«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



Название«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница5/6
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6

^ Туризмдегі АКТ


      АКТ саласындағы қазіргі заманғы жетістіктер туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді. Туризмге қажетті барлық кеңістік ақпараттық технологиялармен қамтылады (дестинация, орналастыру, көлік, пэкидж-турлар және қызметтер туралы ақпарат) және мұндай қызметтердің болуын белсенді бақылау жүзеге асырылады.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      2007 - 2010 жылдар бойы саланы дамыту Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделді.
      Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жұмысы жүргізілді. 2008 жылы кейбір заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.
      Туризм саласында тұрақты негізде шетелде Қазақстанның имиджін қалыптастыру, оның ішінде ақпараттық насихаттау бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өткен жөн. Негізгі құралдар әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді жасау және жүргізу, ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысу болып табылады.
      2009 жылғы басты имиджді оқиға Астана қаласында 2009 жылғы қазан айында Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сессиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ әлемдік БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.
      Міндеті: АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігі мен Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) интернет желісіне қосылған туристік инфрақұрылым объектілерінің (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы - 100 %;
      2) интернет-броньдаудың халықаралық жүйесіне ықпалдастырылған туристік инфрақұрылым объектілерінің (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы - 65 %; 2020 жылы - 100 %;
      3) меншікті интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2017 жылы - 100 %;
      4) ішкі бизнес-процестері автоматтандырылған туристік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2017 жылы - 100 %.
      Қол жеткізу жолдары
      АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
      1) Интернет арқылы Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымды имиджін ілгерілету, халықаралық көрмелер және спутниктік Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды іске асыру;
      2) интернет желісіне жедел қол жеткізе отырып, туристік инфрақұрылым объектілерін қамтамасыз ету;
      3) Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін (қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер) интернет-броньдаудың танымал халықаралық жүйесіне ықпалдастыру;
      4) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде туризм саласындағы сервистер мен қызметтерге қол жеткізу деңгейін арттыру үшін ұтқыр қосымшалар әзірлеу;
      5) туризм объектілерінің ішкі басқару процестерін, есебін және әкімшілік-шаруашылық қызметін автоматтандыру;
      6) туризм индустриясы объектілерін салған және жарақтандырған кезде «жасыл» энергия және ресурс үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын қолдану;
      7) туризм объектілерінің орналасқан жерлерін, тарихи және естелік жерлерді, санаторийлерді, курорттық аймақтар мен өзге де көрікті жерлерді көрсете отырып, геоақпараттық технологиялар базасында Қазақстан Республикасының бірыңғай цифрлық картасын жасау;
      8) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда, өңірлердегі туризм объектілері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау ету;
      9) Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің тізілімін әзірлеу және өзектілендіру.


^ Дене тәрбиесі және спорт саласындағы АКТ


      АТК пайдалану мынадай салаларда спорт саласын басқару процесін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді: әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық, заң шығарушылық, кадрлық және бақылау қызметі, спортшылар мен мамандарды даярлау жүйесінде оқу-жаттықтырушылық процестері, барлық деңгейдегі спорт жарыстарын және баска да спорт іс-шараларын өткізу.
      АКТ спорт саласын басқару тиімділігін арттыруға, әртүрлі спорт ұйымдарының, оның ішінде халықаралық ұйымдардың арасында өзара байланыс жасауға және үйлестіруге ықпал етеді.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі халықаралық стандарттардың талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.
      Сондай-ақ, саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
      Елде дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады: 2007 жылы жалпы халықтың ішіндегі спортпен айналысатындардың саны 2,3 млн. адамды құрады (15 %), 2008 жылы 2,35 млн. адам, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20 %.
      Бүгінгі күні елімізде өткізіліп жатқан спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру - сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, 2011 жылы 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 4,1 млн. астам адам қатысты.
      Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамуда, олармен 208,4 мыңнан астам адам айналысады (2010 жылы - 166 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық және халықаралық турнирлерді, оның ішінде тоғызқұмалақ бойынша бірінші әлем чемпионатын, бірінші Жастар ойындарын, «қазақ күресі» бойынша әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне ұлттық спорт ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлері бойынша бөлімшелерді ашу ықпал етті.
      Биылғы жылы Лондонда өткен 30-шы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алып, жалпы есепте 12-орынды иеленгенін ерекше атап өткен жөн.
      Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар, атап айтқанда материалдық-техникалық база мен спорттық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, заманауи талаптарға сай келетін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандардың тапшылығы.
      Міндеті: жаттықтырушылар құрамын, спортшыларды және мамандарды даярлау жүйесінде оқу-жаттығу процестерін АКТ енгізу арқылы дене тәрбиесі мен спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) Интернет желісіне қосылған дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілерінің үлесі 2017 жылы - 100 %;
      2) дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілердің оқу-жаттығу процестерін автоматтандыру және ақпараттандыру деңгейі 2017 жылы - 75 %, 2020 жылы - 100 %;
      3) жаттықтырушылар құрамы мен спортшылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100 %.
      Қол жеткізу жолдары
      АКТ-ны енгізу арқылы дене тәрбиесі және спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мынадай шараларды жүзеге асыру көзделеді:
      1) спортшылардың оқу-жаттығу процестері үшін спорттық жүйелер мен іс-шаралардың эмуляторларын, виртуалды спорт алаңдарын, командаларын құру (демеушілік қаражаттар есебінен) үшін виртуалды шындық технологияларын қолдану;
      2) халықтың спортпен айналысуының белсенділігін арттыру мақсатында жаттықтыру бейнероликтерін әзірлеу және Интернет желісінде орналастыру;
      3) Интернет, телерадио хабарларын тарату, спорттық сипаттағы компьютерлік ойындар арқылы халық арасында салауатты өмір салтын ілгерілету және дәріптеу;
      4) жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;
      5) дене шынықтыру және спорт нысандарын басқару, есепке алу және әкімшілік-шаруашылық қызметінің ішкі процестерін автоматтандыру.


^ 4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту 1) Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту


      Ақпараттық қоғамды қалыптастыру елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Кітапханаларда, мұражайларда, мұрағаттар мен басқа да мәдениет мекемелерінде шоғырланған ақпараттық материалдар бұл процесте маңызды рөлге ие.
      Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға, АКТ негізінде мәдениет мекемелерінің жаңа қызметтерін дамытуға, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыруға және оған ашық қолжетімділікті ұсынуға, электрондық кітапханаларды құруға баса назар аударылуда.
      Осыған байланысты таяудағы перспективада мемлекет мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту бойынша белсенді шараларды қабылдауы тиіс.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік мекемелері жүйесінде 40 республикалық және шамамен 8 мыңдай облыстық мәдени ұйымдар қызмет етеді.
      Бүгінгі күнгі жағдай бойынша елімізде 64 театр, 216 мұражай, 4 171 кітапхана, 94 кинозал және кинотеатр, 74 концерттік ұйым, 3 169 мәдени мекеме, 105 цирк, хайуанаттар бағы, ойын-сауық және демалыс саябақтары қызмет етуде.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2004 жылдан бастап ауқымы мен тарихи диапазоны бойынша теңдесі жоқ «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы іске асырылуда.
      2004 жылдан бастап ғылымды мыңдаған артефактілермен байытқан және ұлттық тарих туралы түсінік беретін 40-тан астам археологиялық және 30-дан астам ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілді.
      2011 жылы «Мәдени мұра - Культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық порталының жаңа нұсқасын іске қосу жүзеге асырылды.
      Ресурс Қазақстанның мәдени мұрасы туралы жалпы көлемі 70 ГБ құрайтын кеңейтілген ақпаратты қамтиды. Мұнда 1 млн. файл, 2000 фотосурет және сурет, 360 кітап, 50 бейнематериал орналастырылған.
      Археологиялық, тарихи және мәдени бірегей ескерткіштер, археологиялық қазбалар туралы мәліметтер іздеуге ыңғайлы формат - елді мекендер мен ескерткіштердің географиялық деректемелеріне сәйкес Қазақстанның мәдени мұрасының виртуалды картасында орналастырылған.
      Міндеті: азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) тұрғындардың мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 2017 жылы - 61 %, 2020 жылы - 65 % құрайды;
      2) «Мәдени мұра» жобалары туралы халықтың хабардар болу деңгейі 2017 жылы - 82 %, 2020 жылы - 85 % құрайды.
      3) «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру 2017 жылы - 55 мың бірлікті, 2020 жылы - 57 мың бірлікті құрайды.
      Қол жеткізу жолдары
      Азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту бірқатар шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі, атап айтқанда:
      1) «Ата мұра» веб-порталын сүйемелдеу және техникалық қолдау;
      2) ұлттық электрондық кітапханаларды, сондай-ақ кітапханалардың еркін электрондық каталогын құру бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) мәдениет және өнер саласындағы түрлі ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті, электрондық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірыңғай интернет-порталды құру бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) мәдениет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары туралы 3D-cуpeттep жиыны бар кітапхана құру бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражай қорының электрондық тіркелімін және мәдени ескерткіштер мен нысандар бойынша дерекқор құру бойынша ұсыныстар енгізу;
      6) құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағат құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бойынша ұсыныстар енгізу;
      7) мемлекеттік кітапханаларды интернет желісіне қосуды қамтамасыз етуді мониторингілеу;
      8) «Ұлттық электрондық құжаттар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру бойынша ұсыныстар енгізу;
      9) Бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін құру бойынша ұсыныстар енгізу.


^ 2) Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту


      Жаһандық ақпараттық дәуірдегі қоғамдық қатынастардың өзгеру процесінде ашылатын мүмкіндіктер Қазақстанның тұрақты дамуына қызмет ететін ақпараттық-мәдени ортаны құру үшін пайдаланылуға тиіс. Сонымен қатар жаңа заман талаптары лайықты жауапқа ие болуы тиіс. Мұнда отандық бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) жаңғыруына негізгі рөл жүктеледі.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Отандық бұқаралық ақпарат құралдары ашық ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді, онда ол аудиторияның назарын аудару үшін шетелдік БАҚ-тармен күресуге мәжбүр. Қазақстан шетелдік медиа-өнімдерді таратуды әкімшілік тұрғыда шектеуге бағытталған шараларды қолданудан саналы түрде бас тартты. Осы бәсекелі күресте табысқа жету үшін Қазақстан өз медиа нарығының жоспарлы даму жолын таңдады.
      Мемлекет отандық бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық базасын жаңғырту жөнінде жұмыстар жүргізуде. 2010 жылғы желтоқсанда DVB-S2 цифрлық стандарттағы MPEG-4 компрессия форматындағы ұлттық жерсеріктік желісін іске қосу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта оған 180 мыңнан астам абонент қосылды.
      Астана қаласында мемлекеттік хабар таратушы компаниялардың басты технологиялық алаңына айналған қазіргі заманғы телерадиокешен пайдалануға енгізілді.
      Міндеті: отандық бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының сапасын арттыру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) ұлттық жерсеріктік желінің абоненттер саны 2020 жылы - 500 мың абонент;
      2) бүкіл ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар 2017 жылы - 45;
      3) қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясы 2017 жылы - 100 шет ел, 2020 жылы - 110 шет ел;
      4) Интернетте баспа және электрондық БАҚ ұсынылуын 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 95 %;
      5) Интернет арқылы қолжетімді БАҚ 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 80 %;
      6) негізгі ақпараттық қажеттіліктерін отандық БАҚ есебінен қанағаттандыратын тұрғындардың үлесі (әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша) 2017 жылы - 64 %, 2020 жылы - 70 %;
      7) мемлекеттік БАҚ-тар тартатын жарнама қаражатының көлемі 2017 жылы - 35 %, 2020 жылы - 50 % (2012 жылға қатысты).
      Қол жеткізу жолдары
      Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың техникалық базасы мыналар арқылы қамтамасыз етілетін болады:
      1) телерадио хабарларын тарату желісінің ұлттық эфирін жаңғырту шеңберінде эфирлік цифрлық телевизияны енгізу;
      2) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені төңірегінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
      3) отандық телеарналардың өнім өндірудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалануы;
      4) телевизиялық бағдарламалардың таспасыз өндірісін қолдану бөлігінде мемлекеттік телеарналардың әлеуетін дамыту;
      5) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені негізінде мемлекеттік телеарналардың алтын қорының цифрлық мұрағатын құру бойынша ұсыныстарды енгізу;
      6) елдің медиа инфрақұрылымын дамыту.
      Қазақстан аумағында отандық БАҚ тарату географиясын кеңейту үшін:
      1) ұлттық жерсеріктік телехабарларын тарату желісін дәріптеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
      2) елдің шалғайдағы елді мекендерінде республикалық арналардың көрсетілімін қамтамасыз ету үшін электрондық БАҚ-тың жерсеріктік операторлармен өзара іс-қимыл жасауын кеңейту;
      3) мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне онлайн-енуін қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын дәріптеу бойынша ақпараттық науқан жүргізу;
      4) дәстүрлі мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының Интернет желісіне шығуына жағдай жасау, оларға ұтқыр қосымшаларды әзірлеуде қолдау көрсету.
      Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін отандық контенттің өндірісін ынталандыру арқылы көтеру болжануда, сондай-ақ:
      1) мемлекеттік телеарналардың біреуін эксклюзивті материалдарды (ел өміріндегі ауқымды оқиғалар туралы, жаһандық деңгейдегі маңызды жаңалықтар және шетелдік әріптестерден алынған бірегей бейнематериалдар) жаратушы ретінде белгілеу;
      2) мемлекеттік телеарналар мен олардың өңірлік филиалдары бейнематериалдарының HD форматына аудару сапасын арттыру;
      3) мультимедиалық өнімдерді жаңа форматтарда (анимациялық 3D-фильмдер, голографиялық кескін, инновациялық мультимедиалық-шешімдер) әзірлейтін орталық ашу бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) баспа БАҚ-ты басудың, беттеудің және таратудың жаңа технологияларын талдау және Қазақстан жағдайына бейімдеу, отандық газеттер мен журналдарды жеделдік, мультимедиалық, аудиториямен байланыс бөлігінде бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы өлшемдерінің тиісті деңгейлеріне жеткізу;
      5) Қазақстан үшін саяси, экономикалық және ақпараттық жағынан маңызды болып табылатын елдер мен еңірлерде жетекші республикалық баспасөз БАҚ-тың шетелдік тілшілер пункттерін дамыту;
      6) қолданыстағы штат саны шегінде мамандандырылған интернет-редакцияларды бөлу мақсатында мемлекеттік БАҚ-тың штат кестесі мен құрылымын қайта қарау;
      7) мемлекеттік БАҚ сайттарының тартымдылығы мен қолжетімділігін, ноутбуктар мен смартфондардың, планшеттік компьютерлер мен интернетке шығуы бар теледидарлардың, автомобильдердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында тартымды жабдықталуын арттыру үшін олардың жұмыс істеуінің тұжырымдамасын қайта қарау.
      Дайын медиа-өнімдерді ілгерілету мәселесіне ерекше назар аударылатын болады, атап айтқанда:
      1) бірегей және қызықты контентпен алдын ала құлақтандыру жетекші баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті практика болады;
      2) қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық, фото- және бейнематериалдары Интернет желісінде белсенді түрде алға жылжитын болады;
      3) мемлекеттік БАҚ тоғыспалы технологияларды пайдаланатын болады.
      Ақпарат саласын меншікті қаражаты есебінен басқару-халықтың барлық санаттарын ескеретін БАҚ аудиториясының объективті өлшемдері нәтижелеріне негізделетін болады. Көрермендер сұранысын талдау нәтижелері бойынша телеарналардың эфирінен рейтингі төмен бағдарламаларды алып тастау жұмыстары жалғасын табуда. Арналардың көрермендер аудиториясын барынша көтеруге жетекші шетелдік аналогтар мысалы бойынша қайта бағдарламалау қызмет етеді.
      Мемлекет мемлекеттік БАҚ-ты басқарудың жаңа тетіктерін белсенді түрде қолданатын болады, оның ішінде мемлекеттік БАҚ-қа стратегиялық жоспарлау талаптарының деңгейін арттыру есебінен жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік арналар және газеттердің басшыларымен келісімшарттар, олар көрермендер аудиториясы мен жарнама нарығын ұлғайту, таралымды көбейту, сайттардың оқырмандарын арттыру және т.с.с. сияқты түпкілікті нәтижелерге негізделетін болады.
      Туындаған қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес барлық мүдделі тараптар тартыла отырып, БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру процесі жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаның қолданысы кезеңінде баспа БАҚ өз өзектілігін сақтап қалады, сондықтан мемлекет тарапынан оларға қолдау өрсету жұмыстары жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бағытталған газеттер мен журналдарды, сондай-ақ олардың тиісті Интернет ресурстарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
      Интернет желісінде орналастырылатын материалдар жаңа медиа форматқа бейімделетін болады. Жарияланымдарға қолжетімділікті арттыру БАҚ нұсқаларын ұтқыр коммуникация құралдарына қолжетімді етеді. Жалпы, барлық негізгі БАҚ-тың Интернетке көшуі жүзеге асырылады және Интернет масс-медиа үшін бірыңғай тұғырнамаға айналатын болады.
      Ақпараттың ұдайы өсу ағынында жаһандық желіде контентті дербестендіру бірінші кезектегі мәнге ие болады. Аудиторияның адалдығын қамтамасыз ету үшін БАҚ - Интернет-өнімдерін тақырып және
өңірлік жақындықтары бойынша пайдаланушылардың нақты топтарының қызығушылықтарына бейімдейтін болады. Ақпараттық хабарламалар географиялық «оқиғалар картасында» бейнеленуі мүмкін, ал геолокацияның технологиясы оқырман болатын өңір туралы хабарламаларға назар аударуға мүмкіндік береді.
      Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың кадрлық негіздерін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін елдің журналистерді дайындайтын негізгі жоғары оқу орындарымен келісімшарт негізінде жаңа мамандарды оқыту жұмыстары жүргізіледі, кейіннен еліміздің жетекші телеарналарында, газеттерінде, ақпараттық агенттіктерінде тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу үшін мамандарды тұрақты негізде іріктеу болжанады.
      Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады:
      1) Астана қаласындағы телерадиокешеннің мүмкіндіктері медиа-нарықтың инженерлік-техникалық және басқа да қазіргі заманғы мамандарын практикалық оқыту ісіне барынша жұмылдырылатын болады;
      2) халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Қазақстанның медиа-қауымдастығы өкілдерінің халықаралық көрмелерге, форумдарға, конференциялар мен сыйлықтарға белсенді қатысуы БАҚ саласында тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға арналған алаңға айналуға тиіс.
      Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде аудиторияның сенімі баспа және электрондық БАҚ, интернет-ресурстың неғұрлым қажетті сапасы болып табылады. Сондықтан журналистік қоғамдастықтың өзін-өзі реттеу мәселесі жөніндегі масс-медиа саласындағы кәсіби мамандардың бастамаларына қолдау көрсетілетін болады. Мұндай жалпы мойындалған құндылықтарды қорғау тетігі бір уақытта мемлекеттің қоғамдастық пен БАҚ арасындағы қатынасқа араласу қажеттілігін төмендете отырып, отандық БАҚ-ты күшейтуге мүмкіндік береді.
      Халықаралық деңгейдегі мемлекет имиджін нығайтуға және Қазақстан туралы жаһандық ақпаратты ілгерілетуге қазақстандық телеарналардың шетелдік аудиторияны қамтуы әсер етеді:
      1) Қазақстанның жақын көршілерінің тұрғындарына қазақстандық мәдени-білім беру арналарына қолжетімділік ұсынылатын болады;
      2) Қазақстанның стратегиялық әріптестері аумағында үш тілде хабар тарататын ақпараттық және мәдени-білім беру телеарналарына қолжетімділік ұйымдастырылатын болады.
      Елді мекен ауқымында сымсыз ақпараттық-коммуникациялық желілерінің дамуымен, көлік құралдары және қоғамдық пайдалану орындарда қазақстандық радио мен телеарналарға қолжетімділік мүмкіндігі ұйымдастырылатын болады.

1   2   3   4   5   6



Похожие:

«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Акт өмірдің барлық салаларына енгізумен сипатталады, бұл технологиялар адам өмірінің салтын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, әлеуметтік-экономикалық...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы