Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) icon

Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)



НазваниеКәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)
страница1/5
Дата конвертации24.10.2013
Размер1.29 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы





Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі

(12 жылдық мектеп)


Әдістемелік құрал


Астана

2013


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).


Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп). Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2012. – 81 б.


Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) әдістемелік құралда 12 жылдық білім беру жүйесінде бейіндеп оқытудың мәні мен кәсіпке бейіндеу жұмысының сабақтастығы, «мектеп - колледж - ЖОО» жүйесі бойынша жоғары сынып оқушыларын кәсіби-бейіндеп оқытудағы білім мазмұнының сабақтастық моделі, білім мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету технологиялары мен дидактикалық шарттары қамтылған.

Әдістемелік құрал 12 жылдық білім беру мектептерінің басшыларына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, жалпы білім беру саласының мамандарына арналған.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013




Кіріспе


^ Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән беріле отырып, бейіндік оқыту жүйесін іске асырудың стратегиялық бағыты болып табылады.

Стратегиялық бағыт ретінде анықталғандай 12 жылдық жалпы орта білім беру стандарты мен оқу бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру мен саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Шығармашылық қызмет пен жеке қабілетінің дамуына ерекше орын беріледі. Жинақталған білімді тауып алу өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген ұғымдарды кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».

Бейіндік оқыту – 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге даярлығын жүзеге асыру үшін бағдарланған оқытуды енгізу болып табылады.

Бейіндік оқыту арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы:

  • 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге;

  • жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға;

  • еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған.

Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытуды жүзеге асыру келесі факторларға байланысты:

  • 2015 жылы білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу моделіне жалпылай көшуіне;

  • 12 жылдық білім беру жүйесінің нормативтік, материалдық- техникалық базасының даярлығына;

  • бейіндік оқытуда «мектепколледжЖОО» жүйесінің сабақтағын қамтамасыз ететін техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің 12 жылдыққа сәйкес дамуымен байланысында.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау барысында зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б., болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б., мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б., жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б зерттеулерінің маңыздылығы жоғары В.А.Сухомлинский, В.С.Татьяченко, С.Е.Хозе, Е.А.Ямбург, Т.Линчевская, Д.Р.Пірімбетова, Ш.Қ.Әмір, Б.Т.Кенжебеков және т.б. қарастырылады.

Оның ішінде бастауыш кәсіби және технологиялық білім беру мазмұны мен білім беру сабақтастығы К.Ө.Өстеміров, К.Р.Исаева, Л.Г.Дирксен, Ұ.Б.Төлешова, Т.П.Досанова, М.А.Кененбаева, С.Смайлов. т.б. айналысты.

Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарының педагогика ғылымы үшін маңызы ерекше.

^ Дейтұрғанмен, зерттеу бағытында келесі қарама- қайшылықтарды байқауға болады: 12 жылдық оқу жүйесіне көшудегі қоғам талаптары мен бұл мәселенің шешілу жағдайы арасында; 12 жылдық оқу жүйесіндегі бейіндік оқытуды ендіру мүмкіндіктері мен бұл салада арнайы ғылыми-әдістемелік зерттеулердің аз жүргізілуі арасындағы қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап, әдістемелік құралымыздың тақырыбын «Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі» (12 жылдық мектеп) деп атаумызға себеп болды.

Әдістемелік құралды жазу мақсаты: 12 жылдық мектептің жоғары сыныбында оқушыларды кәсіби - бейіндеп оқыту әдістемесін негіздеу және зерттеу.

Міндеттері:

  • теориялық тұжырымдамалар мен педагогикалық тәжірибені талдай отырып, 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларды кәсіптік бейіндеп оқытудың теориялық негіздерінің мәнін анықтау және сипаттау;

  • 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларды бейіндеп оқытудың кәсіпке бейіндеу жұмысымен байланысын анықтау;

  • «мектепколледжЖОО» жүйесі бойынша жоғары сынып оқушыларын кәсіби-бейіндеп оқытудағы білім мазмұнының сабақтастық моделін жасау;

  • бейіндік оқыту пәнін модельдеу негізіндегі кәсіби- бейіндеп оқыту білім мазмұның сабақтастығын қамтамасыз ету технологияларын анықтау;

  • «мектепколледжЖОО» жүйесінде бейіндік-бағыттық оқытуды сабақтастырудың (гуманитарлық, жаратылыстану пәндері бойынша) дидактикалық шарттары, көркемдік модельдеу заңдылықтарын анықтау;

  • бейіналды сынып оқушыларының кәсіпке бейін анықтау экспериментінің қорытындысын ұсыну.

Әдістемелік құрал кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


^ 1 Мектепте кәсіптік-бағдарлы оқытудың теориялық ережелері


Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім, ол үшін бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетті.

Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.

12 жылдық білім берудің әдіснамалық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды келесі бағыттарын атап өту керек. Мектептегі білім берудің мазмұны қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру үшін оқушылардың өз бетінше білім алуына және оны іс-әрекеттерінде қолдануға, әрі оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеуді мақсат етіледі.

Оқу үрдісі әрбір жас кезеңіне байланысты негізгі психологиялық мінез-құлықтарды қалыптастыруға бағыттау көздейді.

Сонымен қоса оқушылар дүниетанымы дамуының ғылыми тәсілдерін мақсатты және жүйелі түрде жүргізуді жолға қоюды міндеттейді.

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:

1. Оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау.

2. Оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету.

3. Оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру.

4. Білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету.

5. Психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру.

6. Білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету.

7. Апталық оқу жүктемесін тұрақтандыру.

Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформа жасауға себеп болған жаңа 12 жылдық білім беру жүйесі. Бұл жүйені жүзеге асырудың негізі – Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасы болғандықтан, 12 жылдық білім беру жүйесінің теориялық негіздерін талдау барысында бейінді оқыту ұғымының мәнін ашу керек.

^ Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының,
қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту.

Бейінді немесе бағдарлы оқыту тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Негізгі орта білім беру сатысында (5-10-сыныптарда) бейіналды жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе «мектептің жоғарғы сатысында оқушыны қандай кәсіпке икемдеп, бейімге бағдарлауға болады?» деген сұрақ болып отыр. Бұдан бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде деген сұрақтар туындайды.

Қазіргі кезде 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында 20-ға жуық пән оқытылады және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама деңгейінде білім беріліп, білім, білік дағдылары игерілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға бірнеше салада білім негізі беріледі, ал оқушылар игерілген білім негіздерінің бірде- бір саласынан терең білім меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесін даму процесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде) ақпараттың барлығын игеру адам үшін мүмкін емес, сондықтан адамға тек қажетті білім мөлшері беріліп, сол білімді іс – әрекетте қолдана білу керектігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі жеткіншек ұрпаққа энциклопедиялық білімге оқытудан кетіп, оқушы қабілеті мен қызығушылығына қарай бір салада терең білім меңгертуді ұсынады.

Қазіргі кезеңдегі 12 жылдық оқытудың жаңа парадигмасы (нобайы) 11 жылдық білім берудің «білімдік парадигмасын» ысырып, жүйелі – іс-әрекеттік (құзіреттілік) парадигмаға ауысуда (1-сурет).





1-сурет – Білімдік парадигманың жүйелі – іс-әрекеттік (құзіреттілікке) парадигмаға ауысу моделі

Ал 12 жылдық оқыту жүйесі оқытуды іс-әрекетте қолдана білуді көздейді. Сонымен қоса мектеп оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға үлкен өзгерістер енгізілді. Әр пән «білуі керек», «меңгеруі керек» пен қоса «қолдануы керек» білім негіздерінен, қалыптасуы тиіс пәндік құзіреттіліктерден тұрады.

Сондықтан, мемлекетіміздің білім беру жаңа саясатындағы 12 жылдық мектептің бейіналды білім деңгейінде оқушылар өз қабілеттері мен бейіні арқылы болашақ мамандық бағытын саналы түрде таңдап алуы басты шарт болып табылады.

^ Сонымен, бейіндік оқыту - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралау, жіктеудің педагогикалық жүйесі деген анықтама беріледі.

^ Осыған орай бейіндік оқытуды ұйымдастыру үшін келесі шарттардың орындалуы керек:

1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы ролі ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.

2. Жалпы орта білім беру жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдайлар жасау.

3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.

4. Жоғары кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Егер осы шарттар орындалса, онда бейіндік оқыту келесі мақсаттарға жетеді:

  1. Білім алушылардың тұлғалық және кәсіби қалыптасуын ерте анықтау және болашағын жоспарлау.

  2. Жоба жасаушылық пен зерттеушілік әрекетіндегі құзіреттілігін дамыту.

  3. Таңдау бейіні бойынша ЖОО оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау.

  4. Инновациялық ой-өрісін кеңейту және өз бетінше креативтілікпен іздену дағдыларын қалыптастыру.

  5. Қазіргі заманғы өндіріс пен иновациялық технологиялар негізінде кәсіби-бағдарлы оқытуды жүзеге асыру болып табылады (2-сурет).






2-сурет – Бейіндік оқытудың мақсаты


Білім берудің тұлғаға бағдарланған оқытудың парадигмасын іске асыру бейіндік оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей:

  1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды.

  2. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.

  3. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.

^ Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш бағыты ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады :

  • республикада бейіндік оқыту тәжірибесі қалыптасқан жалпы білім беретін мекемелердің тәжірибесіне сүйену қажет;

  • Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы мен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырысты орындау керек;

  • негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды игеру білім берудің Халықаралық стандартының (1997 ж.) ережесімен келістіруді көздейді.

12 жылдық оқыту жүйесіндегі бейінді оқыту- жалпы орта білім берудің 11-12 сыныптарын қамтиды. Оқыту ұзақтығы - 2 жыл.

Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының негізгі міндеті - оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасалуы керек.

12 жылдық білім берудің басым бағыты – педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас – педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты болып есептеледі.

12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес, өзін-өзі кәсіби анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әлеуметтендірілу мүмкіндігін кеңейтеді.

^ Бейіндік мектеп – дербес білім беру мекемесі болып табылады. Қазіргі кезде оның екі түрі анықталған:

  1. Бейіндік сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер;

  2. ЖОО жанынан ашылған бейіндік мектептер.

Бейіндік мектептің қай түрі болса да, бейіндік оқыту мен бейіндік мектеп бағдарламасын жүзеге асырады.

Жалпы орта білім беру деңгейінде жақын орналасқан мектептер үшін бейіндік оқытудың ресурстық орталығы ашылып, онда бейіндеу жұмыстары жүзеге асады (3-сурет).




3-сурет – 12 жылдық білім берудегі бейіндік мектепте бағдарламаның
жүзеге асуы


Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.

Бейіндік білім мазмұныны жеті білім саласы бойынша жүзеге асады: «Тіл және әдебиет», «Адам және қоғам», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Дене шынықтыру».

^ Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер оқытылу тіліне қарамастан барлық оқушылар үшін екі бағытта (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық) жүзеге асу міндетті болып табылады.

Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің инвариантты компоненті базалық және бейіндік пәндерден құралады. Ал базалық пәндер екі бейіндік бағыттада да міндетті оқытылады.

Базалық пәндер «Тіл және әдебиет» білім аймағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, әлем әдебиеті, «Адам және қоғам» білім аймағы Қазақстан тарихы, «Математика және информатика» білім аймағы математика, «Жаратылыстану» қазіргі жаратылыстану, «Дене шынықтыру» дене шынықтыру, алғашқы әскери даярлық пәндерінен тұрады.

Бейіндік пәндер екі бейіндік бағытқа сәйкес химиялық – биологиялық және физикалық – математикалық, филологиялық, әлеуметтік – экономикалық, тарихи – құқықтану бейіндерінің ерекшеліктері ескеріле оқытылады.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқыту жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер химиялық – биологиялық және физикалық – математикалық бейіндік бағытта келесі пәндерді оқытады (4-сурет).





4-сурет – Жаратылыстану – математикалық бағыттағы бейіндік пәндер


Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер филологиялық, әлеуметтік – экономикалық, тарихи – құқықтану бейіндік бағытта келесі пәндерді оқытады (5-сурет).




5-сурет – Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік пәндер


Осы бейіндік бағыттарға байланысты оқушылардың қалаған мамандықтарына икемделуіне жағдайлар туындайды. Сонымен қоса «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінің сабақтастығының болуы негізгі шарт болып есептелінеді.

Бейімдік оқыту жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағытта жүзеге асырылуда бірге келесі жағдайларды ескеру қажет. Біріншіден, бейіндік оқытуды анықтауда, 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталуы керек.

Екіншіден, екі бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау

Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (мектеп, оқушы компоненті) енгізеді.

12 сыныптың түлектерінің жетістігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейімен біріңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша анықталады.

^ Таңдау бойынша пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.

Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің, бейіндік жалпы білім беретін пәндердің, таңдау бойынша міндетті пәндердің, таңдау бойынша курстардың шамамен көлемдік ара-қатынасы 56:30:16 пропорциясымен анықталады.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:

  1. Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру;^ Бір бейінді оқыт кезінде (грек сөзі - monos - біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады. (лицейде жартылыстану-математикалық немесе гимназияда қоғамдық-гуманитарлық).

  2. Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды (жалпы білім беретін мектептер) іске асыру.^ Көпбейінді оқыт кезінде (грек сөзі polys – көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық).

Бейіндік оқыту міндеттерін іске асыру мақсатында 3 деңгейде вариативтік білім беру жүйесіне құрылды: институционалдық, мазмұнды және технологиялық.

^ Институционалдық деңгейі – 11-12 сыныптарда жалпы орта білім беретін оқу орнының көп қыры мен түрлі деңгейін анықтайды. Әр түрлі жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (11-12 сыныптар), академиялық лицейлер
(5-12 сыныптар), бейіндік (11-12 сыныптар) мектептерді қамтиды.

Бұл деңгейде ауылдық жердегі мектептердің әлеуметтік маңызы ескеріле отырып, жалпы білім беретін мектептер сақталып және одан әрі дамыту қарастырылады.

Жалпы білім беретін мектептер 1-4, 5-10 сыныптардың бағдарламаларына және 11-12 сынып оқушыларының бейіндік оқыту бағдарламаларын толық іске асырады.

Қалалық жерлерде тек қана 11-12 сыныптардың бағдарламалары жүзеге асатын Қазақстан үшін жаңа типті оқу орны институционалды - бейіндік мектептер құрылуда және бейіндік мектепті «мектеп–колледж», «мектеп–ЖОО» кешені жүйесінде құру мүмкіндігі шешілуде. Техникалық және кәсіптік білім беретін мектептердің 1-2 курстарында білім алушы 11-12 сыныптың оқу бағдарламасын орындайды. Сол себептен оқытылатын базалық пәндер жалпы бейіндік мектеп жоспарымен сәйкес болу керек. Ал кәсіби бағытта арнаулы білім беру ұйымдарының желісі (хореграфиялық, спорттық, көркем өнер, кадеттер мектебі және т.б.) сақталуып, бейіндік мектеппен сабақтастық орнату мәселесі қарастырылуда.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дарынды балаларға арналған арнаулы мектептер жүйесі дамып, онда 12 жылдық мектеп жүйесі жүзеге асумен қоса іс-тәжірибесі таратылу қолға алына бастады.

Қазіргі кезеңде аталған білім беру мекемелерінің көп қырлы жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігі, білім беру стандарттарымен қамтамасыз етіліп, онда білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымының жалпы талаптары, жалпы орта білім берудің күтілетін нәтижелері анықталу қарастырылуда.

^ Мазмұнды деңгей – оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік оқыту бағыттарын, оқушының таңдау бойынша курстар құрамын таңдау мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі – оқытудың жинақталған жүйесі негізінде құрылады.

^ Технологиялық деңгей – оқытудың тиімді технологиясын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана емес жоғары сыныптағылардың қызмет түрлерімен анықталады: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б.

Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен дамыту негізі - білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық мәдениеті мен технологиялық мәдениетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты құру, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастыруды оқушылардың оқуын саралап жіктеу және даралау әдісі ретінде екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Республикадағы білім берудің бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, барлық кеңестік кезеңнен кейінгі елдер кеңістігінің тәжірибесіндегі бір, бірыңғай жалпы білім беретін кеңестік мектептерді өзгерту қажеттігі туындады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы оқу орындары (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен ерекшеленді.

Бейіндік оқытуды деңгейлеп, саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыру үшін педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін ұйымдастыру қажет. Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда кәсіби пәндерді оқытуды ғылым магистрлері арқылы шешу қарастырылуда. [5]

Қазақстандағы бейіндік оқыту идеясын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты «Негізгі ережелер» ҚР МЖБС 2.003. – 2008 енгізумен байланысты. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғары сатысына сипаттама беріліп, Қазақстандағы бейіндік оқытудың ұйымдастыру мен 11-12 сыныптардағы оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл болып анықталған.

Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап, жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру жатқызылды.

Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының бастауыш, негізгі, жоғарғы сабақтастығына сәйкес іске асырумен сипаталынады. Осындай сипатта ұйымдастырылатын бейіндік оқыту бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары білім алу жүйесімен сабақтастық қарастырылуда.

Республиканың мұғалімдері инновациялық қызмет жағдайында
11-12 сынып оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу қарастырылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен ара қатынасын, әлеуметтік тәжірибенің дамуын ескере отырып, қоғамдағы жаңа құндылықтарды, бейіндік оқуды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделей, 12 жылдық білім беруге көшуде бейіндік оқыту моделін құрастыруға қажетті, төрт принціпін көрсету маңызды :

  • бейіндік оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесін ұйымдастыруды қарастыру қажет;

  • бейіндік оқыту міндеттеріне оқушылардың кәсіби бағдары мен кәсіби бағдарламаларын жетістікпен игерудегі даярлығын іске асыру;

  • бейіндік оқытуды ұйымдастыруды орта білім берудің барлық деңгейінде, соның ішінде – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында байланыста қарастыру қажет;

  • бейіндік оқыту моделі оқу орындары моделдерінің деңгейінде білім беру вариативтілігін, білім беру мазмұнын, оқыту процесін, 11-12 сыныпта оқытатын мұғалімдердің бейіндік мектепте оқытуға даярлау қажеттілігін алдын-ала ескеру керек.

Қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибеде 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты. Осыған орай, қазақстандық 12 жылдық мектеп өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, үштілді, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыруы міндетті

Қазіргі кезде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың келесі мүмкіндіктері бар:

- 11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудың мақсат міндеттері мен екі бағытта оқуды ұйымдастырады;

- бейіндік оқытуды ұйымдастыру бағыттарын мектеп анықтайтап, мектеп бейіндік оқыту шеңберінде бейіндік оқытуды ұйымдастырады;

- оқу орны бейіндік оқытудың мектеп және оқушы компонентін жүзеге асыруда оқушылардың білім нәтижесі кадрлық және оқу-әдістемелік базасына байланыстығын ескеруі керек;

- бейіндік оқытуды ұйымдастыруда «мектеп - колледж - ЖОО» сабақтастығымен оқу жоспарлары іске асырылады;

- бейіндік оқытуды ұйымдастыруда кредиттік, дистанциондық технология элементтерін ендіру арқылы жүзеге асады;

- бейіндік оқытуда кәсіптік пәндер мазмұны мектеп және оқушы компоненттерімен толығады;

- оқу жоспарының оқушы компоненті бала қызығушылығын қамтамасыз етіледі;

- білім берудегі күтілетін нәтижелер метапәндік және пәндік нәтижелер арқылы қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады.

^ Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес бейінді мектеп түлегі төмендегідей құзіреттіліктерді игеруі керек:

  • басқарушылық (мәселені шешу қабілеті) – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілетті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді;

  • ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі) – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі;

  • коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті) - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шетел тілінде, қатынас дағдылары болуын қарастырады;

  • әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті) – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын саналы таңдай алуды қарастырады;

  • тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті) - бұл құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда, яғни өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білуді, қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады. Оқушының зерттеу әрекеті мен білімді қолдана білу құзіреттілігі өзіндік оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзыреттілік. Бұл құзыреттіліктер өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, білімді тиімді қолдана білуді, функционалдық сауаттылықтың қалыптасу негізіндегі білімді игеруде, кәсіби бағыттылықты түсінуге, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін кешенді көрсеткіші.

  • азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті) - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білуде көрініс береді. Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болуда көрінеді. Ең бастысы, өз елінің патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу;

  • технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті) - компьютер жұмысының тиімділігін құрайтын ғаламтор желісінің қызметін пайдалану. Ғаламтор желісіндегі қажет қажет материалдарды игеру. Қашықтықтан ұйымдастырылған әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу арқылы дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.

Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды қалыптасуымен ерекшеленеді.

Метапәндік және пәндік құзыреттіліктер білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы болуы қажет.

Пәндік нәтижелер сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады.
Аталған құзыреттіліктерді игеру оқушының бейіндік мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтенуіне игі ықпал етеді.

  1   2   3   4   5



Похожие:

Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) icon12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconСауалнама Сауалнама
...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың...
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconТәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconБілім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С
БАҒдарламалау бойынша қалалық ҚашықТЫҚтан оқыту олимпиадасының Қатысушылары үшін интерактивті сабақ ЖҮргізу әдістемесі
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconОқыту тілдері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны

Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconБастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу қызметтері бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы