|
^ ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойлатын талаптар. Оқушылар: – жаратылыстану-ғылыми ұғымдарды, заңдарды, химия теориялары мен заңдылық қағидалары; практикалық қолданысы бар заттардың құрылымы, құрамы және қасиеттері; топтастыруды, жиынтықты, бейорганикалық және органикалық заттардың, кешенді құралымның; генетикалық байланысын; электролиттік диссоциацияның теориясын, қышқылдар және негіздер, органикалық заттардың құрылымын, ерітінділер концентрациясын анықтауы; заттардың жалпы алу жолдары; көмірсутектердің табиғи қорлары және оларды өңдеу; ерітінділер, газдар және қатты химиялық заттармен жұмыс істеу қауіпсіздік техника ережелері; қоршаған ортаны химиялық ластандырудан қорғау түрлері; қазіргі әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тануда, экологиялық қауіпсіз химиялық әдістермен қоршаған ортаны сақтау және қорғаудағы химияның рөлі мен мағынасын; заттарды және химиялық құбылыстарды танудың негізгі химиялық әдістерін, химияның эксперименталдық негіздерін; химиялық өнімдерінің өнеркәсіп өндірісі технологиясының негізгі ғылыми принциптерін; табиғатты тиімді пайдалануды, тұрмыстық химияны қолдану қауіпсіздігін; химиялық шикізаттардың табиғи ресурстарының кен орындарын, Қазақстанның өндірістік химиялық кешендерін білу тиіс; оқушылар: атомның құрамы мен құрылысын анықтауды; заттардың құрылысын, құрылымын және қасиеттерін; заттардың формулаларын құрастыруды, органикалық қосылыстардың изомерлері мен гомологтарының құрылымдық формулаларын құрастыруды; химиялық реакциялардың теңдеулерін; заттардың құрамын және қасиеттерін анықтауды, олар қосылыстардың белгілі бір класына қатыстылығын, заттардың салыстырмалы сипаттамасын беруді; бейорганикалық және органикалық химияда химиялық реакциялардың түрлерін айыруды; жану өнімдерінің сандық талдау деректері және массалары бойынша заттардың молекулярлық формулаларын табуға арналған есептеу тапсырмаларын шешуді; құралдар және химиялық реактивтермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне сәйкес химиялық эксперимент жүргізуді; химиялық зақымдану немесе улануда алғашқы көмек көрсетуді; қоршаған ортаға, өзінің және қоршаған жандардың денсаулығына ұқыпты қарауды, сабақта танысқан заттарды тұрмыста сауатты қолдана білуді меңгеруі тиіс; – түрлі факторлардың ықпалымен тепе-теңдіктің ығысу бағытын, изомерлер және гомологтарды; заттардың органикалық қосылыстардың түрлі кластарына қатыстылығын, молекулалардағы атомдардың өзара ықпалының сипатын, бейорганикалық және органикалық химиядағы реакциялардың түрлерін анықтауы тиіс; – химиялық s -, p - және d- элементтерді; ортақ химиялық қасиеттерді металл, бейметалл және олардың қосылыстарын; органикалық заттардың құрылымын және қасиеттерін сипаттауы тиіс; – периодтық жүйедегі орнына байланысты элементтер мен олардан туындайтын заттардың қасиеттерін; құрамы және құрылысына байланысты бейорганикалық заттардың қасиеттерінің тәуелділігін; химиялық байланыстардың пайда болу табиғаты мен тәсілдерін; әртүрлі факторларға байланысты химиялық реакцияның жылдамдық тәуелділігін, молекулалардың құрылысына байланысты органикалық қосылыстарының реакциялық қабілеттілігін; заттардың қасиеттері мен құрылысы арасындағы себеп-салдар байланысын табуды; күш қуат көздерінің альтернативтік түрлерін; жаңа заттар мен материалдарды алудың негізгі технологияларын түсіндіруі тиіс. «Математика» және «Информатика» білім саласы Математикалық білім берудің математикалық, инженерлік-техникалық бейінінің «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінде кәсіптік-бейіндік мазмұнының сабақтастық моделі білім алушылардың математикалық мәдениеті мен математикалық құзыреттілігінің деңгейін анықтаудың мазмұны, мақсат, міндет, принциптерінен тұрады. Математикалық білім берудің кәсіптік-бейіндік мазмұнын іске асыру нәтижесінде техникалық колледждер мен ЖОО студенттерінің математикалық даярлығын педагогикалық талаптар, принциптер мен элементарлық мектеп математиканы тиянақтау механизмдерінің орындалу негізінде математикалық мәдениеті мен математикалық құзыреттіліктің құрылу критериялары анықталды. Математикалық, инженерлік-техникалық білімнің әр сатысында білім алушылардың математикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейінің артуы мен математикалық құзыреттілікті меңгеруі «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінде кәсіптік-бейіндік математикалық білім беру мазмұны сабақтастығын іске асыру нәтижесі болып табылады. «Мектеп-колледж-ЖОО» жүйесіндегі математика пәнінің сабақтастығы келесі бағытта жүзеге асы керек ( 4-кесте): 4-кесте – «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі математика пәнінің сабақтастығы
«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі математика пәнінің сабақтастығын жүзеге асыру үшін 12 жылдық білім беру мектепте келесі бейіндік пәндер бойынша келесі құзіреттіліктер қалыптасуы керек: І. «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Оқытудың мақсаты – білім білім деңгейі мен орта білім деңгейі арасындағы сабақтастықты; барлық оқушыларды бейіндік мектептерде оқуын жалғастыруға немесе еңбек қызметіне қатысуға қажетті математикалық дайындықтың базалық деңгейімен қамтамасыз ету. Негізгі мектепте геометрияны оқыту міндеттері:
ІІ. «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің базалық мазмұны. Сандар және есептеулер. Натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар, иирационал сандар, нақты сандар және оларға амалдар қолдану; шамалардың (сандардың) жуық мәндері; абсолютті қателік; салыстырмалы қателік; сандардың жуық мәндерімен амалдар орындау, пайыз және пропорция; дәреже; квадрат түбір; п-ші дәрежелі түбір; санды аргументтің синусы, косинусы, тангенсы және котангенсы, санның логарифмі. ^ Санды және әріпті өрнектер, рационал және иррационал өрнектер, қысқаша көбейту формулалары; тепе-теңдіктер, тепе-теңдіктерді дәлелдеу, өрнектерді түрлендіруде тепе-теңдіктерді қодану; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер, тригонометрия формулалары, тригонометриялық өрнектер; дәреженің қасиеттері; квадрат түбірдің қасиеттері; п-ші дәрежелі түбірдің қасиеттері; негізгі логарифмдік тепе-теңдік; логарифмнің негізгі қасиеттері; логарифмдік өрнек; иррационал және тригонометриялық өрнектерді, құрамында логарифмі және дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. ^ Теңдеу. Теңсіздік. Мәндес теңдеулер мен теңсіздіктер; бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер; екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың геометриялық кескіні; бөлшек-рационал теңдеулер; бөлшек-рационал теңсіздіктер; сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері; иррационал теңдеулер; тригонометриялық, көрсеткіштік және логаримдік теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері; мәтінді есептер. Функция. Санды функция, функцияның берілу тәсілдері, графигі және қасиеттері; функция графиктерін түрлендіру; функцияның бірсарындылығы; экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары, периодты және шектелген функциялар; сандар тізбегі, арифмеикалық және геометриялық прогрессиялар; математикалық индукция әдісі. ^ Геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш, жартыжазықтық, жазықтық, сынық, көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, дұрыс көпбұрыш, үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция, теңбүйірлі трапеция, тікбұрышты трапеция, шеңбер, дөңгелек, сектор, сегмент, куб, параллелепипед, призма, пирамида) және олардың қасиеттері. Геометрия аксиомалары. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы. Фигуралардың теңдігі мен ұқсастығы. Геометриялық шамаларды өлшеу (кесінді мен шеңбер доғасының ұзындығы, бұрыштың өлшемі, фигураның ауданы, көпжақтың бетінің ауданы). Жазықтықтағы геометриялық түрлендірулер: қозғалыстар (осьтік және центрлік симметриялар, бұру, параллель көшіру); гомотетия және ұқсастық. Түрлендірулердің композициясы. Геометриялық фигуралардың симметриялары. Қиылысу әдісімен (геометриялық орындар әдісі) және алгебралық әдіспен салуға арналған есептер. Вектор ұғымы. Векторларға амалдар қолдану. Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. Жазықтықтағы нүктелер мен векторлардың координаталары; түзу мен шеңбердің теңдеулері; геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттеуге координаталар әдісін қолдану. Кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы. Кеңістіктегі қозғалыстар туралы түсінік. Кеңістіктегі гомотетия және ұқсастық. Ұқсас кеңістіктік денелердің қасиеттері. Куб, тікбұрышты параллелепипед, призма және пирамиданың көлемдері. ^ Статистикалық сипаттамалар (арифметикалық орта, мода, медиана, ауытқу). Кездейсоқ оқиға және оның түрлері. Кездейсоқ оқиғалардың жиілігі мен ықтималдығы. Комбинаторлық есептер. Қосынды ережесі мен көбейту ережесі. Оқиға. Оқиғаға амалдар қолдану. Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері. Геометриялық ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту. ІІІ. ^ Оқушылар:
және оқушыларда
Салуға арналған есептерді қиылысу әдісімен (геометриялық орындар әдісі) және алгебралық әдіспен шешу біліктігі болуы тиіс. ^ Еліміздің алға даму ісінің табысты болуы жасөспірімдердің еңбекке, кәсіптік мамандықты саналылықпен таңдап алуға даярлау ісінің қандай дәрежеде жүргізілуіне көп байланысты. Дұрыс таңдап алынбаған мамандықтың зардабын тек қана адамның өзі көрмей, бүкіл қоғам да көреді екен. Америка ғалымдарының есептеуінше, мамандықты дұрыс таңдап алуы кадрлардың тұрақтанбауын 2-2,5 есе кемітеді, 10-15 % еңбек өнімділігін арттырады, 1,5-2 есе кадрлардың оқыту құнын кемітеді. Сондықтан, қазіргі педагогика – психология саласында кәсіби іс- әрекетті А.Н.Леонов, Е.А.Климов зерттей отырып, еңбек, іс- әрекеттер түріне, кәсіптік бағыт беру саласына бөлген. Ол сан алуан түрлі: экономикалық, әлеуметтік, психолого-педагогикалық т.б. қатынастарды қамтиды. Кәсіптік бейімдеу ісін жүргізу – мемлекетіміздің кадрлар даярлау саясатымен астаса отырып, кәсібилендіру саласын жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Бейіндік оқытуды толыққанды жүзеге асыру үшін бейіналды деңгейінде мектепте кәсіптік бағыт беру жұмысын жүйелі жүргізу қажет. Сондықтан кәсіптік бейімдеу мәселесіне біраз тоқталайық, себебі бұл мәселе дұрыс жолға қойылмай бейіндік оқытуды мәнді шешу мүмкін емес. проблемасы. ^ – оқу-тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады мәселенің әдістері жөнінен-педагогикалық, мазмұны жөнінен-әлеуметтік, қорытындысы жөнінен-экономикалық, көлемі жөнінен-мемлекеттік болып табылады. Оның мынадай бағыттары бар:
Кәсіптік бейіндеу мәселесі көп аспектілі болғанымен, ол ең алдымен педагогикалық іс. Әрине, кәсіптік бейіндеу мәселесін талдау физиология, әлеуметтану, экономика т.б. ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп жасалады. Кәіптік бағдар мәселелерін А.Е.Голомшюк, Ж.Р.Баширова, С.Н.Чистякова, Г.Қ.Айқынбаева т.б. қалай қарастырғандарына тоқталайық. Кәсіптік бейіндеудің экономикалық аспектісі мына мәселелерді зерттейді:
Мамандық таңдаудың әлеуметтік аспектісі төмендегі мәселелерді зерттеп, анықтауды қамтиды:
Жастар арасында кездесетін кейір жағдайлардың себебі мен кәсіпке бейіндеудің әлеуметтік тамырын бізге әлеуметтік зерттеулер ашып береді (жұмысшы мамандығын төмен бағалау, мамандық таңдауда өндіріске қажет емес мамандықтарды таңдау т.б.), Кәсіптік бейіндеудің психологиялық аспектісі мына мәселелерді зерттеуді қажет деп біледі:
Психологиялық зерттеулер «адам-мамандық» екеуінің бір-біріне үйлестігінің мәнін және мамандық бағытының қалыптасуын анықтауға қызмет етеді. Медициналық аспекті мамандыққа жарамдылықтың медициналық – физиологиялық белгілерін және осы негізде кәсіп таңдаудың әдістемесін зерттейді. Зерттеулердің бұл бағыттағы қажеттігі жасөспірімдердің едәуір бөлігінің әртүрлі аурулармен ауыратындығынан, екіншіден-бүгінгі таңдағы кәсіптің көпшілігі адам ағзасының саулығына жоғары талап қоятындығын байқауға болады. Кәсіптік бейіндеудің педгогикалық аспектісі – жастарды кәсіпке баулу мен олардың мамандықты саналы таңдауы мақсатындағы оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттыру жолдарын, оның құрамдарын зерттейді. Бұл жерде мектеп пен отбасының және өндірістің кәсіптік бейіндеу ісіндегі біртұтас жұмыс жүйесі және оның ғылыми негізделген анықтамасы туралы сөз болып отыр. Енді педагогикалық әдебиетте кәсіптік бейімдеуге қандай анықтамалар берілетінін қарастырайық. А.Д. Сазанов, В.Д. Симоненко, В.С. Аваниев, Б.Н. Буяловтың пікірінше: «^ – бұл жастарды жеке қызығушылығын, қабілетіне, бейімділігіне және сонымен қатар әртүрлі мамандыққа деген қоғамның сұранысына сәйкес мамандықты негіздеп таңдап алуына деген мақсатты бағытталған іс-әрекет» . Ал, К.К. Платоновтың пікірінше: «Кәсіптік бағдар беру – бұл жастардың қызығушылығын және қабілетін, қоғамдық сұранысты есепке алып, ғылыми негізде мамандық таңдауға көмектесетін псиолого-педагогикалық, медициналық және мемлекеттік шаралардың жиынтығы». Н.Н. Захаровтың ойынша: «Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бұл біріккен ортақ мақсаты және басқаруы бар өзара байланысты компоненттерден тұратын, кәсіптік білім беру, кәсіптік псиологиялық диагностика, кәсіптік кеңес беру, кәсіптік таңдау, кәсіптік бейімделу және кәсіптік тәрбиелеудің тұтас жүйесі». Мектептегі кәсіптік бейімдеу жөніндегі жұмыстар мазмұнының жүйесі мыналарды қамтиды: оқушылардың аграрлық шаруашылығының және мәдениеттің түрлі салаларымен, кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен, неғұрлым кең тараған кәсіптік мамандықтармен таныстыру, олардың бейімділігімен мамандыққа деген ықыласын және белгілі бағытта қалыптасуын зерттеу, мектеп оқушыларын қоғамдық мәні бар мамандықты дұрыс таңдай білуге қалптастыру, білімін одан әрі жалғастыруға, мамандық таңдауға, еңбекке орналасуға байланысты мәселелер жөнінде оқушыларға кеңес беру. Бұл жұмыстың бәрі мынадай негізгі мақсатты көздейді: жас жігіттер мен қыздарға еңбектің белгілі-бір түрлеріне өздерінің бейімділігін, қабілетін, талғамын анықтауға көмектесу, оларды қоғамға көбірек қажетті өндіріс салларында және мамандықтары бойынша еңбек етуге әзір болуға тәрбиелеу. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбек ету арқылы ғана адамзат баласы жетістікке жететінін айта келе, еңбекті үнемі дәріптеп отыру керектігін баса айтқан. Ендеше, жастарға білім беретін оқу орындарында оларға кәсіптік бейіндеу жүйесі қандай талапқа жауап беруі тиіс? Біріншіден, оқушыларды мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық колледждердің мамандықты саналы таңдауға даярлаудағы педагогикалық жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және оқу мазмұны тұтас сабақтастықта болуын және бұл жұмыстарды іске асырудың құралдары және әдістерімен қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, ол жүйелік сабақтастық оқушылардың оқу қызметімен ғана байланыстырылмай, ондай сабақтастықты жүйе ретінде қамтамасыз етуге тиіс. Үшіншіден, ол мектептер мен кәсіптік білім беретін колледж, немесе жоғары оқу орындары кәсіптік бейіндеу жұмыстарын бірлікте ұйымдастыруға міндетті. Төртіншіден, кәсіптік бейіндеудегі «колледж-мектеп-ЖОО» байланыс жүйесі оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындығын қалыптастыруы керек. Бұдан колледж, ЖОО үлкен ұтыста болады: бірінші - кәсіпке үгіттеу жүргізіп, өздерін болашақ студенттермен қамтамасыз етсе; екінші - өздерін кәсіпке қызығушылығы бар, яғни мотиві бар аудиториямен қамтамасыз етеді. Мамандықты дұрыс таңдау бір-ақ реттік іс-әрекет емес, көп қырлы, бірнеше кезеңді ұзақ процесс. Мұндаға кәсіби ынта-ықыластың қалыптасуы мен дамуы неғұрлым жауапты саты болып табылады. Оқушылардың өздерін қызықтырған мәселелер жайында көп білігісі келетіні белгілі. Бұл ретте кәсіптік оқу-ағартудың міндеті-мамандық олардың ойлаған ойына сәйкес келеме деген сұраққа жауап беру, олардың ықыласы болып жүрген саладағы білімін тереңдету, мамандыққа байланысты түсінік ұғымдарының шеңберін кеңейту ісімен байланысады. Кәсіптік оқу-ағарту ісі кәсіптік бағдар берудің көпшілік міндеттерін өздігінен шеше алмайды, өйткені, белгілі - бір еңбектің түріне жарамдығы жөнінде дұрыс қорытынды жасау үшін, мамандық жайындағы тек бір ғана білім беру әзірге жеткіліксіз. Бұл істі оқушының жеке басының ерекшеліктерін ұдайы зерттеу арқылы көмектесу керек. Оқушыларды зерттеудің тағы бір маңызы сол, бұл олардың ынта-ықыласын, арнаулы қабілеттерін ғылыми негізін басқарға, мектепте бүкіл бейіндік жұмысының мазмұнын және тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Қызметтің белгілі-бір саласына адамның кәсіптік жағынан жарамдылығы негізінен үш бағыт бойынша: денсаулығына, психофизиологиялық деректеріне, бейіндік даярлық дәрежесіне қарай анықталады. Сонымен, кәсіптік жағынан жарамдылықты анықтау мәселелері кәсіптік бейіндеу міндеттеріне кіреді. Мамандықты таңдап алу мәселелері жөнінде мұғалімнің оқушылармен жеке-жеке әңгімелесуінің өте-мөте маңызы бар. Әңгіме кезінде мұғалім оқушының кім болғысы келетінін, өз мақсатына жетуге оның қалай тырысып жүргенін жақсы біледі. Оқушылардың кәсіптік бағытын білу - мұның өзі мұғалімге олармен жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының пәрменділігін күшейтуге, олардың ынта-ықыласы мен бейімділігін дамытуда жақсы басқаруға көмек көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім оқушының мамандықты таңдап алуына белсене ықпал жасауға, оған өзінің кәсіптік болашағын неғұрлым дұрыс белгілеуіне көмектесуге мүмкіндік береді. Оқушылармен жұмыс істеу – кәсіптік бейімдеу бағыттарының бірі, ал, екіншісі ата-аналармен жұмыс істеу болып есептеледі: ата-аналар арасында түсінік жұмысын жүргізу, оларды балаларың еңбекке орналастыру және оқуға түсіру мүмкіндіктерімен таныстыру, ата-аналарды оқушыларға кәсіптік бағыт беру ісіне белсене қатысуға тарту. Балаларының мамандықты таңдап алуына ата-аналардың өте үлкен ықпал жасауына орай, олармен жұмыс істеудің зор маңызы бар. Кәсіптік бағыт беру ісін-анда-санда жүргізілетін бейіндік оқытумен ғана шектелетін іс емес, кешенді жүргізілетін іс. Бейіналды білім деңгейінде бірнеше шаралармен немесе оқушылардың талап тілектерін ескеріп, мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана шектеуге болмайды. Оқушыларды мамандықты таңдап алуға әзірлеу, әсіресе, бейіналды білім деңгейінде, бейіндік оқыту деңгейінде, яғни мектептегі оқудың бүкіл өн бойында жүргізіледі, ал оның мазмұны, формалар мен әдістері оқушының жасына байланысты өзгеріп отырады. ^ Педагогикалық әдебиетте көрсетілгендей, мамандық таңдау кезінде жасөспірім, әдетте, өз денсаулығының жайын және таңдап отырған еңбекке өз денесі дамуының сәйкестігін ескермейді. Бұл мәселеге ата-аналар да кейде дұрыс қарамайды. Ал ғалымдардың зерттеулері мамандық жөнінде дәрігерлік кеңестердің зор маңызы бар екенін көрсетеді. Кейбір жағайларда тексерілген оқушылардың жартысынан көбіне мамандықты таңдау жөнінде түрліше шек қойылады. Олардың ең жиі кездесетін себебі реакцияның ауытқуы, тірек-қимыл аппараты жағынан өзгеріске ұшырауы, жалпақ табандылық, аяқ-қол сүйектерінің өзгеруі және басқа да кемшіліктері, ішкі мүшелерінде болған ауытқушылық салдары. Біздің елімізде қолданылып жүрген Заңға сәйкес жалпы білім беретін мектеп бітіргендердің және жұмысқа түсушілердің немесе кәсіптік оқуда бастаушылардың бәрі міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтеді, оның міндеті таңдап алған мамандыққа денсаулығының жарамдылығын анықтау және жұртты еңбекке дұрыс орналастыру болып табылады. Ал ол қорғаныс саласындағы мамандықтардан басқа мамандықтарды таңдау кезінде формалды түрде жүзеге асады. Сондықтан оқу орнында тіл немесе басқа кемістігі бар, немесе кәсіпке сәйкес келмейтін студенттердің оқып жату картинасы бар. Кәсіпке білім ғана емес, денсаулықтың сәйкестігін қарастыратын арнайы жұмыстың болуы керек-ақ. ^ Мамандық таңдау проблемасын шешу адамның қабілетін, оның денсаулығын, психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп талдауда қажет етеді. Кәсіптік бағыт беру практикасы әрқашанда қабілеттілік теориясының қандай да болмасын бір саласына және соған сәйкес адамның жеке басының қалыптасу теориясына сүйенеді. Оқушылардың мамандық таңдауға даярлығын үйреуге және кәсіптік қабілеттің қалыптасуына, оларға қоса мамандық алуға бағытталған бір-біріне сабақтас жүйе ретінде қара қажет. Кәсіптік кеңес кәсіптік бағыт берудің орталық кезеңі бола тұра әрбір болашақ маман игеруге үміткерге бұл мәселені өзінің қабілеті мен мүмкіндігіне қарай шешуіне көмек көрсететін жүйе керек. Егер 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқыту – кәсіптік бейіндеумен бірлікте, колледж, ЖОО-ның оқу, кәсіптік бейімдеу жұмыстарымен сабақтастықта, оқушы тұлғасының кәсіпке сәйкестігі мен денсаулық сәйкестігі, психологиялық- физиологиялық ахуалы, жеке қабілеті мен қызығушылығын зерттей отырып кешенді тұтастықта жүзеге асса, онда Еліміздің алға даму ісінің табысты болуын қамтамасыз ете аламыз. 11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 9-10 сыныптың оқушыларын даярлау үшін мақсатқа бағытталған педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады. Бейіналды даярлығы 9-10 сыныптың оқушыларын орта білім беру деңгейінде білім беруді жалғастыру жолын қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде ұсынылады. Білім берудің екі жолы: не жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылып, келесі міндеттерді анықтайды:
Бейіналды даярлығы құрылымы педагогикалық қызметтің бірқатар бағыттарын өзіне кірістіреді: ағартушылық, насихат, диагностика, кеңес беру. Бейіналды даярлығының мақсаты мен міндеттеріне жетуде 9-10 сыныпты оқушылары оқытудың институционалдық, мазмұнды бағалау жайымен қамтамасыз етіледі. ^ білім беру желісін құру мүмкіндігі ретінде қарастырылып, нағыз түрлі типтегі оқу мекемелерін: мектептер, бейіналды даярлығы мен бейіндік оқытуды өткізу үшін қорлары бар қосымша білім беру мекемелерін, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарын өзіне қосатын болады. ^ 9-10 сыныптарда вариативті компоненттегі таңдау бойынша курстардың мазмұны мен оқушы компонентімен анықталған оқу жоспарлары арқылы іске асырылады. ^ негізгі ора білім беру деңгейіндегі түлектердің аралық және қортынды аттестациясының жаңа түрін әзірлей, негізгі мектептің курсы үшін мектеп бітіру емтихандарын «сыртқы» өткізу тәртібіне көшіру: Аралық - Портфолио жүйесі яғни негізгі мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс қызметіндегі (жеке «Портфель оқу жетістігі») жеке білім беру жетістіктерінің жиынтығы. Қорытынды - Бірыңғай Ұлттық Тестілеу, негізгі орта білім беру туралы аттестат беріледі және 10 сыныптың түлектерінің білім алуды жалғастыру мазмұны мен мүмкіндігі анықталады. Осы бағытта оқушыларды 11,12 сыныптар бейіндік сыныптарда оқыту, немесе білімін техникалық және кәсіптік оқу орнында жалғастырудың таңдауы тұрады. Қазіргі күні 2013-14 оқу жылында бейіні немесе қалауы бойынша таңдау жасауға республика мектептерінде 700- ден аса 10 сыныптың оқушысы бар. Осы мәселені анықтауда 9-10 сынып оқушыларының кәсіпке бейін анықтау экспериментік жұмыстар ұйымдастырылды. Жалпы 11,12 сыныптардағы бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Сондықтан, бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарын сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. Тек кәсіпке қызығушылық – бұл мамандықты таңдаудың басты себептерінің бірі. Сондықтан кәсіпке қызығушылығы мен жеке икемін анықтау кәсіптік бағыт беру, кәсіпке бейіндеу экспериментік жұмыстағы негізгі бағыттардың бірі болып саналады. Себебі бейіналды даярлықта психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің маңыздылығы ерекше себебі оқушы өзіне келесі бағдар алады:
Оқушылардың кәсіби жағынан өзін тану бағдарына әсер ететін ең маңызды факторларды анықтау керек:
Оқушыларды бейіналды даярлау бойынша жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаттары келесідей:
Оқушыларды бейіналды даярлау бойынша жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттары келесі: кәсіби ағартушылық жұмыс – әр түрлі мамандықтар туралы мәлімдемелермен хабардар ету, олардың психологиялық тұрғыдан мамандық сипаттамасы мен тұлғаға қойылатын талаптары туралы түсінік беру. кәсіби насихат – қоғамға аса қажетті мамандықтарға деген оқушының жағымды мотивациясын қалыптастыру. кәсіби диагностика – оқушының жеке-дара ерекшеліктерін, кәсіби жарамдылығын кәсіби сұрыптау, оқу мен тәрбиенің тиімділігін арттыру мақсатында тұлғаны зерттеу іс-шаралары. кәсіби кеңес – өз қалауындағы іс - әрекет түрі мен мамандығына қатысты жоспар құруға, нақты іс-әрекетке қатысты өзінің қасиеттері мен қабілеттерін бағалауда кеңесші мен оқушының бірлескен әрекеттері. коррекциялық жұмыстар - оқушылардың кәсіби бағыттылығы туралы білімдерін, қызығушылығын, байқалмаған қабілеттерін анықтап, жоспарлы түрде түзету жұмыстарын жүргізу. ![]()
Бейіндік бағытын психологиялық зерттеуде қолданылатын әдістемелер:
Кәсіптік бейіндеуде тренингтер, ойындары мен жаттығулар қолданылды. Кәсіпке бейінін айқындау үшін мақсатында мектеп психологтары көмегімен Астана қаласы бойынша 12 жылдық білім беретін №38 лицей - мектебі мен «Голубой парус» мектебінің 9-10 сынып оқушыларының кәсіпке бейін анықтау эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бақылау тобына «Голубой парус» мектептебінің ІХ-шы, Х-шы сыныптары алынды. Оған ІХ-шы сыныптардың -32 оқушысы, Х-шының-40 қамтылды. Экспермиент тобына №38 мектеп- лицейінің ІХ-шы, Х-шы сыныптары алынды. Оған ІХ-шы сыныптардың -36 оқушысы, Х-шының-42 қамтылды. Зерттеу жұмысының бастапқы кезеңінде әрбір оқушыға белгіленген үлгіде жасалынған анкеталарды толтыру ұсынылды, одан соң сабақ үлгерімі зерттелді, сабақтарда және сыныптан тыс жұмыста бақылаулар, «қызығушылық картасы» қолданылуымен жекелеген әңгімелер және мамандық таңдау жөнінде бүкіл сыныппен арнайы әңгіме жұмыстары өткізілді. Алынған мағлұматтар мұғалімдердің және ата-аналардың хабарламаларымен толықтырылды. Әңгімелесу барысында төмендегі мәселелер айқындалды:
Пән мұғалімдерінен әрбір оқушыға оның сабақ үлгірімі, бағалары, мінез– құлқы, ынта – ықыласы, қабілеттіліктері, жолдастарымен өзара қарым- қатысына байланысты және т.б мінездемелер алынды. Мектеп дәрігері оқушылардың денсаулығына мінездеме берді. Оқушыларды зерттеуде алынған мәліметтерді салыстыру, оқушылардың кәсіптік қызығушылықтары мен жеке бейінін анықтау келесі жағдайлар анықталды. Соның негізінде ІХ-шы кластар оқушылары төрт топқа бөлінді: І топқа білімнің немесе қызметтің бір саласында орнықты ынталары мен бейімділіктері бар оқушылар жатқызылады. Олар – 22 адам (14%). ІІ топқа білімнің немесе қызметтің бірнеше саласында орнықты ынтасы барлар – 48 адам (32%). ІІІ топқа орнықты ынталары жоқтар – 47 (31%) және ІҮ топқа ынталарын айқындау мүмкін болмағандар – 33 адам (23%) жатқызылды. Оқушылардың орнықты ынта-ықыластары мен бейімділіктері деген- де біз оларды үйірмелердегі және үйдегі, тиісті оқу пәндеріндегі сабақтарда белсене шұғылдануы, бір салада мамандық таңдауға алаңсыз талап білдіруі, таңдаған мамандығы жөніндегі еңбек мазмұнымен жақын танысуға қызығуы дәлелденгеннен кейін ғана осындай қорытындыға кел-дік. І топқа ынта-ықыластары төрт топтың талаптарына жауап берген оқушылар жатқызылды. Олар таңдаған мамандығын жақсы білуге талап – танды, үйірмелерде қатысады, кез келген пәнді жақсы меңгерді, сол сияқты өздерін қызықтыратын мамандықтар жайында көп оқыды. Мысалы, Руслан С. физикамен айналысады. Ол физикамен байланысты мамандықтар туралы көп білуге талпынды, физика үйірмесіне қатысты. Класс жетекшісімен ата-анасы оның таңдауын толық мақұлдады. Мектепті бітірген соң физика бөліміне оқуға түспек. Тағы бір мысал: Ару Н. өзіне педагогтың мамандықты таңдап педколледжге түсуге даярланды. Таңдау оның қызығушылығымен барынша сәйкес келді: ол әдебиетті, тарихты, ән-күйді жақсы көрді. Класс жетекшісі оқушының таңдауын толық мақұлдады. Оған педколледжге түсу ұсыныс берілді. ІІ топқа ынта-ықыластарының орнықтылығы үйірмелердегі жұмыстарымен, жақсы көретін оқу пәндерімен қуатталған оқушылар жатқызылды. Бірақ І топтағыдан айырмашылығы олар бірнеше мамандықты таңдайды. Сөйтіп олар өздерін қайсысы көбірек қызықтыратынын, өздерінің неге көбірек бейім екенін белгілей алмайды. Олардың кәсіптік ынта-ықыластары әлі сараланбаған. Мысалы, Сәуле Т. анкетаға археология мен геология қызықтырады деп жазған. Жақсы көретін пәндері – тарих, химия, география, сурет. Сәуле спорттық секцияда шұғылданды. Класс жетекшісі оны қабілетті оқушы деп келіп, Сәулені дәл ғылымдарға бейімі бар деп санайды. Әңгімелесу негізінде оны археология мен геология қы- зықтыратынын, бірақ, кім болғысы келетінін – геолог па, әлде археолог па айқындауға шамасы келмейтінін айтты. Сол топта ынта-ықыластары мұндай қосарланған емес, әр салада жатқан оқушылар бар. Мысалы, АсқарМ. анкетаға оны бәрінен де спорт қызықтыратынын жазыпты. Ол күрес секциясында шұғылданады және сонымен қатар радиотехникаға құмартады, сонымен шұғылданады. Жақсы көретін оқу пәндері – физика, тарих, дене шынықтыру. Класс жетекшісінің пікіріне қарағанда оған радиотехникадан гөрі спорттық мамандық барын- ша оңтайлы келеді. Алайда Асқар әзірше бұл екі жұмыстың қайсысын таңдауы керектігін шешпеген. ІІ топтағы оқушылардың кәсіптік ынта-ықыластары оларға ұнайтын мамандықтардың еңбек мазмұнымен практикалық таныстыру процесінде тереңдеуі және дамуы мүмкін. ІІІ топтағы оқушылар үшін еңбек мазмұны жөнінде кәсіптік ынта-ықыластары білімдерімен бекітілмеген немесе олар бүтіндей анықталмаған, үстірт. Олар кейбір оқу пәндеріне ынта білдіргенімен оларды нақты мамандық таңдаумен байланыстырмайды. Әдетте, бұл топтағы оқушылар мамандық таңдау жайында шын мәнісінде ойланбаған. Мысалы, К.Гүлнардың анкетасынан оның ынтасынан оның жақсы көретін пәндері – орыс тілі, әдебиет және тарих дегеннен басқа ештеңе білуге болмайды. Класс жетекшісі оны жақсы оқушылардың бірі деп санайды, өз білімін көтеруде жұмысты көп істейді. Оның гуманитарлық және физика-математикалық пәндерден үлгірімі бірыңғай жақсы. Ауызша әңгімелесу кезінде белгілі дәрежеде Гүлнарды медицина, тарих, әдебиет, химия қызықтыратыны айқындалды. «Ынта-ықылас» картасы мамандықтар тізбегінен ол археология, геология, журналистика, медицина және өнер саласындағы мамандықтарды белгіледі. Солай бола тұрса да оқушы өзін бәрінен қайсысы қызықтыратынын білмейді. Ал Берік Ж. спортпен, киномен, алгебрамен және географиямен, бірақ әрқайсысымен аз-аздан айналысуға құмартады. Оны біресе дәрігерлік, біресе әртістік, біресе спорт мектебінің жаттықтырушылық мамандығы қызықтырады. Ең ақырында ол кенеттен авиотехник болып шығуды шешім қабылдады. IV топтағы оқушылардан қолданған әдістеріміз арқылы олардың ынта-ықыластарын табуға арналағн әрекеттерімізден ештеңе шықпады. Олардың кейбір бөлігі шашар үлгереді және жұмысқа араласқысы келеді, тағы басқалары орта оқушылар қатарында, бірақ өздерінің ынта-ықыластары мен бейімділіктері жайында ештеңе де айта алмайды. Бұл жөнінде сынып жетекшілері де мардымды ештеңе айта алмады. Бұл топтағы оқушылардың көпшілігі осы уақытқа дейін мамандық таңдау жөнінде ойланбаған. «Мамандық таңдау матрицасы» әдістемесінің нәтижесі мынадай (9-сурет): ![]() 9-сурет – «Мамандық таңдау матрицасы» әдістемесінің нәтижесі ІХ сынып оқушыларының кәсіптік ынта-ықыластары мен бейімділіктерін зерттеу олардың ішінде жартысынан көбінің әлі орнықты кәсіптік ынтасы жоқ деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Тіпті аз ба, көп пе, әйтеуір белгілі дәрежеде кәсіптік ниеті барлардың өзі таңдаған мамандығын жақсы білмейді. Олардың таңдауы барынша жалпылама: «ұнайды», «қызық» деген дәлелдерге негізделген, еңбектің мазмұны жайындағы ұғымдары мүлдем таяз, сондықтан олар мамандық таңдау жайында айқын нәрселер айтуға әбден қиналады. Әңгімелер ІХ сыныптың көптеген оқушыларының еңбектің қай түрі оларды қызықтыратынын өздігінен айқындай білмейтінін, мамандықтың қандайына болмасын өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалай білмейтіндігін көрсетті. Оқушыларды зерттеу материалдарын талдау (оқушылардың өздерінің ынта-ықыласы мен бейімділіктері жайлы түсініктерін сынып жетекшілерінің пікірлерімен, дәрігерлер мен ата-аналарынан алған мәліметтермен салыстыру), оқушылар арасында кәсіптік бейіндеу жұмысының одан арғы жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді. Көрсетілген топтарға сәйкес бұл жұмыстың мазмұны негізгі үш бағыттан құрылды. Қызметтің белгілі бір саласына деген тұрақты ынта-ықыласы байқалғандар үшін кәсіп түрлерімен және оқу орындарымен таныстыру жөнінде қосымша жұмыс жүргізілді. Іс-әрекеттің бірнеше саласына ынта-ықыласы мен бейімділігі байқалғандармен білім немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласына деген тұрақты ынта-ықыласты қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілді. ІІІ және IV топтың оқушыларымен алдымен оқу пәндеріне қызығуды, содан соң кәсіби қызығуды қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілді. Біз оқушыларды зерттеу жөнінде жүргізілген жұмыс нәтижелерін сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарын және кәсіптік бағыт беру жөніндегі жалпы мектептік жұмыс жоспарын пайдаландық жалпы мектептік жоспарда бірқатар іс-шаралары қамтылды. Жоспарға сәйкес оқушылардың барлық топтарымен жұмыс жүргізілді. Әр түрлі кәсіптерге қалыптастыру және дамыту, үйірме жұмыстары жүйесін кеңінен өрістету арқылы жүргізілді. ІХ-Х сынып оқушылары үшін математикалық, биологиялық, химиялық, физикалық, әдеби, тарихи, бейнелеу өнері үйірмелері, спорт әуесқойлары клубтары ұйымдастырылды. Үйірмелердің кең профилі оқушылардың сан алуан мамандықтарға қызығуын дамытуға мүмкіндік береді. Олармен таныстыру оқу бағдарламаларында міндетті түрде қарастырылған. Үйірме жұмысынан басқа жеке жұмыс жүргізуге көп көңіл аударылды, ол әңгіме-кеңес беру түрінде жүргізілді. Бөлінген топтарға сәйкес әңгіме мазмұны түрліше құрылды. І топ үшін әңгіме анықтамалық сипатта болды. Оқушылар таңдаған мамандықтары бойынша даярлық алатын оқу орындарымен таныстырылды, ІІ және ІІІ топтардағы оқушылармен әңгімелесу арқылы олардың ынта-ықыласының қайсысы кәсіби қызығуды қалыптастыру жөніндегі жұмыстың бағытын белгілеу және кәсіби ынта-ықыласты тәрбиелеу болды. Бұл топпен жұмыс жүргізу арнайы, зерттеп тексерудің тереңдеу әдістерін қолдануды керек етті. Өмір жоспарларын өзгертуге мүмкіндік берді. Мектептен кететін оқушылармен әңгімелескенде, колледждер мен жайлы кеңес беріліп (әзірлену бағыты, түсетіндерге қойылатын талаптар, мекен-жайы т.б.), таңдап алған оқу орындарымен өздігінен танысу ұсынылды. Көп жағдайда әңгіме ата-аналары шақырылып, олардан балалары жайлы кейбір деректер нақтыланды. Кейде ата-анасының қатысында оқушыға таңдаған мамандығын қорғап, дәлелдеуге жәрдем беріп отырдық. Жүргізілген жұмыс, әңгімелесу оқушылардың ынта-ықыласын айқын – даудың тиімді формасы ғана емес, сонымен бірге осы ықыластарының дамуына және мамандық таңдауға нәтижелі әсер ету құралы да болып табылады деп есептеуге мүмкіндік береді. Әңгіме өткізу үшін оқушы жайлы бастапқы деректер (оның талап-ниеті жайлы алғашқы мағлұматтар класс жетекшісі мен пән мұғалімдерінің мінездемелері, ата-аналарының тілек-ниеті, дәрігердің деректері), сондай-ақ анықтамалық материалдардың жиыны (колледждердің анықтамалықтары, кәсіп түрлері және халық шаруашылығының салалары туралы анықтамалықтар еңбекке орналастыру жөніндегі деректер, белгілі кәсіппен айналысудағы медициналық жарамсыздықтардың тізімі және т.б ) керек екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушылардың ынта-ықыласын дамытуда, анықтауда педагогикалық консилиумдардың пайдасы ерекше. Консилиумның мақсаты: жоғары сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін, олардың кәсіптік ниеттерін зерттеп, оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға мамандықты таңдауға және кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыруға кеңес берумен көмектесу. Даярлық жұмыстары:
Педагогикалық консилиумның барысы:
Мектептің тәжірибесі оқушылардың ынта-ықыласын дамытуда оқу орындар туралы мәлімет берудің қажеттігін көрсетіп отыр. Осы орайда біз Қазақстандағы іргелі жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары туралы анықтамалық мәлімет даярлық. Осыны ескере отырып маман иелерімен пікірлесу орынды. Ол жұмысты мынадай үлгі жоспар болуы керек:
а) жұмыстың сипаты (тұрақты орында істейді, әр жаққа барып істейді, ауысыммен істейді т.б.); ә) істелетін жұмыс (не істейді) және қай жерде жұмыс істеуге болады; б) мамандықтың өкілдері жұмыс барысында қолданатын негізгі машиналар, аспаптар, тетіктер және т.б. туралы мәлімет; в) атқаратын қызмет орны және еңбекке ақысы мөлшері. 2. Оқу орындарына түсетіндерге қойылатын талаптар: а) кәсіптің негізіне алынатын бейіндік оқу пәндері; ә) бейімділіктер, қабілеттер және мінез ерекшеліктері (жалпы мақсаты); б) денсаулыққа қойылатын талаптар (дене күші, денсаулық, физиологиялық ерекшеліктері). 3. Әртүрлі еңбек категорияларындағы мамандарды даярлау жүйесі: а) оқу орындарының типтері; ә) оқу мерзімі және шарттары; б) бейіндік пәндер; Сөйтіп, оқушылардың кәсіптік ынта-ықыластарын дамыту үшін кешенді жұмыс жүргізуді талап етеді. Анықтаушы эксперимент бойынша «Кәсіби бағдарлану мәселесіне қатысты танымдық қызығушылықтарын зерттеу» әдістемесі мынадай нәтиже (10-сурет) көрсетті: ![]() 10-сурет – «Кәсіпті қалау тестінің» нәтижесі Жеке тұлғаның жеке ерекшеліктеріне типтерін анықтауға байланысты зерттеу нәтижесі (11-сурет): ![]() 11-сурет – «Жеке ерекшеліктеріне типтерін анықтауға» нәтижесі «Кәсіпті қалау» сауалнамасының қорытындысын шығару барысындағы нәтиже (12-сурет): ![]() 12-сурет – «Кәсіпті қалау» сауалнамасы нәтижесі «Оқушылардың мамандыққа бейімдерін анықтау тесті» нәтижесі (13-сурет): ![]() 13-сурет – «Оқушылардың мамандыққа бейімдерін анықтау тесті» «Кәсіби бағдарлану мәселесіне қатысты танымдық қызығушылықтарды зерттеу» әдістемесінің нәтижелері өзгерді (14-сурет): ![]() 14-сурет – «Кәсіби бағдарлану мәселесіне қатысты танымдық қызығушылықтарды зерттеу» әдістемесінің нәтижесі Қорытынды 12 жылдық білім беруде кәсіптік бейіндеу проблемасы, оның қалыптасу кезеңдері 2003 жылдардан бері педагогика ғалымында зерттеу нысаны ретінде ғалымдар назарында. 12 жылдық білім мазмұнын өзге елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, оның әдіснамасын, әдістемесін жасауда, базалық білім мазмұнын бірқатар отандық ғалымдардың еңбектері бар: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б., болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б., мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б., жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б зерттеулерінің маңыздылығы жоғарыВ.А.Сухомлинский, В.С.Татьяченко, С.Е.Хозе, Е.А.Ямбург, Т.Линчевская, Д.Р.Пірімбетова, Ш.Қ.Әмір, Б.Т.Кенжебеков және т.б. қарастырылады. Оның ішінде кәсіби және технологиялық білім беру мазмұны мен білім беру сабақтастығы К.Ө.Өстеміров, К.Р.Исаева, Л.Г.Дирксен, Ұ.Б.Төлешова, Т.П.Досанова, М.А.Кененбаева, С.Смайлов. еңбектері жарық көруді. Сонымен қоса бірқатар ғалымдар 12 жылдық мектептің білім беру мазмұнын теориялық және әдістемелік оқытудың жаңа парадигмасы жағдайында Омарова Р.С., білім мектепке мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының даму тарихын Р.К.Бекмагамбетова, Қазақстандағы білім беру жүйесінің генезисі мен даму тенденцияларын Игибаева А.К, білім мектептің даму тарихын Қ.Т.Ыбраимжанов, нновациялық білім мектептің дамуын И.Н.Шевченко, білім білімнің дамуының ғылыми педагогикалық негіздерін Ш.Майғаранованың т.б.еңбектері зерттеу негізі мен бағыты болатындығы анықталды. Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беру жүйесінде бейіндік оқытуды қалыптасу кезеңінде білім мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен даму кезеңдерін жеке зерттеуді талап етеді, себебі бұл мәселенің жағымды нәтижелерін, кеткен олқылықтарын, кемшіліктерін ғылыми тұрғыдан терең тұжырымдау қажеттігін айқын көрсетеді. Әдістемелік құралда Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне енуге бағытталған ғалымдар мен практикалық педагогтардың жинақтаған еңбектеріне талдау жасап, оған сипаттама беру міндеті емес, Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім жүйесінде қол жеткізген жетістіктерді айқындап, жүйелеуге және 12 жылдық білім беруде кәсіптік бейіндеуді құрудың даму бағыттарын көрсетуге бағытталды. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттер мен оқу материалдарын зерттеу негізінде, алға қойған міндеттерге сай біз 12 жылдық білім беру жағдайында кәсіби бейіндік білім беру мазмұны білім аймақтары бойынша анықталып, базалық мазмұнын құруда сабақтастыру жолдарын мақсаттадық. 12 жылдық білім беру жағдайында мектептеріндегі кәсіптік бейіндеу білім мазмұнын қалыптастыруда білім беру мазмұнының маңызды құрылымдық компоненттері білім беру стандартының, оқу бағдарламаларының, оқу құралдарының, оқу жоспарларының, оқу - әдістемелік кешенді құрайтын нормативтік құжаттарға талдау жасалып, 12 жылдық жағдайында 11,12 сынып оқушысында қалыптасуы керек құзіреттіліктер анықталды. Себебі қазақстандық 12 жылдық білім білім беру мазмұны еліміздің әлеуметтік– экономикалық, саяси және мәдени дамуына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік білім беру мазмұнын анықтайтын әдістерді айқындауға байланысты келесі зерттеу мақсаты орындалды:
Әлемдік тәжірибеде, педагогика ғылымындағы бейіндік оқытуға байланысты кәсіпке бейіндеу, оқу орындарының сабақтастығына байланысты теорияларға, ғылыми еңбектерге, нормативтік құжаттарға жасалған талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді: - біз әдістемелік нұсқауда алған 12 жылдық мектептеріндегі бейіндік оқыту мазмұнының қалыптасып дамуы қоғамымыздағы білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап, білім беру жүйесінде тың жаңалықтар әкеледі. 12 жылдық білім беру жүйесіне ену бірнеше кезеңге бөлініп, әрбір кезең өзіндік ерекшелігі айқындалатынын атап өту керек. 12 жылдық білім мектептеріндегі бейіндеп оқыту мазмұнының маңызды құрылымдық компоненттері анықталған; - 12 жылдық білім мектептеріндегі бейіндік оқытуды дамыту мен дамуында хронологиялық, жүйелілік, құндылық, салыстырмалы келістерден жасалған талдау бейіндік білім беру мазмұнын құрайтын құрылымдық компонентерінің арасындағы өзара байланыстың бар екені анықталды; - 12 жылдық бейіндеуде мазмұнында ұлттық-мемлекеттік ерекшелікті ескеріліп, ұлттық сананың қалыптасуына мүмкіндіктер молынан туындайтыны анықталды; - 12 жылдық бейіндік оқытудағы білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденциялары зерттеуге алынған жылдардағы жинақталған жағымды және жағымсыз тәжірибені айқындап, білім мектептің оқу бағдарламаларын, оқулық мазмұнын жаңаша құруға керектігі анықталды; Зерттеу мәселесіне байланысты төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
Сонымен 12 жылдық мектепте бейіндік білім мазмұнын «мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде құру мәселесі көп қырлы болуына байланысты бір жұмыстың аясында мәселені толығынан қарастырдық деп есептемейміз. Зерттеу жұмысымыздың шеңберінен 12 жылдық білім беруде бейіндеу мазмұнының «мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде әрі қарай дамуына маңызды әсерін тигізетін әлі де бірқатар мәселелер терең зерттелумен мен ғылыми негізделуді қажет етеді. Қорыта айтқанда, зертеу тақырыбына байланысты жұмыстар өз жалғасын әрі қарай әдістемелік нұсқаулар, құралдар, арнайы курстарда жалғасын табу керек деген қорытындыға келеміз. |