3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын



Название3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Дата конвертации26.08.2014
Размер201.49 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2012.09.13., № 603 (27676), 2012.09.22., № 618-619 (27692), 2012.09.26., № 622-630 (27701), 2012.09.29. № 635-640 (27711); "Казахстанская правда" от 13.09.2012 г., № 308-309 (27127-27128), от 15.09.2012 г., № 312-313 (27131-27132), от 20.09.2012 г., № 318-319 (27137-27138), от 21.09.2012 г., № 320-321 (27139-27140), от 22.09.2012 г., № 322-323 (27141-27142), от 25.09.2012 г., № 324-325 (27143-27144), от 26.09.2012 г., 326-327 (27145-27146), от 27.09.2012 г., № 328-329 (27147-27149), от 29.09.2012 г., № 332-333 (27151-27152), от 03.10.2012 г., № 336-337 (27155-27156)



      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
     
      28) «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
     
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың
салымдарына иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар
беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда мекенжайлары көрсетiлген Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық), сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушыда электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрi – ЭСҚ) болған жағдайда «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетедi.
      Шалғайдағы елдi мекен тұрғындарына мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қызметтердi Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 66, 128-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының 3-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 29-бабы, «Мемлекеттiң қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет стандарты:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмi);
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);
      3) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың орынжайларында орналасқан стендiлерде;
      4) порталда орналасады.
      Сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкiн;
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң аяқталу нысаны:
      1) Орталықта – осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелiк ету, осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаға тиесiлi мүлiкпен әрекеттi жүзеге асыру үшiн қағаз тасымалдағышта анықтамалар (бұдан әрi – анықтама) беру;
      2) порталда – уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының ЭСҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) Орталыққа жүгiнген кезде:
      мемлекеттiк қызметтi алушы жүгiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi бес жұмыс күнiн (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      жүгiнген күнi мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты алған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      2) портал арқылы жүгiнген кезде:
      мемлекеттiк қызметтi алушы жүгiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi бес жұмыс күнiн құрайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет:
      1) Орталыққа жүгiнген кезде – демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бiрақ бiр елдi мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
      2) веб-портал арқылы өтiнiш бiлдiрген кезде – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтардың ғимараттарында көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған;
      2) порталда – «жеке кабинетте».

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) Орталыққа жүгiнген кезде:
      осы стандартқа 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк қызметтi алушының (кәмелетке толмаған балалардың екi ата-анасының (ерлi-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешiлер) (бұдан әрi – заңды өкiлдерi) өтiнiшi;
      қайтыс болуы туралы куәлiк;
      банк салымының бар екенiн растайтын құжат;
      көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк (көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi беретiн дәлелдеме-анықтама), егер анықтама Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне қажет болған жағдайда;
      заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлiк (нотариустан);
      мынадай:
      мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдердiң) жеке басын растайтын құжаттың
      баланың туу туралы куәлiгiнiң (2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда);
      некеге тұру туралы куәлiгiнiң (некеге 2008 жылға дейiн тұрған жағдайда);
      некенi бұзу туралы куәлiгiнiң (неке 2008 жылға дейiн бұзылған жағдайда);
      № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейiн некеден тыс туылса) деректерi.
      Мемлекеттiк электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен қоса берiледi, кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарылады;
      2) порталда:
      мемлекеттiк қызметтi алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
      қайтыс болуы туралы куәлiк – сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi;
      банк салымының бар екенiн растайтын құжат – сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi;
      көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк (көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi беретiн дәлелдеме-анықтама) –егер анықтама Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне қажет болған жағдайда - сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi;
      заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлiк (нотариустан) – сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi;
      мынадай:
      мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдердiң) жеке басын растайтын құжаттардың деректерi;
      баланың туу туралы мәлiметтерi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда) не куәлiк сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi;
      некеге тұру туралы мәлiметтер (некеге 2008 жылға дейiн тұрған жағдайда) не куәлiк сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi;
      некенiң бұзылуы туралы мәлiметтер (неке 2008 жылға дейiн бұзылған жағдайда) не куәлiк сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi.
      Мемлекеттiк электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш бланкiлерi Орталықтарда күту залындағы арнайы бағандарда не Орталық консультантында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
      Портал арқылы мемлекеттiк қызмет алу үшiн электрондық сұраныс нысанын толтыру қажет.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру:
      1) Орталыққа жүгiнген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау перациялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;
      2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.
      14. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға:
      1) Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде – тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күн;
      сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi;
      2) портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға порталдағы «жеке кабинетiне» немесе электрондық поштаға мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып жiберiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi;
      1) Орталыққа жүгiнген кезде – Орталық қызметкерi «терезелер» арқылы қолхатта көрсетiлген мерзiмде күн сайын жүзеге асырады.
      Анықтама берiлген күнiнен бастап 1 (бiр) ай жарамды.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттар алуға мерзiмiнде бармаған жағдайда Орталық олардың бiр ай сақталуын қамтамасыз етедi, кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады;
      2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзi жiберген кезде.
      16. Орталық мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкерi мемлекеттiк қызметтi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан түсетiн құжаттарды ресiмдеуде кеткен қателердi анықтаған кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды жазбаша негiздемесiмен бiрге Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық бұл туралы мемлекеттiк қызметтi алушыны бiр жұмыс күнi iшiнде ақпараттандырады және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
      Портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызметтi алушы порталдағы «жеке кабинетiнде» электрондық құжат түрiнде алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi орган мамандары мен Орталық қызметкерiнiң мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты iс-қимылы мына қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушылармен жұмыс кезiнде сыпайылық таныту;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашық болуы;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпияда ұстау.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның қызметi бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң тиiстi бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген Орталық басшылығына жүгiнедi.
      Сондай-ақ, Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкiметтiң» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым мемлекеттiк қызмет көрсететiн жердегi уәкiлеттi орган басшысының атына немесе әкiмдiкке демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 010000, Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi.
      22. Орталық қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайларда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы «ХҚКО» РМК-ге берiледi. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген. «ХҚКО» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефоны: 8(7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.e.gov.kz.
      Порталда – сall-орталығының (1414) телефоны бойынша.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымда мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушы қол қоюы тиiс. Шағым беру кезiнде субъектiнiң атауы немесе лауазымы, iс-қимылына шағым түсiрiлетiн лауазымды тұлғаның аты-жөнi, шағымдану себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттiк қызметтi алушы шағымға уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтi сапасыз көрсеткенiн растайтын құжаттарды қоса бередi.
      25. Мемлекеттiк қызметтi алушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттiк қызметтi алушы порталынан электрондық өтiнiш жiберiлгеннен кейiн «жеке кабинеттен» өтiнiштiң мемлекеттiк органда пысықталу барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы туралы белгiлер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-қосымша                 

^ Жергiлiктi атқарушы органдардың бiлiм бөлiмдерiнiң тiзiмi

Р/с№

Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Шығыс Қазақстан облысы

1.

«Абай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарауыл ауылы, Кұтжанов к-сi, 1

8 (722)52-918-17

2.

«Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аягөз қаласы, Момышұлы к-сi, 58

8(722 37)315-34

3.

«Бесқарағай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллин к-сi, 162

8(722 36) 914-44

4.

«Бородулиха ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бородулиха ауылы, Түсiпжанов к-сi, 39

8(722 51) 291-77

5.

«Глубокое ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Глубокое кентi, Пирогов к-сi, 6

8(722 31) 215-33

6.

«Жарма ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Георгиевка ауылы,

Ленин к-сi, 101

8(722 47) 619-74

7.

«Зайсан ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зайсан қаласы, Жангелдин к-сi, 54

8(722 40) 217-88

8.

«Зырян ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зырян қаласы, Киров к-сi, 54

8(722 35) 400-69

9.

«Қатонқарағай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан к-сi, 109

8(722 41) 214-40

10.

«Көкпектi ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көкпектi ауылы, Раев к-сi, 44

8(722 48) 273-11

11.

«Курчатов қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Курчатов қаласы, Ленин к-сi, 10

8(722 51) 257-45

12.

«Күршiм ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Күршiм ауылы, Момышұлы к-сi, 85

8(722 39) 331-43

13.

«Риддер қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Риддер қаласы, Семей к-сi, 10

8(722 36) 424-98

14.

«Семей қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Семей қаласы, Интернациональная к-сi, 8

8(722 25) 225-40

15.

«Тарбағатай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақсуат ауылы, Абылайхан к-сi, 14

8(722 46) 220-16

16.

«Ұлан ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Молодежный кентi, 1

8(722 38) 273-45

17.

«Үржар ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үржар ауылы, Жамбыл к-сi, 19

8(722 30) 213-78

18.

«Шемонаиха ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шемонаиха қаласы, Чапаев к-сi, 35

8(722 32) 317-04

19.

«Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Өскемен қаласы, Урицкий к-сi, 10 «а»

8(722 22) 411-91

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
2-қосымша                 

^ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзiмi

Р/с№

Орталықтар атауы (филиалдар, бөлiмдер, бөлiмшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректерi

1

2

3

4

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

1.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Өскемен қ., Белинский к-сi, 37 «а» үй

8 (7232) 78-42-36
8 (7232) 28-94-67

2.

Өскемен қалалық № 1 бөлiмi

Өскемен қ., Сәтбаев д-лы, 20/1

8 (7232) 60-39-22

3.

Өскемен қалалық № 2 бөлiмi

Өскемен қ., Қазақстан к-сi, 99/1

8 (7232) 57-83-88
8 (7232) 22-81-37

4.

Глубокое аудандық бөлiмi

Глубокое кентi, Попович к-сi, 22

8 (72331) 2-23-35

5.

Зайсан қалалық бөлiмi

Зайсан қ., Жангелдин к-сi, 52 «а»

8 (72340) 2-67-81

6.

Зырян аудандық бөлiмi

Зырян қ., Стаханов к-сi, 39

8 (72335) 6-02-39

7.

Қатонқарағай аудандық бөлiмi

Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан к-сi, 96

8 (72341) 2-23-60

8.

Күршiм аудандық бөлiмi

Күршiм қ., Б. Момышұлы к-сi, 77

8 (72339) 2-13-10

9.

Риддер аудандық бөлiмi

Риддер қ., Семей к-сi, 12

8 (72336) 4-62-62

10.

Тарбағатай аудандық бөлiмi

Ақсуат ауылы, Абылай хан к-сi, 23

8 (72346) 2-24-96

11.

Ұлан аудандық бөлiмi

Молодежный кентi, 9-үй

8 (72338) 2-78-96

12.

Шемонаиха қалалық бөлiмi

Шемонайха қ., 3-шағын ауданы, 12

8 (72332) 3-41-00

13.

Семей № 1 қалалық бөлiмi

Семей қ., 408-орам, 21

8 (7222) 33-57-97

8 (7222) 33-55-93

14.

Семей № 2 қалалық бөлiмi

Семей қ., Найманбаев к-сi, 161 «а»

8 (7222) 52-69-29

15.

Абай аудандық бөлiмi

Қарауыл ауылы, Құнанбаев к-сi, 12

8 (72252) 2-22-64

16.

Аягөз қалалық бөлiмi

Аягөз қ., Дүйсенов к-сi, 84

8 (72237) 5-24-32

17.

Бесқарағай аудандық бөлiмi

Бесқарағай ауылы, Пушкин к-сi, 2 «а» үй

8 (72236) 9-06-30

18.

Бородулиха аудандық бөлiмi

Бородулиха ауылы, Молодежная к-сi, 25

8 (72351) 2-20-48

19.

Жарма аудандық бөлiмi

Қалбатау ауылы, Достық к-сi, 98

8 (72347) 6-54-00

20.

Курчатов аудандық бөлiмi

Курчатов қ., Абай к-сi,12

8 (72251) 2-21-66

21.

Көкпектi аудандық бөлiмi

Көкпектi ауылы, Шериаздан к-сi, 38

8 (72348) 2-21-71

22.

Ұржар аудандық бөлiмi

Ұржар ауылы, Абылайхан к-сi, 116

8 (72230) 2-19-85

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
3-қосымша                 

Үлгi

Жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы ___________

      Аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмi _______ жылы туған кәмелетке толмаған ______________________(баланың Т.А.Ә.)________ заңды өкiл(дер)i (ата-ана (ата-аналар), қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа тұлғалар) _______________ жылы туған, _______________________ (өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (жеке куәлiк № __ ______ жылы _________ берiлген) _________________ салымшының (мұраға қалдырушының Т.А.Ә.) қайтыс болуына байланысты ( _____ жылғы ___________ №____ қайтыс болуы туралы куәлiк)________ жылғы нотариус берген ( ______ жылы ____________ берген мемлекеттiк лицензия № ____ ) заң/аманат бойынша мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiкке сәйкес тиесiлi инвестициялық табыспен, өсiммен және өзге түсiмдермен бiрге заңнамаға сәйкес _________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) мұраға қалатын зейнетақы жинақтарын алуға рұқсат бередi.

Аудандық (қалалық) бiлiм
бөлiмiнiң бастығы                         __________ қолы (Т.А.Ә.)

Анықтама берiлген күннен бастап 1 (бiр) ай iшiнде жарамды.

М.О.

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
4-қосымша                 

Үлгi

Банк атауы
___________

      Аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмi _______ жылы туған кәмелетке толмаған ______________________(баланың Т.А.Ә.) заңды өкiл(дер)i (ата-ана (ата-аналар), қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиешi және оларды алмастыратын басқа тұлғалар) __________ жылы туған, _______________________ (өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (жеке куәлiк № __ ______ жылы _________ берiлген) иесiлi инвестициялық табыспен, өсiммен және өзге түсiмдермен бiрге заңнамаға сәйкес _________________ (банк атауы) кәмелетке толмаған баланың (балалардың) салымдарына иелiк етуге рұқсат бередi.

Аудандық (қалалық) бiлiм
бөлiмiнiң бастығы                         __________ қолы (Т.А.Ә.)

Анықтама берiлген күннен бастап 1 (бiр) ай iшiнде жарамды.

М.О.

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
5-қосымша                 

Үлгi

Қазақстан Республикасы          
аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмi 

      Кәмелетке толмаған бала (балалар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мүддесiне әрекет ететiн аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмi ____________________________________________________ көлiк құралын _________________ рұқсат бередi

Аудандық (қалалық) бiлiм
бөлiмiнiң бастығы                         __________ қолы (Т.А.Ә.)

Анықтама берiлген күннен бастап 1 (бiр) ай iшiнде жарамды.

М.О.

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
6-қосымша                 

Үлгi

Жеке тұлғаға арналған үлгi

Аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмi       
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________

Өтiнiш

      Сiзден __________________________ жинақтаушы зейнетақы қорындағы (қордың атауы мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiктегi жазбаға сәйкес көрсетiледi) зейнетақы жинақтарын салымшы (Т.А.Ә.) _______________ қайтыс болуына байланысты (қайтыс болуы туралы куәлiктiң №______, куәлiктiң берiлген күнi) кәмелетке толмаған балаларының (Т.А.Ә.) _______________ алуына рұқсат беруiңiздi сұраймын.

Күнi: _________жылғы «___ »
Өтiнiш берушi(лер) қолы __________

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
7-қосымша                 

Үлгi

Жеке тұлғаға арналған үлгi

Аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмi       
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________

Өтiнiш

      Сiзден кәмелетке толмаған балалар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәлiктiң № көрсетiледi, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келiсемiн» деген сөздi жазады) (банк атауы) ________________________ банктегi салымдарына иелiк етуге (құқықтар мен мiндеттемелердi басқаға беру, шарттарды бұзу) рұқсат беруiңiздi сұраймын.

Әкесi туралы мәлiметтер (Т.А.Ә., жеке куәлiктiң №, кiм және қашан бердi)
____________________________________________________________________
_____________________________________________қолы __________________
Шешесi туралы мәлiметтер (Т.А.Ә., жеке куәлiктiң №, кiм және қашан бердi)
____________________________________________________________________
_____________________________________________ қолы _________________
Күнi: _________жылғы «___ » Ерлi-зайыптылардың қолдары _____________

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
8-қосымша                 

Үлгi

Жеке тұлғаға арналған үлгi

Аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмi       
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________

Өтiнiш

      Сiзден кәмелетке толмаған бала (балалар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________ меншiк құқығында тиесiлi көлiк құралына қатысты мәмiле жасауға рұқсат беруiңiздi сұраймын.

Күнi: ______жылғы «______ »        Өтiнiш берушi(лер) қолы __________

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелiк ету үшiн, Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы 
комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
9-қосымша                 

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы

мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)












Похожие:

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconПостановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. № Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы