Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен icon

Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен



НазваниеҚызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен
Дата конвертации23.06.2013
Размер72.96 Kb.
ТипДокументы
источник


ЖОБА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Ш Е Ш І М


ЖОБА


Тұрғын үй көмегiн

көрсету мөлшері мен

тәртібі туралы


«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi  №94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекiтiлген «Тұрғын үй көмегiн көрсету» Ережесiне және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №471 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасына» және «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №378 шешiмiнің 006 «тұрғын үй көмегі» бюджеттік бағдарламасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi жөнiндегi Қағидасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


^ Аудандық мәслихат

хатшысы Б.Маншарипов


2012 жылғы «___»_______________ Сырдария аудандық мәслихатының №____ шешімімен бекітілген


Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібі


  1. Жалпы ереже


1. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы; 

Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) алған кiрiстердiң жалпы сомасы;

кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкiлеттi орган – «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.


^ 3. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi


1. Тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен кент және ауылдық округтерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;

3) байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - орталық) өтінішпен өтініш жасайды және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қаулысының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4. Қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіні тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлайды немесе өтініш берушіге бір данасы берілетін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      6. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.

7. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      8. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға күнтізбелік он күн ішінде хабарлайды.
      9. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.

10. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.

Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өндіріледі.


^ 4. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi


      11. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

12. Тұрғын үйдi күтiп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлемiне шыққан шығындар шегiндегi үлесi 15 пайыз мөлшерiнде отбасының жиынтық табысымен белгiленедi.

      13. Аудан бойынша тұрғын үй көмегiн тағайындау аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) төмендегi пайдалану нормасына сәйкес жүргiзiледi:
      1) электрмен жабдықтау бойынша – электр энергиясын тұтынуды есептеу құралы бойынша, бiрақ жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген бiр адам айына тұтынатын нормативтен (кВт/сағат) артық емес;

      электр қуаты – 1 айға бiр адамға 70 кВт/сағат, екi адамға 140 кВт/сағат, үш адамға және одан көп мүшелерi бар отбасыларына 1 айға 210 кВт/сағат;
      2) газбен жабдықтау 1 айға төрт адамға дейiнгi мүшелерi бар отбасыларына 1 баллон, салмағы – 10 кг, төрт адамға және одан да көп мүшелерi бар отбасыларына 1 баллон, салмағы – 20 кг;

      3) сумен жабдықтау - суды тұтынуды есептеу құралы бойынша, бiрақ жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген бiр адам айына тұтынатын нормативтен (текше метр) артық емес. Есептеу құралдары болмаған жағдайда көрсетiлген нормативтер қолданылады.

      Ауыз суды пайдалану ай сайын әрбiр адамға уәкiлеттi органдардың берген тарифi бойынша;

      4) қоқыс әкету қызметi үшiн әрбiр адамға тариф бойынша;
      5) кәрiз қызметi үшiн ай сайын әрбiр адамға тариф бойынша;
      6) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы «Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі;

      7) отын пайдалану үш адамға дейiнгi мүшесi бар отбасыларына 1 айға 0,5 тоннадан, үш адамға және одан көп мүшелерi бар отбасыларға 1 айға 1 тоннадан;

      8) лифт қызметiн көрсету әр отбасына тариф бойынша.


^ 5. Тұрғын үй көмегiн төлеу


14. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      15. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.




Похожие:

Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен iconЖоба «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы
Заңына, “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, “Тұрғын...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен iconЖоба қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м бір жолғы әлеуметтік
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен iconЖоба тұрғын үй көмегін көрсету
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен iconЖоба «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының
Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына және «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен iconЖоба қызылорда облысы, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасын
Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен icon«Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен iconЖоба кезектен тыс жиырма бесінші сессия Тұрғын үй көмегін көрсетудің
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңдарына, және «Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен iconСалыстырмалы кесте «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы №86 шешіміне...
Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен icon«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы №86 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасына

Қызылорда облысы сырдария аудандық МӘслихаты шеші м жоба тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен icon2012 жылғы 19 қарашадағы кезектен тыс 9-сессиясының №64 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы