2013 жылдың бірінші жарты жылдығы icon

2013 жылдың бірінші жарты жылдығы



Название2013 жылдың бірінші жарты жылдығы
Дата конвертации27.10.2013
Размер59.87 Kb.
ТипДокументы
источник



2013 жылдың бірінші жарты жылдығы


www.enrc.com



«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) ЕNRC тобына кіреді


CCКӨБ – Қазақстан Республикасының темір кенін өндіру және байыту бойынша жетекші кәсіпорыны. Оның құрамына: Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл кеніштері, «Соколов» шахтасы, Алексеев доломит кеніші, кен дайындау мен байыту фабрикалық кешені, тау-кен темір жол көлігі және автомобиль көліктері басқармасы, жылуэнергияорталығы, жөндеу-механика зауыты және тағы да басқа бөлімшелер мен цехтар кіреді.

Өндірістік қызметінің негізгі бағыттары: темір кенін, доломит, әктас, құрылыстық қиыршық тас өндіру мен қайта өңдеу. ССКӨБ негізгі өнімі - флюстелмеген теміркенді шекемтас және теміркенді концентрат.


2013 жылдың 30 маусымында ССКӨБ жұмысшыларының саны 20 403 адамды құрады.



1


^

2013 жылдың бірінші жарты жылдығының өндірістік көрсеткіштері





  • Темір кенін өндіру – 20,136 млн тонна (Н1* 2012: 20,097 млн тонна, 0,2% ұлғаю).




  • Темір кенінің алғашқы концентратын өндіру – 8,214 млн тонна (Н1* 2012: 8,068 млн тонна, 1,8% ұлғаю).




  • Темір кенінің тауарлық концентратын өндіру – 3,971 млн тонна (Н1* 2012: 3,824 млн тонна, 3,8% ұлғаю).




  • Темір кенді тауарлық шекемтас өндіру – 3,809 млн тонна (Н1* 2012: 3,687 млн тонна, 3,3% ұлғаю).


Н1* – бірінші жарты жылдық




^

Күрделі шығындар бағдарламасы




Жабдықтарды жетілдіру:


Қоржынкөл кенішінің кен аршу учаскесі үшін ЭКГ-12К экскаваторын сатып алу.


Мұнай қалдықтарын термиялық кәдеге жаратуға арналған үш «Фактор – 1М» қондырғысын сатып алу.


Қашар кенішіндегі кен мен тау жыныстарын тасуға арналған ОПЭ - 1АМ күш көлік агрегатын сатып алу.


Қашар кен басқармасы үшін Pit VIPER бұрғылау қондырғысын сатып алу.


27-кубтық HITACHI экскаваторын сатып алу. Қоржынкөл кенішіндегі кен аршу жұмыстарын жүргізу үшін ЭШ–10/70 адымдағыш экскаваторын сатып алу.


Қашар кенішіндегі тау-кен жынысын тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 180 тонналық 4 бірлік технологиялық самосвал көліктерін сатып алу.

Өндірісті ұлғайту:

Оңтүстік Сарыбай кенішін игеру жүргізілуде.


№2 (ҰБФ–2) ұсақтау-байыту фабрикасының құрылысы жалғасуда.





ENRC пайдалы қазбаларды қазып алу және байыту саласында жетекші әртараптандырушы компаниялар тобы болып табылады, ол кен қазып алу, өңдеу, энергетика, көлік және маркетинг кәсіпорындарымен интеграцияланған.

Топтың өндірістік активтері негізінен Қазақстан Республикасында орналасқан және құрамына келесі кәсіпорындар кіреді: «Қазхром» ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетика корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл Көмір және ENRC Logistics.


Басқа активтер, ең алдымен өзге түсті металдар Бөлімшесі, негізінен Африкада орналасқан және оның ішінде Boss Mining, Camrose, Frontier, SMKK, Dezita, Chambishi Metals PLC мыс пен кобальт өндіру активтері, сонымен қатар көмір, марганец, боксит, платина және флюорит өндіру бойынша бірқатар жобалар бар.

ENRC-ге сондай- ақ Ресейдегі Серов ферроқорытпа зауыты, Бразилиядағы темір рудасын барлау  жөніндегі Bahia Minerals BV (BML) және Minercao Minas Bahia SA (MIBA) жобалары енеді, Онтүстік Африкадағы платина өндіру бойынша көшбасшы болып табылатын Northam Platinum Limited-тің 13,5% акцияларына иелік етеді.

^ ENRC FTSE 100 тізіміне кіреді. ENRC-де қазіргі уақытта 75 000-нан астам адам жұмыс істейді, оның 69 000-ы Қазақстанда.






Қауіпсіздік және еңбекті қорғау



Еңбек қорғау мен қауіпсіздік бойынша 2013 жылдың бірінші жарты жылдғында өткен шараларға жұмсалған шығын 879,3 млн теңгені (5,8 млн АҚШ доллары) құрады.

Еңбек қауіпсіздігін жақсарту жобасы шеңберінде ENRC корпоративтік стандарттары енгізілуде.



^ Денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып бірлескен ұйымда және әлеуметтік жауапкершілікте жоғары стандарттарды ұстану



Өнім түрлілігін диверсификациялау арқылы компания құндылықтарын арттыру және тұтынушылар негізін кеңейту



^ Аймақтық және әлемдік деңгейде активтер портфелін диверсификациялау және табиғи ресуртар саласына қатысу



Қолда бар қорлар мен қуаттылықты ұдайы жетілдіріп отыру және жасау



^ Шығыны аз өндірісті қолдау



ENRC стратегиясы






Әлеуметтік бағдарламалар



^ Экологиялық бағдарлама



Әлеуметтік бағдарламаларға 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында жұмсалған шығын 1 млрд теңгені (6,7 млн АҚШ доллары) құрады,әлеуметтік пакетке жұмсалған шығынды қоса алғанда,әлеуметтік саланы ұстауға, қайырымдылық пен демеушілік, кәсіподақ комитетімен бірлесе атқарған жобалар.


Әлеуметтік пакетке «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығында дәрігерлік тексеруден тегін өту, «Горняк» жастар-спорт кешенінің жаттығу залдарына және бассейнге баруға демеуқаржы, кәсіпорын жұмысшыларының тамақтануына демеуқаржы, бір жасқа дейінгі сәбиге жәрдемақы, оқу демалыстарын төлеу, жұмысшылардың балаларын жоғары оқу орнында оқыту кіреді.


ENRC мен Қостанай облысы әкімдігі арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша қабылданған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде Қашар п. спорт кешені мен мешіт құрылысы және Рудный қ. инженерлік-коммуникациялық желілерді жөндеу жүргізілді. 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында жұмсалған жалпы салым 322,7 млн теңгені (2,1 млн. АҚШ доллары) құрады.


* KZT/USD бағамы = 150,90 (ҚР Ұлттық Банкі мәліметтері бойынша 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа бағамы)



Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2013 жылдың бірінші жартысында өткізілген шараларға жұмсалған шығын 4,5 млрд теңгені (30 млн АҚШ доллары) құрады, қоса алғанда:

– табиғат қорғау шараларына жұмсалған қаражат;

– қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем;

– тарату қорын құру.

Төмендегідей маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды:

– теңгерімнен тысқары кенді өндіруге тарту;

– шахта алабындағы ойыңқыларды көму үшін қатты аршылым жыныстарын тиімді пайдалану;

– қатты аршылым жыныстарын құрылыс жұмыстарына қажетті фракциялы қиыршықтас алатындай етіп қайта өңдеу.


Байланыс

ССКӨБ (Рудный қ. Қостанай облысы)

Ақпарат орталығы +7 (71431) 2 77 93

tishkimbaeva@ssgpo.enrc.com


ENRC Kazakhstan (Астана қ.)

Корпоративті коммуникациялар басқармасы

+7 (7172) 592 153

+7 (7172) 592 152

press@kz.enrc.com

www.enrc.com





Похожие:

2013 жылдың бірінші жарты жылдығы icon2012 жылғы 1-жарты жылдықтағы облыстық бюджеттің атқарылуы
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық бюджеттік бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 95708,8 млн теңге жұмсалды, ол...
2013 жылдың бірінші жарты жылдығы iconШарбақты ауданының мәдени мекемелерiнiң 2010 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша есебi

2013 жылдың бірінші жарты жылдығы icon2013 жылдың I жарты жылдығы бойынша Көкпекті ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары. Жалпы аймақтық өнімінің көлемі
Жалпы аймақтық өнімінің көлемі 2013 жылдың қаңтар-маусым қортындысы бойынша – 6 238,9 млн теңге нақты көлем жоғары 2012 жылмен салыстырғанда...
2013 жылдың бірінші жарты жылдығы icon2013 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының азаматтарды қабылдау кестес І

2013 жылдың бірінші жарты жылдығы iconБейнеу аудандық мәслихатының алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы «Аудандық әкімдіктің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстары жайлы»
«Аудандық әкімдіктің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстары жайлы» аудан әкімі Б.Әзірхановтың есебі
2013 жылдың бірінші жарты жылдығы iconҚостанай облысында 2012 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру туралы
Р Үкіметі қаулысымен бекітілген мұрағат ісі жөніндегі нормативтік құжаттарды, Қр мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және...
2013 жылдың бірінші жарты жылдығы iconКүршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Күршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
2013 жылдың бірінші жарты жылдығы iconЗайсан ауданы бойынша 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

2013 жылдың бірінші жарты жылдығы icon2013 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану (балықтан және басқа да су жануарларынан өзге) саласындағы субъектілерді тексеру жоспары
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №17-03/625 бұйрығымен бекітілген
2013 жылдың бірінші жарты жылдығы iconШығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2012 жылдың бірінші жарты жылдағына тексерулер жүргізудің жоспары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы