Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары icon

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары



НазваниеӘлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
Дата конвертации18.08.2013
Размер154.88 Kb.
ТипДокументы
источник


Сырдария аудандық мәслихатының

2013 жылғы «___» «__________»

№ _____________шешімімен

бекітілген


Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың
қағидалары



1. Осы Сырдария ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.

2. «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілетті орган) болып табылатын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек бюджеттiк бағдарламасына сәйкес және аудан бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.


^ 1. Жалпы ережелер


3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

6) жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган;

7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын аудандағы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

9) уәкiлеттi ұйым – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;

10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;

12) тұлдыр жетiмдер – бiр немесе екi ата-анасынан айырылған балалар;

13) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғыз басты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар.

4. Осы қағидалардың мақсаттары әлеуметтiк көмек ретiнде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек болып табылады.

5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының  20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының  16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.

6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.


2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау

және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу

тәртiбi


7. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:

1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетталардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар;

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдар;

5) зейнет жасына жеткен адамдарға, атап айтқанда:

Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтар, «Отан», «Даңқ», «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған азаматтар;

облысқа ерекше еңбегі сіңген азаматтар;

бөгде біреудің көмегін қажет ететін 80 жастан асқан жалғыз басты зейнеткерлер;

6) мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушілерге, үйден оқытылатын мүгедек балаларға;

7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

8) көп балалы отбасыларға, атап айтқанда:

«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ бiрiншi және екiншi дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

9) балаларға, оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне;

10) күнкөрісі төмен азаматтарға;

11) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысымен ауыратын азаматтарға;

12) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан білім алушы студенттерге, атап айтқанда:

бала жасынан мүгедектер, мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі адамдар;

тұлдыр жетімдер, сонымен бірге ата-анасының бірінің қамқорлығынсыз қалғандар;

балалар үйінің түлектері;

білімді және дарынды балалар;

ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын;

ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын;

төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

оралмандардың отбасылары;

13) өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтарға, олардың еркіне байланысты емес себептерден дүлей зілзала сияқты (өрт, су тасқыны) және басқа да табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайы орын алғанда көрсетіледі.

Адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

3) жетімдік;

4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалу;

5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен шарттасатын организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

6) әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

7) мүгедектік;

8) күнкөрістің төмен болуы;

9) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздемелер болып табылады.

Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде аудандық мәслихат бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.

8. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.

9. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

10. Әлеуметтік көмек мөлшері.

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет.

1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетталардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай:

саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

11. Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек жылына бір рет:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетталардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар, Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

12. Жекелеген санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте жүруі үшін әлеуметтік көмек ай сайын:

1) Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, «Отан», «Даңқ», «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған азаматтарға – 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) облысқа ерекше еңбегі сіңген азаматтарға – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) бөгде біреудің көмегін қажет ететін 80 жастан асқан жалғыз басты зейнеткерлерге – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

13. Мүгедек балаларды үйде оқытуға әлеуметтік көмек білім беру кезеңіне табыстарын есепке алмай, тоқсан сайын - 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

14. Өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек, жылына бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

15. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысымен ауыратын, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек алты ай көлемінде ай сайын - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

16. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет, білім беру ұйымдарына нақты жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге көрсетіледі.

17. Тұрғын үйі өртенуі, судың астында қалуы, бұзылуы және басқа да төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар азаматтарға әлеуметтік көмек, жылына бір рет, әрбір отбасы мүшесіне – 40 айлық есептік көрсеткіш, бірақ шекті шамасы отбасына жалпы жиынтығы 150 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.


^ 3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi


18. Атаулы күндер мен мереке күндерiне, жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша аудан әкімдігі бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.

19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

3) «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысының 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

20. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

21. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

22. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысының 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

23. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

24. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

25. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

26. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

27. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысының 17 және 18-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

28. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

29. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.

30. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

31. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.


^ 4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн
негiздемелер



32. Әлеуметтiк көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

33. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.


5. Қорытынды ереже


34. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.




Похожие:

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconЖоба Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары icon1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін бекіту туралы
Икасы Заңының 31-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconБейнеу ауданындағы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасын бекіту туралы
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету,оның мөлшерін...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconЖоба ХХVІІІ сессия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек...
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары iconКезекті он тоғызыншы сессия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы