|
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Iздестiру қызметiне лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 Қаулысы ![]() Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ 1. Қоса берiлiп отырған: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты; 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасының негiзiнде «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толықтыру шеңберiнде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат: 1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнiң (бұдан әрi – Агенттiк) интернет-ресурсындағы «Мемлекетiк қызметтер» деген бөлiмде; 2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында; 3) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкiлеттi органның және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерiнде және стендiлерде орналастырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпаратты «электрондық үкiметтiң» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны бойынша алуға да болады. 5. Осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес қағаз жеткiзгiште мекенжайдың тiркеу коды көрсетiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайы туралы анықтама беру не қағаз жеткiзгiште мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi: 1) осы стандартың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген сәттен бастап: 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) – жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау кезiнде; 7 (жетi) жұмыс күн iшiнде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) – жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне бару және мекенжайдың тiркеу кодын көрсетiп, оны «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде мiндеттi тiркей отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне нөмiр беру, оны өзгерту немесе жою кезiнде жүргiзiледi. Электрондық сұрау салу көзделмеген; 2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты – 20 минуттан аспайды; 3) мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. 9. Орталықтарда мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын, дүйсенбiден сенбiге дейiн, орталықтардың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн көрсетiледi. Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезектi «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы броньдауға болады. 10. Мемлекеттiк қызмет объект орналасқан жердегi орталықтың ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар қарастырылған. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар орналастырылған, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады. ^ 11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы: жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау үшiн: 1) еркiн нысандағы өтiнiш; 2) тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң (заңды тұлғалар үшiн) көшiрмелерi норма 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады. Құжаттардың мәлiметтерi: 3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тiркелген жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжат, меншiк иесiнен сенiмхаттың түпнұсқасы (өтiнiштi өкiл берген жағдайда); 4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат (мемлекеттiк қызметтi алушы – жеке тұлғаның уәкiлеттi өтiнiш алушысы); Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәлiметтердi уәкiлеттi орган өз бетiмен тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады; жылжымайтын мүлiк объектiсiне мекенжай беру, оны өзгерту және жою үшiн: 1) еркiн нысандағы өтiнiш; 2) әкiмдiк қаулысының немесе әкiмдiк шешiмiнiң көшiрмесi (жобалау, құрылыс); 3) жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспортының көшiрмесi; 4) блоктың (гараждар және саяжайлар үшiн) реттiк нөмiрi мен нөмiрiн көрсете отырып, елдi мекеннiң сәулетшiсiмен келiсiлген гараж кооперативi (бау-бақша серiктестiгi) жер учаскесiнiң бас жоспары; 5) кооператив (гараждар және саяжайлар үшiн) мүшелерiнiң тiзiмiн қоса берiп, мүшелiгiн растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлiк орталығы мұрағатынан (қажет болған жағдайда) қорытынды; 6) жылжымайтын мүлiк объектiсiн бұзу актiсi (қажет болған жағдайда); 7) тұтынушының мүддесiн үшiншi тұлға бiлдiрген кезде нотариалды куәландырылған сенiмхат; 8) тұтынушының жеке куәлiгi (мемлекеттiк қызметтi алушы – жеке тұлғаның уәкiлеттi алушысы); 9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тiркелген жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжат; Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәлiметтердi уәкiлеттi орган өз бетiмен тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады. Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексередi және тұпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады. 12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi өтiнiш еркiн нысанда толтырылады. 13. Құжаттарды қабылдау «жалғыз терезе» қағидаты бойынша «кедергiсiз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi. 14. Мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда: 1) өтiнiштiң нөмiрi және қабылданған күнi; 2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi; 3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны; 5) уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және оның байланыс телефоны; 6) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiледi. Құжаттар сәйкес келген кезде Орталық қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштi уәкiлеттi органға жiбередi. Орталық уәкiлеттi органға құжаттарды жеткiзудi және одан керi алуды осы өтiнiштер қабылданған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады. Уәкiлеттi органнан орындалған құжаттар қолхатта көрсетiлген мерзiмнiң аяқталуына бiр күн қалғанда Орталыққа түсуге тиiс. 15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде дайын анықтаманы берудi «терезелер» арқылы қолхатта көрсетiлген мерзiм негiзiнде Орталықтың қызметкерi жүзеге асырады. Егер мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 (бiр) ай сақтауды қамтамасыз етедi. 16. Мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Орталықтың қызметкерi құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде өтiнiш берушiге жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi. Уәкiлеттi орган орталықтан түскен, осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ресiмдеуде қателер анықтаған жағдайда құжаттардың пакетiн алғаннан кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) оларды қайтарудың себебiн жазбаша негiздей отырып, орталыққа қайтарады. Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздеме ұсынады. Бас тартқан жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушыға 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде хабарланады және уәкiлеттi органның бас тартуы туралы жазбаша негiздеме бередi. ^ 17. Уәкiлеттi органның және орталықтың қызметi мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты мынадай: 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтiк борышын өтеу кезiнде заңдылықты сақтау; 3) тұтынушылармен жұмыс кезiнде сыпайылық 4) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымды адамдар қызметiнiң ашықтығы; 5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi. ^ 18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Агенттiк төрағасының бұйрығымен бекiтiледi. ^ 20. Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы Орталық басшылығына жүгiнедi. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «А» үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz. Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «электрондық үкiметтiң» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны арқылы алуға да болады. 21. Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұйымдастыруға жауапты әкiмнiң аппараттарына берiледi. Әкiм аппараттары басшыларының мекенжайы, жұмыс кестесi, электрондық поштасының мекенжайы және телефондары осы стандартқа 6-қосымшада көрсетiлген. 22. Орталық қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда орталықтың басшысының атына немесе орталық қарамағына кiретiн «Орталық» РМК-ға шағым жасалады. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген, жұмыс кестесi сағат 9.00 бастап сағат 20.00 дейiн, түскi үзiлiссiз. 23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар. 24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандартың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады. 25. Пошта және қолма-қол және поштамен түскен шағымдарды растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн журналға тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады). Мемлекеттiк қызметтi алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын осы стандартқа 7-қосымшаға көрсетiлген талон бередi, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен күнi, байланыс деректерi көрсетiледi. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор, 8, Министрлiктер үйi, 10-кiреберiс, интернет-ресурс: http//www.ads.gov.kz. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша ^
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша |