9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon

9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты



Название9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
страница1/5
Дата конвертации25.08.2014
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы, 10 қыркүйектегi № 425-430 (26823), 1 қазандағы № 472-473 (26865), 15 қазандағы № 497-500 (26892), 21 қазандағы № 505-507 (26899), 10 қарашадағы № 535-536 (26928), 15 қарашадағы № 541-542 (26934), 8 желтоқсандағы № 601-605 (26997), 9 желтоқсандағы № 606-610 (27002), 10 желтоқсандағы № 611-615 (27007), 18 желтоқсандағы № 640 (27032), 30 желтоқсандағы № 666-672 (27064), 31 желтоқсандағы № 673-679 (27071) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 32, 391-құжат "Казахстанская правда" от 21.05.2011 г., № 163-164 (26584-26585), 26.05.2011 г., № 167 (26588);


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған:
     
           9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
           2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2011 жылғы 7 сәуiрдегi 
№ 394 қаулысымен    
бекiтiлген        

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттары ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 22-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысымен бекiтiлген Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесiнiң негiзiнде ұсынылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкiлеттi органдардың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      5. Өтiнiш берушi алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi кресло-арба беру үшiн құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiште дәлелдi жауап болып табылады.
      Мүгедектердiң өтiнiштерi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшесi әзiрлеген мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы негiзiнде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары кресло-арбаға қажеттiлiктi, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды және Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оларды сатып алуды жүргiзедi.
      Кресло-арбаларды беру мүгедектiң тегi, аты, әкесiнiң аты, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрi, туған күнi, тұрғылықты жерi, алған кресло-арбаның атауы, алған күнi, алудағы белгiлер көрсетiле отырып, тiзiм бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.
      Жеке кәсiпкер – жұмыс берушi қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек жарақатынан немесе кәсiби науқастан болған мүгедектерге көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде;
      2) тұтынушы өтiнiш бiлдiрген күнгi көрсетiлетiн орында мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш бiлдiрген күнгi орнында мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты – 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00-ге дейiн, түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органның үй-жайында көрсетiледi. Уәкiлеттi органның үй-жайы қажеттi құжаттарды даярлау үшiн орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен жабдықталған, ақпараттық стендiлермен жарақтандырылған, күту залы бар, сондай-ақ мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген.
      Уәкiлеттi органның үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келедi, күзет және өртке қарсы дабылмен жарақтандырылған.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн көрсете отырып, белгiленген үлгiдегi өтiнiштi, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрi болғанда);
      2) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын;
      3) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек жарақаты немесе кәсiптiк ауру салдарынан мүгедек болғандар үшiн – жазатайым оқиға туралы актiнiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң – жеке кәсiпкердiң қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.
      Мүгедектiң өзiнiң баруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтiн сенiмхат негiзiнде кресло-арба беруге өтiнiш жасауға басқа адамдарға уәкiлеттiк бере алады.
      12. Өтiнiш нысандары уәкiлеттi органдағы күту залында арнаулы тағанда орналастырылады не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      13. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн қажеттi толтырылған өтiнiш нысаны мен осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның жауапты тұлғасына тапсырылады. Жауапты тұлғалардың кабинет нөмiрлерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызметтi ұсыну жөнiндегi ақпарат қойылған уәкiлеттi органның стендiсiнде орналастырылған.
      14. Тұтынушы уәкiлеттi органда барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттiк қызметке тұтынушының тiркелген және алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      15. Кресло-арба алуға құжаттарды ресiмдеу (ресiмдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткiзудi тұтынушының тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға жеке өзiнiң баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша:
      1) тұтынушының мүгедектердiң кресло-арбалармен қамтамасыз етiлуiне қарсы медициналық көрсетiлiмдерi болғанда;
      2) аталған мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттардың бiреуi болмаған, құжаттарды ресiмделуiнде қате анықталған кезде;
      3) жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынылғанда бас тартылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында көзделген, Азаматтық қызметшiлердiң ар-намыс кодексiне сәйкес адамның конституциялық құқықтарының сақталуына негiзделедi және заңдылық, сыпайылық, уақтылы толық ақпараттың берiлуiн, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, қызметтiк борышына адал қарамағаны үшiн жауапкершiлiк қағидаттарында жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң тиiстi бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға көмек көрсететiн мемлекеттiк органның атауы, олардың заңды мекенжайлар, телефон нөмiрлерi, электронды почталарының мекенжайлары осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларда көрсетiлген.
      21. Көрсетiлген қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ұйымдастырылуына жауапты атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайы мен электронды почтасының мекенжайы, телефондары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген жоғары тұрған уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның стендiсiнде, уәкiлеттi орган жұмыс кестесi мен электронды почталық мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның басшысының атына берiледi.
      23. Көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде органның атауы немесе қызметiне шағым келтiрiлетiн лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптар көрсетiледi.
      25. Жазбаша шағым жасаған тұтынушыға берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру  
үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»    
мемлекеттiк қызмет стандартына     
1-қосымша                 

^ Уәкiлеттi органдардың тiзбесi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

^ Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020100, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020200, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020300, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020400, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020500, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020600, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020700, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020800, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020900, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online.kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021000, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 soc_zahita_21@kokshetau. online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021100, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021200, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021300, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021400, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

010021, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021600, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021700, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@kokshetau. online.kz

8-716-36 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021500, Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33, 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020000, Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 «а» Sobes_kokshe@kokshetau. online.kz

8-7162 31-92-76, 31-92-78




^ Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030100, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030200, Алға қаласы, Сейфуллин көшесi, 17 alga_zanytos@mail.ru

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030300, Байғанин кентi, Қонаев көшесi, 37 aset2306@mail.ru

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030400, Ырғыз кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 52 irgizsobez@mail.ru

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030500, Бадамша ауылы, Патсайы көшесi, 11 «а» kargala_zzsp@mail.ru

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

031000, Қобда кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 47 hobda6161@mail.ru, hobda_sobes@mail.ru

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030600, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесi, 38 kazaevanatalja@mail.ru

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030700, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесi, 2 zhamald@mail.ru

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темiр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030800, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi, 13 temir-sobes@mail.ru

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030900, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69 s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

031100, Хромтау қаласы, Жеңiс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

031200, Шалқар қаласы, Үргенiшбай көшесi, 13 shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесi, 289 А

87132
51-22-49,
51-64-18
  1   2   3   4   5



Похожие:

9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»
Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – регламент)...
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттары ресiмдеу»
Еттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк...
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттары ресiмдеу»
Еттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк...
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon1. Жалпы ережелер
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты iconМүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын...
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік...
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан...
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты iconІс-әрекеттердің қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
9 «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы