«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



Название«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница4/6
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6

^ 4) Электрондық экономиканы қалыптастыру Өнеркәсіп саласындағы АКТ


      Ақпараттық технологиялар өндірістің икемділігі мен шешім қабылдаудың жеделдігін арттырады, жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз жасайды. Алайда отандық өнеркәсіпті ақпараттандырудың айтарлықтай төмен деңгейі жағдайында оларға деген сұраныс тұрақты және қарқынды өсуді көрсетпей отыр. Кәсіпорынның экономикалық базалары АКТ-ны қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары технологиялар кіріс қалыптастыруға қатыспайтын салалар бұл салаға аса көлемді емес, біржолғы шығындарды ғана жұмсауды қалайды.
      Қазіргі заманғы ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауы және барлық ішкі процестерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының енеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға артты.
      Бүгінгі күні ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны 1 848 құрайды.
      Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің деңгейі төмен екенін атап өту қажет.
      Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы арнайы біліктілікке оқыту арқылы өндірістік процестерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті кәсіпорындардың аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.
      Міндеті: қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндіріс құру үшін жағдай жасау.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға оқудан өткен өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100 %;
      2) өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірген өнімі көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындардың ұлғаюы 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 % (2012 жылға қатысты);
      3) кәсіпорынның үлестік АКТ-бюджетін арттыру 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы 50 % (2012 жылға қатысты);
      4) инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 15 %, 2020 жылы - 10 %;
      5) өнеркәсіп кәсіпорындарының жөнелтілген өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылы — 10 %, 2020 жылы - 20 %.
      Қол жеткізу жолдары
      Қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісті құру үшін міндетті іске асыруға жағдай жасау жөніндегі мынадай шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады:
      1) өнеркәсіптік кәсіпорындардың АКТ инфрақұрылымын дамыту;
      2) адам өміріне және денсаулығына қауіп деңгейі жоғары өндірістік процестердің барлығын роботтандыру;
      3) өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық және ішкі процестерді басқару жүйелерін автоматтандыруды енгізу;
      4) отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту;
      5) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен салық және жер заңнамасын жетілдіру шеңберінде қолдау құралдарын пайдалану арқылы өндірістік процесте энергия, ресурстарды үнемдеу, «жасыл» және АКТ-ны енгізуге өнеркәсіптік кәсіпорындарда ынталандыру;
      6) жаңа өткізу нарығын ашу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік өнімдерін Интернет арқылы сатудың жаңа схемаларын дамыту және енгізу;
      7) қойма қорларын есепке алу процесін оңтайландыру, радиожиілікті сәйкестендіру (RFID) технологияларын, геоақпараттық жүйелерді және ERP жүйелерін пайдалану арқылы жүктерді орналастыруды бақылау үшін өзінің логистикалық және қойма инфрақұрылымын дамыту;
      8) авариялық және басқа да төтенше жағдайларды жою және алдын алу үшін өнеркәсіп кәсіпорындары нысандарының агрегаттары мен тораптарының жағдайын мониторингілеу үшін геоақпараттық жүйелерді және телеметрикалық тетіктерді пайдалану.


^ Көлік жүйесіндегі АКТ


      Қазақстанның көлік саласының тиімділігі мен тартымдылығын арттыру міндетін шешудің негізгі құралы зияткерлік көлік жүйесін (бұдан әрі - ЗКЖ) - көліктің барлық түрлерінің (жеке, қоғамдық, жүк) жұмысын мониторингілеу және басқару, жол жүрісін басқару, өңірдің, елдің аумағында көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы азаматтар мен кәсіпорындарды ақпараттандыру міндеттерін шешетін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешенін енгізу болуы тиіс. ЗКЖ үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: қауіпсіздік, ұтқырлық, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.
      ЗКЖ-ны құрудың маңызды элементі жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесі (бұдан әрі - НЖЖ) болып табылады. Аталған жүйенің негізіндегі шешімдер жер үстіндегі көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, авиация, флот, теміржол саласында белсенді қолданылады, жіберу және тасымалдау желілерін синхрондау үшін қызмет етеді, деректерді жіберуді синхрондау үшін байланыста қолданылады және т.б.
      ЗКЖ қалыптастыру және енгізу тасымалдауды басқарудың тиімділігін арттырады, жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын өндірістік емес шығындарды қысқартады, көлік-коммуникациялық құрылымды дамытуды жылдамдатады, қолданыстағы навигациялық спутниктік жүйелердің негізінде сервистерді енгізу үшін қолайлы жағдай жасалды.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Әлемдік сауда соңғы жиырма жылдың ішінде жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі кезде шамамен 400 миллиардты құрайды, 2015 жылға қарай 1 триллион долларға жетуі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның тиімді географиялық орналасуын Европа мен Азия арасындағы жүктер ағынын өткізу үшін пайдалану орынды болып табылады, бұл көлік компанияларының бюджеті мен Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірісінің артуына ықпалын тигізеді. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүктер транзитінің көлемін 25 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр, ал транзиттен түсетін жалпы кіріс 1,5 миллиард долларды құрайды.
      Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің арасында тасымалдауды қанағаттанғысыз ұйымдастыруды көлікте ескірген технологияларды пайдалану мен көлік қызметтері сервистерінің төмен деңгейін атап өтуге болады. Дамыған елдерде көлік ағындарын оңтайландыру, олардың оңтайлы өзара іс-қимылынан пайданың көп бөлігін қамтамасыз ететін логистика Қазақстанда дамудың бастапқы деңгейінде.
      Бұл жағдайда Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасында жүктердің транзитін қамтамасыз ететін қазіргі көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ дамыған мемлекеттердің көліктік ықпалдастығына қатысу деңгейі үшін жауап беретін халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалын қалыптастыруы қажет.
      Міндеті: АКТ енгізу арқылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын құру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарында Интернетке КЖҚ қамту деңгейі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 100 %;
      2) НЖЖ-мен жарақтандырылған жолаушылар және жүк көлігінің үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 100 %;
      3) билеттерді сату электрондық форматта жүзеге асырылатын маршруттардың (рейс, бағыт) үлесі 2017 жылы - 40 %, 2020 жылы - 100 %.
      Қол жеткізу жолдары
      Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушысының тиімділігі мен ықпалдастығын арттыру болады: теміржол, автомобиль, әуе және су.
      Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мынадай шешімдерді іске асыру көзделеді:
      1. Мыналарды қамтамасыз ететін НЖЖ енгізу:
      1) көліктің әртүрлі түрлерін мониторингілеу және басқару;
      2) азаматтар мен ұйымдарға өңірде көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде нақты уақыт ауқымында ақпаратты ұсыну;
      3) көлікте қылмыстық және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда шұғыл әрекет ету қызметтеріне ақпаратты жедел түрде ұсыну;
      2. Мынадай міндеттерді орындауға бағытталған ЗКЖ-ны енгізу:
      1) көлік ағындарының параметрлерін мониторингілеу;
      2) жол қозғалыстарын реттеу және ұйымдастырудың техникалық құралдарын басқару;
      3) жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды фотобейне тіркеу;
      4) арнайы көліктерді басқару (арнайы көліктің борт жүйелерін біріктіреді (маршруттандыру, ақпараттандыру, шешім қабылдауды қолдау және басқалары), төтенше жағдайларға тиімді жауап беру үшін арнайы көлікті байланыс құралдарымен, ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлар аумағында экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және басқалары);
      5) шығарындыларды бақылау (олар туралы мәліметтерді жинайды және аталған мәліметтерді басқарады);
      6) логистика және көлікті басқару (жүк тасымалдарын басқаруды қамтамасыз етеді);
      7) ақпараттық порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен ықпалдасуды қамтамасыз ету (жол жүрісіне қатысушыларды қажетті маршруттық және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етеді), сондай-ақ Интернетте қажетті ақпараттық интерфейстерді ұсыну, борттық құрылғылармен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету;
      8) тұрақтарды басқару (тегін және ақылы тұрақтарды басқару, тарифтерді дайындау, тұрақтар бойынша көлік құралдарын (бұдан әрі - КҚ) бөлу және бос орындардың болуы туралы хабарландыру);
      9) көлікті маршруттандыру (ағымдағы және болжамды жағдайды ескере отырып);
      10) КҚ басқару (транзиттік көлікті маршруттандыру, транзиттік көліктің қозғалысын жоспарлау (сервистің орнатылған деңгейін сақтау, мәселен, жолдағы уақыт), транзиттік көлікті басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);
      11) коммерциялық көлікті бақылау (шекарадан өту, жүктің салмағын бағалау, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі экологиялық параметрлерді қосқанда, барлық маршрут бойынша көлік құралдарын сүйемелдеу);
      12) коммерциялық көлікті басқару (жол-көлік апаттарын тіркеу, жүктің қауіпсіздігі, жүргізушіні сәйкестендіру және басқалары, коммерциялық КҚ борттық жүйелерін біріктіреді);
      13) жүк және жолаушылардың автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін сақтауды бақылау;
      14) т/ж, су және автомобиль көліктері саласындағы мәліметтерді бірыңғай деректер қорына шұғыл алу;
      15) техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдарының бірыңғай ортасы.
      3. Мүмкіндіктері шектелген адамдардың қажеттілігін есепке алатын және мыналарды қамтамасыз ететін «Ақылды аялдама» кешенді ақпараттық жүйесін енгізу:
      1) көліктің аялдамаға келіп тоқтайтын уақыты туралы жолаушыларды нақты уақыт режимінде ақпараттандыру;
      2) жолаушыларды маршрут нөмірлері мен осы жолмен жүретін қоғамдық көлік түрлері туралы ақпараттандыру;
      3) жолаушыларды қоғамдық көлік жұмысы туралы ақпараттандыру:
      жол жүру кестелеріндегі өзгерістер;
      жол жүру маршруттарындағы өзгерістер;
      жол жүру төлемдері тарифтеріндегі өзгерістер;
      қылмыстық және төтенше жағдайлардың орын алуы.
      4. Қоғамдық көлікте және аялдамаларда дабыл түймесін басу арқылы ахуал орталығы және төтенше жағдайлар қызметінің диспетчерін шақыру мүмкіндігі бар бейнебақылау жүйелерін енгізу.
      5. Ұтқыр құрылғылар арқылы билеттерді броньдау, жол ақысын төлеу жүйелерін енгізу.


^ Агроөнеркәсіп кешеніндегі АКТ


      Агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі - АӨК) қоғам үшін өмірлік маңызы бар өнім өндіретін және аса үлкен экономикалық әлеует шоғырландырылған Қазақстан экономикасының құрамдас бөлігі болып табылады.
      Аграрлық саласы дамыған жетекші елдердің тәжірибесі олардың барлығының «технологиялық төңкерістен» өткендігін керсетеді. Классикалық экстенсивті егін шаруашылығын нақты (прецизионды) егін шаруашылығы ығыстырады. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы энергияны үнемдеуші ауыл шаруашылығы агрегаттары, өсімдіктердің мол түсімді сорттарының селекциясы және жануарлардың жоғары өнімді тұқымын шығару кеңінен пайдаланылады.
      АКТ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ауа-райы болжамы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тәрізді пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларды жаңа технологиялар жөнінде хабардар етуде аса маңызды рөлге ие.
      Тиімді әрі бәсекеге қабілетті АӨК құру үшін дәстүрлі шығынды емес, инновациялық қорларды үнемдеуші АКТ-ны енгізуге, шаруашылықтың тиімділігін арттыруға, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге нысаналы құралдарды жұмсау қажет.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Ауыл шаруашылығының неғұрлым өткір проблемасы жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылық, салаға АКТ-ны әлсіз енгізу болып табылады, ал ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің әлемдік тәжірибесі қазіргі күннің өзінде АКТ-мен тікелей байланысты.
      Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «E-Agriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі, аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық қолхаттарының жүйесі. Ағымдағы жылы 12 рұқсат беру қызметі мен 4 лицензияны беруді автоматтандыру жүргізіледі.
      «Электрондық үкімет» порталы арқылы ауыл шаруашылығы саласында екі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жалпы, осы салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат беру құжаты беріледі, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 миллионнан асты.
      Сонымен қатар ауыл шаруашылығында мониторингілеу және сәйкестендірудің бірыңғай жүйелері дамымаған. Кеңістіктік ақпаратқа (карта, жоспарлар, сызбалар) байланысты мемлекеттік қызметтердің көбі автоматтандырылмаған. Кеңістіктік ақпараттар бір аумаққа әртүрлі нақтылықпен, түрлі әдістермен, әртүрлі байланыстыру арқылы және әрқилы деректемелермен бірнеше мәрте жасалады. Кеңістіктік тіркеуді  республикалық және жергілікті деңгейдегі түрлі мекемелер жүргізеді. Деректердің бір ғана түрі бойынша тіркеу жұмыстарын түрлі органдар жүргізеді, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі мен сапасына кері әсерін тигізеді.
      Міндеті: агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қазіргі заманға сай, біріктірілген және тиімділігі жоғары ақпаратты ортаны ұйымдастыру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) интернет желісіне қолжетімділігі бар АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы - 80 %, 2020 жылы - 100 %;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның еншілес комитеттері пайдаланушыларының барлық нысаналы, топтарының ақпараттық ресурстарын ақпаратты алудың және пайдаланудың бірыңғай ұжымдық жүйесі ретінде біріктіру — 100 % қамту;
      3) корпоративтік енгізудің барлық зияткерлік жүйелері шоғырландырылған супер-кеңсе класты автоматтандырылған жүйесін құру - жүйелерді 100 % ықпалдастыру;
      4) ақпараттық деректердің барлық үлгілік жіберудің бірыңғай кәбілді жүйесімен 99,9 % қамту.
      Қол жеткізу жолдары
      Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қазіргі заманға сай, біріктірілген, тиімділігі жоғары ақпаратты ортаны ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады.
      Прецизионды (нақты) егін шаруашылығын мониторингілеу және дамыту үшін әртүрлі мемлекеттік органдар пайдаланатын жер қоры туралы ақпаратты бір ізге салу мәселесін шешу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
      Ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қаралатын болады.
      АӨК саласында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электрондық-ақпараттық ресурстардың, жүйелердің және ақпараттық-телекоммуникациялық желілердің бірыңғай ақпараттық кеңістігін (АӨК-тұғырнама) құру жобасын іске асыру жалғастырылуда, сонымен қатар:
      1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның еншілес комитеттері пайдаланушыларының барлық нысаналы топтарының ақпараттық ресурстарын ақпаратты алудың және пайдаланудың бірыңғай ұжымдық жүйесі ретінде біріктіру - 100 % қамту;
      2) корпоративтік енгізудің барлық зияткерлік жүйелері шоғырландырылған супер-кеңсе класты автоматтандырылған жүйесін құру - жүйелерді 100 % ықпалдастыру;
      3) барлық деректерді тиісті басқаруды қамтамасыз ету және апатты жағдайлар мен жұмыстағы басқа да ақаулар (көшу, жөндеу жұмыстары және т.б.) жағдайында операцияның жалғастырылуына кепілдік беру;
      4) ақпараттық деректердің барлық үлгілерін жіберудің бірыңғай кәбілді жүйесімен 99,9 % қамту.


^ Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа
арналған зияткерлік жүйелер


      Қазіргі уақытта энергия тұтынуды азайту және өмір сүру үшін қажетті барлық салалардың энергетикалық тиімділігін арттыру проблемасы бірінші кезекке шығуда. Қазіргі заманғы АТК-нің жоғары деңгейін және шетелдік тәжірибені ескере отырып, оларды халықтың тұрмыс-тіршілігінде тұрғын үй-коммуналдық жүйелердің жұмысында және энергиямен жабдықтауда қолдану тиімділігі зор екенін атап өткен жен.
      Қазіргі заманғы тиімді тұрғын үй-коммуналдық жүйесі мен энергиямен жабдықтау жүйесін құрудың басты бағыты коммуналдық ресурстарды тұтыну деректерінің өлшемі мен оларды берудің зияткерлік жүйесін құру болуы тиіс.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына (бұдан әрі - ТКШ) жаңғырту бағдарламасының шеңберінде күрделі қорды жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде, алайда салада АТК қолдау мәселесі назардан тыс қалуда.
      ТКШ объектілерінде объектілерді диспетчерлеу деңгейі барынша төмен, инженерлік жүйелер тиімді бақыланбайды және басқарылмайды, әртүрлі штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шұғыл әрекет ету проблемасы кездеседі.
      Коммуналдық төлемдерді жинаудың, өңдеу мен сақтаудың қазіргі жүйесі ашық емес, бұл өнім берушілерге деген сенімсіздікті тудырады және ең бастысы энергия және ресурс үнемдеуге ынталылық болмайды.
      Еліміздегі өнеркәсіп және тұрғын үй секторы бүгінде энергия сыйымдылығы бойынша Еуропалық одақ елдеріндегі осыған ұқсас көрсеткіштен бес есе жоғары. Мемлекеттік мекемелердің көбі (мектептер, ауруханалар және т.б.), сондай-ақ тұрғын үйлер тиімсіз энергия жүйелерімен жарақтандырылған және жаңартуды талап етеді.
      Міндеті: ТКШ саласында қызметтер көрсету сапасы мен АКТ енгізу есебінен энергия үнемдеу тиімділігін арттыру.
      Нысаналы индикатор:
      1) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополиялар субъектілерінің үлесі:
      сумен жабдықтау және су бұру саласында 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 80 %;
      жылумен жабдықтау саласында 2017 жылы - 20 %, 2020 жылы - 80 %;
      газбен жабдықтау саласында 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 %;
      2) электр қуатын коммерциялық тіркеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген электр қуатымен жабдықтау
саласындағы табиғи монополиялардың үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 90 %.
      Қол жеткізу жолдары
      ТКШ саласында қызметтер көрсету сапасын және АТК есебінен энергия тиімділігін арттыру мақсатына қол жеткізу үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады.
      Мынадай міндеттерді шешу үшін сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау жүйелерінде технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу:
      1) суды бұру, су-, жылу-, газ-, электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін арттыру;
      2) жабдықтау қызметінің мерзімін арттыру;
      3) техникалық қызмет көрсету шығындарын төмендету;
      4) энергияны тұтынуды төмендету;
      5) коммуналдық шығындарды тұтыну және оларды төлеуге жұмсалатын шығындарды нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың бақылауы;
      6) сумен жабдықтау, суды бұру және жылумен жабдықтау желілеріне рұқсатсыз қосылуды болдырмау;
      7) инженерлік желілердің жай-күйін мониторингілеу және нақты уақыт режимінде ағынды жерлерді анықтау.
      Ғимаратты, құрылыстарды салу, инженерлік желілерді төсеу кезінде қазіргі заманғы энергия- және ресурс үнемдеуші шешімдерді міндетті қолдануды көздейтін нормативтік техникалық құжаттар әзірленеді (жаңартылады).
      Қазіргі заманғы энергияны үнемдеуші технологияларды өндіріс процесіне енгізу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру шаралары іске асырылады.
      Республиканың барлық қалаларында сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйесі енгізілетін болады.


^ Экологиядағы және гидрометеорологиядағы АКТ


      Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен қатар жүретін өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту бойынша барынша прогрессивті тетіктер қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта осындай тетіктердің бірі қоршаған ортаны электрондық қорғау сияқты ақпараттық технологияны енгізу болып табылады.
      Экономиканың барлық саласы тікелей немесе жанама түрде ауа райының жағымсыз жағдайлары мен қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың ықпалына ұшырауда. Бұл ретте гидрометеорологиялық жағдайлардың әсер ету деңгейі нақты бір саладағы өндірістік қызмет пен технологиялық процестердің, сондай-ақ қолданылатын құралдар мен шаралардың сипатына қарай ерекшеленеді.
      АКТ экология және гидрометеорология саласында да үш бағыт бойынша қолданылады: АКТ жабдықтарының технологиялық өндірісін жетілдіру жолымен АКТ секторының өзінде энергия тұтыну мен зиянды қалдықтарды қысқарту, өндірістік процестерді жедел басқарудың бағдарламалық-техникалық кешендері енгізу және орнатылған компьютерлік жүйелер арқылы қалдықтарға және экономиканың басқа секторларында энергия тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету және қоршаған орта мониторингінің АКТ жүйесін қолдану.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазіргі уақытта Қазақстанда атмосфераға уыттылығы жоғары газ тәрізді және қатты заттар көптеп шығарылуда. Әртүрлі стационарлық көздерден шыққан шығарындылардың санын салыстыратын болсақ, оның шамамен 50 %-ы жылу энергия көздері, ал 33 %-ы - тау-кен және түсті металлургия саласы шығарады, ауа бассейнін және қоршаған ортаның өзге де құрамдауыштарын ластайтындардың тағы бірі - автокөлік болып табылады. Ол шығаратын зиянды шығарындылар, әсіресе, қалаларда, 25-тен 50 %-ға дейін жетеді.
      Су да қарқынды ластану объектісіне жатады. Судың негізгі ластаушысы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы болып табылады. Антропогенді әсердің салдарынан елдегі барлық дерлік өзендер мен су қоймаларының гидрохимиялық, гидрологиялық және санитарлық режимі өзгеріске ұшырады.
      Әрбір климаттық аймақ: орманды дала, далалық, жартылай дала, шөлді, сондай-ақ тау бөктері және таулы аймақтар үшін жүргізілген есептеулердің негізінде, Қазақстан Республикасы аумағының метеорологиялық әлсіздік көрсеткіші «біршама жоғары» деп анықталды.
      Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды мониторингілеудің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың арасындағы экологиялық ақпаратты жүйелі алмасуды іске асыруға жол бермейді.
      Міндеті: Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа АТК енгізу есебінен қоршаған ортаның сапасын жақсарту.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) республика аумағын Бірыңғай мемлекеттік мониторингілеу жүйесімен қамту 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 70 %;
      2) нақты «online» уақыт режимінде өндірістік экологиялық мониторинг туралы деректерді қашықтықтан жіберу орнатылған I санатты өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 70 %;
      3) атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуын қысқарту 2013 жылымен салыстырғанда 2017 жылы - 3 %, 2020 жылы - 5 %;
      4) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды сулар мен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жер астына жіберудің мемлекеттік кадастрын толтыру деңгейі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 70 %;
      5) мына болжамдардың ақталуын арттыру:
      агрометеорологиялық болжамдар 2017 жылы — 83 %, 2020 жылы - 85 %;
      ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар 2017 жылы - 83 %, 2020 жылы - 85 %;
      ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдар 2017 жылы - 91 %, 2020 жыл - 94 %.
      Қол жеткізу жолдары
      Жаңа АКТ енгізу есебінен Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасын арттыру және тұрақтандыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қоршаған орта мен табиғи қорларды мониторингілеудің кешенді шешімінің мәселесі пысықталатын болады.
      Каспий теңізінің қазақстандық секторын гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингілеу жобасының шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының қоршаған ортасының жай-күйі және оған адамның өнеркәсіптік қызметімен байланысты жағымсыз факторларының әсері туралы жедел деректерді алуды қамтамасыз ету үшін АКТ кеңінен қолданылады.
      Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды суларды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер астына жіберу процестерін басқару бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      ИЖТМ тиісті жылға бекіткен стандарттау жоспарының шеңберінде қалдықтармен айналысу саласында стандарттар әзірленеді.
      Өндірістік экологиялық мониторинг және бақылау жүргізу үшін нақты «online» уақыты режимінде қадағалауды жүзеге асыратын қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндігі мәселелері пысықталатын болады.

1   2   3   4   5   6



Похожие:

«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Акт өмірдің барлық салаларына енгізумен сипатталады, бұл технологиялар адам өмірінің салтын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, әлеуметтік-экономикалық...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты...
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы