Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы icon

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы



НазваниеБұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы
Дата конвертации03.02.2013
Размер255.23 Kb.
ТипДокументы
источник

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451 Заңы


МАЗМҰНЫ


Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi белгiлейдi.


1-тарау. Жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


1) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;


2) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WЕВ-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;


3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;


4) теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы - толық атауы бар және кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы;


5) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату;


6) бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi WЕВ-сайтта берiлген ақпарат;


7) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;


8) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету;


9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;


10) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;


11) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;


12) таратушы - меншiк иесiмен, баспагермен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;


13) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу;


14) эротикалық сипаттағы өнiм - тұтас алғанда және үнемi секске әуестенушiлiктi қаузайтын баспасөз басылымы немесе теледидар радио бағдарламасы;


15) WЕВ-сайт - Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасының арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегiмен дайындалған, меншiк иесi жаппай тарату мақсатында ақпарат беретiн электронды өкiлдiк бет;


16) ретрансляция - техникалық құралдарды пайдалануға қарамастан, басқа бұқаралық ақпарат құралының теле- немесе радио бағдарламаларын (теле- немесе радио хабарларының жиынтығы) қабылдау және бiр мезгiлде не жазып алып толық және өзгерiссiз тарату;


17) кешен - бiр бiрiмен ортақ мақсаттарымен байланысты және бiрыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы;


18) аккредиттеу - журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;


19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы


1. Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi.

Цензураға тыйым салынады.


2. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.


3. Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi.

Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi


1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде таратылады.


2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезiнде әркiмнiң ана тiлiн пайдалану құқығын қамтамасыз етедi.


3. Бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының мемлекеттiк тiлдегi апталық көлемi уақыты жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

Мемлекеттiк тiлдегi телевизиялық және радио бағдарламаларының әрқайсысының жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетiн ұзақтығы алты сағат болатын уақыт аралығындағы көлемi басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

Бұл талап кабельдiк, эфирлiк-кабельдiк телевизия желiлерiне қолданылмайды.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


4-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық

ақпарат құралдары туралы заңдары


1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.


1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы

мемлекеттiк реттеу


Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы

мемлекеттiк реттеу


1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.


2. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган мен басқа да мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.


4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұқаралық

ақпарат құралдары саласындағы құзыретi


Қазақстан Республикасының Үкiметi:


1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;


2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;


3) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн бекiтедi.


4-3-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi


Уәкiлеттi орган:


1) бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды қамтамасыз етедi;


2) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;


3) телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу ережесiн бекiтедi;


4) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшiн радио жиiлiктер номиналдарын бөлу жөнiндегi ашық конкурстар өткiзудi ұйымдастырады;


5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;


6) лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияның қолданысын тоқтата түру туралы шешiм қабылдайды;


7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;


8) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;


9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi;


10) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;


11) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазылымдарды сақтау тәртiбiн айқындайды;


12) журналистердi аккредиттеу ережесiн бекiтедi;


13) жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруы жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;


14) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.


4-4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының

құзыретi


Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:


1) өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асырады;


2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;


3) арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртiбiн және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз өнiмiн өткiзу ережесiн бекiтедi;


4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өңiрлiк деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;


5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;


6) уәкiлеттi органға статистикалық деректердi, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөнiндегi ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi.


4-5-бап. Мемлекеттiк бақылау


1. Мемлекеттiк бақылаудың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.


2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк бақылау мыналарды:


1) осы Заңда көзделген талаптарды сақтау жөнiндегi бақылауды;


2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаға қатысты бақылауды қамтиды.


3. Уәкiлеттi орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында орындалады.V022065


4. Тексерудiң түрлерi:


жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру;


жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру;


рейдтiк - лицензияның, тiркеу және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуын, сондай-ақ мемлекеттiк органның бақылау объектiсi болып табылатын бақылау жабдығының дұрыс қолданылуын тексеру.


5. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi нұсқама берiлген кезден бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.

Ескерту. 4-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн

ұйымдастыру


5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы


1. Бұқаралық ақпарат құралын құруға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқығы болады.

Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.

Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға:

1) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк;

2) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия негiз болып табылады.

Бұл талаптар WEB-сайттарға қолданылмайды.


2. Заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнiң немесе осы саладағы қызметтi жүзеге асырушының акцияларының (үлесiнiң, пайының) 20 проценттен астамын шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi


1. Меншiк иесi - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiрлестiгi.


2. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi тиiстi шарт негiзiнде өзiнiң меншiктi, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы.


7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы


1. Редакция меншiк иесiнiң тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзiрлеудi және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады.


2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етедi.


2-1. Мыналар:

1) сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтар;


2) тағайындау кезiнде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар;


3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар;


4) өздерiнiң кiнәсiнен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде бас редактор (редактор) бола алмайды.


3. Меншiк иесi мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледi.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


8-бап. Ақпарат агенттiгi


1. Ақпарат агенттiгi - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тiркелген, қызметi ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға.


2. Ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берiлуге тиiс.


3. Ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттiгiне сiлтеме жасауға мiндеттi.


4. Ақпарат агенттiгiне осы Заңның 2, 10-баптарының күшi қолданылады.


9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагерi


1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн өндiрудi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.


2. Егер меншiк иесi бұқаралық ақпарат құралының әрi баспагерi болмаса, меншiк иесi мен баспагердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi жеке шартпен белгiленедi.


10-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат

агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою


1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн мерзiмдi баспасөз басылымы мен ақпарат агенттiгi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде есепке қойылуға жатады.

2. Есепке қою, қайта есепке қою үшiн мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi не оның уәкiлеттiк беруi бойынша әрекет ететiн тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетiн өтiнiш бередi.

3. Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады.

4. Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуға тиiс. Өтiнiштi қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша:

1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;

2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;

3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қойғаны үшiн алым төленбесе;

4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн қайта есепке қою туралы өтiнiшке мерзiмдi баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттiгiне меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нотариалды түрде куәландырылған үзiндi көшiрмесi қоса тiркелмесе;

5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты тап сондай мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi есепке қоюға мәлiмделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.

5. Мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап үш ай iшiнде мерзiмдi баспасөз басылымының өнiмiн шығаруға кiрiсу құқығын сақтайды.

Ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап алты ай iшiнде ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кiрiсу құқығын сақтайды.

Мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң өнiмiн шығару мерзiмiн өткiзiп алған, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң өнiмiн шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.

6. Мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң аты, басылымның не материалдар мен хабарлардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты және шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


11-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке

қою туралы өтiнiш


1. Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы өтiнiште:


1) мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң атауы орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;


2) мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпарат агенттiгi материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);


3) шығарылымның болжалды мерзiмдiлiгi;


4) негiзгi тақырыптық бағыты;


5) таралу аумағы;


6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты;


7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.

Өтiнiшке:

жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi;

заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;

мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi.


2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою кезiнде өзге талаптарды алға тартуға тыйым салынады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке

қоюдан босату


Таралымы:

- жүз данаға жетпейтiн мерзiмдi баспасөз басылымдарын;

- ресми, нормативтiк және өзге де актiлердi;

- сот практикасының бюллетеньдерiн;

- кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.


13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды

(эфирге шығаруды) тоқтата тұру және тоқтату


1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару (эфирге шығару) меншiк иесiнiң немесе соттың шешiмi бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкiн.


2. Басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, сондай-ақ радио және теледидар бағдарламаларының эфирге шығуын, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын уақытша тоқтату, тоқтата тұру деп түсiнiледi. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.


3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты үгiттеу немесе насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнiмдердi көрсету, осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұруға негiз болып табылады.


4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға негiз болып табылады.


5. Меншiк иесiнiң не соттың шешiмi бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда уәкiлеттi органға хабарлама жiберiледi.

Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату оны есепке қою туралы куәлiктiң күшiн жоюға әкеп соғады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптанқараңыз), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн тарату


Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату


1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуды меншiк иесiнiң шешiмi бойынша оның өзi не шарт негiзiнде немесе өзге де заңды негiздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.


2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейi бөлiнген тұрақты үй-жайларда сатуға жол берiледi, олардың орналасқан жерi мен ондағы сату ережелерiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.

Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.


3. Алкоголь өнiмдерiн жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.

Темекi және темекi бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.


3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.

Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды.


4. Заңды негiздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергi жасауға, заңсыз тәркiлеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2003.12.19. N 509, 2007.06.19. N 264, 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


15-бап. Шығарылым деректерi


1. Мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер болуға тиiс:


1) бұқаралық ақпарат құралының атауы;


2) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;


3) бас редактордың (редактордың) тегi және аты-жөнi;


4) есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;


5) басылымның мерзiмдiлiгi;


6) бұқаралық ақпарат құралының рет нөмiрi мен жарық көрген күнi;


7) таралымы;


8) баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайы.


2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.

Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.


16-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары

мен теле- және радиохабарлар

материалдарын сақтау


1. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi тегiн даналарын, соның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын олар әзiрленген күнi бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлға Ұлттық Мемлекеттiк кiтап палатасына, Ұлттық кiтапханаға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.


2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар, радио хабарларын тарату) редакциялары эфирге шығарған өз хабарларының жазбаларын бiр ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өздерiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында көрсетуге және оны соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени жағынан құнды жазбалар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен сақталады.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының

азаматтармен және ұйымдармен қатынасы


17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар


1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның iшiнде интеллектуалдық меншiкке авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға мiндеттi.


2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезiнде олардың мәтiнiн қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол берiледi.


3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкiмнiң де мiндеттеуге құқығы жоқ.


18-бап. Ресми хабарлар


1. Мемлекеттiк органдардың ресми хабарлары бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес орналастырылады.


2. Мемлекеттiк органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне, олардың меншiк нысанына және кiмге қарайтынына қарамастан, өтiнiш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатынынан басқа ақпаратты тең шарттарда беруге мiндеттi.


2-1. Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi.

Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.

Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттiк органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.


3. Сұралып отырған мәлiметтердi беруден бас тартылуға бұқаралық ақпарат құралының өкiлi мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз әрекеттерiне шағым жасауға арналған заңда көзделген тәртiппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, не сотқа шағым жасауы мүмкiн.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


19-бап. Терiске шығару құқығы


1. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi сот тәртiбiмен терiске шығаруды талап етуге құқылы.


2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.

Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.

Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.


3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.


4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, адiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


5-тарау. Журналистiң құқықтары мен мiндеттерi


20-бап. Журналистiң құқықтары


Журналистiң:


1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;


2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;


3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;


4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;


5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;


6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;


7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;


8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;


9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейiн журналистiң жеке сенiмiне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;


10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.


21-бап. Журналистiң мiндеттерi


Журналист:


1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;


2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;


3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;


4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;


4-1) (алып тасталды - 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен);


5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


6-тарау. Журналистердi аккредиттеу


Ескерту. 6-тарауға өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


22-бап. Журналистердi аккредиттеу


1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың келiсiмi бойынша олардың жанында өз журналистерiн аккредиттей алады.


2. Журналист аккредиттелген мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар оны өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар жөнiнде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi.


3. Жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистiң өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар.


4. Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуi күшiн жоюы мүмкiн.

5. алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.

Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат

құралдарын шет елдерде аккредиттеу


Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралы иесiнiң Қазақстан Республикасының және өздерi болған елдердiң заңдарында көзделген тәртiппен басқа елдерде тiлшiлер қосынын ашуға, журналистердi аккредиттеуге құқығы бар.


24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық

ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi


1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi.


2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнiң және басқа да шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.


3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады.

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.


7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

заңдарды бұзу үшiн жауапкершiлiк


25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды

бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi


1. Азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттiк органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.


2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының иесi, таратушысы, бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады.


2-1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi, бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi , оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi , соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық артықшылықты , қатыгездiктi, зорлық пен порнографияны насихаттап , үгiттейтiн хабарлар мен материалдарды таратқаны үшiн, олардың алынған көздерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.


3. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.


26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату

үшiн жауапкершiлiктен босатылатын реттер


Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратқаны үшiн:


1) егер бұл мәлiметтер ресми хабарлар мен құжаттарда айтылған болса;


2) егер олар жарнама және ақпарат агенттiктерiнен немесе мемлекеттiк органдардың баспасөз қызметiнен алынса;


3) егер олар өкiлдi органдар депутаттарының, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерiнiң сөзбе-сөз қайталанып берiлуi болса;


4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтiндерде айтылса;


5) егер бұл мәлiметтер осы Заңның 18-бабына сәйкес мiндеттi хабарларда айтылса, бас редактор (редактор), сондай-ақ журналист жауапты болмайды.

Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.


Қазақстан Республикасының

Президентi



Похожие:

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconҚазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшілерiнiң
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconҚазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconМемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 453 Заңы
Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconМемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 453 Заңы мазмұНЫ
Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi n 451 Заңы iconҚазақстан Республикасының Меммлекеттік қызмет туралы заңы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі n 453 Заңы мазмұНЫ
Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы