|
«Көркем еңбек» пәнінің базалық білім мазмұны Кескіндеме Табиғат пен тұрмыстағы суық және жылы түстер, олардың адамға тигізетін әсері. Жылы және суық түстер – жылы түстердің заттарды жақындатқыш және үлкейткіш, ал суық түстің кішірейткіш және алыстатқыш қасиеттері. Негізгі түстер. Түстер реңктері. Суық және жылы түстер үйлесімділігіндегі реңктер. Түс реңктерінің аталуы. Бір түстің бірнеше реңктерін алу, қажетті реңкті алу. Қоршаған ортадағы түстік реңктер. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау. Көп түс реңктерін пайдаланып кескіндемелік және сәндік жұмыстар орындау. Кескіндемелік және сәндік өнер шығармаларына талдау жасау, жұмыстардағы түс реңктерін анықтау. Жақын түстер мен қарама-қарсы түстер. Қарама-қарсы түстердің қасиеттері. Жақын және қарама-қарсы түстер гаммасының эмоционалдық сипаты. Пейзажда, портретте, натюрмортта нақты бір эмоциялық күйді жақын және қарама-қарсы түстер гаммасы арқылы беру. Өң ұғымы. Қанық түстер. Қанық қара, қанық емес ашық түстер. Қанық және қанық емес түстердің (ашық және қара) эмоционалдық сипаты. Түстің жарыққа тәуелділігі. Таңертеңгі, түс кезіндегі, кешкі, түнгі түстер, ашық және бұлтты ауа райындағы түстер. Жұмсақ қарындаш техникасымен танысу. Осы техникада кескіндемелік жұмыстар орындау. ^ Композициядағы тік, көлбеу және көлденең сызықтардың белгілі бір көңіл күйді жасаудағы рөлі. Түрлі материалдар мен құралдар арқылы (түстер жиынтығы, тушь – қаламұш, тушь – бояу жаққыш, «құрғақ бояу жағу») орындалған белгілі сызық пен сызбалар – олардың материалдарының фактурасы мен текстураларын берудегі рөлі. Түрлі графикалық материалдар, айқындайтын сызықтар мен штрихтарды қолдана отырып, графикалық натюрморттар құрастыру. Симметрия туралы ұғым. Адам бет әлпетінің көрінісі (мимикасы және эмоциясы). Белгілі бір мимикадағы адам бет әлпетінің өзгерісін талдау (пішін мен сызықтың сипаттары). Адамның дене бітімінің құрылысы. Қозғалыстағы адамның денесінің кестелік суретін салу. Табиғатта кездесетін сызықтар мен пішіндер. Табиғаттағы түрлі нысандарды бақылау, сызықтарды, осы нысандардың пішіндерін талдау. Графикадағы өң ұғымы туралы. Графикада (сызық, штрих, гуашь, акварель көмегі арқылы) әртүрлі өң алу тәсілі. Бейнелеу өнеріндегі кеңістік. Кеңістікті бере білу тәсілі – сызықтық перспектива. Сызықтық перспективадағы сызықтың, өлшемнің рөлі. Пейзаждағы сызықтық перспектива. Сызық қозғалысы. Сызықтық перспективаны берудегі графикалық пейзаж. Тепе-теңдік ұғымы. Жануарлар бейнесін салудағы тепе-теңдік. Ойыншық нобайын жасаудағы тепе-теңдіктің ерекшелігі. Көлем берудегі сызықтың, штрихтың рөлі. Сызық және штрихтың көмегі арқылы затты көлемді етіп елестету. Гравюра және гравюра түрлері туралы қарапайым түсінік. Графикадағы қара және ақ түстердің өзара қатынасы. Ақ немесе қара түстердің басымдылығы бар гравюра жасау. Қаріптің айқындылық мүмкінділігі. Қаріптің айқындылығындағы сызықтың, таңбаның рөлі. Композиция Бейне. Нобай (эскиз) туралы ұғым. Бірнеше заттарды тік, көлденең, шаршы пішінге топтау. Композициядағы симметрия. Композициядағы тепе-теңдік. Пішіннің тепе-теңдігі, түстің тепе-теңдігі. Көпденелі және көпжоспарлы композиция. Көпденелі композициядағы негізгіні бөліп көрсету тәсілдері (өлшем, пішін, түс, өң, таңбалардың бір-біріне қатысты орналасуы, амалдардың үйлесімділігі). Композицияның оқиғалық (сюжеттік) негізі. Басты нысанды бөліп көрсету арқылы көпфигуралы композиция жасау (түрлі тәсілдер). Ашық және жабық композиция. Иллюстрациялау өнерімен танысу. Қамырдан ойыншық-сувенир нобайын құрастыру. Статистикалық және динамикалық композиция. Қозғалысты берудегі ашық және жабық композицияның рөлі. Композицияда қозғалысты беру тәсілдері. Суретшілердің шығармаларын талдау. Қозғалыс арқылы көпфигуралы композицияны орындау. Композицияда қарама-қарсы түстерді пайдалану (өлшем, пішін, түс, өң, көлем және жазықтық, эмоционалдық күй). Қарама-қарсы түстерді қолданып композиция жасау. ^ Халық шеберлерінің шығармашылығындағы өсімдік тектес өрнек түрлері (қазақ ұлттық қолөнеріндегі, Хохлома, Жостово шеберлерінің жазбаларындағы өсімдік тектес өрнектер және т.б.) Өсімдік пішінін оқып-үйрену. Пішінмен жұмыс жасау. Өрнектегі симметрия. Жолақта өсімдік өрнегін құрастыру. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Өрнекті оюдың негізі ретінде ұғыну. Қазақ оюындағы негізгі өрнектер. Жаңа жылға арналған түрлі-түсті қағаздардан жасалған ойыншықтар. Ойыншықтың түрлеріне қарай ерекшеліктері. Пішінді кішірейту. Ойыншықтардың айқындылығын анық көру үшін тепе-теңдікті өзгерту. Түстік шешім. Түрлі-түсті қағаздан көлемді ойыншықтар дайындау. Халықтық кәсіпшілік түрлерімен танысу. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы шығармашылығы. Киіз үй – қазақ халқының дәстүрлі тұрғын-жайы. Киіз үйдің құрылымдық ерекшеліктері, ішкі жасаулары. Сәндік-қолданбалы шығармашылықтың жарқын көрінісі болып табылатын қазақтың тұрмыстық заттары. Қазақтың қарапайым ою-өрнектерін құрастыру. Табиғи материалдарды қолдану арқылы қамырдан ойыншық-сувенирлер дайындау. Киімнің адам өміріндегі рөлі. Түрлі халықтардың олар өмір сүрген дәуірдегі киімдері. Қазақтың ұлттық киімінің ерекшеліктері. Сандыққа салынатын оюлар, өрнектерді қазіргі кездегі бұйымдарда қолдану. Мүсін Мүсін түрлері. Мүсін өнерінің белгілі шеберлері. Мүсіндегі пішіннің айқындылығы. Мүсіншіге қажет материалдар. Геометриялық дене туралы ұғым. Ермексаздан геометриялық дене жасау және оларды нақты заттармен ұқсастыру. Геометриялық денелерден ертегілік, қиял-ғажайып кейіпкерлерінің, адамдардың бейнелерін құрастыру, табиғи, жасанды материалдар қолданып ермексаздан мүсіндеу. Жануарлар бейнесін әшекейлеу тәсілдері – ұсақ бөлшектермен сәндеу, ермексазға тырнап таңба түсіру арқылы бейне жасау. Шетелдің және Қазақстанның әйгілі мүсін ескерткіштерімен танысу. Дизайн Суретші-дизайнер деген кім? Дизайн принциптері. Ерекше механизмдердің нобайын жасау (жұмыс агрегаттары, роботтар, алтыбақан және т.б.). Пішінмен жұмыс – белгілі бір пішін негізінде жаңа пішінді құру – қиын пішінді құрайтын бөліктерін белгілеу. Пішінмен жұмыс – (бөлімдер арақатынасының өзгеруі, сызық сипаттамасы, бөлшектерді қосу арқылы тарту, дөңгелектеу, қабыстыру) пішінді өзгерту. Сәулет Сәулет деген не? Сәулетші дегеніміз кім? Сәулет өнерінің негізгі принциптері. Сәулет өнерінің әлемдегі белгілі тарихи және қазіргі заманғы ескерткіштерімен танысу (Египет пирамидасы, Колизей, Тәж-Махал, Василий Блаженный соборы, Кремль, Эйфель мұнарасы және Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі6 т.б. – мұғалімнің тандауымен). Сәулет өнерінің стильдерімен танысу. Романдық және готикалық стильдер. Азияның орта ғасырлық сәулет өнері. Ұлы Жібек жолындағы қалалар. Пейзаж Пейзаж жасау әдістері (қиял бойынша, есте сақтау бойынша, көру бойынша). Кескіндемелік, графикалық, сәндік пейзаж. Пейзажда жыл мезгілінің көрініс табуы. Пейзаждағы кеңістік. Пейзаждағы сызықтық перспектива. Графикалық пейзаждағы сызықтың, таңбаның рөлі, қара, ақ, сұр түстердің үйлесуі. Сызықтық перспектива беру арқылы графикалық пейзаж (ашық және жабық композициялар) жасау. Пейзаждың даму тарихы. Суретші-импрессионистердің пейзаж дамуындағы рөлі. Өзге жанр шығармаларында пейзаждың болуы (В.Суриков, П.Брейгель, Б.Кустодиев, И.Крамский). Натюрморт Натюрморт туралы түсінік. Натюрморт жасау тәсілдері (қиялы, есте сақтауы, көруі бойынша). Кескіндемелік, графикалық, сәндік натюрморт. Натюрморттағы түстік шешімдер (жылы, суық гамма, жақын, қарама-қарсы). Натюрмортта көңіл күйді бейнелеу. Шетелдік және қазақстандық өнер шеберлерінің қылқаламынан шыққан натюрморттармен танысу. Натюрморт түрлері. Натюрморттағы заттар әлемі. Натюрморт құрастыру өнері. «Натюрморт» жанрының даму тарихы. Түрлі бейнелеу өнерінде берілген натюрморт. Бір натюрмортты түрлі техникада орындау – графикалық (фломастерлермен, тушьпен, қылқаламмен, және бояу жаққышпен); кескіндемелік – акварель, гуашь, жұмсақ қарындаш (локальды және түрлі өңдер, жылы, суық, жақын, қарама-қарсы, қанық және қанық емес гамма); сәндік натюрморт (оқушылардың таңдауы немесе карточка бойынша), түрлі материалдардан (қағаз, мата) коллаж жасау. Портрет Портрет жасау тәсілдері (қиялы, есте сақтауы, көруі бойынша). Портреттің кескіндемелік, графикалық, сәндік, мүсіндік шешімі. Портреттегі көңіл күй (шетелдік және қазақстандық өнер шеберлерінің портреттері). Сызық пен пішін сипатын өзгерту арқылы берілетін адамның бет әлпетінің мимикасы. Адамның бет әлпетінің әсерлілігі туралы. Портреттің мерекелік, камералық, автопортрет, топтық түрлері. «Мен автопортретіме қарасам...» атты ойлау-сабағы. Әйгілі суретшілердің (Рембрандт, Ван Гог, Крамский және т.б.) автопортреттері туралы. Портрет түрлері. Суретші мен үлгінің өзара қатынасы. Суретшілердің үлгілерге түрлі қөзқарасы. ^ Суретші-анималистің суреттеу құралдары. Жануарларды кескіндемелік, графикалық, мүсіндемелік, сәндік тұрғысынан бейнелеу. Ертегі жануарлары. Ертегі жануарларының бейнесін жасау. «Көркем еңбек» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Бастауыш сыныптарды аяқтаған оқушы:
Сонымен қатар:
^ «Көркем еңбек» пәні – кіріктірілген пән, ол бастауыш сыныптарға арналған «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің базалық мазмұнын қамтиды. «Көркем еңбек» пәні «Өнер» білім саласына енеді. «Көркем еңбек» пәнінің мақсаты:
Жоғарыда аталған мақсаттар келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
Құзыреттіліктер. Бастауыш сыныптарда көркем еңбек пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы қажет. Тұлғалық құзыреттілік:
Коммуникативтік құзыреттілік:
Ақпараттық құзыреттілік:
– қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа халықтардың және әлем халықтарының өнері туралы мәліметтерді жинақтай алады. Эстетикалық-технологиялық құзыреттілік:
Экологиялық құзыреттілік:
«Көркем еңбек» пәнінің базалық білім мазмұны Суретшілер нені және қалай қолданады? Жұмыс барысында қолданылатын материалдардың ерекшеліктері (бояу, қылқалам, тушь, бор, әртүрлі қағаз, табиғи материалдар). Акварель бояулары және гуашьпен жұмыс істеу ерекшеліктері. Көркем өнердің түрлері мен жанрлары, олардың өмірмен байланысы. Қазақ және шетел суретшілерінің жеке шығармаларымен танысу. Қазақ және Қазақстанда тұратын халықтардың көркем өнерінің байлығы мен әртүрлілігі туралы түсінік. Сурет, кескіндеме – сәндік-қолданбалы өнердің негізі. Бейнелеу тілінің негізі: сурет, түс, композиция, пропорция. Сурет, аппликация, көркем бұйымдарда өз ойын жүзеге асыруда көркем тәсілдерді таңдау және қолдану. Түс, реңк, композиция, кеңістік, сызық, штрих, дақ, көлем, материал, ою-өрнек, құрастыру көмегімен шығармашылық жұмыстарда (кескіндеме, графика, мүсіндеме, сәндік-қолданбалы өнер) көңіл-күйді беру. Негізгі үш түс. «Жылы», «суық» түстер туралы түсінік. Адамды қоршаған тұрмыстық заттардың моделін құрастыру. Түрлі көркем техниканы және материалдарды (коллаж, аппликация, қағаз, гуашь, акварель, пастель, бор, қарындаш, фломастер, ермексаз, саз, табиғи және қолда бар материалдар) қолдану. Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеу қауіпсіздігі. Өз жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру. Көркем өнердің музыка, әдебиет, театр, киномен өзара байланысы. Суретшілер туралы мәлімет. ^ Сабақта жұмыс істеу ережесі және көркем өнер сабағына қажетті материалдармен танысу. «Пішін» түсінігімен танысу. Түс туралы алғашқы түсінік. Жақын және қарама-қарсы түстер гамма. Пішін мен бейненің байланысы. Үйлесімділік. Табиғаттағы сызық. Жазықтықта бейнелеу. Жазықтықтағы сызық. Түрлі көркем техника мен тәсілдер. Бояуларды қолдану. Оларды араластыру арқылы жаңа түстер алу жолдары. Ермексаз, қағаз, қатырма қағаз, саз, гуашь және басқа да материалдармен жұмыс істеу түрлері. Сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнердің негізімен танысу, қысқаша мәлімет. Архитектура және дизайн туралы қысқаша мәлімет. Дизайнер жұмысымен танысу. Қағаз, қатырма қағаз және басқа да материалдардан табиғи нысандарды құрастыру және оны әшекейлеу. Модельдеу. Ұжымдық модельдеу жұмысы. Көрмеге қойылатын жұмысты безендіру тәсілімен танысу. Көрме, мұражайларға топсеруен. Түрлі көркем материалдар мен тәсілдерді қолдану. Сурет салу, әшекейлеу, құрастыруға арналған құрал-материалдарды таңдау, қауіпсіздік техникасы мен жеке гигиенаны сақтау ережелері. Жұмыс орнын ұйымдастыру. ^ Аппликация туралы мәлімет. Аппликацияны құрастыруда композиция (ырғақ, тепе-теңдік, түс, сюжет) тәсілін қолдану. Дайын трафарет бойынша аппликация құрастыру. Аппликация тәсілімен түрлі көркем жұмыстар орындау: ою-өрнектер, картиналар, тақырыптық, сюжеттік аппликациялар. Графика туралы түсінік. Көркемдеу құралдары (қылқалам, қауырсын, таяқша және т.б.), көркем тәсілдері (сызық, штрих) мен техниканы (бояу) қолдану. Мүсіндеу материалдарымен танысу. Мүсіншінің жұмыстары туралы мәлімет. Анималистік жанр туралы түсінік. Халық кәсіпшілігі туралы қысқаша мағлұмат. Үлгі тақырыптар: 1. Күзгі жапырақ. Күзгі бояу. 2. Туған өлке жануарлары. 3. Ертегілер кейіпкерлері. 4. Оригами техникасы негізінде жануарлар бейнесін құрастыру. 5. Хайуанаттар паркі. 6. Қала. 7. Бізді қоршаған әлем. 8. Ғажайып жануарлар мен құстар. 9. Көбелектер мен гүлдер. 10. Қиял-ғажайып қаласы. 11. Жағымды және жағымсыз ертегі кейіпкерлері. 12. Наурыз мерекесі. 13. Табиғаттағы құбылыстар. 14. Көктемгі күн. 15. Гүлдер әлемі және т.б. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Бастауыш сыныпты бітірген оқушы меңгеруі қажет:
«Технология» білім саласы «Технология» білім саласы «Технология» пәнінің мазмұнын қамтиды. Технология «Технология» пәнін оқытудың мақсаты – шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың еңбек дағдысын дамыту, көркем еңбекке қызығушылықтарын арттыру. «Технология» пәнін оқытудың міндеттері: – еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға беру, түзету, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру; – оқушылардың қарапайым құралдармен және түрлі материалдармен жұмыс істеу біліктіліктерін, пәндік-практикалық дағдыларын қалыптастыру. Құзыреттіліктер. Бастауыш сыныптарда технология пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мәселені шешу құзыреттілігі:
Технологиялық құзыреттілік:
Ақпараттық құзыреттілік:
Коммуникативтік құзыреттілік:
Экологиялық құзыреттілік:
«Технология» пәнінің базалық білім мазмұны Табиғи материалдан құрастыру Табиғи материалдар туралы мәлімет. Қолданылатын материалдардың қасиеті. Табиғи материалды жинау және сақтау (ағаштың жапырағы, бүрi, жаңғағы, бұтағы, майда тас). Тастан, ұлу қабыршағынан, тұқымнан мозаика құрастыру. Композиция негіздері: өлшем үйлесiмi, симметрия, асимметрия, қимыл-қозғалысты бере бiлу (бейнелеу өнері курсынан). Ермексаз, жіп және сым көмегі арқылы бұйым бөлшектерін біріктіру. Сабаннан, кендiр жiптен, кепкен өсiмдiктен ойыншық, заттар жасау технологиясы. Аппликация. Сюжетті аппликация. Симметриялы, асимметриялы бұйымдар орындау және оларды әсемдеу. Біріктіру тәсілдері. Бұйымдар бөлшектерін біріктіру түрлерін талдау және негіздеу. Табиғи материалдан құрастыру кезiнде еңбек қауiпсiздiгiн және жеке бас гигиенасын сақтау. Қағаз және қатырма қағаздан құрастыру жұмысы Қағазбен жұмыс түрлері (бүктеу, қаттау, ою, қию, желiмдеу). Зат бөлшектерi мен бұйымдарды қалып-үлгi және сызғыштың көмегiмен өлшеу. Қағаз бұйым бөлшектерiн бiр-бiрiне желiмдеу. Қағазбен жұмыс жасауды ұжым болып жоспарлау. Өрнек салу. Жиек өрнек түрлерi («сынық», «толқынды»). Геометриялық фигуралардан аппликация құрастыру. Күнделiктi және мерекелік бұйымдар. Әдемi заттардың ерекшелiгi. Қазақтың үй жиһаздары. Қолданбалы өнердегі белгілер. Сурет пен сызбаларды пайдалану. Шеңберде өрнек құру. Шеберлердің өрнектерді пайдалануы. Жолақтағы өрнектер. Қозғалатын қуыршақтар. Қағаз жолақшасы мен жалтырауық қағаздан ойыншықтар құрастыру. Қайық, қатырма қағаз қорабын, салпыншақ үлгілеу. Жаңа жылдық ойыншықтар құрастыру. Наурыз мерекесіне ұлттық өрнектермен безендірілген бұйымдар дайындау. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс жасау кезiндегi еңбек қауiпсiздiгi және оқушының жеке бас гигиенасы ережелерiн сақтау. Жұмыс орнын дайындау. Құралдар мен материалдарды пайдалану және оны күту ережесi. Модельдеу және құрастыру Сызық түрлерi мен олардың белгiленуi (түзу, толқынды-ирек, сынық); қағаздың түрлерi және оның қолданылу аясы; желiмдi пайдалану; қағазды бүктеу (негiзгi тәсiл, қыр түсiру) және оны қию. Модельдеу және құрастыру алгоритмi. Пластмасса, конструкторлар және «Лего». Оригами. Қатырма қағаздан үлгілеу. Қағаз жолақтарынан композиция құрастыру. Құрастыру және үлгiлеу технологиясы. Сызба-үлгiнi оқу. Модельдi сызба бойынша құрастыру және бөлшектеу. Жылжымалы және жылжымайтын бөлшектерді бiрiктіру. Қағаз және қатырма қағаздан шырша ойыншығын жасау. Өз қиялы бойынша бұйымдардың үлгісін құрастыру. Ұлттық бұйымдар үшін ою-өрнектер құрастыру. Мозаика құрастыру. Ұсақ тастардан мозаика құрастыру. Қозғалмалы бұйымдар құрастыру. Қозғалмайтын бөлшектердi бiрiктiру. Әртүрлi материалдан үлгі құрастыру. Ғарышқа ұшу тарихынан мәлiмет. Еңбек қауiпсiздiгi және оқушының жекебас гигиенасы ережелерiн сақтау. Көркем бұйым туралы Материал түрлерi. Әртүрлi материалдардың ерекшеліктерін салыстыру және өзiндiк қасиетiне қарай пайдалану. Материал таңдау. Олардың атауы (қағаз, мата, ермексаз, т.б.) мен қолданылу аясы. Ермексаз, желiм, жiп пен сымның құрамақ бөлшектерiн бiрiктiру қасиетi. Үлгi бойынша, графикалық сызба белгi және өз ойынан бұйым жасау технологиясы. Жобалау әрекетіне кіріспе. Ермексазбен мүсіндеу технологиясы. Үлгi және сурет бойынша жануарлар мен адам бейнесiн мүсiндеу техникасы. Жеке бөліктерді жапсырмалау. Қазақ және Қазақстанда тұратын басқа ұлт қолөнерінің ерекшеліктері мен айырмашылығы. Қазақ және Қазақстанда тұратын халықтардың қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарымен таныстыру. Тоқыма және басқа материалдар туралы мәлімет. Қиял-ғажайып әлемiнiң және ертегі кейiпкерлерiнің киімдерін қиялдау. Көркем бейне жасау үшін материалдарды үйлестіру. Дөңгелек пішіндегі жұмсақ ойыншықтар дайындау. Жобаны ұжыммен орындау. Қазақ және Қазақстанда тұратын халықтардың ою-өрнектерiнің ерекшеліктері туралы мағлұмат. Нобайды және схеманы оқу ережесі, оларды материалды өңдеу технологиясын жоспарлау кезінде пайдалану. Мата, баутаспа, жiп, сым түрлерi және олардың қасиетi. Материалды үнемдi пайдалану. Белгiлеу, пiшу, тiгу, кестелеу, моншақ-маржан бастыру арқылы бұйымды әрлеу. Шалма тiгiс, қайып-тiгу. Шашақ (пайдаланылуы, жасау технологиясы). Сым, жалтырауық қағаздан әсемдiк бұйымдар жасау. Үлгi, қиық, өлшем бойынша дайын бұйымдарды талдау. Қуыршақ театрымен танысу. Матамен жұмыс. Маталардың өңi мен астарын, өлшемін анықтау. Әртүрлі матаны пайдалана отырып, қиялы бойынша аппликация құрастыру. Әшекейлеу үшін қарапайым ұлттық ою-өрнектерді пайдалану. Сәндік өнер. Сәндiк өнер технологиясы туралы қысқаша мәлімет. Сызба үлгi бойынша моншақ-маржан тігу. Әшекейлеу үшін әртүрлі моншақ-маржан тастарын пайдалану. Дәстүрлі әшекейлеу. Қазақтың зергерлік бұйымдарындағы түстердің үйлесімділігі. Аппликация-фантазия құрастыру. Сымнан, таспадан бұйымдар жасау. «Технология» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Бастауыш сыныпты аяқтаған оқушы: – қолданылатын құралдар мен материалдардың атауын және қолдану аясын; – қазақтың және Қазақстанда тұратын халықтардың ою-өрнектерiнiң өзiндiк ерекшелiктерін; – еңбек қауiпсiздiгi және жекебасның гигиенасы ережелерiн сақтауды білуі тиіс. Сонымен қатар:
«Дене шынықтыру» білім саласы «Дене шынықтыру» білім саласы «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын қамтиды. ^ Дене шынықтыру пәнінің мақсаты – қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету жөніндегі білімге ие болу. Оқу пәнінің жалпы міндеттері: – денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық қасиеттерін дамыту; – дене шынықтыру, оның адам өмірі, денсаулығын нығайту, дамуы мен дайындығының маңыздылығы туралы жалпы түсінігін қалыптастыру; – жүру, жүгіру, секіру, жорғалау, лақтыру және жүзу бойынша өмірлік-маңызды дағдылары мен білігін жетілдіру; – негізгі физикалық қасиеттерін: күшін, жылдамдығын, төзімділігін, үйлесімділігі мен ептілігін дамыту; – дене тәрбиесі және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және әлеуметтік бағдарлау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы білімдерді игеру. Бастауыш білім беру сатысындағы «Дене шынықтыру» пәнінің міндеттері: – бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, ағзаны шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді қалыптастыру; – гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы және қозғалыс ойындарынан жаттығуларды орындауға және спорттық ойындардың техникалық іс-әрекетіне үйрету; – қозғалыс дағдыларын меңгерту, жүйке жүйесі мен тұтас ағзаны дамытуға көмектесу; – қозғалыс қабілеттерін дамыту; – дене шынықтыру және спорт саласы бойынша қажетті білімді меңгеру. Құзыреттіліктер. Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. ^ – бағдарламалық материалдарда қарастырылған білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Құндылық құзыреттілігі – әлем, Қазақстан және өзінің туған жерінің ұлы спортшыларының жетістіктері туралы білім беру, салауатты өмір салты туралы дағдысын қалыптастыру. ^ – үйге берілген тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйрету. Коммуникативтік құзыреттілік – дене шынықтыру сабағында спорттық терминдерді қолдана білу. Әлеуметтік құзыреттілік – өмірлік маңызы бар қасиеттерді дамытуға арналған жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды жеңе білу. «Дене шынықтыру» пәнінің базалық білім мазмұны Жеңіл атлетика Жүру. Жүгіру. Жүгіріп келіп ұзындыққа және биіктікке секіру. Лақтыру. Жүгіру техникасының элементтерімен танысу. Кішкене допты лақтыру техникасының элементтерімен танысу. ^ Баскетбол. Волейбол. Футбол. Ойын техникасы элементтерімен танысу. Доп ойнау дағдыларын меңгеру. Гимнастика Сапқа арналған жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығулары. Бір қатардан тұратын саптан екі қатардан тұратын сапқа ауысу. Еркін орындалатын жаттығулар элементтері бар акробатика. Гимнастикалық қабырғада тартылу. Секіру техникасы элементтерімен танысу. Ырғақты қозғалыс элементтері. ^ Мектептің шаңғымен жүруге арналған алаңында жаттығулар орындау. Шаңғымен сырғанау техникасы элементтерімен танысу. Жүзу Суда жүзуді меңгеруге арналған жаттығулар орындау. Жүзу техникасы элементтерімен танысу. Су бетіндегі ойындар. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Бастауыш сыныпты аяқтаған оқушы: – күн тәртібі мен жеке гигиена туралы;
Сонымен қатар:
|
![]() | 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) |
![]() | Білім үрдісі субъектісінің құзырлылығын қалыптастыру. Рамазанов З.Қ. Мм «№2 кешкі мектеп» рефлексивтік негіздегі оқУ Қызметін ұйымдастыру Білім беруді ізгілендіру- білім мазмұнын, оқытудың түрі мен әдістерінің мазмұнын өзгертуді туғызады | ![]() | Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту |
![]() | Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру Білім беруді ізгілендіру білім мазмұнын, оқытудың түрі мен әдістерінің мазмұнын өзгертуді туғызады | ![]() | Жарма ауданының білім бөлімінің құрылымы Бастауыш, негізгі және орта білім беру және 12 жылдық білімге көшу қызметі Г. Садыкова |
![]() | Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың... | ![]() | Ұлттық бірыңҒай тестке даярлаудағы мектептің ЖҰмыс жүйесі Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру |
![]() | А. Н. Толстой Елімізде болып жатқан саяси мемлекеттік, мәдени-этникалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр Білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалім мен оқушының субъектілік ұстанымының қалыптасу процесін басқару | ![]() | 17 орта жалпы білім беретін мектебінің тіркеу карточкасы Мектептің мақсаты – базалық білімдері негізінде оқушыларда өмірлік жоспарлауында және кәсіби алдағы жоспар құруларында кәсбиге дейінгі... |