|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Әдістемелік құрал Астана 2013 Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама). Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 65 бет. Әдістемелік құралда «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың» дидактикалық, тәрбиелік және әдістемелік мәселелері қарастырылды. Болашақта кең арнада сөз етілетін дидактикалық мәселелер мен қазақ әдебиетінің жаңа кезеңдегі туындыларының тәрбиелік қуаты әдістемелік негіздермен бір арнада жүйеленіп берілді. Әдістемелік құрал қазақ әдебиетін оқыту мәселелерін зерттеуші ғалым-әдіскерлерге, мұғалімдерге, магистранттарға, докторанттарға, студенттерге арналады. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ^ Нұрсұлтан Назарбаев Кіріспе Әдістемелік құрал тақырыбының өзектілігі. Қазақ әдебиетін мектепте оқыту әдістемесінде «Тәуесліздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып табылады. Тәуелсіздік – ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері болып қазақ әдебиетінде таңбаланып қалса, ендігі кезекте сол арман болған уақытты ақын-жазушылар мақтанышпен жырлап жатса, ол мазмұн жас ұрпақтың рухани дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Сонымен біз тәуелсіз мемлекет құрдық. Өз тарихымызда тұңғыш рет осындай қалыпта, осындай аумақта құрдық. Біздің уақытымыздың бұлжымас фактісі, міне, осы!» [1], – деген сөздері ғалам кеңістігінде уақыт бейнесінде таңбаланып қалған тарихи сөздер. Осылай паш етілген Тәуелсіздіктің бейнесі қазақ әдебиетінде суреттеліп, ол құндылық дүние өз кезегінде әрбір қазақтың, оның ішінде жас ұрпақтың рухани қазынасына айналуы – тек ақын-жазушылар мен драматургтердің ғана міндеті емес, көп ретте, әдебиетті жастарға оқытатын мұғалімдер мен оқытуды ұйымдастыратындарға байланысты. Қазақ әдебиетінің қазіргі дамыған болмысында тарихи тақырыптар да, қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар да, дүние жүзіне тереземізді тең еткен Елбасымыз Н.Назарбаевтың тұлғасы да, Ата Заңымыз, қазақ деген ұлттың «мәдени формуласына» айналған Мемлекеттік рәміздеріміз, Астана, Бәйтерек бейнелері де жақсы дәрежеде өз орнын алып келеді. Отаншылдық сезім, атамекенді қастерлеу – қазақтың тарихты сүю (историясофизм) ерекшелігінен туындайтын қасиет. Тарихты сүю (историясофизм) – белгілі бір дүниетанымдық негіздегі тарихтың тұтастық тұжырымдамасы [2]. Өз Отанын, туған жерін, елін, барлық қуанышы мен қасіретін таңбалайтын тарихшылар мен әдебиеттегі ақын-жазушы, драматургтердің ерен еңбектері назар аударуға лайық. Қазақ әдебиетіндегі еркін, тәуелсіз елде өмір сүріп отырған азаматтың, адамның бейнесі суреттелуін қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде сол еркіндікті танытатын әдістермен оқыту жүйесін анықтау керек. Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келіп жатқан көркем әдеби туындылар қазіргі заман келбетін бейнелеп, замандастарымыздың жасампаздық ерлігін паш етуде деп бағалаймыз. Әдебиеттанушы ғалымдардың қазақ әдебиетінің жаңа кезеңін «сан салалы, көп мағыналы, күрделі өмір кешкен қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі, енді таптық әдебиет пішімін өзгертіп, ұлттық әдебиет жалауын көтеріп, соны өріске бет түзеген» жаңа кезеңді «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» деп атаудың да болашақта «Қазақстанның жаңа дәуір әдебиеті» деп аталуы мүмкін деп сенеміз[5]. Мектеп оқушыларына қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңдегі қазынасын меңгерту үшін қолда бар әдістемелік құралдарды және жаңашыл бағыттағы инновациялық технологияларды танып-талдап, мектептегі білім мазмұнына енгізу жолдарын айқындау керек. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» атты әдістемелік құралы – болашақта үлкен монографиялық зерттеулерге ұласатын күрделі тақырып. Бұл тақырыптың сан қырлы мәселелері әдебиетті оқыту әдістемесі саласындағы әдіскер-ғалымдардың, мұғалімдердің, болашақ жас ғалымдардың етене араласуымен шешілетіні белгілі. Сондықтан тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің болашағы да үлкен деп санаймыз. Әдістемелік құралды әзірлеудің мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін анықтау. Әдістемелік құралды әзірлеудің міндеттері:
Әдістемелік құрал кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне, қазақ әдебиетін оқыту мәселелерін зерттеуші ғалым-әдіскерлерге, магистранттарға, докторанттарға, студенттерге арналады. ^ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 1991 жылдан бергі тарихын, қазақ әдебиетінің дамуы мен кемелденуінің ширек ғасырға жуық кезеңін мектеп оқушыларына меңгертудің жаңа әдістемесінің қалыптастырылуы – уақыт талабы. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін зерделеуде, ең алдымен, бұл үдерістің жалпыпедагогикалық және жеке әдістемелік негіздерін жаңа инновациялық оқыту талаптары негізінде жүйелеп қалыптастыру керек. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың сапалы негіздемесін анықтау жалпыдидактикалық және әдістемелік заңдылықтарына сүйене отырып жүйеленеді. Дидактикалық және әдістемелік заңдылықтар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу және даму бағыттарын, қазақ прозасы, поэзиясы, дрматургиясы, әдеби сын салаларындағы жетістіктерді мектеп оқушыларына меңгертудің тиімді жолдарын жүйелейді. 1991 жылдан бергі кезеңде қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары қалыптасып келеді. Дегенмен, осы практикалық қордың теориялық тұрғыдан жүйеленіп қарастырылуы кешеуілдеп, мектеп мұғалімдерінің қазақ әдебиетін оқытуда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетін танытатын әдеби туындыларды оқушыларға сабақтастықпен, бірізділікпен жинақталған әдістемесін қолдана алмай келе жатқаны белгілі. Бұл олқылықтың орнын толтыру және Қазақстанның жаңа дәуірі әдебиетін мектепте оқытудың толыққанды болмысын қалыптастыру – кезек күттірмейтін және уақыты озыңқырап бара жатқан маңызды мәселе болып табылады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздерін анықтауда жалпыдидактикалық мына ұстанымдар басшылыққа алынады:
Бұл жалпыдидактикалық ұстанымдар – тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін мектепте, жоғары оқу орындарында т.б. оқу орындарында оқыту үдерісінің басты қағидалары ретінде танылады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымдарына қоса, әдебиетті орта мектепте оқытудың жеке ұстанымдары да басшылыққа алынады:
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту мазмұны қазақ әдебиетін мектепте оқыту бағдарламасымен анықталады. Ол бағдарлама мұғалімдердің Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінен білім берудің жетекші құралы болып табылады. Осы ретте әдіскерлер шешуі тиіс маңызды мәселе бой көтереді. Ол – қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнын түбегейлі жаңа Тұжырымдамалық негізде қайта жүйелеу. Осы кезге дейін мұндай маңызды мәселе шешімін таппай келе жатыр. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін, оның ішкі қалыптасу үрдістері мен даму үдерістері тәуелсіздік идеясына қалай негізделгендігі де жеткілікті деңгейде зерттелмей келеді. Бұл мәселенің алдағы уақытта қарастырылуы тиіс. Дидактиканың үлкен саласы – білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау. Сондықтан, қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы жинақталып келе жатқан қазынасын меңгерту, сұрыптау, мектеп бағдарламасына енгізу, талдау – әдіскерлік шеберлікті, мол тәжірибені қажет етеді. Бұл мәселені әдебиеттануші ғалымдардың өздері де баса атап көрсеткені белгілі. «Әрине, жаңа кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына іліккен жоқ. Кейбір татымды туынды әртүрлі себеппен назарға түспей қалды да. Түспей қалуының бір себебі, әдебиет тарихы баспа жүзін көрген шығарманың құнын айырмай, шетінен тықпалай беруді көтермейді. Қазір не көп – қағаз топаны көп. Проза әлеміне де, өлең өлкесіне де кіруге лайықсыз, әдебиетпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шалажансар шимайлардың бүгіндері қаптап кеткені жасырын емес. Қара нөпірім басылым арасынан ауыз тұшырлық кісі қызығарлық дүниені айырып алудың өзі бірталай жұмыс. Дәмі жоқ, татуы жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы бос әурешілдік. Сондықтан кітапта бүгінгі тәуелсіздік әдебиетінің әжетке жарайтыны, жілігі татиды дегендері ғана іріктеліп талданды» [5]. Мемлекет білім беру орындарына өзіне керекті азамат тұлғасын қалыптастыруға тапсырыс береді. Пәннің оқу бағдарламасы мемлекеттің сол тапсырысына сүйене отырып қажетті білім мазмұнын сұрыптайды. Осы бағдарлама негізінде іріктелген әдеби туындыларды оқыту арқылы оқушылардың саналы азаматтық тұлғасы мен эстетикалық талғамын қалыптастырып дамыту – қазақ әдебиетін оқыту әдіскерлері мен мұғалімдерінің басты міндеті. Әдебиеттанушы ғалымдардың «қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталған»[5] деп анықтаған тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін мектепте оқыту осындай биік пафосты, қазақ халқының терең де нәзік әрі шиыршық атқан иірімдері мол көркем қазынасын меңгерту деген жоғары рухтағы әдістемелік тіректен тұруы тиіс. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің проза, поэзия, драматургия, сын салаларынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі бойынша алда тұрған екі міндет бар:
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туындылары сол кездегі негізгі әдіс – социалистиік реализм әдісі арқылы талданып келгені белгілі. «Жағымды» және «жағымсыз» кейіпкерлердің оппозициялық талдануы арқылы кеңес заманының геройы туындап шығатын әдіс сол кездегі ең тиімді әдіс болып саналды. Ал қазіргі барынша шынайы, мүмкіндігінше өмірдің өзі алға қойып отырған тұрмыс күрмеулерінен шыға алатындай амал-тәсілдердің мектептегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне кешеуілдеп келуі – әдіскерлер тарапынан уақыт оздырып алып жатқаны айқын да ашынарлық жағдай. Қазіргі қазақ әдеби туындылары мен оқырман арасында кеңес дәуіріндегідей авторитарлық пікір орын алмауы керек. Сондықтан оқушының оқырман ретіндегі өзіндік көзқарасы, білім алушы субъект ретіндегі өзіндік ізденіс арқылы білім алу әдістері, жеке тұлға ретіндегі дүниетанымдық ұстанымдары қалыптасуына және олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ардақ тұтатын болмысына лайық болуын қамтамасыз ету – қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі әдіскерлері мен ғалымдардың парызы болып табылады. Бұл ретте әдебиет теориясы бойынша меңгертілетін ғылыми аппараттар – терминдердің де жүйесі айқындалуы керек. Өйткені «социалистік реализм» әдісі арқылы талданып келген М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын ендігі ретте қалай талдау керек? Бұл жерде М.Қаратаевтан бастап барлық ғалымдардың талдауына сүйенетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа қырынан танылып жатқан Құнанбай, Шәкәрім т.б. бейнелері оқушыларға қалай меңгертілгені дұрыс? Осы мәселелердің іргесінен орын алып, «Қазақ әдебиетінің» жалпы жүйесінен орын алып, бірақ толықтай жаңа болмыста қалыптасып келе жатқан тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудағы әдебиеттану терминологиясын мектепте меңгертуде де жаңашыл әдістемелік ізденістер орын алуы керек. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін шолу түрінде өту көзделгендіктен, мұғалімнің өз бетімен оқушыларға кең арналы білім беруіне қазіргі ақпараттық мүмкіндіктер мол екенін атап көрсеткіміз келеді. Сондықтан оқу бағдарламасында аталып көрсетілген авторлармен шектелмей, кеңірек білім мазмұнын беруге ұмтылыс жасау ләзім. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ПРОЗАСЫ бойынша лайықты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, көркем шығармаларды оқушыларға таныстыру және өз бетімен оқып-білуге ұсыну керек. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», «Жармақ», «Сары қазақ», Д.Досжанның «Ақ Орда», «Құм кітап», Қ.Ысқақовтың «Ақсу – жер жаннаты», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Ә.Таразидің «Жаза», «Қара жұлдызға сапар», Т.Әбдіковтің «Парасат майданы», С.Сматайдың «Жарлығап батыр», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Қ.Исабаевтың «Шоң би», Б.Мұқайдың «Өмірзая», О.Сәрсенбайдың «Шеңбер», К.Сегізбайдың «Беласқан», Б.Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», С.Жүнісовтің “Аманай мен Заманай”, Ә.Нұршайықовтың “Жазушы мен оның достары”, М. Шаханов, Ш. Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары»,Қ.Ысқақтың “Ақсу туралы аңыз”, С.Мұратбековтің “Ай туар алдында”, Д.Исабековтің “Ай-Петри ақиқаты”,Ә.Сарайдың “Еділ-Жайық”, О.Сәрсенбайдың “Шеңбер”,Т.Сәукетайдың «Ай қараңғысы», Т.Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Ж.Ахмедидің «Шырғалаң», Ұ.Доспамбетидің «Қызыл жолбарыс», А.Алтайдың «Алтай новелласы», Ә.Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», С.Елубайдың «Мінажат», «Жалған дүние», Т.Нұрмағамбетовтің «Айқай», С. Досановтың төрт томдық «Жиырмасыншы ғасыр», Ж.Шаштайұлының «Жаңғырық», Т.Мамасейіттің «Таңжарық», Қ.Жиенбайдың «Ән салуға әлі ерте», Мир Шайырдың «О, данышпан дүние», Ж.Әлмашұлының «Күлкі мен көз жасы», Д.Батырдың «Жарсыз өткен ғұмыр», Ә.Ыбырайымұлының «Ұяластар», Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар», «Мен сізді сағынып жүрмін» атты романдары, Ө. Кәріпұлының «Серілер мен перілер», Ө.Ахметтің «Адасқан ғасыр», Н.Қапалбекұлының «Таудан түскен тұман», Д.Әшімханұлының «Самырсын сазы», Қ.Түменбайдың «Қобыздың мұңы», С.Оспановтың «Сопының ғұмыры», Н.Ораздың «Биіктегі сұлулық», Н.Қамидың «Көк қақпа», А.Кемелбайдың «Қоңыр қаз», Т.Шапайдың «Айна сарай»атты әңгіме-повестері т.б. туындылар – қазақ әдебиетінің проза саласында 1991 жылдан осыған дейінгі жылдар ішінде үлкен биіктерге қол жеткізіп келе жатқанын, «қазақ әдеиетінде даму жоқ» деген жалған сөздердің әдейі осындай теріс пікір қалыптастыру мақсатында айтылып жүргенін көрнекі дәлелдейтін дерек болып табылады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ПОЭЗИЯ саласы бойынша оқушыларға бағдарлама бойынша және өз бетімен оқуға мына ақындардың шығармалары ұсынылады. А.Бөкеновтің «Салбуырын», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е.Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі»,«Қара бауыр қасқалдақ», М.Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің «Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», Г.Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т.Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары», Г.Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидың «Сонеттер», Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», К.Салықовтың «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», М.Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жарты адам», Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Ұ.Есдәлетұлының «Киіз кітап», О.Асқардың «Орбұлақ», Д.Әбіловтің «Жолаушы өмір», А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Р.Ниязбек Н.Мәукенұлының «Бойтұмар», А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан», А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі»жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көріп, С.Адай, Ж.Сәрсек, Т.Толқынқызы, М.Шоқан, Б.Сарыбай, А.Елгезек, Н.Бердалы, Е.Жеңісұлы, Е.Жүніс, Т.Таңжарық, Ы.Дәбей, Б.Әлқожа, Н. Сарша, А.Сейтақ, С.Есжан, Т.Мықи т.б. сияқты жас ақындар легі көбейді. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ДРАМАТУРГИЯ саласы бойынша оқушыларға өз бетімен мына шығармалар ұсынылады. Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Ә.Таразидің «Ақын, Періште. Махаббат», С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер», М.Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері», Р. Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан», Шахмардан Құсайыновтың «Томирис», И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той», Қ.Ысқақовтың «Қыл көпір», «Жан қимақ», Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидің «Алатау сынды алыбым», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», «Ең әдемі келіншек», Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думан», Д.Амантайдың «Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң», С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір такси», А.Жағанованың «Жан алқым», Н.Әбутәлиевтің «Өттің, дүние», А.Бекбосыновтың «Соңғы сезім», Д.Исабековтың «Актриса», «Тор», «Ескерткіш», Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы», Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», «Өмірзая» т.б. драмалық шығармалары – тәуелсіздік жылдарында қазақ әдебиетінің қорына қосылған рухани қазына деп танылады. Дидактиканың тағы маңызды саласы – білім беру формасы, оқыту әдістері мен амал-тәсілдері болып табылады. Таптық әдебиет болмысынан енді ұлттық әдебиет болмысына ауысқан қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі енді өзінің жаңа инновациялық жүйесін қалыптастыруы – күн тәртібіндегі аса өзекті тақырып болып саналады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті дегенде, жаңа дәуірдің желісін 1991 жылдың 16 желтоқсанынан ғана емес, 1986 жылдан бастауға да болады деп есептейміз. Өйткені қазақ жастарының 1986 жылдың желтоқсанындағы дүниені дүр сілкіндірген қозғалысы – әрбір қазақтың ұлттық санасынан, болашақ ұрпаққа тәуелсіздік аманаты болып кететін тарихи дерек болып қалғаны белгілі. Сондықтан ғасырлар бойғы жинақталған, жырланған тәуелсіздік идеясының нақты құбылыс ретіндегі көрінісі – 1986 жылдың желтоқсанындағы көтеріліс десек, ол – Қазақстанның бір тарихи керуенінің соңы болғанымен, жаңа тарихи дәуірінің нұрлы қуатты бастауы еді. Осымен де байланысты, Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті дегенде хронологиялық желінің бастапқы кезеңін 1985 немесе 1986 жыл деп қосуға да болатын сияқты. Оқу бағдарламасында «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» шолу түрінде берілген. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі үшін жаңа дәуірдің басталғанын ескеру – ақпараттық технологияның, ғаламтордың /интернеттің қарыштап дамуын ескеру міндеттілігінен басталады. Жаңа оқыту технологияларының, негізінен, ақпараттық технологиямен байланысты екені белгілі. Шолу түрінде оқылатын «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін» меңгерту үшін жаңа |