретiнде пайдаланылатын типтiк келiсiм-шарт;

      41) өндiру - минералдық шикiзатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетiне шығаруға, сондай-ақ техногендi минералдық түзiлiмдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкiл кешенi;

      42) пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйiнде кездесетiн (соның iшiнде шипалы балшық) материалдық өндiрiсте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзiлiм;

      43) пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалану - кен орнын игерудiң озық технологияларын пайдалану мен оң iс-тәжiрибесi негiзiнде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерiн экономикалық тұрғыдан тиiмдi игеру;

      44) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңiз жағалауы жиегiнен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ

      45) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес барлау, өндiру, бiрлескен барлау жүргiзу және өндiру, не жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн басқа тұлғаларға берiлген жер қойнауы учаскесiнiң бiр бөлiгiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығы;

      46) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың салдарын жою үшiн жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;

      47) тарихи шығындар - мемлекет келiсiм-шарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар;

      48) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келiсiм-шартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де сатып алынатын жабдық, дайын өнiм және өзге де материалдық-техникалық құндылықтар;

      49) тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi сатып алудың жылдық бағдарламасы - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң, оның iшiнде Қазақстанда шығарылғандарының, жер қойнауын пайдаланушы жоспарлайтын номенклатурасы мен көлемi және оларды иемденiп алудың тәсiлдерi мен мерзiмдерi;

      50) тау-кендiк бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндiрудi, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзуге құқығы бар жер қойнауы учаскесiн графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге жасалатын келiсiм-шарттардың ажырамас бөлiгi не сервитут ресiмделген жағдайда дербес құжат болып табылатын құжат;

      51) теңiздi ластау - адамдардың денсаулығына, теңiздiң жанды ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, теңiзде не оның жағалауында заңды жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң теңiз аясына келiп түсуi, сондай-ақ сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;

      52) техногендiк минералдық түзiлiмдер - жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен өндiру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлi өндiрiстерiнiң қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттерi бар минералдық түзiлiмдердiң, кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың шоғыры;

      53) техногендiк су - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қалауы бойынша билiк етуге құқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде технологиялық процестердi өткiзу үшiн мүлде жойылуы қажет су;

      54) iздестiру-бағалау жұмыстары - табылған объектiнiң жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсiптiк маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;

      55) iздестiру жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерi мен кендiк нышандарын табу және сұлбасын жасау, болжамдық ресурстарын бағалау, оларға алдын ала геологиялық-экономикалық баға берiп, геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрi негiздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;

      56) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және өзге де әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерi мен құқықтары қорғалуының жай-күйi.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.12 N 226 , 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
             заңдардың мiндеттерi

      Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып табылады.

      ^ 3-бап. Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану
             туралы заңдардың принциптерi

      Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:

      1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

      3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;

      4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;

      5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу;

      6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;

      7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;

      8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн жер қойнауын пайдалану саласында өнiмнiң, оның өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз), 2006.12.29. N  209 Заңдарымен.

      4-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану
             туралы заңдар

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзгенде пайда болатын қатынастар осы Заңмен және соған сәйкес қабылданған басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
      Пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбiр түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен айқындалады.

      2. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар арнайы заңдармен реттеледi.

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi.

      4. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және мiндеттер атқарады.

      5. Осы Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың актiлерiмен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және орындалуға жатпайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз).

      5-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендiк
            минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға және
            минералды шикiзатқа меншiк құқығы

      1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.

      2. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен).

      3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзiлiмдердi игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi.

      4. Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады.

      5. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз).

      6-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
             жүргiзудiң жариялылығы

      1. Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыреттi органда:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;

      2) жасалған келiсiм-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
      Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына, жоғары өкiлдi органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып табылмайды.

      2. Мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi қоғамдық бiрлестiктердiң жүргiзiлетiн немесе жоспарланатын жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға әсер етуiне қатысты толық және дұрыс ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен алуға құқығы бар.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 -I, 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз).

  2-тарау. Атқарушы органдардың жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретi

      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқаруды ұйымдастырады;

      2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;

      3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген мемлекеттiң қажеттiлiгiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялайды;

      3-1) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерiнiң (кен орындарының) тiзбесiн бекiтедi;

      4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;

      5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi; K080099

      6) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртiбiн айқындайды ;

      7) конкурсқа шығарылуға тиiс, кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi ; P041395 , P070764 , P080373

      8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
      9) (алынып тасталды)

      10) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға контрактылар жасайтын және орындайтын құзыреттi органды айқындайды;

      11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;

      12) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмiн, осы тiзiлiмге енгiзу үшiн оларды бағалау өлшемдерiн қоса алғанда, түзу және жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;

      13) келiсiм-шарттар шарттарының орындалуын қадағалаудың мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайды.

      14) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды;

      15) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және қалдық суларды ағызу тәртiбiн айқындайды ;

      16) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 , 1999.08.11. N 467 -I, 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 , 2006.12.29. N 209 , 2007.01.12. N 226 , 2007.10.24. N 2 Заңдарымен.

      8-бап. Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк
  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconҚазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы n 2828 заң күшi бар Жарлығын...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сјйкес (бұдан әрі – Заң) жер ќойнауын пайдаланушыєа...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
Мет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 42, 44-баптарының, «Қазақстан Республикасында...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы