Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың icon

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың



НазваниеҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
страница9/11
Дата конвертации20.06.2013
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТжКБ-да оқыту беделін арттыру

ТжКБ жүйесінде оқытудың тартымдылығы мен беделділігін арттыру

үшін:

əлеуметтік-педагогикалық қызметтер жоқ ТжКБ оқу орындарының

жанынан мансаптық басшылық орталықтары (білім беру ұйымдарының

құрылымдық бөлімшелері) құрылады;

білім алушылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы

пəн оқытушыларының арасында «Үздік оқу орны», «Ең үздік маман»

республикалық конкурстары өткізіледі;

үздік білім алушылар халықаралық кəсіби шеберлік конкурстарына

қатысатын болады.

Өнертапқыштық

жəне

өнертабыстық

қызметке,

техникалық

шығармашылыққа бейім талантты білім алушылар анықталады жəне

оларға қолдау (гранттар мен жұмыс берушілердің атаулы стипендиялары,

жұмыс берушілер ұйымдастыратын жəне қаржыландыратын конкурстар

арқылы) көрсетілетін болады.

Жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін еңбек нарығындағы бос

орындар базасымен өзара байланысты сертификатталған түлектердің

дерекқоры құрылатын болады.

ТжКБ-ны дамыту жөніндегі республикалық, өңірлік жəне салалық

кеңестердің өзара іс-қимылы ТжКБ-ны дамытуға, кадрлар даярлауға жəне

білім ұйымы, кəсіпорын мен студент арасында келісім жасау арқылы

жұмысқа орналастыруға бизнес пен кəсіби қоғамдастықтың белсенді

қатысуын қамтамасыз етеді.

2020 жылға қарай:

Кадрларды ұлттық біліктілік жүйесі негізінде даярлау толықтай еңбек

нарығының сұраныстарына сəйкестендіріледі.

Оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары

замауи оқу-өндірістік жəне технологиялық жабдықтармен, ақпараттық тех-

нологиялармен жарақтандырылады.


41




Кəсіпорындардың нақты сұраныстарын ескере отырып, кооперативтік

оқыту кең түрде енгізіледі.

ТжКБ оқу орындарындағы оқыту жастар үшін тартымды жəне беделді

болады.

Бизнес пен кəсіби қауымдастық ТжКБ-ны дамытуға жəне кадрлар

даярлауға белсенді қатысады.

Экономика салаларында жұмыс берушілердің қатысуымен біліктілікті

сертификаттаудың тəуелсіз орталықтары жұмыс істейтін болады.


^ Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім


Мақсаты:

Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму

міндеттерін жəне жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жəне

білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай келетін жоғары

білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу.


Міндеттері:

1. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай

келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен

қамтамасыз ету.

2. Жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету.

3. Білімнің, ғылымның жəне өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік

меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай

жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми-педагог кадрларды даярлау.


^ Нысаналы индикаторлар:

Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тəуелсіз бағалаудан

бірден өткен жоғары оқу орындары түлектерінің оған қатысқандардың жал-

пы санынан үлесі (2020 жылы – 80 %).

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің

мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген жылы жұмысқа

орналасқанының үлесі (2015 жылы – 78 %, 2020 жылы – 80 %).

Əлемнің таңдаулы университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақ-

станның жоғары оқу орындарының саны (2015 жылы – 1, 2020 жылы – 2).

Халықаралық стандарттар бойынша тəуелсіз ұлттық институционалды

аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 50 %,

2020 жылы – 65 %).

Халықаралық

стандарттар

бойынша

тəуелсіз

ұлттық

мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі

(2015 жылы – 20 %, 2020 жылы – 30 %).

Отандық ғылыми зерттеулердің нəтижелерін өндіріске енгізудің

негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық қызметті

жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 2 %, 2020

жылы – 5 %).

Соңғы 5 жыл ішінде импакт-факторлы ғылыми журналдарда жария-

ланымдары жарық көрген профессор-оқытушы құрамының жəне ғылыми

қызметкерлердің үлесі (2015 жылы – 1 %, 2020 жылы – 5 %).



42




^ Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына

сəйкес келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар

кадрлармен қамтамасыз ету

Мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы үдемелі

индустриялық-инновациялық дамудың сұраныстарына сəйкес өзгертілетін

болады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан əрі – ҮИИДМБ)

басымдықтарына сəйкес келетін мамандықтар бойынша мемлекеттік білім

беру тапсырысы ұлғайтылады.

Білім ұйымы, кəсіпорындар мен ҮИИДМБ жобалары үшін мамандар

даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсы-

рыс бойынша оқитын студенттермен практикадан өту жəне жұмысқа орна-

ласу жөнінде шарттар жасалатын болады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға

мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі: магистратурада жəне PhD

докторантурада, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін ұлғаяды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша стипендиаттардың

100 %-ы магистратурада, докторантурада, ғылыми тағылымдамаларда

оқитын болады, бакалавриатта – бір семестрден академиялық бір жылға

дейін.

ЖОО-ның кафедрааралық байланысы негізінде жоғары жəне жоғары

білімнен кейінгі білімді мамандар даярлау қарастырылады.

Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық жəне техникалық

мамандықтардың студенттеріне өндірісте кеңейтілген практика енгізілетін

болады.

ЖОО-лар базасында ғылымды қажетсінетін өнімдер мен қызметтер

жасау үшін ЖОО-лардың, бейінді ғылыми ұйымдар мен кəсіпорындардың

консорциумдары құрылатын болады.

Əлеуметтік əріптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшін гранттар мен

стипендиялар (ҮИИДМБ-дің əр жобасынан 5 грант/стипендия) бөледі.

ҮИИД-ің жобаларын іске асыратын кəсіпорындарда өндірістік практика

базалары құрылатын болады.

^ Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің

параметрлеріне сəйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық

аймаққа кірігуін қамтамасыз ету

Болон процесінің шеңберінде мынадай міндетті, ұсынымдық

параметрлері орындалады:

академиялық еркіндік – білім беру бағдарламаларының құрылымы мен

мазмұнында таңдау бойынша компонент көбейеді: бакалавриатта 70%-ға

дейін, магистратурада 80%-ға дейін, докторантурада 90 – 95%-ға дейін;

Болон декларациясы принциптерінің бірі ретінде академиялық

ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер оқудың барлық кезеңінде

кемінде бір академиялық мерзімде шетелде оқытылады, оның ішінде

Президенттің «Болашақ» бағдарламасының гранты есебінен;

ЖОО-лардағы тəрбие жұмыстарын күшейту;

сыбайлас жемқорлық деңгейін едəуір төмендету;

ЖОО-лардың академиялық, қаржылық жəне басқарушылық қызметінде

ЖОО-лардың автономдық ұстанымдары іске асырылады;


43




12 жылдық білім беруді іске асыру шеңберінде бакалавриаттың білім

беру бағдарламаларының құрылымындағы жалпы білім беретін пəндер

циклінің үлесі 25 %-дан 15 % -ға дейін азаяды;

еңбек нарығының сұраныстарына арналған еліміздің жоғары оқу

орындарының білім беру бағдарламаларының икемді əрекет ету тетігі

енгізіледі – модульдік білім беру бағдарламалары əзірленеді;

Болон процесінің жəне академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.

Еңбек жəне жұмыспен қамтудың уəкілетті органымен бірлесіп, салалық

министрліктер мен жұмыс берушілердің қатысуымен Ұлттық біліктілік

жүйесі құрылады:

білім берудің түрлі деңгейлеріндегі қазіргі біліктіліктер ұлттық жəне

халықаралық еңбек нарықтарында танылатын көпдеңгейлі біліктілік

жүйесіне біріктіріледі;

жұмыс берушілер бірлестіктері нақты мамандықтар шеңберінде

біліктілік талаптарына сай келетін кəсіптік стандарттарды əзірлейді;

мамандардың кəсіби дағдылары мен біліктіліктерінің сапасын тəуелсіз

бағалау мен сертификаттау жүйесі енгізіледі.

ЖОО-лар əзірлеген білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік

жүйесі талаптарына сай келетін болады.

Білім беру бағдарламаларын іске асыруға жəне ғылыми-зерттеу

қызметін жүзеге асыру көлеміне байланысты мынадай республиканың

ЖОО жіктеуішінің жүйесі құрылады: ұлттық зерттеу университеттері,

ұлттық жоғары оқу орындары, зерттеу университеттері, университеттер,

академиялар мен институттар.

Назарбаев Университеті моделі негізінде білім, ғылым, қаржы,

халықаралық жəне басқа қызметті жүзеге асыруда дербес болу деп

түсіндірілетін жоғары оқу орындары автономиясының принциптері

əзірленетін болады. Мемлекеттік ЖОО-лар автономды коммерциялық емес

ұйымдар болады. Сонымен қатар ЖОО-лар есеп беруге тиісті қамқоршылық

кеңестер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметі айқындалатын

тетіктер құрылады. Мемлекеттік ЖОО-лар үшін ректорларды тағайындау

тетігі жетілдіріледі.

Еліміздің ЖОО-ларына кезең-кезеңімен автономия беру үшін

жағдайлар жасалады. 2015 жылдан бастап автономия ұлттық зерттеу

университеттеріне, 2016 жылдан бастап – ұлттық жоғары оқу орындарына,

2018 жылдан – қалған жоғары оқу орындарына беріледі.

2016 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың

басым салаларының салалық біліктілік шеңберіне сəйкес білім беру

бағдарламаларын əзірлеу жұмысы жалғастырылатын болады.

^ Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін

қамтамасыз ету

Уəкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу ұйымдары жоғары

оқу орындарын аккредиттеуді жүргізеді.

2020 жылға қарай ұлттық аккредиттеу органдары Аккредиттеу

агенттіктерінің тізіліміне енеді (Еуропалық сапаны қамтамасыз ету

агенттіктерінің тізілімі).

2012 жылдан бастап аккредиттеуді коммерциялық емес үкіметтік емес

аккредиттеу агенттіктері жүзеге асырады.

ЖОО-ын ұлттық аккредиттеуден өтуге уəждейтін шарттар əзірленеді.


44




Атап айтқанда, Уəкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде

институционалдық жəне арнайы аккредиттеуден өткен ЖОО-лар аккре-

диттеу мерзімінде аккредиттеу бағдарламалары бойынша мемлекеттік

аттестаттаудан босатылады. Олар өзіндік үлгідегі дипломдар бере ала-

ды, анағұрлым жоғары деңгейдегі бағдарламаларды іске асыра алады,

мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыта алады.

2015 жылдан бастап ЖОО мен колледждер үшін мемлекеттік аттестат-

тау ұлттық институционалды аккредиттеуге толық ауысады. Мемлекеттік

бақылауды мемлекеттік органдар лицензиялық тексерістер нысанында

жүзеге асырады.

Ұлттық ЖОО-лар ұлттық аккредиттеумен қатар халықаралық

мамандандырылған аккредиттеуден өтеді.

Қазақстандық ЖОО-лардың 65%-ы халықаралық стандарттарға сəйкес

тəуелсіз ұлттық институтционалды аккредиттеуден өтеді. Сонымен қатар

ЖОО-лар тəуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтетін бо-

лады.

Ұлттық тəуелсіз рейтингтер өткізуде мемлекеттік қаржылық қолдау

көрсетіледі.

Қазақстанның ЖОО-лары əлемнің үздік университеттерінің рейтингіне

қатысады. Кемінде екі ЖОО əлемнің үздік университеттерінің рейтингінде

аталады.

ЖОО-ның

қамтамасыз ету

материалдық-техникалық

базасын

дамытуды

2014 жылдан бастап жыл сайын оқу-зертханалық базасы жаңартылатын

ЖОО-лардың үлесі 10 %-ға көбейеді. ЖОО-лардың

материалдық-

техникалық базасын дамыту үшін мемлекеттік-жеке əріптестік есебінен

қаражат тартылатын болады.

Жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелері болатын 4

Орталық құрылады: Бизнес-инновациялық орталық (жоғары білім мен

инновациялар аймағы); Жұмысшы кəсібінің орталығы жəне Дəнекерлеу

орталығы; Тамақ технологиялары бойынша шағын цехы бар азық-түлік

қауіпсіздігі орталығы, конкурс негізінде Аудармашылар бюросы.

Оқу-əдістемелік құралдарды əзірлеу жəне оларды басып шығару,

оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару, ЖОО кітапханаларын қажетті оқу

əдебиетімен толықтыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық оқулықтармен

қатар таңдаулы шетелдік оқулықтар қолданылады, əсіресе экономикалық,

техникалық жəне жаратылыстану ғылымдары бойынша.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Похожие:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың iconБілім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат
Жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың iconОблыстық мектеп басшыларының секциясы
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда білім беру...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың icon«Жыл әдіскері» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің 2013 жылғы 23-26 қыркүйек айының аралығында білім басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының»
«Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының» ұйымдастыруымен «Жыл тәрбиешісі» облыстық конкурсы өтті
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың iconГеография мұғалімдерінің облыстық секциясы
«Жаратылыстану пәндерін оқыту сапасын арттыру – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың icon«Бекітемін» Павлодар облыстық білім беруді басқарудың «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының директоры С. Слямова
Павлодар облыстық білім беруді басқарудың Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының директоры С. Слямова
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың iconҚазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық және кәсіптік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы