3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын

Название3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Дата конвертации26.08.2014
Размер273.87 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2012.09.13., № 603 (27676), 2012.09.22., № 618-619 (27692), 2012.09.26., № 622-630 (27701), 2012.09.29. № 635-640 (27711); "Казахстанская правда" от 13.09.2012 г., № 308-309 (27127-27128), от 15.09.2012 г., № 312-313 (27131-27132), от 20.09.2012 г., № 318-319 (27137-27138), от 21.09.2012 г., № 320-321 (27139-27140), от 22.09.2012 г., № 322-323 (27141-27142), от 25.09.2012 г., № 324-325 (27143-27144), от 26.09.2012 г., 326-327 (27145-27146), от 27.09.2012 г., № 328-329 (27147-27149), от 29.09.2012 г., № 332-333 (27151-27152), от 03.10.2012 г., № 336-337 (27155-27156)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      29) «Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында тиесiлi мүлiкпен мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысына   
қосымша       
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысына   
қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң  
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген

«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты 

^ 1. Жалпы ережелер

1. «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін  (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті органдар) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 – 24-баптары, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 66, 128-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 13-бабының  3-тармағы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 30 наурыздағы  № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 
4. Мемлекеттік қызмет стандарты:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың орынжайларында орналасқан стенділерде;
4) порталда орналасады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны бойынша  ұсынылуы мүмкін;
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:
1) Орталықта – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелер жасауға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың нотариалды кеңсеге, не кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге қағаз тасымалдағышта анықтамаларын (бұдан әрі – анықтамалар) беру;
2) порталда – уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтамаларды беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.      
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.  
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:  
1) Орталыққа жүгінген кезде:
мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан аспайды;
жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы –20 минуттан аспайды;
анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алған кезде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан аспайды;
2) портал арқылы жүгінген кезде:
мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 
9. Мемлекеттік қызмет:
1) Орталыққа жүгінген кезде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз,  «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 
Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
2) веб-портал арқылы өтініш білдірген кезде – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтардың ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған;
2) порталда – жеке кабинетте.

^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Орталыққа жүгінген кезде:
нотариалды кеңсеге анықтама алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алушының (кәмелетке толмаған балалардың екі ата-анасының  (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың  (қорғаншылар (қамқоршылар),  патронат тәрбиешілер) (бұдан әрі – заңды өкілдері) өтініші;   
заңды өкілдерінің кепілді тұрғын үйді беру туралы нотариалды расталған өтініші, банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үйді беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші; 
тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған баланың оқу орнының басшысы куәландырған жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасауға анықтама-келісімі;
ерлі-зайыптылардың біреуі болмаған жағдайда, оның мәмілелерді ресімдеуге нотариуспен расталған сенімхаты;
қайтыс болуы туралы куәлік;
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттың;
баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру туралы куәлігінің (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда);
некені бұзу туралы куәлігінің (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда);
№ 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейін некеден тыс туылса);
жылжымайтын мүлікке (пәтер, үй, саяжай (шарт, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүлікке техникалық паспорт) құжаттардың деректері.
Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге анықтама алу үшін:
осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алушының (кәмелетке толмаған балалардың екі ата-анасының  (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) (бұдан әрі – заңды өкілдері) өтініші;   
заңды өкілдерінің кепілде тұрғын үйді беру туралы нотариалды расталған өтініші, банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үйді беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші; 
тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған баланың оқу орнының басшысы куәландырған жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасауға анықтама-келісімі;
ерлі-зайыптылардың біреуі болмаған жағдайда, оның мәмілелерді ресімдеуге нотариуспен расталған сенімхаты;
қайтыс болуы туралы куәлік;
банктен кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсатқа анықтама беру туралы хат (кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып, несие берген жағдайда);
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттың;
баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру туралы куәлігінің (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда);
некені бұзу туралы куәлігінің (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда);
№ 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейін некеден тыс туылса);
жылжымайтын мүлікке (пәтер, үй, саяжай (шарт, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүлікке техникалық паспорт) құжаттардың деректері.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
Меншік иесі кәмелетке толмаған бала (балалар) болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді рәсімдеуге рұқсат кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша беріледі.
Егер кәмелетке толмаған меншік иесі тұратын Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісінен тысқары жерде орналасқан мүлік иеліктен айырылса, онда жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға рұқсатты жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар береді;
2) порталда:
1) нотариалды кеңсеге анықтама алу үшін:
мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
заңды өкілдерінің кепілді тұрғын үйді беру туралы нотариалды расталған өтініші, банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үйді беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған баланың оқу орнының басшысы куәландырған жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасауға анықтама-келісімі – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
ерлі-зайыптылардың біреуі болмаған жағдайда, оның мәмілелерді ресімдеуге нотариуспен расталған сенімхаты – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
қайтыс болуы туралы куәлік – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттардың деректері;
баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
некеге тұру туралы мәліметтер (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
некенің бұзылуы туралы мәліметтер (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
№ 4 нысан бойынша анықтаманың мәліметтері (бала некеден тыс туылған жағдайда) не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
жылжымайтын мүлікке (пәтер, үй, саяжай (шарт, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүлікке техникалық паспорт) құжаттардың мәліметтері не құжаттар сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге анықтама алу үшін:
мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
заңды өкілдерінің кепілді тұрғын үйді беру туралы нотариалды расталған өтініші, банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үйді беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған баланың оқу орнының басшысы куәландырған жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасауға анықтама-келісімі – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
ерлі-зайыптылардың біреуі болмаған жағдайда, оның мәміле ресімдеуді жасауға нотариуспен расталған сенімхаты – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
банктен кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсатқа анықтама беру туралы хат (кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып, несие берген жағдайда) – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
қайтыс болуы туралы куәлік – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
№ 4 нысан бойынша анықтама (бала некеден тыс туылған жағдайда) – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттардың деректері;
баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
некеге тұру туралы мәліметтер (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
некенің бұзылуы туралы мәліметтер (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
№ 4 нысан бойынша анықтаманың мәліметтері (бала некеден тыс туылған жағдайда) не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
жылжымайтын мүлікке (пәтер, үй, саяжай (шарт, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүлікке техникалық паспорт) құжаттардың мәліметтері не құжаттар сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Меншік иесі кәмелетке толмаған бала (балалар) болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеуге рұқсат кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша беріледі.
Егер кәмелетке толмаған меншік иесі тұратын Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісінен тысқары жерде орналасқан мүлік иеліктен айырылса, онда жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға рұқсатты жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар береді.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілері Орталықтарда күту залындағы арнайы бағандарда не Орталық консультантында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұраныс нысанын толтыру қажет.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар: 
1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;
2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
14. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:  
1) Орталыққа өтініш білдірген кезде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда: 
сұраныстың нөмірі мен қабылданған күн;
сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі; 
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны; 
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;
2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» немесе электрондық поштаға мемлекеттік қызметті ұсынуға  сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жіберіледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді;
1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталық қызметкері «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын жүзеге асырады.
Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.
Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттар алуға мерзімінде бармаған жағдайда Орталық олардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оларды уәкілетті органға тапсырады;
2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзі жіберген кезде.
16. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
Уәкілетті орган Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша негіздемесімен бірге Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бұл туралы мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде ақпараттандырады және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады. 

^ 3. Жұмыс қағидаттары

17. Уәкілетті орган мамандары мен Орталық қызметкерінің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар іс-қимылының ашық болуы;
6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпияда ұстау.

^ 4. Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

^ 5. Шағымдану тәртібі

20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді.
Сондай-ақ, Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкіметтің» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін жердегі уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне демалыс  және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайларда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы «ХҚКО» РМК-ге беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «ХҚКО» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефоны: 8(7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.e.gov.kz.
Порталда – сall-орталығының (1414) телефоны бойынша.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-қимылына шағым түсірілетін лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетiлген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Мемлекеттік қызметті алушы порталынан электрондық өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттен» өтініштің мемлекеттік органда пысықталу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша

^ Жергілікті атқарушы органдардың білім бөлімдерінің тізімі

Р/с№

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Шығыс Қазақстан облысы

«Абай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарауыл ауылы, Құтжанов к-сі, 1

8 (722)52-918-17

«Аягөз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аягөз қаласы,

Момышұлы к-сі, 58

8(722 37)315-34

«Бесқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллин к-сі, 162

8(722 36) 914-44

«Бородулиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бородулиха ауылы, Түсіпжанов к-сі, 39

8(722 51) 291-77

«Глубокое ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Глубокое кенті, Пирогов к-сі, 6

8(722 31) 215-33

«Жарма ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Георгиевка ауылы,

Ленин к-сі, 101

8(722 47) 619-74

«Зайсан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зайсан қаласы, Жангелдин к-сі, 54

8(722 40) 217-88

«Зырян ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зырян қаласы, Киров к-сі, 54

8(722 35) 400-69

«Қатонқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан к-сі, 109

8(722 41) 214-40

«Көкпекті ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкпекті ауылы, Раев к-сі, 44

8(722 48) 273-11

«Курчатов қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Курчатов қаласы, Ленин к-сі, 10

8(722 51) 257-45

«Күршім ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Күршім ауылы, Момышұлы к-сі, 85

8(722 39) 331-43

«Риддер қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Риддер қаласы, Семей к-сі, 10

8(722 36) 424-98

«Семей қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы, Интернациональная к-сі, 8

8(722 25) 225-40

«Тарбағатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсуат ауылы, Абылай хан к-сі, 14

8(722 46) 220-16

«Ұлан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Молодежный кенті, 1

8(722 38) 273-45

«Үржар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үржар ауылы, Жамбыл к-сі, 19

8(722 30) 213-78

«Шемонаиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шемонаиха қаласы, Чапаев к-сі, 35

8(722 32) 317-04

«Өскемен қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, Урицкий к-сі,

10 «а»

8(722 22) 411-91

___________________________________
«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша

^ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі

Р/с№

Орталықтар (филиалдар, бөлімдер, бөлімшелер) атауы

Орналасқан мекенжайы

^ Байланыс деректері

1

2

3

4

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Өскемен қ., Белинский к-сі, 37 «а» үй

8 (7232) 78-42-36

8 (7232) 28-94-67

Өскемен қалалық № 1 бөлімі

Өскемен қ., Сәтбаев д-лы, 20/1

8 (7232) 60-39-22

Өскемен қалалық № 2 бөлімі

Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1

8 (7232) 57-83-88

8 (7232) 22-81-37

Глубокое аудандық бөлімі

Глубокое кенті, Попович к-сі, 22

8 (72331) 2-23-35

Зайсан қалалық бөлімі

Зайсан қ., Жангелдин к-сі, 52 «а»

8 (72340) 2-67-81

Зырян аудандық бөлімі

Зырян қ., Стаханов к-сі, 39

8 (72335) 6-02-39

Қатонқарағай аудандық бөлімі

Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан к-сі, 96

8 (72341) 2-23-60

Күршім аудандық бөлімі

Күршім қ., Б. Момышұлы к-сі, 77

8 (72339) 2-13-10

Риддер аудандық бөлімі

Риддер қ., Семей к-сі, 12

8 (72336) 4-62-62

Тарбағатай аудандық бөлімі

Ақсуат ауылы, Абылай хан к-сі, 23

8 (72346) 2-24-96

Ұлан аудандық бөлімі

Молодежный кенті, 9-үй

8 (72338) 2-78-96

Шемонаиха қалалық бөілімі

Шемонайха қ., 3-шағын ауданы, 12

8 (72332) 3-41-00

Семей № 1 қалалық бөлімі

Семей қ., 408-орам, 21

8 (7222) 33-57-97

8 (7222) 33-55-93

Семей № 2 қалалық бөлімі

Семей қ., Найманбаев к-сі, 161 «а»

8 (7222) 52-69-29

Абай аудандық бөлімі

Қарауыл ауылы, Құнанбаев к-сі, 12

8 (72252) 2-22-64

Аягөз қалалық бөлімі

Аягөз қ., Дүйсенов к-сі, 84

8 (72237) 5-24-32

Бесқарағай аудандық бөлімі

Бесқарағай ауылы, Пушкин к-сі, 2 «а» үй

8 (72236) 9-06-30

Бородулиха аудандық бөлімі

Бородулиха ауылы, Молодежная к-сі, 25

8 (72351) 2-20-48

Жарма аудандық бөлімі

Қалбатау ауылы, Достық к-сі, 98

8 (72347) 6-54-00

Курчатов аудандық бөлімі

Курчатов қ., Абай к-сі,12

8 (72251) 2-21-66

Көкпекті аудандық бөлімі

Көкпекті ауылы, Шериаздан к-сі, 38

8 (72348) 2-21-71

Ұржар аудандық бөлімі

Ұржар ауылы, Абылай хан к-сі, 116

8 (72230) 2-19-85

__________________________________

«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

Үлгі

Қазақстан Республикасы

Аудандық (қалалық) білім бөлімдері

Кәмелетке толмаған бала (балалар)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ мүддесіне әрекет ететін аудандық (қалалық) білім бөлімі __________________________________________________________________

мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлікті _______________________________ рұқсат береді

Аудандық (қалалық) білім

бөлімінің бастығы __________ қолы (Т.А.Ә.)

Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
М.О.

_________________________

«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

^ Жеке тұлғаға арналған үлгі

Аудандық (қалалық) білім бөлімі

_________________________________________ ___________мекенжайында тұратын, телефоны

ерлі-зайыпты (Т.А.Ә., толық, қысқартусыз, жеке басын куәландыратын құжат бойынша дәл)

__________________________________________

__________________________________________

__________________________________________

Өтініш
Сізден ________________________________ мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға рұқсат беруіңізді сұраймыз.

Балаларымыз:

1.___________________________________________________________________

2.___________________________________________________________________

3.___________________________________________________________________

(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келісемін» деген сөзді жазады)

Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)

____________________________________________________________________

_____________________________________________қолы ________________

Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)

____________________________________________________________________

_____________________________________________ қолы _______________

Келешекте тұратын мекенжайы _________________________________________

«Келешекте балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады» деген үзінді жазылады (өз қолымен)

____________________________________________________________________

Күні: жылғы « » Ерлі-зайыптылардың қолдары ___________
_________________________

«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

^ Жеке тұлғаға арналған үлгі

Аудандық (қалалық) білім бөлімі

_________________________________________ ___________мекенжайында тұратын, телефоны

ерлі-зайыпты (Т.А.Ә., толық, қысқартусыз, жеке басын куәландыратын құжат бойынша дәл)

__________________________________________

Өтініш
Сізден ________________________________ мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікті __________________ мөлшерде _____________ мерзімге кредит алу үшін кепілге қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз.

Балаларымыз:

1.___________________________________________________________________

2.___________________________________________________________________

3.___________________________________________________________________

(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келісемін» деген сөзді жазады)

Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)

____________________________________________________________________

_____________________________________________қолы ________________

Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)

____________________________________________________________________

_____________________________________________ қолы _______________

Банктен келген хаттың № ______________________________________________

Тұрғын үйден айырылған жағдайда балалар (қосымша алаңның мекенжайы немесе балаларды өзіне алуға келісетін жақын туыстардың мекенжайлары көрсетіледі) мекенжайында тұрады, «келешекте балаларды тұрғын үйсіз қалдырмауға міндеттенеміз» деген үзінді өз қолымен жазылады

____________________________________________________________________

Күні: жылғы « » Ерлі-зайыптылардың қолдары ___________
_________________________
«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

6-қосымша

^ Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және

тиімділік көрсеткіштері

^ Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы

мәні

Көрсеткіштің

есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

1

2

3

4

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

_________________________

Похожие:

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconПостановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. № Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын icon3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы