|
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген. Бағдарлама су көздерінің тазаланбаған сарқынды сулармен ластануының алдын алуды, сумен жабдықтау және су бұру салаларына жеке капиталды тартуды, пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарының тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласында жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды көздейді. Бағдарламаны іске асыру кезінде жүйелі тәсілдердің бірі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар, пайдалану мекемелері арасындағы тиісінше өзара іс-қимыл мен іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру болып табылады. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су бұру қызметтерімен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. ^ су бұрудың ағымдағы жағдайын талдау 1. Қалалық жердегі сумен жабдықтаудың жағдайы Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының және Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Хромтау, Шалқар шағын қалаларында тұратын 482,3 мың адам немесе 100% орталықтандырылған су құбыры жүйесімен қамтылған. Облыс қалаларының су құбыры желілерінің ұзындығы 1 245,9 км, соның ішінде 934,4 км немесе 75% тозығы жеткен. Негізінен су құбыры желілері 25 – 40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті қорғалмаған (негізінен, болат және шойын құбырлар). Сондықтан, тат басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады және басылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, авариялар санының артуына, судың ысырап болуына және ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді. 2. Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жағдайы 2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады. 2002-2010 жылдары «Ауыз су» салалық бағдарламасын Ақтөбе облысында жүзеге асыру барасында 12,1 млрд. теңгеден астам қаржыға 968 шақырым су желілері салынды және қайта жаңартылды. 340 мың тұрғыны бар 81 елді мекен немесе облыс тұрғындарының 44% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні Ақтөбе облысының 411 ауылдық елді мекеннің 109 (жалпы санының 26,5%) су құбыры суымен қамтылған, 296 (72,1%) орталықтандырылмаған су көздерін пайдаланып отыр және 6 ауылдық елді мекен (1,4%) тасылып әкелінетін суды пайдалануда. Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді. Осылайша, қазіргі таңда облыстың ауылдық елді мекенің жалпы санының тек 26,5% ғана орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. 3. Қалалық жердегі су бұру жағдайы Облыстың су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 624,6 км, соның ішінде 500 км жуық немесе 80% тозығы жеткен. Орталықтандырылған су бұру жүйесімен Ақтөбе қаласы және Алға, Қандыағаш, Эмба, Жем, Хромтау, Шалқар шағын қалалары қамтылған. Жұмыс істеп тұрған желілер мен тазарту қондырғыларының көпшілігі қазір өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары – артық жүктемемен жұмыс істейді, ол сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ су бұру желілерінің негізгі қорлары тозуының салдары аварияның жоғарғы деңгейі болып табылады, мәселен 2011 жылы облыс бойынша орташа алғанда 1 километрге 0,1 аварияға дейін құрады. ^ Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше міндеттер шешілетін болады: 1- кезең 2011 – 2015 жылдар. ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санының 54 %-на, қалаларда – 87 %-ға қамтамасыз ету; ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді 12 %-ға, қалаларда – 85 %-ға қамтамасыз ету; 2- кезең 2016 – 2020 жылдар. ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санының 80 %-на, қалаларда – 100 % қамтамасыз ету. ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда – 100 %-ға қол жеткізу. Сумен жабдықтау жобаларын іріктеу және Тізбеге енгізу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс: 1) ЖСҚ болуы; 2) расталған су көзі; 3) аудан орталықтары; 4) 1000 адамнан астам халық санымен АЕМ; 5) 500-ден 1000-ға дейін адам халық санымен АЕМ; 6) 100-ден 500-ге дейін адам халық санымен АЕМ; Сондай-ақ сумен жабдықтау жобаларын іріктеудің негізгі өлшемдерінің бірі жергілікті атқарушы органдар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс. ^ 2011 жылы «Ақ-бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында құны 3,5 млрд. тенгеге 31 ауылдық елді мекеннің су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жұмыстары орындалды. Соның ішінде 13 нысан 2012 жылға ауыспалы нысандар болып табылады. Жалпы 2011 жылы құны 2,4 млрд. теңгеге 18 жоба жүзеге асырылды. Қарастырылған қаражат есебінен тұтынушылар үйлерінің шекараларына дейін желілерді жеткізу, су есептеуіш құралдарын қондыру және 246 км су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 22 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз елді мекенінде, Мұғалжар ауданының Ақкемер, Мәртөк ауданының Қаратоғай және Қобда ауданының Әлия ірі ауылдары мен облыстың басқа да 14 ауылдық елді мекендерінде орындалды. 2012 жылы 19 сумен жабдықтау нысандарын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 200 шақырымнан астам су құбыры желілерін салып және қайта жаңартып, 25 мың адамды сапалы ауыз сумен жабдықтау жоспарлануда, соның ішінде Әйтеке би ауданының Комсомол, Әйке-Тереңсай, Алға ауданының Есет-батыр Көкіұлы, Болгарка және Сарықобда, Қобда ауданының Ақраб, Жиренқопа, Мәртөк ауданының Жайсан, Родниковка, Байтурасай, Студенческое және Веренка, Мұғалжар ауданының Жұрын, Ойыл ауданының Караой, Қаратал және Көптоғай, Темір ауданының Сарыкөл-Шұбарши, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Хромтау ауданының Құдықсай елді мекендері. Облыс тұрғындарын одан әрі орталықтандырылған су құбыры жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2011-2012 жылдарын 43 сумен жабдықтау нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, соның ішінде 24 жоба қала және 19 нысан ауылдық сумен жабдықтау, оған қоса 24 елді мекеннің жер асты суларын іздестіру-барлау және 9 су бөгеттерінің жер асты қорларын қайта бағалау жұмыстары бастауын алды. |
![]() | 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы | ![]() | 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы |
![]() | 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы | ![]() | 1. Бағдарламаның паспорты Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы |
![]() | 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы... | ![]() | 2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы |
![]() | БАҒдарламаның паспорты Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы | ![]() | Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты |
![]() | Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты | ![]() | Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты |