«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті



Название«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Дата конвертации05.01.2013
Размер122.97 Kb.
ТипДокументы
источник





Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің

2012 жылғы «______»____________

№ ____ қауылысына

2 қосымша


«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті


  1. Негізгі ұғымдар


Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңындағы (әрі қарай - Заң) аңықтамалар мен терминдерге сәйкес:

  1. тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға;

  2. облыстық атқарушы орган – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі;

  3. келісімшарт – облыстық атқарушы орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге, не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт;

  4. барлау – пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар);

  5. өндіру – минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешені;

  6. кен орны - құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;

  7. пайдалы қазба – химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары.




  1. ^ Жалпы ережелер




  1. Облыстық атқарушы орган ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тіркеу.

  2. Бұл мемлекеттік қызмет Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімімен көрсетіледі.

  3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны – автоматтандырылмаған.

  4. Мемлекеттік қызмет келесі заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады:

  1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27 және 68 баптарына;

  2. «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 100 қаулысына (әрі қарай -Стандарт);

  3. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына;

  4. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсанындағы № 1456 қаулысына.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы 3-қосымшаға сай жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі мемлекеттік органдар қатысады:

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі;

  2. Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімі.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 5 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінен алуға болады.

Телефондар: 39 11 56, 39 11 57, 39 11 58. Жұмыс кестесі: сағат 9-00-ден сағат 18-00-ге дейін, түскі ас сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін күн сайын. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері Стандарттың 7 тармағында көрсетілген.

  2. Тұтынушы осы регламенттің 4-бөлімінің 2-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды толық тапсырмауы облыстық атқарушы органға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

  3. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш қабылданғаннан бастап облыстық атқарушы орган мемлекеттік қызмет қорытындысын бергенге дейінгі кезендер:

1) облыстық атқарушы органға тұтынушы өтініш ұсынады;

2) облыстық атқарушы органның канциляриясы өтінішті тіркеуге алып, облыстық атқарушы органның басшысына жолдайды;

3) облыстық атқарушы органның басшысы орындаушыны анықтайды (ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы);

4) облыстық атқарушы органның кацеляриясы құжаттарды орындаушыға жолдайды;

5) орындаушы түскен құжаттарды қарастырады, куәлік немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз дайындайды;

6) куәлік рәсімделген жағдайда келісім-шарт облыстық атқарушы органның басшысына қол қоюға жолданады;

7) облыстық атқарушы органның басшысымен келісім-шартқа қол қойылған жағдайда, орындаушы шарттарды тіркеу журналына жазба енгізеді, одан кейін мемлекеттік қызмет көрсетудін қорытындысын тұтынушыға береді.

  1. Облыстық атқарушы органда мемлекеттік қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар саны ең аз дегенде бiр қызметкер құрайды.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үстіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау




  1. Құжаттарды қабылдау облыстық атқарушы органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке-хан даңғылы, 6.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында облыстық атқарушы органның кеңсе қызметкері осы регламенттің 4-бөлімінің 2-тармағының талаптарына сәйкес, құжаттардың толықтығын тексереді және кіріс құжаттарын есепке алу кітабында тиісті жазбаны енгізеді. Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда тұтынушыға құжаттарды қабылдауда бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартудың дәлелді жазбаша растамасы берілед.

Осы регламенттің 4-бөлімінің 2-тармағында көрсетілген құжаттар тапсырылуының растамасы облыстық атқарушы органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пакеті Стандарттың 12 тармағында көрсетілген.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) жұмылдырылған:

      1. облыстық атқарушы органның кеңсесi;

      2. облыстық атқарушы органның басшылығы;

      3. облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң бастығы;

      4. облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы.

  3. Осы регламенттің 1-қосымшасында мәтіндік кесте форматында әрбір ҚФБ-дің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдердің) жүйеліліктері және әрекеттестіктері мерзімдерімен қоса көрсетілген.

  4. Осы регламенттің 2-қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік іс-қимылдардың логикалық жүйелілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс схемасы көрсетілген.

  5. Осы регламенттің 3-қосымшасында жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәліктің нысаны көрсетілген. Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз ерікті нысанда облыстық атқарушы органның басшылығының қолымен беріледі.




  1. ^ Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты тұлға, облыстық атқарушы органның басшысы болады.

Құзыретті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттiк қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін жауапкершілік етеді.

«Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша


Әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдердің) жүйеліліктері және әрекеттестіктері


 

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Облыстық атқарушы органның кеңсе қызметкері

Облыстық атқарушы органның басшылығы

Облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң бастығы

Облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы

Облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң бастығы

Облыстық атқарушы органның басшылығы

Облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Өтінішті қабылдау және кіріс құжаттарын есепке алу кітабында тиісті жазба енгізу

Хат-хабармен танысу, орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау

Хат-хабармен танысу, орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттардың толықтығын тексеру, куәлік немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз дайындау

Куәлікті немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағазды нысаналау

Хат-хабармен танысу

Жер қойнауын пайдалануға арналған шарттарды тіркеу журналына жазба енгізу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Кеңседе тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні), құжаттарды бұрыштама қоюға басшыға жолдау

Бұрыштама қою, құрылымдық бөлімше бастығына жолдау

Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жолдау

Құжаттарды облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң бастығына жолдау

Куәлікті немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағазды қол қоюға облыстық атқарушы органның басшылығына жолдау

Куәлік немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағазға қол қою

Мемлекеттік қызмет көрсетудін қорытындысын тұтынушыға беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

1 сағат

1 сағат

4 жұмыс күні

1 сағат

1 сағат

Жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2 бағана

3 бағана

4 бағана

5 бағана

6 бағана

7 бағана

 




^ 2-кесте. Пайдалану нұсқалары.

Негізгі үдеріс – келісім-шартты тіркеу туралы шешім қабылданған жағдайда.










^ Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

1 ҚФБ тобы

2 ҚФБ тобы

3 ҚФБ тобы

Облыстық атқарушы органның кенсесі

Облыстық атқарушы орган басшылығы

Облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы

1 іс-әрекет: Өтінішті қабылдау және кіріс құжаттарын есепке алу кітабында тиісті жазба енгізу

2 іс-әрекет: Орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау, бұрыштама қою

3 іс-әрекет: Ұсынылған құжаттарды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына және тиісті қаулылар мен стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеру, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдің жоғын анықтау, куәлікті дайындау

 

4 іс-әрекет: Куәлікке қол қою

5 іс-әрекет: Жер қойнауын пайдалануға арналған шарттарды тіркеу журналына жазба енгізу және куәлікті тұтынушыға беру




^ 3-кесте. Пайдалану нұсқалары.

Баламалы үдеріс – келісім-шартты тіркеуден бас тартылған жағдайда.










^ Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

1 ҚФБ тобы

2 ҚФБ тобы

3 ҚФБ тобы

Облыстық атқарушы органның кенсесі

Облыстық атқарушы орган басшылығы

Облыстық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы

1 іс-әрекет: Өтінішті қабылдау және кіріс құжаттарын есепке алу кітабында тиісті жазба енгізу

2 іс-әрекет: Орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау, бұрыштама қою

3 іс-әрекет: Ұсынылған құжаттарды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына және тиісті қаулылар мен стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеру, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді анықтау, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз дайындау

 

4 іс-әрекет: қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағазға қол қою

5 іс-әрекет: Тұтынушыны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанын хабарлау, дәлелді жауапты қағаз беру


«Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша


Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы

скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 7


скругленный прямоугольник 7


скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 7


«Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша


Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы
КУӘЛІГІ



№ _________                      201__ жылғы «__» _________________
________________________________
(қала, аудан)

Кепіл беруші: ____________________________________________________________________________
               (заңды немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы, СТН)
Кепіл ұстаушы: ___________________________________________________________________________
                    (банктің атауы, оның заңды мекенжайы)
_________________________________________________________________________________________

Кепіл шарты: _____________________________________________________________________________
                              (нөмірі, күні)

Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: ____________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)

Келісім-шарт: _____________________________________________________________________________
                       (келісім-шарттың нөмірі мен күні)

Міндеттеменің сомасы: _____________________________________________________________________
                                    (санмен және жазумен)

Міндеттемені өтеу мерзімі: __________________________________________________________________
                                           (күні)

Ескертпе: ________________________________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы
куәлікті берген мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә., колы







Похожие:

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
Осы «Кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті iconМемлекеттiк қызмет көрсету барысында әкiмшiлiк iс-қимылдардың
«Кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тiркеу» мемлекеттік қызметінің...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті iconКең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет стандарты
Ызмет стандарты кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Дiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Батыс Қазақстан...
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы