Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) icon

Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)



НазваниеКәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)
страница3/5
Дата конвертации24.10.2013
Размер1.29 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5
«Мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде математиканы, тілдік пәндерді, химияны, физиканы, биологияны, географияны, тарихты кәсіптік-бағдарлы оқытудағы дидактикалық шарттарды және көрнекті модельдеудің заңдылығын айқындау


«МектепколледжЖОО» жүйесіндегі оқыту сабақтастығын жүзеге асыру үшін келесі дидактикаық шарттар орындалу керек:

1.^ Педагогикалық - ұйымдастырушылық шар – мұғалім оқушыларға бейіндік оқыту процесін ұйымдастыруда «мектеп-колледж-ЖОО» сабақтастығын сақтай отырып, бейінділікті жүзеге асыруға жағдайлар тудыру; бейіндік оқытудағы білімдер жүйесін (мемлекеттік нормативті құжаттар мен қоғамдық–гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық пәндер жүйесінде қалыптасуы тиіс құзіреттіліктерді қалыптастыру негізінде;) меңгерту мен саналы кәсіби бейіндік бағдарды қалыптастыру.

2. ^ Психология - педагогикалық шарты – меңгерген білімдер негізінде оқушыларды кәсіби бейіндеуде тұлғалық икемділігі мен қабілеттерін, денсаулығы мен физиологиялық ерекшелігінің сай келуін анықтау үшін тұлғалық, рухани, әлеуметтік даму деңгейін диагностикалау; әрбір оқушының үлгерімі мен кәсіби бағдарға қатынасын, кәсіби талаптарға сай келуін зерттеу; психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету (ұсыныстар мен кеңестер беру); осы бағытта оқушының тұлғалық бейіні мен қызығушылығын ескере отырып, бейіндік бағытты дұрыс таңдауды ұйымдастыру іс- шаралары.

3. Әдістемелік шарты – субъектілік іс- әрекет пен қарым – қатынас әрекетін (мұғалім, оқушы, ата- аналар, психологтар, бейіндік бағдар бойынша пән мұғалімдері мен мамандар) ұйымдастыруда «мектеп- колледж-ЖОО» сабақтастығын сақтай отырып, бейіндік оқытуды жүзеге асыруды әдістемелік қолдау. Бейіндік оқытудың мазмұнын сабақтастыру үрдісінде субъект – субъектілік қарым- қатынасты қамтамасыз ету; оқушыны бейіндік оқытудың нәтижесін көрсете білуге үйрету мен бейіндік оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етумен сипатталады;

  1. ^ Сабақтастық шарты – бейіндік оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында білім мазмұнының сабақтастығының (барлық пәндер бойынша) сақталу шарты;

  2. ^ Технологизациялық және инновациялық шарты – бұл білімдік процесті технологияландыруды қамтамасыз ететін (оқытудың жаңа инновациялық техннологияларын ендіру), жалпы орта білім беру жүйесін автоматтандыру, «мектепколледжЖОО» ақпарқатынастық мәдениетін дамытуға бейімдейтін бағдарламалық - аппараттық кешенді (электрондық кітапхана) жүзеге асу шарты.

  3. ^ Тәжірибеге бағытталған мазмұндық шарты – бейіндік бағыттың «мектепколледжЖОО» жүйесіндегі білім мазмұнын тәжірибемен сабақтастық арқылы жүзеге асу шарты;

  4. ^ Көптілділік шарты – бейіндік бағытында қазақ, шетел, орыс тілінде еркін сөйлеу, кәсіби терминдерді үш тілінде игерту, үш тілдің колледж, жоғары оқу орны оқу жоспарымен, білім мазмұнымен сабақтастығын жүзеге асу шарты;

«МектепколледжЖОО» жүйесінде кәсіптік- бейіндік білім берудің мазмұнының сабақтастық моделі білім алушылардың кәсіби тұрғыда мәдениеті мен мектеп жүйесіндегі бейіндік пәндер бойынша құзыреттілігінің деңгейін анықтаудың мазмұны, мақсат, міндет, принципінен тұрады.

Кәсіби- бейіндік білім берудің мазмұнын іске асыру нәтижесінде колледждер мен ЖОО студенттерінің бейіндік даярлығын педагогикалық талаптар, принциптер мен элементарлық мектеп білімін тиянақтау механизмдерінің орындалу негізінде кәсіби мәдениеті мен құзыреттіліктің құрылу талаптарымен анықталды.

Кәсіби бейіндік білімнің әр сатысында («мектепколледжЖОО») білім алу мәдениетінің қалыптасуы мен кәсіби құзыреттілікті меңгеру жүйесінде кәсіптік - бейіндік оқытуда білім беру мазмұнының дидактикалық сабақтастығын іске асыру керек (7-сурет).




7-сурет – «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі бейінді оқытудың дидактикалық сабақтастығы

Кәсіптік бейіндік оқытудың мазмұнын іріктеу келесі дидактикалық қағидаларға негізделеді: ғылымилық, түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік, шығармашылық, саналалық пен интерактивтілік, теорияның практикамен байланыстылық сияқты негізгі қағидаларына сүйенеді.

Ғылымилық қағидасы оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығын және пайдаланылатын ұғымдардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкес болуын ұйғарады.

^ Түсініктілік қағидасы оқытуды басқару және педагогикалық қолайлы жағдайды дайындау жүйесіндегі іс-әрекетте оқушылардың дайындық деңгейіне ыңғайлы түрде оқу материалын ұсынуды қамтамасыз етеді.

^ Көрнекілік қағидасы оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру және оқу материалын барынша деректі ету болып табылады.

^ Жүйелілік қағидасы оқу процесінің мақсаттық, мазмұндық, іс - әрекеттік немесе нәтижелілік компоненттері бірізді жүйесін қамтамасыз етеді.

Шығармашылық қағидасы оқушылардың стандарттық емес мәселелердің шығармашылық шешімін өз беттерімен табуды қамтамасыз етуді ұйғарады.

^ Саналылық қағидасы оқушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымын; оқушылар мүддесіне тірек пен ілім түрткілерін қалыптастыруды; оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруды; шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыруды ұйғарады.

^ Теорияның практикамен байланыстылық қағидасы оқу контентінің практикалық бағдарланғыштығы;

Аталған дидактикаылық шарттардың орындалуында 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бейіндік мектептердің ерекшеліктері ескерілуі
(8-сурет) керек:


«Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру;

  1. Жаңа ғылыми білім мен қазақстандық қоғамды жаңғыртудың әлеуметтік-экономикалық басымдықтарын ескере отыра білім мазмұнын жаңарту;

  2. Бейіндік ЖОО-мен сабақтастықты күшейтетін жаңа мазмұнды бейіндік пәндер енгізу;

  3. Білім берудің жасампаздық, озыңқы және іс- тәжірибеге бағдарланған сипатын күшейту;

  4. Көптілділікті оқытуға енгізу;

  5. Оқытудың кредиттік және дуальдық жүйесін енгізу.





8-сурет – 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бейіндік мектептердің ерекшеліктері

^ Бейіндік оқытуда қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы білім мазмұнын «Мектеп- колледж- ЖОО» жүйесінде сабақтастыру әдістері

«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі тарихи - құқықтану пәнінің сабақтастығы келесі бағытта жүзеге асыу керек (2- кесте):


2-кесте – «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі тарихи - құқықтану пәнінің сабақтастығы


12 жылдық мектеп


Гуманитарлық колледж

ЖОО

  1. Тарихи-құқықтану

  2. бейіндік пәндер:

  3. 1.English for specific purposes (ағылшын тілінде)

  4. Қазақ тілі

  5. Қазақстан тарихы

  6. Қазіргі әлемдегі Қазақстан

  7. Қазақстандық заңнама

  8. Дүниежүзі тарихы

  1. Гуманитарлық колледждегі ағылшын тілі пәнінің мазмұны»;

  2. «Мектеп тарихи-құқықтану пәнінің негізі»;

  3. Гуманитарлық колледждегі тарихи-құқықтану пәнінің мазмұны»;

  4. АКО Интегративті жүйесінде тарихи-құқықтану пәнінің мазмұны;

  1. Жоғары мектептегі ағылшын тілі және профильдік ағылшын тілі;

  2. тарихи-құқықтану

  3. «Жоғары мектептегі тарихи-құқықтану пәнінің» мазмұны

  4. Интегративті жүйесінде тарихи-құқықтану пәнінің мазмұны


«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі тарихи – құқықтану пәнінің сабақтастығын жүзеге асыру үшін 12 жылдық білім беру мектепте келесі бейіндік пәндер бойынша келесі құзіреттіліктер қалыптасуы керек:

«Қазақстан тарихы» пәні

І. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

^ Оқытудың мақсатыоқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.

Оқытудың міндеттері:

  • оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;

  • Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;

  • оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап- қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;

  • оқушылардың қазақ және елімізде тұратын басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;

  • оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дереккөздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.

ІІ. «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық мазмұны.

Отан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» пәнінің рөлі мен маңызы. Археологиялық ескерткіштер. Қазақстан аумағындагы археологиялық қазба жұмыстары. Қазақстан тарихынан деректер. Ертедегі жазулар. Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері. Жазбаша деректердің түрлері. Өлкетану. Тарихи уакыт. Біздің заманымызға дейін (б.з.д.). Біздің заман (б.з.). Хижра. Қазақ күнтізбесі. Тарихи жыл санау. Тарихи карталар. Қазақстан дүние жүзі картасында. Қазақстанның табиғаты. Тарихы мен табиғаты. Қазақстан халқы. Халықтың саны, ұлттық қүрамы. Әлеуметтік қүрамы. Халықтың тығыздығы. Тарихи көшіқон. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба. Әнұран. Теңге. Қазақстан тарихына саяхат. Қазақстан XX ғасырдың басында. Қазіргі Қазақстан. Болашаққа жол. Қазақстан Республикасының жариялануы. Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау. Астана — мемлекетіміздің Елордасы. «Ежелгі Қазақстан тарихы» ұғымы, оның мазмұны мен мәні. Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдері. Ежелгі Қазақстанның адамзат тарихындағы орны. Ежелгі Қазақстан. Қазақстанның алғашқы тұрғындары туралы білім көздері. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. Неолит дәуірі. Металл өндірісі. Андронов мәдениеті. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың қоғамдық-мәдени өмірі. Ежелгі Қазақстан темір дәуірі қарсаңында. Қазақстан ерте темір ғасырында. Қазақстан аумағындағы ірі тайпалық бірлестіктер. Темірдің пайда болуы. Сақ-савромат тайпалары. Сақ-савромат тайпаларының қоғамдық-саяси құрылымы мен шаруашылығы. Сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күресі. Сақтар мәдениеті мен өнері. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Шаруашылық өмірдегі өзгерістер. Үйсін мемлекетінің қалыптасуы. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар және халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ғұн мәдениеті. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиясы.

Қазақстан – Ұлы Дала өркениетінің мұрагері. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер. Археологиялық мәдениет туралы түсінік. Шығыс Қазақстанның археологиялық мәдениеті. Қазақстандағы патша қорғандары. Көшпелі өркениеттің қалыптасуы. Орта ғасырлар қарсаңындағы Қазақстан тарихы. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері.

VI-XII ғғ. ерте орта ғасырлардағы Қазақстан. Түрік қағанаты.

Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.

Қазақстан аумағындағы түркеш қағанаты.

«Түркеш» этнонимі. Түркеш тайпалары туралы жазба деректер. Түркеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған. Түркештердің этникалық және тайпалық құрамы. «Сары» және «қара» түркештер.

VI-XII ғғ. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті. ХІІІ – XV ғ. бірінші жартысындағы дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан. XIII-XV ғғ. Қазақстан қалалары мен сәулет өнері. XV ғ. екінші жартысы – XVІІ ғ. кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан. XVIII ғасырдың басы – 1917 жыл). Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж.). Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40 – 60жж.). Қазақстанның ХІХ ғасырдың І жартысындағы мәдениеті. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан. Қазақстанның ХІХ ғ. екінші жартысындағы мәдениеті. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы (1917 – 1991 жж.). ХХ Ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстан 1917-1941 жж. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Қазақстан
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде. Қазақстан 1946-1991 жж.

ІІІ. ^ Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;

  • әр ел халқының түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениеті, діни сенімдері, өмірі, тұрмысы мен кәсібін білуі қажет;

  • тарих пәні туралы мәліметтерді, тарихи деректерді, тарих картасын, тарихи уакыттарды;

  • отандық тарихта болған маңызды кезеңдерді, ежелгі дүниеден казіргі заманға дейінгі аса маңызды оқиғаларды, көрнекті кайраткерлерді;

  • ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;

  • өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;

  • ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;

  • ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;

  • ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;

  • тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;

  • ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;

  • өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;

  • ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;

  • ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;

  • ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;

  • орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін;

  • орта ғасырлар шеңберінде қазақ елінің тарихында болған маңызды оқиғалар желісін;

  • орта ғасырлардағы Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының тайпалардың шаруашылық және тұрмыс-салт тіршілігіне тигізер әсерін;

  • қазақ даласында мемлекеттілік ұғымдардың қалыптасуын және оның даму ерекшелігін;

  • орта ғасырларда қазақ жеріндегі қалалар мен қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін;

  • орта ғасырлардағы тайпалардың өмірі, тұрмысы, діни-нанымдары мен әлемдік діндердің таралу ерекшеліктерін;

  • орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдени мұрасын;

  • зерттеу кезеңінің құбылыстарын, үрдістер мен негізгі фактілерді түсінуі;

  • сол кезеңдегі қоғамның белгілі саяси және мемлекет қайраткерлерін, ғылым мен мәдениет өкілдерін;

  • жаңа дәуірдегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымдарды;

  • әкімшілік-территориялық құрылыс түрлерін және Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі басқаруды;

  • Қазақстан халықтарының жаңа кезеңдегі салт-дәстүрлерін және мәдени мұраларын;

  • ХХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және әкімшілік-территориялық құрылымын;

  • ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестердің себеп-салдарлық байланысын;

  • ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлерді;

  • Қазақстандағы «әскери коммунизм», ЖЭС, «Кіші Қазан», индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріске сипаттама жасай алуы;

  • Қазақстанда ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси процестер: азамат соғысының негізгі оқиғаларын, «Алаш» ұлттық автономиясын құру, Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құру, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі кезең, тың эпопеясы, «тоқырау» кезеңі және «қайта құру», Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жағдайларын сараптай алуы;

  • кеңес дәуіріндегі қазақстандық қоғамның түрлі салаларындағы дағдарыс құбылыстарын анықтай білуі;

  • Қазақстанның ХХ ғасырда халыққа білім беру, ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы мәдени жетістіктерді, дінді сараптай алуы білуі тиіс.

Сонымен қатар:

  • Отандык тарихтағы негізгі маңызды оқиғалар мен көрнекті қайраткерлер туралы әңгімелеп айтуды;

  • жыл мен ғасыр ара қатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығын анықтауды;

  • тарихтағы жыл санауды қолдана білуді;

  • тарихи картадан мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын, аса маңызды оқиға болған жерлерді дұрыс көрсету және оларды суреттеуді;

  • түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына сипаттама беруді;

  • түрлі кезеңдегі оқиғаларды, мәдени ескерткіштерді өзара салыстыру жөне жалпы айырмашылықтарын анықтай білу;

  • оқыған мәтіннің жоспарын жасауды;

  • тарихтан алған білімін басқа пәндерді оқығанда, күнделікті өмірде қолдану біліуін меңгеруі қажет;

  • ежелгі Қазақстан тарихы пәніндегі аса маңызды оқиғалар мен бұрынғы өткен тарихи тұлғалар туралы әңгімелей білуі;

  • тарихи деректерді талдауды және салыстыруды, тарихи үрдістердің мәнді белгілерін бөліп көрсете алуы;

  • жылдар мен ғасырлардың ара қатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін, себептері мен салдарын баяндай білуі;

  • тарихи картадан тайпалар мен тайпа бірлестіктерінің, мемлекеттердің шекаралары орналасқан аумағын, аса маңызды тарихи оқиға болған жерлерді көрсетуі және оны мазмұндай білуі;

  • ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, киімдерін, баспанасын, сыртқы келбетін сипаттай білуі;

  • тарихты оқу барысында қосымша материалдарды пайдалана білуі;

  • оқыған мәтініне жоспар құра білуі;

  • өзге пәндерден және қосымша материалдардан алған білімді тарихи үрдістер мен оқиғаларға қатысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында пайдалануды;

  • орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер туралы логикалық бірізділікпен суреттеп әңгімелеуді;

  • тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үрдістің маңызды белгілерін анықтауды;

  • тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;

  • тарихи картадан орта ғасырлық мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын және қазақ даласындағы Шыңғысхан және Әмір Темір жорықтарының барысын, Ұлы Жібек жолының негізгі тораптарын көрсетуді;

  • тарихты оқып үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;

  • орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар туралы қысқаша эсселер мен тарихи шығармалар жазуды;

  • тарих сабағынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды;

  • жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихи даму заңдылықтарын және тарихи оқиғалардың себеп – салдарын ашуды;

  • әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды тауып алуды;

  • тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін сараптауды;

  • өз көзқарасын қорғай білуді;

  • басқа оқушылардың жауаптарын сараптауды;

  • Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалай білуді;

  • тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

  • жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп – салдарын анықтауды;

  • ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларна баға беруді;

  • әртүрлі дереккөздерінен тарихи ақпараттар алуды;

  • тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және талдауды;

  • Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалауды және сипаттай білуді;

  • тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

  • өз көзқарасын құрастыруды;

  • өзге де оқушылардың жауаптарын сараптауды меңгерулері тиіс.


Бейіндік оқытуда жаратылыстану- математикалық бағытындағы білім мазмұнын «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде сабақтастыру

«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі химия-биология пәнінің сабақтастығы келесі бағытта жүзеге асы керек (3-кесте):


3-кесте – «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі химия-биология пәнінің сабақтастығы



12 жылдық мектеп

Медициналық, жаратылыстану бағытында білім беретін колледждер

ЖОО (медициналық, биолгиялық, химиялық, технологиялық, әлеуметтік мамандықтар бойынша)

Химиялық-биологиялық бейін

бейіндік пәндер:

1.english for specific purposes (ағылшын тілінде)

2.химия (жетік деңгей)

3.биология (жетік деңгей)

4.физикалық химияға кіріспе

5.биохимия және биотехнология негіздері

6.экология және тұрақты даму

7.технологиялық процестерді модельдеу

«Мектеп химиялық-биологиялық пәнінің негізі»;

Гуманитарлық колледждегі химиялық-биологиялық пәнінің мазмұны»;

АКО Интегративті жүйесінде химиялық-биологиялық пәнінің мазмұны;

«Жоғары мектептегі химиялық-биологиялық пәнінің» мазмұны

Интегративті жүйесінде химиялық-биологиялық пәнінің мазмұны


«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі химиялық-биологиялық пәнінің сабақтастығын жүзеге асыру үшін 12 жылдық білім беру мектепте келесі бейіндік пәндер бойынша келесі құзіреттіліктер қалыптасуы керек:

І. «^ Жаратылыстану» және «География» пәндерінің мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты: оқушылардың бойында жаратылыстану ғылыми білімін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы түсінік пен көзқарасты дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту.


^ Оқытудың міндеттері:

  • табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру;

  • табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту;

  • оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру.

ІІ. «^ Жаратылыстану» және «География» пәндерінің базалық мазмұны.

География – табиғат, халық және оның шаруашылығы туралы ғылым.

Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері. Жергілікті жердің планы. Масштаб, абсолют және салыстырма биіктіктер. Глобус және карта. Жер қабықтары: жердің сыртқы құрылысы. Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера. Географиялық қабық – жердің ерекше кешенді қабығы.Зоналылық. Жылу белдеулер. Климаттық белдеулер. Азоналылық (секторлық, биіктік, белдеулік).

Материктер мен мұхиттар географиясы қарастыратын нысандар.

Жалпы географиялық заңдылықтар: литосфера және Жер бедері. Атмосфера және климат. Жердің даму тарихының жалпы географиялық заңдылықтары.

Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі. Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Еуразия. Физикалық-географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар. Зерттелу тарихы. Жер бедері және пайдалы қазбалары. Климаты. Ішкі сулары. Табиғат зоналары. Халқы.

Планетадағы уақыт есебі және даталардың алмасу сызығы. Қазақстан Республикасының дүниежүзі және Еуразия картасындағы географиялық орны. Қазақстанның шекаралары.

Қазақстан Республикасы табиғатын зерттеу тарихы. Қазақстан табиғаты. Жер бедері. Геологиялық жыл санау. Негізгі тектоникалық құрылымдар және олардың жер бедеріндегі көрінісі. Пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтары.

Климат құрушы факторлар: географиялық орын және күн радиациясы, жер жамылғысы, атмосфера циркуляциясы. Ішкі сулары. Қазақстанның өзендері. Қазақстан көлдері. Жер асты сулары, мұздықтар, жасанды су қоймалары. Топырақтың пайда болуы. Топырақтың негізгі типтері, олардың Қазақстан территориясы бойынша таралуы.

Табиғат зоналары. Ендік зоналары мен биіктік белдеулердің көрінісі. Қазақстанның ірі табиғи-аумақ кешендері. Жазықтар. Аласа таулы аудандар. Биік таулы аудандар. Қорғалатын аумақтар.

Геосаясат және Қазақстанның геосаяси орны. Табиғат ресурстары. Қазақстанның халқы. Елді мекендердің типтері, кенттену процесі. Еңбек ресурстары.

Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама. Өндірістің мамандануы, шоғырлануы, кооперативтендіруі, құрамдастырылуы. Ауыр өнеркәсіп және құрылыс материалдар өндірісі. Отын – энергетикалық кешен. Электр энергетикасы. Металлургия кешені. Машина жасау кешені. Химия өнеркәсібі. Құрылыс материалдар өндірісі және ағаш өңдеу өнеркәсібі. АӨК құрамы және маңызы. Қазақстанның жер қоры. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу салалары. Халық кәсіпшілігі. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Инфрақұрылым, көлік кешені.

Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру. Орталық Қазақстан. Шығыс Қазақстан. Батыс Қазақстан. Солтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.

Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүниежүзіне жалпы шолу. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүниежүзінің халқы. Дүниежүзінің табиғат ресурстары, жалпы сипаттама, минералдық, агроклиматтық, жер, су, биологиялық ресурстар.

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық.

Дүниежүзілік шаруашылық салаларының сипаттамасы және орналасу географиясы. Отын-энергетика кешені. Электр энергетикасы. Машина жасау кешені. Дүниежүзінің химия және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Дүниежүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өсімдік, мал, балық шаруашылығы. Көлік және инфрақұрылым. Халықаралық экономикалық байланыстар.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері. Азия елдері.

Үндістан, Сингапур, Корей Республикасы, Жапония және Қытай. Еуропа елдері. Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия. Солтүстік Америка елдері. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) аймағы елдері және Канада. Латын Америкасы. Африка. Оңтүстік-Африка Республикасының (ОАР). Аустралия және Мұхиттық аралдар. Жаңа Зеландияның.

Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Энергетикалық, шикізаттық, демографиялық, азық-түлік, экологиялық, Дүниежүзілік мұхит проблемалары және ғарышты игеру.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • Жердің Күн жүйесіндегі орнын; пішіні мен мөлшерін;

  • глобустағы және географиялық картадағы градус торын;

  • экватор, меридиандар, параллельдер және географиялық координаталарды;

  • ірі, орта, ұсақ масштабты карталарды, олардың шартты белгілерін;

  • тауларды, жанартауларды, жазықтарды, ойпаттарды, мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, аралдарды, түбектерді, ағыстарды, өзендерді, көлдерді, мұз басу аймақтарын, сарқырамаларды,

  • жер халқының санын, ірі халықтарды;

  • негізгі нәсілдерді, негізгі үш нәсіл өкілдерінің сыртқы белгілерін атауы және көрсетуі тиіс;

  • жергілікті жерде күннің көкжиектен биіктігін; жергілікті жерде көкжиек тұстарын; бағыттарды, қашықтықтарды;

  • жер бетінің планы және географиялық карта бойынша картографиялық нысандарды, бағыттарды, қашықтықтарды, нүктелердің биіктігін, карта және глобус бойынша географиялық координаталарды;

  • туған өлкенің географиялық орнын және табиғатының ерекшеліктерін анықтауды және өлшеуді білуі тиіс;

  • Жердің пішіні мен мөлшері жайлы алғашқы түсініктерді;

  • климатқа байланысты қауіпті табиғи құбылыстарды, климаттың адам өмірі мен тұрмысына әсерін;

  • «Жер планетасы» ұғымының мәнін; жергілікті жердің планын жасау тәсілдерін;

  • картаның градус торын және глобуспен салыстырғанда картаның өлшеу мүмкіндіктерін; климат түзуші факторларды; мұхит суының қасиеттерін, қозғалысын және оның себептерін;

  • геологиялық жыл санауды; ірі литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын; платформалар мен қатпарлы аймақтарды; ірі сейсмикалық және жанартаулы белдеулерді;

  • құрлық және мұхит түбі жер бедерінің ірі формаларын; климат құрушы факторларды; ішкі сулар және олардың негізгі түрлерін; табиғат зоналарын;

  • материктер халқының ерекшеліктерін атап және көрсете білуі тиіс;

  • Қазақстанның географиялық орны мен жер көлемінің ел табиғатына әсері;

  • Қазақстан Республикасында қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар, табиғат ескерткіштерін ұйымдастыру қажеттігі; экологиялық проблемалардың себептері;

  • Қазақстанның аумағы, республика орналасқан дүние бөліктері, шекаралары;

  • климат құрушы факторларды; ішкі суларын; табиғат зоналарын, таулардағы биіктік белдеулерді;

  • елдің физикалық-экономикалық-географиялық жағдайы және оның Қазақстан экономикасының дамуына әсерін; Қазақстаннның саяси-әкімшілік картасын;

  • халықтың санын, халықтың табиғи өсімін, Қазақстан халқы санының өзгерісіне әсер ететін факторларды;

  • географиялық еңбек бөлінісі және аумақтың шаруашылық мамандануын;

  • экономикалық аудандардың экономикалық-географиялық салыстырмалы сипаттамаларын;

  • дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері, елдің саяси және геосаяси жағдайы; дүние жүзі елдерінің басқару түрлері, әкімшілік-аумақтық құрылысы;

  • елдердің типологиясы; дүниежүзі халқы: қозғалыс динамикасы; ұдайы өсуі, аумақ бойынша орналасуы, құрылымы, урбандалу үрдісі;

  • дүниежүзі табиғат ресурстарының түрлері;

  • дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы;

  • ҒТР түсінігі және оның құрамдас бөліктері, ерекшеліктері;

  • дүниежүзілік шаруашылықтың салалары және орналасу географиясы;

  • дүниежүзінің жекелеген елдерінің және дүние жүзі аймақтарының экономикалық-географиялық сипаттамасы;

  • Қазақстанның қазіргі дүниежүзіндегі рөлі, орны және маңызы жайлы түсінігі болу керек;

  • дүниежүзі аймақтары мен елдерінің географиялық және геосаяси жағдайын;

  • басқару формасы мен әкімшілік-аумақтық құрылысы алуан түрлі елдерді;

  • халық санының ұдайы өсу типтерін; дүниежүзінің және аса ірі елдер халқының саны, олардың өзгеру үрдістерін; елдердің даму деңгейі бойынша типологиясын;

  • географиялық еңбек бөлінісін; халықаралық ынтымақтастықтарды;

  • өндірістің жекелеген салаларының орналастырылу факторларын;

  • аймақтар бойынша жекелеген елдердің сипаттамасын білуі тиіс.


«Физика» пәні

І «Физика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәнін оқытудың мақсатыоқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын, физикадан игерген білімдері негізінде олардың практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту.

^ Пәнді оқыту міндеттері:

  • оқушылардың қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдар мен принциптер туралы; табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімді игеруіне;

  • оқу пәні және ғылыми таным әдістері арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық қабiлеттерiн, игерген білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алу дағдыларын дамытуға ықпал ету жатады.

ІІ. «Физика» пәнінің базалық мазмұны.

Табиғатты танып-білудің ғылыми әдісі. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика құбылысы. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, тәжірибе. Физикалық шама. Физикалық шамаларды өлшеу. Қателікті анықтау.

Механика. Механикалық қозғалыс. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Жылдамдық. Үдеу. Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс. Денелердің еркін түсуі.

Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру мен жылдамдық. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен қозғалысы.

Инерция. Денелердің әрекеттесуі. Масса. Заттың тығыздығы. Күш. Күштерді қосу. Ауырлық күші. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс күші. Ньютон заңдары. Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалысы. Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Қысым. Паскаль заңы. Гидравликалық пресс. Қатынас ыдыстар. Манометрлер. Атмосфералық қысым. Сорғылар. Барометрлер. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Ауада ұшу.

Механикалық жұмыс. Қуат. Механикалық энергия (потенциялық және кинетикалық). Механикалық энергияның сақталу заңы.

Тепе-теңдiк шарттары. Жай механизмдер. Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті.

Дене импульсі. Импульстiң сақталу заңы. Реактивтi қозғалыс.
Идеал сұйықтың қозғалысы. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Сұйықтағы дененің қозғалысы. Ұшақ қанатының көтеруші күші.

Механикалық тербеліс және оның сипаттамалары. Математикалық маятник. Серіппедегі жүктің тербелісі. Резонанс.

Көлденең және қума толқындар. Толқынның сипаттамалары. Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы. Дыбыстың қаттылығы, үннің биіктігі. Дыбыстың қаттылығы, тон биіктігі. Жаңғырық.

^ Молекулалық физика. Жылу құбылыстары. Заттың құрылысы. Атомдар және молекулалар. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Температура. Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілі.

Iшкi энергия және оны өзгерту тәсiлдерi. Жұмыс және жылу берілу. Жылу берілу түрлері – жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.

Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және қатаю. Булану және конденсация. Қайнау. Жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы.

Қатты денелер мен материалдардың механикалық қасиеттері. Жылу қозғалтқыштары. Жылу машиналары және табиғатты қорғау.

Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтардың өзара әрекеттесуi. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрiсi. Электр өрісінің элекрт зарядына әсері. Электр өрiсiндегі өткізгіштер және диэлектриктер.

Тұрақты электр тогы. Ток көздері. Ток күшi. Кернеу. Электр кедергiсi.. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу. Джоуль-Ленц заңы. Шала өткізгіштер. Конденсаторлар. Конденсаторларды қосу.

Магниттік өзара әрекеттесу. Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Эрстед тәжірибесі. Токтың магнит өрісі. Электромагнит. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электроқозғалтқыш. Электромагниттiк индукция. Фарадей тәжірибелері. Трансформатор. Электр энергиясының алыс қашықтыққа жеткізілуі.

Электромагниттiк тербелістер. Электромагниттiк өріс. Электромагниттiк толқындар. Радиотелефон және теледидар байланыс принципі.

Жарық – электромагниттік толқын. Жарықтың шағылу және сыну заңы. Жазық айна. Линзалар. Оптикалық аспаптар. Жарықтың дисперсиясы. Электромагниттi сәулелердің түрі және оның тірі ағзаға әсері.

Радиактивтік. Радиактивті ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлінуі. Тізбекті реакция. Ядролық реактор. Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары. Термоядролық реакциялар. Радиактивті сәулеленуден қорғану. Адамзаттың энергетикалық проблемалары. Қазақстанның энергетикалық әлеуеті және оның болашағы.

^ Кванттық физиканың элементтерi. Квант туралы түсініктің дамуы. Планк гипотезасы. Фотоэффект. Столетов тәжірибелері. Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы. Фотоэффектіні техникада пайдалану. Фотондар. Рентген сәулелері. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.

Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер. Ядроның байланыс энергиясы. Радиактивтiк. Радиактивтi ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиоактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлiнуi. Тiзбектi ядролық реакциялар. Атаом энергиясы. Ядролық реактор. Радиоактивтi сәулелерден қорғану.

Жасанды радиоактивтiк.. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар. Адамзаттың энергетикалық мәселелерi.

ІІІ. ^ Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, түсініктер, заңдар, теориялық қорытындылар - ғылыми білім санатын білуі қажет;

  • бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, нәтижелерден қорытындысы және оларды тексеру - ғылыми таным әдістерін білуі қажет;

  • физикалық құбылыстар, физикалық заң, заттар, материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, лездік жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш, дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс; заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тогы: токтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, ток көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод; гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын, фотон, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, ядролық реакция; байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды, бөлінудің тізбекті ядролық реакциясы, радиоактивтілік, радиоактивтік ыдырау, ядролардың бөлінуі – ұғымдарын білуі қажет;

  • жол, жылдамдық, масса, тығыздық, үдеу, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, пайдалы әрекет коэффициенті, ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты, линзаның фокустық ара қашықтығы, тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі, толқын ұзындығышамаларды білуі қажет;

  • Паскаль, Архимед, Ньютон, Кеплер, бүкіләлемдік тартылыс, Гук, механикалық энергияның және импульстің сақталу, молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз, радиоактивті ыдырауды - заңдарын білуі қажет;

  • табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерін өңдеу, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалауда пайдалана алуы;

  • физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласында, өмірде қолданыстарын білуі;

  • бірқалыпты түзусызықты қозғалыс, сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, денелердің жүзуі. физикалық құбылыс, диффузия, заттың агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану, конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының әрекеттесуі, магниттердің әсерлесуі, тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, токтың жылулық әсері, электромагниттік индукция, шағылу, жарықтың сынуы және шағылуы, дисперсиясы - физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру;

  • кинематика заңдары негізінде тұрақты үдеумен қозғалуы, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі;

  • Ньютонның динамика заңдары, импульс пен энергияның сақталу заңдарын қолдану негізінде әр түрлі механикалық қозғалыстар, денелердің өзара әрекеттесуі;

  • атомдардың энергия шығаруы және жұтуы; жылулық сәулелену және Планктың кванттық гипотезасы, фотоэффект, кванттың энергиясы, рентген сәулелері;

  • ядролық реактордың әрекет ету принципі, тіршілік иелеріне иондаушы сәулелердің әсері; ядролық энергетиканы пайдалануға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар; ядролық физика саласындағы отандық және шетел ғалымдарының жетістіктері;

  • элементар бөлшектер, нанотехнологиялар, олардың адамзаттың дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді;

  • ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш, қысым; температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тогы; ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш - физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану;

  • суыған дене температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi өзгерiсіндегі зат температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу бұрышына , шағылу бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі; уақыттың жүрілген жолға тәуелділігі, серпінділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі, үйкеліс күшінің нормал қысым күшіне тәуелділігі, маятниктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі, жүктің тербеліс периодының серіппеге ілінген жүктің массасына және серіппенің қатаңдығына тәуелділігін өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсете білуі тиіс.


«Биология» пәні

І. «Биология» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты:

  • өсімдіктер әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;

  • эволюциялық теорияның негіздері туралы пікір қалыптастыру;

  • өсімдіктердің табиғаттағы рөлін, өсімдіктер дүниесінің табиғаттағы және адам өміріндегі өзіндік ерекшелігін және жалпы алғанда тіршіліктің аса мәнділігі туралы білімнің құндылығын ұғыну;

  • нәтижелі практикалық әрекет ету мүмкіндігіне қол жеткізу;

  • оқушыларда тірі организмдердің жасушалық құрылысы туралы, сонымен қатар организм мен биоценозды тіршілік құрылымының ерекше формалары ретінде және Жер табиғатындағы биологиялық әртүрлілік тұрақты дамудың бейнесіі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру.

^ Пәнді оқытудың міндеттері:

  • оқушыларда органикалық дүниені оқып-білуге танымдық қызығушылықты дамыту;

  • тірі табиғат туралы білім мектептегі табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;

  • оқушыларда география, химия, физика, математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;

  • оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру,

  • оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;

  • тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;

  • оқушыларда география, химия, физика, математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып-меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыру;

  • оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру.

ІІ. «Биология» пәнінің базалық мазмұны.

Ботаника. Өсімдіктер: жасушалық құрылысы. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіндегі негізгі процестер. Табиғи бірлестіктер. Жер бетіндегі алуан түрлі өсімдіктердің даму тарихы. вирустар патшалығы. бактериялар патшалығы. саңырауқұлақтар патшалығы. қыналар - ерекше симбиотикалық ағзалар.

Зоология. Жануарларды жіктеу. «қарапайымдылар немесе біржасушалылар» патшалығы тармағы. Жер бетіндегі жануарлар әлемінің дамуы. табиғи бірлестіктер.

^ Адам: анатомия, физиология және гигиена. Адам организміне жалпы шолу. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі, жүйке жүйесі, сезім мүшелері – анализаторлар. Тірек-қимыл жүйесі. Қан және қан айналым. Тыныс алу. Ас қорыту. Зат алмасу және энергия айналымы.

Зәр шығару. Тері және жылу реттелу. Организмнің жеке дамуы. Мінез-құлық және психика. Жасуша және ағзаның жеке дамуы.

Жасушаның құрылысы мен қызметі, химиялық құрамы. Зат және энергия алмасу. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуы. Ағзалардың көбеюі және дамуы. Генетика және селекция негіздері. Тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтары. Адам генетикасы. Микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлардың селекциясы.

Эволюциялық ілім. Дарвин кезеңіне дейінгі биологияның дамуы. Чарльз Дарвиннің теориясы. Жер бетінде тіршіліктің дамуы. Тірі ағзаның қоршаған ортамен байланысы. Экология негіздері. Биосфера – жердің ғаламдық экожүйесі. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері мен табиғатты тиімді пайдалану.

ІІІ. ^ Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • тірі ағзалардың жалпы белгілерін; өсімдік жасушаларының, өсімдік ағзаларының құрылысын; көп тараған өсімдіктердің түрлерін; өсімдіктер бірлестігіне адамның іс-әрекетінің әсерін білуі тиіс

  • өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметіне; бөлінуіне; тыныс алуға, қозғалуына; көбеюіне, өсуіне және дамуына; өсімдіктердің тіршілік ету ортасына; бірлестіктегі тіршілікке өсімдіктердің бейімделуіне; адамның табиғи бірлестіктердегі рөліне; өсімдіктердің алуантүрлілігін, табиғи бірлестіктерді қорғаудағы және биосферадағы тепе-теңдікті сақтаудағы рөліне сипаттама бере білуі керек;

  • өсімдіктер өсіру, қорғау шараларын белгілеуге; өсімдіктер тіршілігінің маусымдық өзгерістеріне; тәжірибе қорытындыларына бақылау жүргізуге қорытынды жасай білуі тиіс;

  • микропрепараттар дайындап, оларды микроскоп арқылы көру; өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді, адамның іс-әрекетінің әсерінен тіршілік ортасының әсерін бақылау; өсімдіктердің тіршілік әрекетін зерттеуге қарапайым тәжірибелер жүргізу; ағзаларға, түрлерге, табиғи бірлестіктерге ұқыптылықпен қарау; табиғаттағы мінез-құлық ережелерін сақтай білуі керек.

  • бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, өсімдіктер ағзаларын; өзіңнің тұрғылықты жеріндегі ең көп таралған өсімдіктерді, әртүрлі тұқымдастар, класс, бөлім өсімдіктерін; жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды ажырата білулері тиіс;

  • прокариотты және эукариотты, автотрофты және гетеротрофты ағзаларды; тұқымдастарды, кластарды, жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктерді; тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білулері керек;

  • тірі табиғаттың шығу тегінің бір екендігі; органикалық дүниенің туыстығы мен біртұтастығы; өсімдік және жануарлар әлемінің эволюция барысында күрделенуі туралы қорытынды жасай алулары тиіс;

  • тірі организмдердің жалпы белгілерін; жануарлардың негізгі жүйелік топтарын, түр белгілерін, тірі табиғат Патшалықтарын, Типтерін, Отрядтарын, Кластарын, Тұқымдастарын; жануарлар эволюциясы процестерін атай білуі тиіс;

  • зертханалық жұмыстарды орындауда ұлғайтқыш аппаратураны қолдануды; денсаулықты сақтау мақсатында жеке бастың және қоғамдық гигиеналық ережелерін тыңғылықты орындауды біледі;

  • зиянды әдет дағдыларға әуестенудің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) дене бітімі бұзылудың, жалпақтабандылықтың алдын-алу шараларын;

  • жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметін; жасушалардың бөлінуін; адам организмінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерін; зат алмасу және энергия айналымын; организмде ферменттер мен витаминдердің рөлін; тамақтанудың ерекшеліктерін; тыныс алуды, заттар қозғалысын, тіршілік әрекеттерінің соңғы өнімдерін шығаруды; иммунитет және оның адам өміріндегі маңызын; ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) алдын алуды; адамның жай-күйіне және қасиеттеріне әсер ететін экологиялық факторларды сипаттайды.


«Химия» пәні

І. «Химия» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

^ Пәнді оқытудың мақсаттары:

  • қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру;

  • талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту;

  • өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

  • заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

  • химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

  • заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

  • заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

  • адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

  • көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

  • өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

  • мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

  • негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

ІІ. «Химия» пәнінің базалық мазмұны.

Бастапқы химиялық ұғымдар, заңдар, теориялар. Заттар, қоспалар және олардың тазарту әдістері, қасиеттері. Физикалық, химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар. Химиялық теңдеулер. Молекулалар мен атомдар. Химиялық элементтер, сипаттамасы, топшалары. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Салыстырмалы атомдық салыстырмалы молекулалық, мольдік массалар. Химиялық формулалар. Атом-молекулалық ілім. Зат мөлшері. Авогадро саны. Катализатор. Металдар, бейметалдар – химиялық элемент, олардың атом құрылысы ерекшеліктері және химиялық жай заттар сипаттамасы. Оттек. Жану. Сутек. Су. Ерітінді. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Оксидтер, қышқылдар негіздер, тұздар: атаулары, құрамы, жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, алу жолдары. Химиялық байланыс. Зат құрылысы. Электролиттік диссоциациялану механизмі. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Тұздар гидролизі. Қазақстандағы метал және бейметал, олардың қосылыстарының табиғи қорлары. Қоршаған ортаның қосылыстарымен ластануы және онымен күрес. Қазақстанда химиялық заттарды өндіру. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Минералды тыңайтқыштар. Құймалар. Металдар мен құймаларды қазіргі техникада пайдалану. Металдардың коррозиясы және оны алдын алу шаралары бойынша жалпы түсініктер. Қазақстандағы металл кен орындары. Металлургия туралы түсінік. Қазақстан металлургиясының дамуы.
1   2   3   4   5



Похожие:

Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) icon12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconСауалнама Сауалнама
...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconТәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconБілім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С
БАҒдарламалау бойынша қалалық ҚашықТЫҚтан оқыту олимпиадасының Қатысушылары үшін интерактивті сабақ ЖҮргізу әдістемесі
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconОқыту тілдері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны

Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconБастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу қызметтері бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы