ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы icon

ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы



НазваниеОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы
Дата конвертации03.02.2013
Размер203.88 Kb.
ТипДокументы
источник

ОҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының

2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы

АҚПАРАТ




ҚР Президент Әкімшілігіне 2008 жыл және 2009 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысымен «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясын» іске асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған іс-шара жоспарының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орындалуы жөнінде ақпарат жолданды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 2008 жыл және 2009 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысымен «2010 жылға дейінгі ҚР дамуының стратегиялық жоспарының», «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат жолданды.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 2008 жыл және 2009 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысымен «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» орындалу барысы туралы ақпарат жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының қатысушыларының көшіп келуіне және орналасуына ықпал ету бойынша аймақтық бағдарламасы және іс-шара жоспары дайындалып, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Республикалық қаулыға сәйкес, қосымша пилоттық жобадағы Шымкент қаласының «Асар» мөлтек ауданының көрсеткіштерін ендіріп қаулы қайта жасалып, бекітілді.

Облыс әкімі аппаратына, облыстық мәслихатқа облыстың 2008 жылғы қорытындысы, аймақтық бағдарламалардың 2008 жылғы орындалуы бойынша мәлімет әзірленіп, ұсынылды.

«Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жауапты лауазымды тұлғаларды белгілеу туралы» облыс әкімінің өкімі дайындалып, бекітілді.

2009-2010 жылдарға арналған ОҚО экономикасын тұрақтандыру бағдарламасын тұсау кесу бойынша басқарма бастығына баяндама әзірленді.

ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасы және облыс әкімінің баяндамасы дайындалды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында салалар бойынша жұмыс орындарын құру мен қысқартудың болжамдық балансы (Жол картасы) жөнінде мәлімет әзірленіп, жолданды.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтахановқа ҚР Президентінің дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыруын күшейту бойынша тапсырмасына сәйкес, облыста атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде ақпарат дайындалып, жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2009-2011 жылдарға арналған экономиканы дамыту бойынша бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы әзірленді.

Облыстың аудан, қалаларының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлерінің болжамы әзірленіп, қабылданды.

Облыс әкімі аппаратына облыс басшысының ҚР Президентіне есебіне тиісті материалдар дайындалып, жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысының аудандар мен қалалар әкімдерінің қызметін бағалаудың негізгі рейтингтік көрсеткіштері, ережесі әзірленіп, облыс әкімі аппаратына ұсынылды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігіне «Елдің аумақтық-кеңістік дамуының ұзақ мерзімге болжамдық сызбасын әзірлеуге» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тиісті ақпарат дайындалып, жолданды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігіне «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережесін бекіту жөнінде ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасына ұсыныс дайындалып, жолданды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне «Қазақстан және Беларус Республикалары арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы» Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі 2010–2011 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар дайындалып, жолданды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 2010-2020 жылдарға арналған индустриализациялау Картасын жасауға байланысты ақпарат дайындалып, жолданды.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша «Кең тараған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға тікелей келіссөздер жүргізу жөнінде» ұсыныс дайындалып, облыс аппаратына жолданды.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне аймақтық деңгейде жоспарланған жалпы өңірлік өнімнің өсіміне қол жеткізу шаралары туралы ақпарат дайындалып, жолданды.

Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен 13 қарашадағы болған тікелей желіге түскен сұрақтарға жауап дайындалып, облыс әкімінің аппаратына жолданды.

Облыстың аудан және қалалардың 2009-2011 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралары жөніндегі бағдарламасына сараптама жасалды.

2009-2011 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ арасындағы әлеуметтік саланы дамыту және қолдау жөнінде өзара ынтымақтастық туралы және Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімдігі, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» Мемлекеттік мекемесі және «ПетроҚазақстан Ойл Продакс» ЖШС арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумының жобалары әзірленіп, келісуге жолданды.

Облыстық мәслихатқа 2008-2009 жылдары республикалық және облыстық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалары туралы мәлімет әзірленді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2003-2008 жылдар арлығындағы мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі туралы, сондай-ақ тұрғын үйді жекешелендіру туралы ақпарат жолданды.

Бағдарлама әкімшілерінің мақсатты трансферттердің нәтижесі бойынша келісім-шарты әзірленді.

Дағдарыс-Дағдарысқа қарсы тұру: шындық пен жаңа мүмкіндікдер» атты конференциясына қатысты жұмыстар жүргізілді. «Мастер-план геоақпараттық жүйені қолдана отырып, электронды карта негізінде жасалған аймақтың болашақтағы дамуы жөніндегі шеберлік жоспары» бағдарламалық комплексі бойынша ақпарат әзірленді.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ОҚО бойынша республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен 2009 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың қаржыландыру кестесін және 2008 жылы жүзеге асқан инвестициялық жобалар бойынша есептік ақпараттар әзірленді.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылып, құрылысы аяқталған бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау жөніндегі есеп әзірленді.

2009-2010 жылдары іске асырылатын және бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі немесе жобалау-сметалық құжаттамасы бар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығын дамыту, көлік инфрақұрылымы және коммуналдық салалар бойынша аймақтық жобалардың тізімі әзірленді.

Құрылысы аяқталмаған және 2009 жылға арналған облыстың даму бюджетіне енгізілмеген нысандар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.

Облыс әкімі аппараты экономикалық талдау, мемлекеттік сатып алу және бюджеттік мониторинг бөліміне бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы мониторингтік көрсеткіштер жөнінде ақпараты әзірленіп, жолданды.

Салалық басқармалардың ұсыныстары бойынша әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарының бойынша 2009 жылға арналған республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тізбелері әзірленіп, бекітілді.

2007-2009 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымы мен сумен қамтамасыз ету салалары бойынша ағымдағы, орта және күрделі жөндеу жұмыстарына талдау әзірленді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2010 жылы құрылысы басталуы тиіс басымды инвестициялық жобалар тізбесі қалыптастырылып, облыс әкімі орынбасарларының қарауына жіберілді.

Облыс көлемінде құрылыс бітпеген нысандар бойынша сараптамалық мәлімет дайындалды.

2009-2011 жылдарға арналған облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне түзетулер енгізіліп, облыстық мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылды.

Облыстық басқармалардан бюджеттік өтінімдер қабылданып, инвестициялық жобалардың тізбесі қалыптастырылды.

2009-2011 жылдарға арналған облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі әзірленіп, облыстық мәслихат шешімімен бекітілді.

Облыстың 2009 жылға арналған даму бюджеті туралы облыс әкіміне ақпарат әзірленді.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2009 жылға арналған жобалау-іздестіру жұмыстарының титулы әзірленіп, бекітілді.

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуіріндегі № 545 қаулысымен бекітілген «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» 82-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 2009 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысының жоспар-кестесі, мониторинг бойынша есебі және мониторинг бойынша жиынтық анықтамасы жолданды.

ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері Агенттігіне Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша құрылыс жұмыстарының және нақты көлем индексі көлемінің 2009 жылғы болжамдық көрсеткіштері бойынша ақпарат әзірленіп, жолданды.

Облыстың 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет қаржылары есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі қалыптастырылып, бекітілді.

Облыстық филармонияның құрылысы бойынша толық хронометраж дайындалды.

2009 жылға арналған облыстың даму бюджеті бағдарламаларының бекітілген шығыстарына сәйкес, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттік бағдарламалар бойынша паспорттар мен өтінімдер қабылданды.

2010 жылы қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша күтілетін нәтижелер жөнінде ақпарат әзірленді.

«Қасқасу» туристік рекреациялық орталығының құрылысы бойынша ТЭН әзірлеу бойынша ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 17 сәуіріндегі №545 қаулысына сәйкес, қажетті құжаттамалары әзірленіп, ҚР Туризм және спорт министрлігіне жіберілді.

2009 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша несиелік тұрғын үй құрылысы жөнінде мәлімет ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық Агенттігіне жіберілді.

2009 жылдың 2, 3-тоқсанның қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру туралы мониторинг әзірленіп, облыс әкімдігіне ұсынылды.

«Қазақстанның құрылыс жинақ банкі» АҚ-на жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша «Жас-Отау» жобасын жүзеге асыруды 2010 жылдың бюджетіне енгізу мүмкіншілігі бойынша ақпарат әзірленіп, банкке жіберілді.

2009 жылға арналған жобалау-іздестіру жұмыстарының Титулында қаралған нысандардың ЖСҚ әзірлейтін жобалаушы институттары бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.

Салалық басқармалармен бірлесе отырып, 2010 жылға арналған облыстың басымды бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі мен 2010 жылға арналған жобалау-іздестіру жұмыстарының Титулының жобасы әзірленіп, бекітілді.

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі қалыптастырылып, облыстық мәслихат шешімімен бекітілді.

Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына және Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық (бірінші кезең) бағдарламасына енгізілетін өзгерістер бойынша бағдарламаларының іс-шаралар жобаларына қорытынды берілді.

«Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттеріне 2010 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалар бойынша мақалаға ақпарат әзірленді.

ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2010-2013 жылдарға арналған жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі дайындалды.

Шымкент қаласы бойынша 2009 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар туралы және облыстық бюджеттен 2010 жылы қаржыландырылуы жоспарланып отырған инвестициялық жобалар жөнінде ақпарат әзірленді.

2010 жылға техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге қарастырылған қаржыларға қаржыландыру жоспары дайындалды.

2009 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер дайындалды, сәйкесінше өзгерістер мен толықтырулардан кейін мәслихат шешімінің жобасы, облыстық мәслихаттың шешімін іске асыру, түзету енгізу туралы облыс әкімдігінің қаулылары әзірленіп, уақтылы әділет департаментінде тіркеуден өткізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет туралы облыс әкімдігінің қаулылары таратылды.

Бюджетті әр нақтылаудан кейін бюджеттік бағдарламалар паспорттарының бекітілуіне үйлестіру жұмыстары жүргізілді.

Бюджеттік комиссия отырысын өткізуге мәліметтер дайындалды.

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді:

1) бюджеттік комиссия отырыстарын өткізуге мәліметтер дайындалды;

2) бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамалары түзілді;

3) 2011-2012 жылдарға аудандар (қалалар) бюджеттеріне бөлінетін субвенция көлемі есептелді;

4) 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы жинақталды;

5) облыстық маслихат шешімінің жобасы әзірленіп, облыс әкімдігінің қаулысымен мақұлданды;

6) шешімнің жобасы облыстық мәслихат қарауына ұсынылып, тұрақты комиссияда талқыланды;

7) 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді;

8) «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы әзірленді;

9) депутаттардың ұсыныстары мен сұрақтарына жауап әзірленді.


ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен және басқа да орталық атқару органдарынан түскен тапсырмалар басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе отырып уақытында орындалып отырды, оның ішінде:

  1. Даму бюджеті бойынша мәлімет - 2009 жылғы 3-ай бойынша әр айдың 1 күніндегі жағдай бойынша беріліп тұрды;

  2. облыс бюджетінің нақтылау саны бойынша мәлімет- 2009 жылғы 3-ай бойынша әр айдың 1 күніндегі жағдай бойынша беріліп тұрды;

  3. әр тоқсан сайын жергілікті бюджеттен еңбекақыға төлеуге бөлінген қаржы туралы және штат бірліктері туралы;

  4. әр ай сайын 10 жұлдызына дейін жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген қаржы туралы мәлімет дайындалды;

  5. ҚР Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №289 өкіміне сәйкес, мемлекеттік органдар бойынша қысқартылыған және үнемделген қаржылар жөнінде мәлімет жолданды;

  6. облыс бойынша еңбекақы және штаттар жөнінде мәлімет әзірленіп жіберілді;

Аудандар мен қалалардың бекіткен, нақтыланған бюджеттерінің жиынтығы жасалды, оны талдап және қорытындысы бойынша сараптама жұмысы жүргізілді.

Аудандар мен қалалардың 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының есептері тексерілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бюджетті әзірлеу регламенті әзірленіп, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

2008-2009 жылдарға арналған жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері туралы ақпарат дайындалды.

2009 жылға арналған ОҚО бюджетінің ағымдағы бюджеті, даму бюджетінің қысқартылған кестесі әзірленді.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бойынша ұсыныс жолданды.

ҚР-ның 2009 жылдан күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, түсімдерге қатысты уәкілетті органдардың және де аудан, қала әкімдіктерінің тарапынан ұсынылған есептерді ескере отырып, облыс бойынша бюджеттің кіріс бөлігін толтыру және түсімдердің қосымша көздерін қарастыру мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айында орындалған түсімдерге сәйкес, аудандар мен қалалардан барлық салық көздері бойынша 2009 жылдың соңына дейін күтілетін түсімдер жөнінде мәліметтер жинап, қорытынды ақпараты және бюджеттің кіріс бөлігін нақтылауға мәліметтермен оның кестесі дайындалды.

2008 жылы нақты түскені мен 2009 жылдың соңына дейін күтілетін жоспары туралы Шу-Талас экология департаменті ОҚ филиалына, Арал-Сырдария бассейндік су шаруашылығы, Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, Облыстық «Біржолғы талондарды беру» мемлекеттік мекемесіне, басқармаларына сараптама жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 557 бабына салық органдарынан салық құпиясын алуына рұқсат етілген мемлекеттік органдар қатарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды кіргізу туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыныс жолданды.

ОҚО бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысының елді-мекендері мен жергілікті маңызы бар жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерін жоғарлату туралы ұсынысына қорытынды дайындалды.

Су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орманды пайдаланғаны үшін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерінің ставкасын қайта қарау туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хат жолданды.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылы төлеген төлемақының оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың олардан түскен тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары, қозғалмалы көздерін атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары, ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақылар бойынша тиісті сараптама жасалды.

2008-2009 жылдардың қаңтар айында облыстың кәсіпорындар кесіндісі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген сыра, темекі өнімдеріне сараптама жасалды.

Аудан, қала әкімдеріне 2008 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендердегі заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің жер көлемі, оның ішінде: базарлардың, жанар-жағармай құю бекетінің және көлік тұрағының жер көлемі туралы сараптама жасалынды.

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес, облыстың әлеуметтік-экономикалық, дамуының болжамы және алдағы үш жылдық бюджеттің параметрлері әзірленіп жинақ кестесі дайындалды.

Аудандар мен қалалардың 2009 жылы кіріс жоспарының орындалуына талдау жасалды.

Ай сайын бюджет кірістерінің барлық көздерінің 2008-2009 жылдардағы әр бір ай бойынша айларындағы нақты түсімдеріне талдаулар жасалды.

Жергілікті мемлекеттік органдардың тарапынан салынатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялардан облыстық бюджетке түсетін түсімінің 2008-2009 жылдың 8 айындағы салыстырмалы есеп кестесі дайындалды.

2009 жылға арналған бюджет кіріс бөлігінің сапалы әрі толық орындалуы мақсатында кейбір салық түрлері бойынша республиканың басқа облыстарымен салыстырмалы талдау жүргізіліп, кестелері дайындалды.

2009 жылғы кіріс жоспарының 8 айының орындалуы мен 7 айдың еңбекақы қорына сараптама жасалынды.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түрлері бойынша 2008 жылы нақты түскен түсімдер динамикасына қарай 2009 жылдың соңына дейін күтілетін болжам кестесі дайындалды.

Аудан мен қалалардың 2009 жылға арналған бюджетті орындауда 11 айдың қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктер туралы мәлімет дайындалды.

2009 жылға арналған облыс бюджеті кіріс бөлігін ұлғайту және толық орындау мақсатында, тиісті уәкілетті органдардан, аудан, қала әкімдіктері тарапынан ұсынылған есептеріне сараптама жасалынып, уәкілетті органның келісімімен, реттелетін салықтардың жоспарын нақтылау жүргізіліп, бюджеттің кірістері 38 976,9 млн. теңгеге қайта нақтыланып, облыс бюджеті қосымша 418,7 млн. теңгеге ұлғайды.

Жергілікті мемлекеттік органдардың тарапынан салынатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялардан облыстық бюджетке түсетін түсімінің 2008-2009 жылдардың 11 айындағы салыстырмалы есеп кестесі дайындалды.

Аудан мен қала кесіндісінде өндіріс жалақы қорының 10 айдың қорытындысына бойынша 2008-2009 жылдар аралығындағы салыстырмалы кестесі дайындалды.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2009 жылға арналған бюджеттік өтінімдеріне бекітілген лимитке сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, барлық ерекшеліктері бойынша есептеулері қабылданды. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2009 жылға бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, жылдық қаржыландыру жоспарлары тексеріліп, жинақталды.

Кредиторлық қарыздар бойынша мәлімет жинақталып бюджет бөліміне тапсырылды.

Бекітілген және анықталған бюджет бойынша 2009 жылға облыс бюджетін дамытуға осы жылы күрделі жөндеу және мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған қаржы жөніндегі мәліметті жинақтап әр айдың 13-іне бюджет бөліміне тапсырылып отырады.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджетті нақтылауға ұсыныстары жинақталып әр аптаның жұма күндері бюджет бөліміне тапсырылып отырады. Ішкі істер департаментіне және табиғи ресурстар және табиғатты пайлануды реттеу басқармаларына республикалық бюджеттен ағымдағы трансферттер бойынша министрліктермен келісімдері жинақталды. Облыстық бюджетті нақтылаудан кейін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің паспорттары тексеріліп, дұрыстап жинақталды.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша мемлекеттік басқармалардың шығынын оңтайландыру бойынша, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен әлеуметтік салық, коммуналдық шығындар, ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу,басқа тауарларды сатып алулар, іс-сапар шығындары материалдық-техникалық жабдықтар, бензин, ғимараттарды жалға алу бойынша бюджетте қаралған шығындарын бюджеттік өтінімдерінен қарап бюджеттік комиссияға ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, осы тапсырманың 4-ші қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №289 Өкімін орындау туралы (республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер мен кредиттерді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві қаражаттарын есептемегенде) мәлімет берілді.

Облыс бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен еңбек ақы қоры жөніндегі қысқартылған мәліметті жинақтап, талдау жасап бюджет бөліміне берілді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігінен облыс, аудан, қала мәслихаттарының ревизиондық комиссиялары бойынша 3 орталықтандырылған тапсырма келіп түсті.

1) облыс бойынша ревизиондық комиссия төрағаларының және келісім шарт негізіндегі тексерушілердің штат санын

2) еңбек ақы қоры бойынша мәлімет

3) ревизиондық комиссия төрағаларының және келісім шарт негізіндегі тексерушілердің отыратын кабинеттерінің саны, аудан көлемдері және ғимараттарының баланста немесе жалда екендігі туралы мәліметтер облыс бойынша жинақталып өз мерзімінде тапсырылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігіне

-Ішкі бақылау қызметін құру туралы.

- Бюджет кодексіне сыртқы бақылау туралы ұсыныс

- Басқарманың Стратегиялық жоспарының жобасы әзірленді.

-Астана қаласында әкімдік өкілдіктерінің қызметін ұйымдастыру мәселесі бойынша ұсыныстар берілді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігіне, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасыдағы бюджеттік атауларының айырмашылықтарына ұсынысы беру арқылы бірқатар өзгерістер енгізілді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының кейбір функционалдық міндеттері экономика және бюджеттік басқармаға өтуіне байланысты «Жергілікті атқарушы органдар штат санын лимитері» және «Жергілікті атқарушы органдар штат құрылымы» қаулылары дайындалды.

Қаржы басқармасының функционалдық міндеттерін талдау жасалыну арқылы, «Жергілікті атқарушы органдар штат санын лимиттерінің» қаулысы дайындалды.

«Жергілікті атқарушы органдар қызметтік автокөлік лимиттерінің» өкімі дайындалды.

«Құзіретті өзгерту» қаулысы әзірленді.

«Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №107 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы дайындалды.

Облыстық 20 басқарманың штат құрылымдары жинақталып, облыс бойынша жинаққа енгізіп, облыс әкімдігінің қаулысының жобасын, түсіндірме хат әзірленді.

Бөлім бастығы радиоға мәліметтер әзірлеп хабарлама жасады.

2010-2014 жылдарға орта мерзімді жоспарға аудандық, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдеріне бөлімге қатысты мәліметтер бойынша 1-6 кесте әзірленіп электрондық нұсқалары жіберілді.

Сәуір айынан бастап аудандық, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінен 2010-2014 жылдарға орта мерзімді жоспардың жобасын қарап талдау жасап тексеріп, берілген кестелерді қабылдадық.

2 тоқсандағы облыстық бюджетті нақтылауға ұсыныстар беріліп, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін жинақталып, паспорттары тексеріліп әкімдікке жіберілді.

Басқарма бастығының тапсырмасы бойынша облыс бойынша 2007-2008-2009 жылдардың сеть штаттын жинақтап бюджет бөліміне тапсырдық.

Сонымен қатар, 2007-2008-2009 жылдардың әр нысана бойынша облыс бойынша ағымдағы және күрделі жөндеуге қарастырылған қаржылары жөніндегі ақпарат жинақталып бюджет бөліміне берілді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің тапсырмасы облыс бойынша 2007-2008-2009 жылдарға оның ішінде 22 облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, 15 аудан, қаланың 225 дербес бөлімдерінің, 191 ауыл әкімшіліктерінің штаттық кестелері жинақталып облыс бойынша жинақ жасалып министрлікке жіберілді.

Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың функционалдық міндеттеріне талдау жүргізіліп, облыс әкімінің орынбасарына қызметтік хат жолданды.

Облыстық жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөліктеріне талдау жүргізіліп, облыс әкімінің орынбасарына қызметтік хат жолданды.

Аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөліктеріне талдау жүргізіліп, басқарма бастығына берілді.

Облыстық атқарушы органдардың жалға алған ғимараттарына облыс әкімінің шаруашылық басқармасының қызметіне талдау жүргізілді.

Облыстық бюджеттік комиссияға облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2010-2012 жылдарға берілген лимиттерінің жобасын есептеп қарап талдау жүргізіп, әр бюджеттік бағдарламаға қорытынды әзірленді.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің коммуналдық қызметтері бойынша талдау жүргізіліп, жинақ әзірленді.

Келісім шарт негізінде жұмыс атқаратын қызметкерлердің 2009-2012 жылдарға айлық жалақылары бойынша сараптама жасалды.

Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автомобильдерінің қолда бар саны жөніндегі мәлімет әзірленіп жинақталып министрлікке жіберілді.

Бекітілген бюджетке сәйкес, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, аудан, қалалардың дербес бөлімдерің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлары тексеріліп, бекітуге ұсынылды.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және аудандар мен қалалардағы жергілікті атқарушы органдардың функционалдық міндеттерін талдау жасалынып, нәтижесі облыс әкімінің қарауына ұсынылып, облыс әкімдігінің «Жергілікті атқарушы органдар штат санын лимиттерінің» қаулысы дайындалды.

Аудан және қала әкімдіктерінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарда техникамен қамтамасыз етілуі және қатты отынды сатып алуы туралы талдау жасалынып, облыс әкімі аппаратына ұсынылды.

Облыстық коммуналдық меншіктегі «Эксперт-ОҚО», «Темір жолы-Қызмет», «Жәрдем-Шаруа» ЖШС-нің қаржы шаруашылық қызметтері мен «Максимум» АИО ЖШС-нің жағдайы туралы талдау жүргізілді.

Аудан және қала және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттердің жаратылуы жөнінде мониторинг жүргізілді.

Салалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттік бағдарлама төлқұжаттары жинақталып, тексерілді.

Күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша салалық бюджеттік бағдарламалардың есебі жинақталып, сараптама жасалынды.


Апта сайын және ай қорытындысы бойынша ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық істер агенттігіне облыста «Жол картасының» орындалуы туралы мәлімет әзірленіп, жолданды.

«Жол картасы» аясында облыста өткізілген мемлекеттік сатып алуларға талдау жасалынып, орын алған бұзушылықтар жөнінде мәлімет әзірленіп, облыс әкімі аппаратына жолданды.

2010 жылға «Жол картасына» басымды инвестициялық жобалар тізімі қалыптастырылды.

Облыс әкімінің аудан және қалаларды аралау барысында өңірлерден көтерілген өзекті мәселелерге талдау жасалынып, нәтижесі облыс әкімі аппаратына ұсынылды.

2010 жылға ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына деген сұраныс пен оларға төленетін қаржы қажеттілігі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сыйымдылығын айқындау жөнінде мәлімет жинақталып, ҚР Ауыл шаруашылығы министріне ұсынылды.

Ай сайын облыстың, аудан және қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы әзірленіп, облыс әкімінің аппаратына ұсынылды.

Облыстық коммуналдық меншіктегі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Южный Казахстан», «Онтүстік Қазақстан» және «Жанубий Казогистон» қоғамдық саяси газеттерінің қаржы шаруашылық қызметтеріне талдаулар жүргізілді.

Облыстық денсаулық сақтау, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мәдениет басқармалары және Мақтарал, Шардара, Сарыағаш аудан әкімдіктеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша халыққа қызмет көрсету жұмыстарына талдау жүргізіліп, нәтижесі облыс әкімінің орынбасарына ұсынылды.

Облыстық және аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен стратегиялық жоспар жобалары әзірленіп, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынылды.

Техникалық түгендеуді жүргізуді және республикалық коммуналдық меншіктегі «Жылжымайтын мүлік орталығын» жергілікті атқарушы органдардың қарамағына өткізу, оны қаржыландыру мен басқару мәселелеріне талдау жасалынды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жергілікті атқарушы органдарға өткізу мәселесі бойынша талдау жасалынып, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының жергілікті атқарушы органдарының тиісті құзіретін анықтау бөлігіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөнінде ҚР Әділет министрлігіне ұсыныс жолданды;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік жоспарын» жүзеге асыру бойынша басқарманың 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Ай сайын №1-ОЛ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» бағдарламасы бойынша өтініштер жөнінде мәліметтер әзірленіп, ОҚО бойынша арнайы есеп және құқықтық статистика комитеті басқармасына жолданды.

Облыс әкімдігінің ресми www.ontustik.gov.kz сайтының жаңа дизайны және регламенті әзірленді. Сайттың бөлімдеріндегі ақпараттарды жаңарту мақсатында, облыстық басқармаларымен, қала және аудандар және аумақтық органдармен жұмыстар жүргізілді.

БАҚ-на облыс аумағында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат пен бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы арнайы сұхбаттар мен мақалаларға материалдар әзірленіп, ұсынылды.








Похожие:

ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы icon«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін,...
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы iconБатыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларының 2011 жылға арналған ведомстволық жоспары
Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы iconПавлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы
Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші және ұйымдастырушы «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм,...
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы icon2015 жылға дейін Меңдіқара ауданының аумағын дамытудың бағдарламасын іске асыру туралы есеп есептік жыл 2012 жыл Мемлекеттік орган «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
Мемлекеттік орган «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы iconПавлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм, 140000, Павлодар қ....
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы iconПавлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм, 140000, Павлодар қ....
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы iconПавлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм, 140000, Павлодар қ....
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы iconПавлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм, 140000, Павлодар қ....
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы icon«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы