|
«Бейнелеу өнері» пәні І. «Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудың мақсаты:
бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары арқылы әлемдік қайраткерлерінің туындыларына деген қызығушылығын дамыту. ^ :
ІІ. «Бейнелеу өнері» пәнінің базалық мазмұны. Теориялық мәліметтер. Графика. Табиғатта кездесетін заттардың құрылысын зерттеу. Табиғи симметрия, әртүрлі заттардың қалыптасуындағы симметрия түрлерінің анықталуы. Графика түрлерін меңгеру: станоктік (қолданыста жоқ суреттер, эстамп, лубок), кітап және газет-журналдық (суреттер, баспаға дайындау, безендіру және құрастыру), қолданбалы (өнеркәсіп графикасы, пошталық маркалар, экслибристер), плакат және коллаж. Графика тілі және оның негізгі айқындағыш белгілері: сызық, штрих, пішін, таңба және өң. Графика құралдары: тушь, фломастер, қарандаш, акварель, гуашь, пастель, көмір және т.б. Графиканың айқындағыш шығармашылық жағы: лаконизм (келте қайыру), образдың сыйымдылығы, графикалық құралдардың таңдалуы және үйлесімі. Графика жанрлары. Кескіндеме. Негізгі, қосымша және құрама (шығармашылық) түстер. Жарық және өң (түс). Жарық үйлесімі. Түстердің үйлесімі, негізгі (жергілікті) түс. Жарық және көлеңке. Көзге түсер көрініс. Графика және кескіндеме шығармашылығындағы ерекшелік және байланыс. Қолданылатын құралдар мен бояуларға қарай кескіндемелердің түрленуі: майлы бояудағы, темпера бояуындағы, акварель бояуымен орындалған кескіндеме, гуашь бояуымен орындалған кескіндемелерді түсіндіру. Монументалды кескіндемеге тән: мозаика, витраж, фресканың ерекшеліктері туралы түсіндіру. Кескіндеме және оның түрлері: станоктік, монументтік және сәндік (орындаудың тәртібі және шығармашылық-образдық тапсырманың шешімі). ^ . Ою - өрнектердің түрлері: геометриялық, өсімдік тектес, дәстүрлі. Ою-өрнек элементтерін орындау кезеңдері. Қазақстанның сәндік – қолданбалы өнерінің шығу тарихы, дамуы, ұлттық ерекшеліктері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері: геометриялық, өсімдік тектес, жұлдыз, аң-құс бейнелі. Өрнек үлгілері бойынша түрлі ұлттың ою-өрнектерін меңгеру. Халық қолөнершілері мен кәсіпқой суретшілердің сәндік-қолданбалы өнер шығармаларындағы айырмашылықты көрсету. Мүсін. Қазақ халқының және әлемдік кәсіпқой мүсіншілерінің шығармалары туралы түсінік. Атақты кәсіпқой мүсіншілер. Мүсін түрлері: станоктік, монументальдық, монументальды-сәндік, ұсақ пластика, барельеф, горельефтік. Панорама, диорама. Дизайн. Дизайн элементтері. Жобалау негізі. Дизайн өнерінің бейнелеп – мәнерлеу әдістері (нүкте, сызық, фактура, көлемі, бейнесі, кеңістік, сыйымдылығы). Дизайн өнеріндегі композициялық принциптер (симметрия, асимметрия, тепе-теңдік, қимыл-қозғалыс). Дизайндағы үйлесімдік және контраст. Дизайндағы түстану негіздері. Сәулет. Шығыс және батыс ғимараттарының ерекшеліктері. Сәулеттің үш негізгі түрі: биік ғимараттар сәулеті (тұрғын үй, қоғамдық мекемелер: мектеп, театр, стадион, дүкен және т.б.), өнеркәсіп орындары (зауыт, фабрика, электрстанциясы және т.б.); ландшафтық сәулет: саябақтық алаң орындары (қалалық саябақ, бақ және «шағын» сәулеттендірілген саябақтар – орындық, фонтан, баспалдақтары бар). Қалақұрылысы: жаңа қалалар мен кенттер салу, ескі қаланы жаңарту жұмыстары. Суретші құралдары мен әдістерін меңгеру. Қарапайым суреттің сызбасын орындату, оны қаламұшпен немесе қылқаламмен штрих және дақпен бояту. Графикалық материалдардың құрылымын меңгеру. Кескіндеме жанрларының графика, мүсін жанрларынан ерекшелігін және оның орындалу әдістерін білуі. Миниатюралық жұмыстарды орындай білуі. Көргенді есте сақтауды және байқағыштықты дамыту. Бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларын талдау: мазмұны, сюжет, композициялық шешімі. Қоршаған ортаны, табиғаттың құбылыстарын, нысандарды бақылау. Суретшілердің және оқушылардың шығармашылықтарын талдау, өнер туралы өз-ойын білдіре алуға дағдысын дамыту. Шығармашылық ой-өрісті дамыту Шығармашылық ой-өрісті дамытуға бағытталған жаттығулар: бейнелеу өнерінің жанрларына байланысты және еркін тақырыптағы композициялық жұмыстарды орындай білуі. Музыкалық үзінділерді тыңдау арқылы композиция құрастыру. Бейнелеу өнер терминологиясын меңгеру. Бейнелеу өнер түрлеріндегі композициялық шығармаларды талдау: графика, кескіндеме, мүсін, сәндік -қолданбалы өнері, сәулет және дизайн. Өзіндік шығармашылық іс-әрекет Бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрлары бойынша композициялық заңдылыққа негізделген шығармаларды құру. Өнер түрлерін орындауда әр түрлі материалдар мен түрлі техникада орындай алуды меңгеруі. ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Оқушылар:
4.6 «Технология» білім саласы «Технология» пәні І. «Технология» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудың мақсаты: - еңбек іс-әрекетінде оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескеріп және қоғамның сұранысына орай білім, іскерлік, дағдыларын меңгеру; - шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру; - таңдаған еңбек іс-әрекетінің аймағы бойынша жоғары деңгейдегі құзыреттіліктерге жету; - адамның практикалық іс-әрекетіне байланысты тұлғаның мәдениетін қалыптастыру; - еңбек іс-әрекетіндегі сұранысын дамыту. Осыған байланысты оқушылардың бейіналды даярлық мәселесінің көкейкестілігі айқындалып, келесі негізгі мақсаттарды көздейді: - интеллектуалды, рухани және оқушының дене тәрбиесінің дамуы; - жоғарғы сыныптарда оқушының қызығушылығын, сұранысы мен мүмкіндігін ескеріп, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауға, оқыту бейінін таңдауға, көмектесу. - оқушыларды болашақ кәсіптік іс-әрекетімен таныстыру. Пәнді оқытудың міндеті: – жеке тұлғалық қызығушылықтарын шағын ұжым сұранысына сәйкестендіру сияқты басты құзыреттіліктерін қалыптастыру – шығармашылыққа деген қабілеттерін, рефлексивті ой-өрісін, өзіндік талдау мен өзіндік бағалау қабілеттерін дамыту; – тағамды безендіру, киімді модельдеу мен құрастыру барысында эстетикалық талғамын дамыту; – оқушыларды жекеленген проблемалық жағдайларды шешуге тарту арқылы топтық жұмыс түрлерін қолдану; – киім тігудің жаңа тәсілдері мен технологиялық операцияларын меңгеру; – шығармашылық жобаны орындау барысында практикалық біліктілік пен дағдыларын жетілдіру; – ұтымды пікір алмасу қажеттілігіне орай сыни ойлауын дамыту; – анық емес жағдайлардың шешімін табуға, проблемаларды болжай білу дағдылары, дұрыс шешім қабылдау, ұтымды шешімін таңдауға дайындау; – экология және кәсіби бағдар беру саласы бойынша білімдерін меңгеру; – әртүрлі қызмет түрлерін орындау барысында еңбек және технологиялық мәдениетін дамыту; – басты құзыреттіліктерді дамыта отырып арнайы және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру; – сөздік қорын толықтыру және оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту (арнайы терминдерін есте сақтау, технологиялық процесстер); – шығармашылық жобаны орындауда ғылыми білімдерін пайдалана білу; – адамның қызметінің әр саласында шығарылатын бұйымның нарықтағы қажеттілігін зерттеу. «Технология» (қыз балаларға арналған) І. «Технология» (қыз балаларға арналған) пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Пәнді оқытудың мақсаты:
Пәнді оқытудың міндеттері:
ІІ. «Технология» (қыз балаларға арналған) пәнінің базалық мазмұны. Тағам дайындау технологиясы. Тамақтану физиологиясы. Тиімді тамақтану. Дәрумендердің адам өміріндегі рөлі. Ұлттық тағамдар. Сүттен жасалған тағамдар. Асмәзірін құру. Қауіпсіздік ережелері. Жармадан жасалған тағамдар. Қазіргі заманауи ас үй құралдарын қолдану ережелері. Балықтың сақтау мерзімі және жағдайы. Ұннан жасалған өнімдер. Стол әзірлеу. Ішкі ережелер. Санитарлық-гигиеналық талаптар. Жұмыртқадан жасалған тағамдар. Бутербродтар. Ботқа. Балық және теңіз азық өнімдері. Ет және ет өнімдері. Азық дайындау. Үй концервілеу. Тәтті өнімдер. Еттің бөлінуі. Ыстық ет тағамдары. ^ Матаны өңдеу технологиясы. Тігін машиналарымен жұмыс. Мата құрылымы. Тігін машина түрлері. Киім және киімге қойылатын талаптар. Машинамен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережелері. Сызбаларды оқу. Өлшем алу. Жобалау. Алшалғышты моделдеу. Матаны өндіру технологиясы. Матаны пішуге дайындау. Өнімді технологиялық өңдеу. Тігін өнімдерді құрастыру және модельдеу (жейде, белдемше, көйлек, жакет, кеудеше). Тігін машинасын күту, тазалау және майлау. Малдан табиғи алынған мата талшықтары. Киімді жобалау және өндіру. Үстіңгі және астынғы жіптің тартылуы және машина тігісінің сапасы. Киімді өндіру ерекшелігі. Құрастыру және модельдеу. Өңдеу реттілігі. Ылғалды-жылу өңдеу. Мақта мата талшықтарын зерттеу. Машина тігістерінің түрлері. Киім үлгісін салудың негзгі кезеңдері. Матаны ылғалды жылылап өңдеу. ^ Киімді жөндеу. Киімді тазалау. Ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу. Шартты белгілер. (кір жуу, үтіктеу). Киімді қолмен жамау. Жамаулар (астарлау, жапсыру, сәндік жапсырма) Киімді күту ерекшеліктері (жүннен, жібек, тері, жұмсақ тері өнімдері). ^ Салауатты өмір құпиясы. Терінің типін анықтау. Теріні, шашты, тырақты күту ережелері. Жарасымды, сәнді шаш үлгісін таңдау. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі. Тұрғын үйдің сипаттамалық ерекшеліктері. Ішкі көрініс дизайны. Дизайнер міндеті. Үйде жайлы жағдай жасау. Дизайнер мамандығымен танысу. Үйді қолданбалы өнер туындыларымен безендіру. Жиһазды күту. Іш көріністегі бөлме өсімдіктері. Ішкөріністегі перде. ^ – өсімдіктану шаруашылығының саласы. Маңызды көкөніс дақылдары. Отырғызу. Күту. Топыраққа көшіріп отырғызу. Күнделік жүргізу. Тұқымдарды отырғызу. Қолданбалы сәндік өнер. Ілмекбізбен тоқу. Бізбен тоқу. Кестелеу. Кесте түрлері. Ұсақ моншақпен тоқу. Баудан жасалған өнімдер. Кілем тоқу. Ши тоқу. Киіз. Батик. ^ Отбасылық бюджет. Жинақтау. Кәсіптік қызмет технологиясы. Кәсіби өзін-өзі анықтау. Мамандық әлемінде бейімделу. Жоба. Жоба таңдау және негізін қалау. Жоба тақырыптары. Жобаның мақсаты мен міндеті. ІІІ. ^
«Технология» (ер балаларға арналған) пәні І. «Технология» (ер балаларға арналған) пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. ^ технологияны оқу оқушыларды рухани және материалдық құндылықтарды өндіретін заманауи өндірістің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға және олардың келешекте кәсіптік білім алуына және еңбек іс-әрекетіне қажетті даярлықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Оқытудың міндеттері:
ІІ. «Технология» (ер балаларға арналған) пәнінің базалық мазмұны. Еңбек қорғауы мен қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері. ^ Ауыл шаруашылығының негізгі салалары. Агроөнеркәсіп саласындағы мамандықтар. Егіншілік шаруашылығы. Мал шаруашылығы. ^ Машиналар мен механизмдер теориясы. Іштей жану қозғалтқыштар туралы қысқа мәліметтер. Іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптері. Қисық тізелі-шатунды механизм. Айналшақты-бұлғақты механизмнің негізгі бөлшектері мен тораптары. Төртырғақтық қозғалтқыштың жұмыс циклі. Құрылымдау материалдарын өңдеу саласына байланысты ең көп таралған мамандықтардың қысқаша сипаттамасы: темір шебері (токарь), фрезерлеуші, сайманшы (инструментальщик), тегістеп өңдіруші (шлифовщик). ^ Сызбалар, эскиздер мен схемаларды оқу және орындау. Өнімнің құрастырылуы мен жасап шығару жолы ретін көрсететін графикалық құжаттар. ^ Ағаш ұстасы мен балташы ісі. Қазіргі заманғы жиһаз өндірісі. Станоктар мен жабдықтар. Жасанды және табиғи ағаш материалдары. Ағаш өңдеу өндірісіне байланысты мамандықтар. ^ Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы. Ұлттық қолөнер мен кәсіптің дамуы.Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері. ^ Сәндік-қолданбалы өнерінде қолданылатын материалдар туралы жалпы мәлімет.Тері, ағаш, сүйек, темір, қыш, шыны, т.б.материалдарды өңдеу тәсілдері. ^ Сумен жабдықтау, арналық кәріз жүйелері мен сантехникалық құрал-саймандары элементтерін қарапайым жөндеу жұмыстары. Құлыпты ойып орнату. Терезе шыныларын орнату. Әрлеу жұмыстары. Сырлау және түсқағаз желімдеу жұмыстары. Құрылыс саласындағы мамандықтар. ^ Электрқондырғылар және олардың жіктелуі. Электр қауіпсіздігі. Электр тоғынан зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсету. Қазіргі заманғы өндіріс пен кәсіби және техникалық білім беру жүйесі. Кәсіптік және техникалық білім алу жолдары. Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері түрлері. Аймақтық еңбек және білім беру қызметінің нарығы. Кәсіптік іске заманауи талаптары. ^ Құрылымдау және іскерлік материалдарынан жеке тұлғаға немесе қоғамға маңызды бұйымдарын жобалау және жасап шығару. ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Оқушы:
білуі/түсінуі;
туралы түсінігі болуы;
меңгеруі:
4.7 «Дене шынықтыру» білім саласы «Дене шынықтыру» пәні І. «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. ^ – өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты себептер мен қажеттіліктерін және жеке гигиеналық тазалықтарын сақтау әдеттерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Оқытудың міндеттері:
ІІ. «Дене шынықтыру» пәнінің базалық мазмұны Теориялық мәліметтер. Бағдарлама үш тараудан тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру» (әрекеттік компонент) және «Дене шынықтыру дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар» (мотивациялық компонент). Жеңіл атлетика Жүгіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Жоғары және төменгі старт (сөре). Екпінді старт (сөре). 100 метр қысқа қашықтыққа жүгіру. Эстафеталық жүгіріс. Секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Биіктікке, ұзындыққа секіру кезіндегі жеке жылдамдық екпінін таңдау. Лақтыру техникасын бекітуге бағытталған арнайы жаттығулар. Екпіндей жүгіріп, 500 гр (қыз балалар), 700 гр (жігіттер) гранатаны толық үйлесіммен алысқа лақтыру. Гимнастика ^ Орнында тұрып айналу қимылдары. Оқушының жеке дене дамуы ерекшеліктерін ескеріп, оның дене мүсінін қалыптастыру, тыныс алу, дене салмағын реттеу, дене бітімі сымбатын дамытуға және гимнастиканың дәстүрлі емес түрлерін реттеуге арналған кешенді жаттығулар. Акробатика. Жеке физикалық және техникалық дайындықтарды ескере отырып, бұрын үйренген элементтері бойынша құрылған гимнастикалық комбинация. Хореография және ырғақты гимнастика элементтерімен бұрын меңгерген жаттығулардан тұратын еркін комбинация. ^ техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Белтемір; Қос сырық (ер балалар). Түрлі биіктікті сырық (қыз балалар). Бөрене. Тепе-теңдік жағдайындағы жаттығулар (қыз балалар). Арқанмен өрмелеу (ер балалар). Тартылып асылу. Қолмен іліне тартылып, күшпен тіреп көтерілу. Бұрын меңгерген жаттығуларды жетілдіру, еркін комбинацияларды құру және орындау. Жартылай отырып тірелу. Бір аяқпен серпіле айналу. Екі аяқты аша серпіле секіру. Тіреу орнын ауыстырып жасалатын жаттығулар: жүру, секіру, айналу түрлері; үйренген 3-4 кешенді (комбинациялық) жаттығулар. Екі арқанда аяқтың көмегінсіз өрмелеу; бір арқанда жылдамдықпен аяқтың көмегімен өрмелеу. Шаңғы дайындығы Шаңғымен жүру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығы жаттығулары. Сырғанай қадамдап, өрге көтерілу. Конькимен жүріс. Табиғи кедергілерден шаңғымен өту. Шаңғымен төмен ылдилау. Бүйірімен сырғанай, тірене тежеу. Шаңғы жарысының тактикалық элементтері. Кросс дайындығы Арнайы дене шынықтыру және техникалық дайындық жаттығулары. Кедергілер арқылы секіру, ойлы-қырлы жерлермен жүгіруді жүрумен ауыстыра отырып жүгіру, секіру, жүру, кросстық жүгіріс. Спорттық ойындар Футбол, Волейбол, Баскетбол, Гандбол Допты алып жүру, алаңдағы орын ауыстыру техника тәсілдерін бекітуге және жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығы жаттығулары. Ойыншының қорғаныс пен шабуылдағы жеке әрекеттері. Шабуылдағы және қорғаныстағы топтың және команданың техникалық-тактикалық әрекеттері. Қақпашының техникалық-тактикалық әрекеттері. Спорттық жаттықтыру ойындары. Топтың және команданың техникалық-тактикалық әрекеттері. Жүзу Жүзу жарыстарының тактикалық элементтері: сөре, арақашыққа күшін есептеп бөлу, алға шығу, мәреге жету. Үйренген тәсілмен (Кеудесімен құлаштап жүзу, шалқалай жатып жүзу, брасс) арақашықтыққа жүзіп өту. Ұлттық спорт түрлері. Мәдени-этникалық бағыттағы ойындар мен жаттығулар: «Тоғыз құмалақ». ІІІ. ^ Оқушылар:
Қорытынды Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық орта білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың өзгертілуін, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді. Негізгі орта мектепте оқу процесін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі таныту, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Оқушыларды болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдық қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі. Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып табылады және базалық білім беру бағдарламаларын аяқтауды және негізгі орта білім берудің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. Білім - қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың физиологиялық және психолого-педагогикалық ерекшіліктерін ескере отырып, келесі бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:
12 жылдық оқытудағы негізгі орта мектепте басқару, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, өзіндік және азаматтық құзыреттіліктер қалыптастырылады. 12 жылдық оқытудағы көшу жағдайында жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құнды бағыты ретінде оқу пәндері мазмұнын қазіргі заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Білім беру саласын ізгілендіру идеясы негізінде мектеп жұмысының мазмұнына өзгерістер енгізу болашақта білім берудің мақсат-мазмұнын, оқыту әдістерін жаңартуды талап етеді. Жаңа білім парадигмасы оқушыны оқу процесіндегі басты субъект ретінде қарай отырып, оның кең шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызу мен барлық оқу жүйесін өзгертуді қамтамасыз етуі қажет. |
![]() | 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | 12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) |
![]() | Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру Білім беруді ізгілендіру білім мазмұнын, оқытудың түрі мен әдістерінің мазмұнын өзгертуді туғызады | ![]() | Саран қаласы №6 орта жалпы білім беретін мектептің Негізгі және қосымша білім беру интеграциясы сараптамалық қызмет аясында біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру жағдайы |
![]() | «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Білім беру ұйымы – меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын... | ![]() | Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың... |
![]() | Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды «Бастауыш, негізгі орта жјне жалпы орта білім беруЄдіѕ жалпы білім беретін оќу баєдарламаларын іске асыратын білім беру ўйымдарына... | ![]() | Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына... |
![]() | Жарма ауданының білім бөлімінің құрылымы Бастауыш, негізгі және орта білім беру және 12 жылдық білімге көшу қызметі Г. Садыкова | ![]() | Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына... |