«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»



Название«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
страница1/6
Дата конвертации05.10.2012
Размер0.98 Mb.
ТипРегламент
источник
  1   2   3   4   5   6


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік қызметінің регламенті

1.Негізгі түсініктер


1. Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» тәртібінде (бұдан кейін – Тәртіп) келесі түсініктер қолданылады:

1) тұтынушы – жеке тұлғалар: аз қамтылған азаматтардың, орташа отбасы табысы кедейлік шегінен төмен Қазақстан Республикасында тұрғылықты түрде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;

2) уәкіл етілген орган – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтылу бөлімі;

3) учаскелік комиссия – сәйкес әкімшілік-территориалдық бірліктердің әкімдерінің шешімімен әлеуметтік көмек сұраған отбасылардың материалдық жағдайын тексеру және қорытындыларды дайындау үшін құрылған арнайы комиссия;

4) ЖТ МДҚ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;

5) индивидуалды идентификациялық номер (бұдан кейін – ИИН) –жеке тұлға үшін, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде қызмет жүргізетін индивидуалды кәсіпкер үшін құрылатын бірегей номер;

6) ақпараттық жүйе (бұдан кейін – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, жіберуге және ұсынуға арналған жүйе;

7) мемлекеттік мекеме (бұдан кейін – ММ) – электронды мемлекеттік қызмет көрсететін аудандар мен қалалардың жұмыспен қамтылу мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

8) медиа-жарылу – құжаттарды электронды түрден қағаз түріне немесе керісінше түрлендіру қажет болғанда қызмет көрсету кезінде қағаз және электронды құжат айналымының кезектесуі;

9) жергілікті атқарушы орган (бұдан кейін – ЖАО) – облыс (республикалық маңызы бар қала мен астана), аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімімен басқарылатын, өзінің қызметі шеңберінде сәйкес аумақтарға жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

10) ЖАО АЖ – Жергілікті атқарушы органның қызметкерінің автоматизацияланған жұмыс орнының бөлігінде «электронды үкімет» шлюзінің ішкі жүйесі ретіндегі «Аумақтық шлюз» ақпараттық жүйесі немесе жергілікті атқарушы органдармен өз бетінше «е-үкімет» және «е-әкімшілік» инфрақұрылымын интеграциялануын қамтамасыз ету үшін құрастырылған автоматизацияланған ақпараттық жүйе (жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық ресурстарға «электронды үкімет» шлюзі арқылы қол жеткізу механизмдерін ұсыну және де аумақтық деңгейде азаматтар мен бизнес-құрылымдарға электронды қызмет көрсету);

11) интеграция ішкі жүйесі (бұдан кейін – РЭҮШ) – ЖАО ішкі жүйелері мен ЖАО электронды қызмет көрсету процесіне қатысатын сыртқы ақпараттық жүйелер арасында өзара ақпараттық әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

12) электронды сандық қолтаңба (бұдан кейін – ЭСҚ) — электронды сандық қолтаңба құралдарымен құрылған және электронды құжаттың шынайылығын, оның тиесілі және құрамының өзгеріссіз екендігін растайтын электронды сандық символдардың жиыны;

13) электронды мемлекеттік қызметтер – электронды түрде ақпараттық технологияларды қолданумен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

14) электронды құжат – ақпарат электронды-сандық түрде келтірілген және электронды сандық қолтаңба арқылы куәләндырылған құжат;

15) «электронды үкімет» шлюзі (бұдан кейін – ЭҮШ) – «электронды үкімет» ақпараттық жүйелерін электронды қызметті іске асыру шеңберінде интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

16) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан кейін – ЭҮП) – нормативті құқықтық қорды қоса барлық нығайған үкіметтік ақпаратқа және электронды мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қол жеткізу терезесін құрайтын ақпараттық жүйе;

17) Ақпаратты криптографиялық құралмен қорғау.

18) Куәлендіретін орталық.


^ 2. Жалпы жағдай


2. Мемлекеттік қызмет өкіл етілген органдарға көрсетіледі, өкіл етілген орган тұрғылықты жері бойынша болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің Тәртібінің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген мекен-жайлар тізімі бойынша тұрғылықты жері бойынша және де «электронды үкімет» порталы (бұдан кейін – қызмет беруші) арқылы ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан кейін – ауылдық округ әкімі) жүгінеді.

«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету 2012 жылы іске асырылатын болады.

3. Бұл Тәртіп Қазақстан Республикасының 27 қараша 2000 жылғы «Әкімшілік процедуралары туралы» 9-1 бабының 4 пунктіне сәйкес құрастырылған.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

      Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет формасы: бөлікті автоматизацияланған (медиа-жарылыстардан тұратын электронды мемлекеттік қызмет).

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем;

7. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілде айындағы № 246-ІІ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы №1685 «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-п «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы №40 «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 шілде 2010 жылғы №745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер реестрін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 7 сәуір 2011 жылғы №394 «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде көрсетіледі.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарландыру (бұдан кейін – хабарландыру) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге мотивацияланған рұқсат бермеу болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету ретіне талаптар

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің жүрісі туралы ақпаратты өкіл етілген органнан немесе мекен-жайлары мен жұмыс графиктері осы Тәртіптің 1,2 қосымшаларында көрсетілген ауылдық округ әкімінен алуға болады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыттары:

1) тұтынушының осы Тәртіптің 15 пунктінде көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру уақтысынан бастап мемлекеттік қызметті көрсету уақтысы:

өкіл етілген органда – жеті жұмыс күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімінде – 22 күнтізбелік күннен көп емес;

2) сол орында тұтынушының хабарласқан күнінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтетін максималды рұқсат етілген уақыт бір арызданушыға өкіл етілген органда шамамен 15 минут, ауылдық округ әкімі 30 минут қызмет көрсету есебімен кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) сол орында тұтынушының хабарласқан күнінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтетін максималды рұқсат етілген уақыт - өкіл етілген органда 15 минуттан көп емес, аулдық округ әкімі – 30 минут.

11. Көмек тағайындауға рұқсат берілмейді:

1) егер отбасында баланың жұмысқа қабілетті ата-аналары (асырап алушалары) жұмыс жасамаса және жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатысудан жазбаша түрде бас тартқан жұмысқа қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары, оқудың күндізгі түрі бойынша оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, тек әкесі мен анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды, он сегіз жастан асқан тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі баланы күтумен қолы босамаған жағдайлардан басқа;

2) отбасының орташа кірісі орнатылған кедейлік шегінен асатын болған жағдайда;

3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға негіз жоқ.

12. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін арыз түскен уақыттан бастап мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру уақтысына дейінгі уақыттағы мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы өкіл етілген органға немесе ауылдық округ әкіміне арыз береді;

2) өкіл етілген орган немесе немесе ауылдық округ әкімі арызды тіркейді және құжаттарды учаскелік комиссияға береді;

3) учаскелік комиссия тұтынушының (оның отбасының) материалдық жағдайын тексереді, көмекті тағайындау және төлеу бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акті құрастырады және отбасының қажеттілігі туралы қорытындыны (бұдан кейін – қорытынды) өкіл етілген органға немесе ауылдық округ әкіміне береді;

4) ауылдық округ әкімі тұтынушының құжаттарын және қорытындыны өкіл етілген органға береді;

5) өкіл етілген орган құжаттарды тіркейді, әлеуметтік көмек тағайындау (немесе тағайындамау) туралы шешімді қарастырып, қабылдайды, хабарландыруды немесе мотивацияланған рұқсат бермеуді рәсімдейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ауылдық округ әкіміне жібереді немесе өкіл етілген органға хабарлаған жағдайда тұтынушыға береді;

6) ауылдық округ әкімі тұтынушыға хабарландыру немесе мотивацияланған рұқсат бермеуді береді.

13. Өкіл етілген органда және ауылдық округ әкімінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын тұлғалардың минималды саны бір қызметкерді құрайды.

^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекеттер (өзара әрекеттесулер) ретін сипаттау


14. Ауылдық округ әкімі мен өкіл етілген органның орындаушысында құжаттарды қабылдау осы Тәртіптің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жүзеге асырылады.

Өкіл етілген органда немесе ауылдық округ әкімінде – тіркеу уақтысы мен тұтынушының мемлекеттік қызметті алуын, құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның тегін және инициалдары көрсетілген талон.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды тапсырады:

1) орнатылған үлгідегі әлеуметтік көмек тағайындауға арыз, жеке басын

куәләндыратын құжаттың, әлеуметтік жеке қодының көшірмелері;

2) ) орнатылған үлгідегі отбасының құрамы туралы мәліметтер;

3) орнатылған үлгідегі отбасы мүшелерінің кірістері туралы мәліметтер;

4) орнатылған үлгіде жеке қосалқы шаруашылығы бар туралы мәліметтер; 

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт

көшірмелерін көрсете отырып ұсынады.

Атауыл әлеуметтік көмекке құқық тоқсан сайын табыс туралы құжаттарын ұсынған жағдайда пайда болады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан кейін – ҚФБ) қатысады:

1) ауылдық округ әкімі;

2) өкіл етілген органның басшылығы;

3) өкіл етілген органның жауапты орындаушысы;

4) учаскелік комиссия;

17. Әрбір әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу уақтысын көрсетумен әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және өзара әрекеттесуі осы Тәртіптің 3 қосымшасында келтірілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі кезінде әкімшілік әрекеттерлің логикалық кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Тәртіптің 4 қосымшасында келтірілген.

19. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсетуді хабарландыру немесе рұқсат бермеу формасында береді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат бермеу жазбаша түрде қағаз тасымалдаушыда рұқсат бермеудің себебін көрсетумен рәсімделеді.

20. Осы Тәртіптің 1 қосымшасына сәйкес (сурет 1) осы электронды мемлекеттік қызметті ұсынатын бөлшекті автоматизацияланған ММ электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет берушінің шешімдері мен қадамдық әрекеттері:

  1. Тұтынушы ММ-ке өзінде арыз бен қажетті құжаттардың түпнұсқалары бол отырып, қызметті алу үшін хабарласуы керек.

  2. процесс 1 – тұтынушының арызы мен құжаттарының шынайылығын МҚ қызметкерімен тексеруі;

  3. процесс 2 – ММ қызметкерімен ауызша түрде тұтынушыға арызда немесе құжаттардағы анықталған бұзушылықтарға сәйкес сұралып отырған мемлекеттік қызметке рұқсат бермеу туралы хабарлау;

  4. процесс 3 – ММ қызметкерімен тұтынушы туралы деректерді ЖАО АЖ жүйесіне енгізу;

  5. процесс 4 – ЖТ МДҚ-нан тұтынушының деректерін тексеру үшін сұраныс жасау;

  6. процесс 5 – сұралған тұтынушының деректері ЖТ МДҚ болмауы себепті ЖТ МДҚ-да ақпаратты тексере алмағандығы туралы хабарлама құру. ММ қызметкерімен жеке тұлға туралы деректерді тұтынушыда жеке басын куәләндыратын құжат болған жағдайда қолмен енгізу;

  7. процесс 6 – тұтынушының ЖАО АЖ жүйесінде арыз формасына қосуы үшін берілген қажетті құжаттарды ММ қызметкерінің сканерлеуі;

  8. процесс 7 – ММ қызметкерінің тұтынушының арызын тіркеу;

  9. процесс 8 – тұтынушының мемлекеттік қызметті көрсетуі туралы арызының толтырылған формасына (енгізілген деректеріне) ММ қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қоюы;

  10. шарты 1 – тұтынушының СКЗИ мен куәләндыратын орталықтың ақпараттық жүйесін (бұдан кейін – КО АЖ) қолданумен ММ қызметкерінің ЭСҚ шынайылығын және тіркеу куәлігінің әрекет ету уақтысын тексеру;

  11. процесс 9 – ММ қызметкерінің ЭСҚ шынайылығының расталмауы себепті қол қоюға рұқсат бермеу туралы хабарлама құру;

  12. процесс 10 – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың толтырылған формасын (енгізілген деректер мен сканерленген құжаттар) ММ қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қоюы;

  13. процесс 11 – тұтынушының сұранысын ЖАО АЖ ММ қызметкерінің 10 минуттан көп емес өңдеуі;

  14. процесс 12 – тұтынушының сұранысына сәйкес электронды мемлекеттік қызмет көрсету (электронды құжат немесе Қазақстан Республикасының орнатылған заңына сәйкес ретпен рәсімделген қағаз тасымалдаушыдаға құжат) нәтижесін құру. Электронды құжат мемлекеттік органның СКЗИ мен КО АЖ қолданумен құрылады.

  15. процесс 15 – ЖАО АЖ-де ММ қызметкерімен құрастырылған шығыс құжатын қызметті пайдаланушыға тікелей немесе электронды поштаға жіберу арқылы беру;

21. «Электронды үкімет» порталы арқылы (сурет 2) бөлшекті автоматизацияланған электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет берушінің шешімдері мен қадамдық әрекеттері:

  1. тұтынушы ИИН көмегімен ЭҮП тіркеуге тұруы керек (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін іске асырылады);

  2. мемлекеттік органға қызметтерді тұтынушының электрондық сандық қолтаңбасының кілті арқылы, тұтынушының және Қазақстан Республикасының 7 қаңтар 2003 жылғы «Электронды құжат пен электронды сандық қолтаңба туралы» заңына сәйкес КО ақпараттық жүйесінің ЭСҚ (бұдан кейін – тұтынушының ЭСҚ) құру және тексеру процестерін жүзеге асыратын криптографиялық қорғаныс құралдарын қолданумен қол қойылған электронды құжат түрінде мемлекеттік органға берілген сұранысы негізінде электронды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беріледі;

  3. процесс 1 – «электронды үкімет» порталында тұтынушының реквизиттерінің шынайылығын тексеру процесі (ИИН мен пароль);

  4. процесс 2 – тұтынушының деректерінде анықталған бұзушылықтарға сәйкес сұралып отырған мемлекеттік қызметке рұқсат бермеу туралы хабарлама құру;

  5. процесс 3 – Тәртіпте көрсетілген қызметтерді тұтынушының таңдауы, қызметті көрсету үшін форма экранына сұранысты шығару және тұтынушының форманы (деректерді енгізу) оның құрылымы мен форматты талаптарын ескерумен толтыруы;

  6. процесс 4 – ЖТ МДҚ ақпараттық жүйесінен жеке тұлғаның (тұтынушының) қажетті деректеріне сұраныс жасау;

  7. процесс 5 – тұтынушының қосымша деректерді енгізуі және қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қыстыру;

  8. процесс 6 – идентификациялық деректерге және КО АЖ-ден тұтынушының ЭСҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету уақтысы туралы деректерге сұраныс жасау;

  9. шарт 1 – тұтынушының СКЗИ мен ҚО АЖ қолданумен тұтынушының ЭСҚ шынайылығы мен тіркеу куәлігінің әрекет ету уақтысын тексеру;

  10. процесс 7 – тұтынушының ЭСҚ шынайылығының расталмауы себепті қол қоюға рұқсат бермеу туралы хабарлама құру;

  11. процесс 8 – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың толтырылған формасын (енгізілген деректер мен сканерленген құжаттар) Орталық қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қоюы;

  12. процесс 9 – тұтынушының электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысын автоматты түрде ЭҮП-нан ЖАО АЖ жүйесіне РЭҮШ және ХҚКО ИАЖ сұраныс статусы көмегімен жіберу процесі;

  13. процесс 10 – тұтынушының сұранысын ЖАО АЖ-да мемлекеттік мекеме қызметкерінің бір жұмыс күні ішінде өңдеуі;

  14. процесс 11 – тұтынушының сұранысына сәйкес электронды мемлекеттік қызмет көрсету (электронды құжат немесе Қазақстан Республикасының орнатылған заңына сәйкес ретпен рәсімделген қағаз тасымалдаушыдаға құжат) нәтижесін құру. Электронды құжат мемлекеттік органның СКЗИ мен НКО ақпараттық жүйесін қолданумен құрылады.

  15. процесс 12 – электронды шығыс құжатын ЖАО АЖ-нен ЭҮП тұтынушының жеке кабинетіне және/немесе тұтынушының электронды поштасына автоматты түрде жіберу және де орындалу статусын ХҚКО ИАЖ жіберу процесі.

  16. процесс 13 – тұтынушының электронды шығыс құжатын ЭҮП жеке кабинетінде және/немесе электронды поштадан алу процесі.

22. Осы Тәртіптің 5 қосымшасында сұранысты толтырудың экрандық формалары және ЭҮП көмегімен электронды мемлекеттік қызметті алған жағдайда тұтынушыға берілетін электронды мемлекеттік қызметке арыз жазу формасы көрсетілген.

Арызға қосылатын құжаттар тізімі:

Тұтынушы ММ/Орталыққа хабарласқан жағдайда ММ/Орталық қызметкерімен сканерленетін және арызға қосылатын келесі құжаттардың түпнұсқасы ұсынылады:

1) орнатылған үлгідегі арызы жеке басын куәлендіретін, әлеуметтік жеке коды құжаттарының көшірмелері ұсыныла отырып беріледі;

2) орнатылған үүлгідегі отбасының құрамы туралы мәліметі; 

3)  орнатылған үлгідегі отбасы мүшелерінің кірістері туралы мәліметтер;

4) орнатылған үлгідегі жеке қосалқы шаруашылығының бары туралы мәліметі;

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт көшірмелері.

ЭҮП арқылы хабарласқан жағдайда:

1) отбасының құрамы туралы мәліметтің электронды көшірмесі;

2) отбасы мүшелерінің кірістері туралы мәліметтің электронды көшірмесі;

3) жеке қосалқы шаруашылығының бары туралы мәліметтің электронды көшірмесі;

4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт көшірмелері.

23. Алушының электронды мемлекеттік қызмет бойынша сұраныстың орындалу статусынтексеру тәсілі: «электронды үкімет» порталында «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде және де ММ/Орталыққа хабарласқан жағдайда.

24. Электронды мемлекеттік қызмет туралы ақпарат алу, жауапты лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ретін түсіндіру және де электронды мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекен-жайлары, телефон номерлері, электронды пошта мекен-жайлары осы Тәртіптің 1,2 қосымшаларында келтірілген.


^ 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі


25. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға өкіл етілген органның басшысы және ауылдық округ әкімі (бұдан кейін – лауазымды тұлғалар) болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес орнатылған уақыттарда мемлекеттік қызметтің іске асырылуына жауапты болып табылады.

  1   2   3   4   5   6



Похожие:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Жао), баламалы негізде «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі түсініктер Бұл «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы