12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі icon

12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі



Название12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі
страница3/5
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5

^ 4 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың нәтижесі ретіндегі оқушы портфолиосы

Қазіргі уақытта Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес білім беру үдерісінің нәтижелері ретінде пәндік, әмбебап сипаттағы және білім алушыларды көзқарасы дұрыс қалыптасқан, өмірлік ұстанымы бар, жеке даму траекториясымен бірге тұтас бір жеке тұлғаны сипаттайтын жеті негізгі қорытынды құзыреттіліктен тұруы тиіс

12 жылдық мектептің МЖБС жобасында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жеті негізгі құзыреттіліктер бойынша белгіленген. Осыған сәйкес, 12 жылдық мектептегі білім білім деңгейлерінің аралығындағы сабақтастық қарастырылған.

Шешілмеген әдістемелік мәселе – бұл оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтайтын, негізгі құзыреттіліктер бойынша оқушының жетістіктерін бағалау болып табылады. Қарама-қайшылық мұғалімдердің құзыреттілік түрлері бойынша нәтижелерді бағалауға дайын еместігінен туындайды, ал өмірдің мектептен талап ететіні – жеке тұлғаның тұтастай қалыптасуы (оның қалыптасуындағы когниттік, қызметтік және аксиологиялық аспектілері), себебі осы күнге дейін негізгі бағыт білім парадигмасының білімділігіне түсіп отырды.

Сабақтағы оқу жетістіктерін меңгеру пәндер бойынша көрсетілген бағалау өлшемдері арқылы анықталады.

Негізгі құзыреттіліктер бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығын анықтайтын – оқушылардың портфолиосы екенін мойындау керек.

Портфолионы [26]. Бұл педогогтың жетекшілігімен жүргізілетін оқушының өзінің шығармалық үдерісі. Мұғалім кеңесшінің рөлін атқарады және жеке даму траекториясының дұрыс жоспарлауына ықпал ете отырып, оқушыны қажетті бағытқа жетелейді. Мұғалім мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын, мектептің білім беру үдерісінің стратегиясын басшылыққа алуы тиіс, ал бұл оқушы портфолиосындағы білім беру үдерісінің мазмұны оның жасына, жеке қабілеттеріне, қызығушылығына сәйкес келуіне әсерін тигізеді. Портфолионы құру кезінде білім берудің барлық субъектілері – оқушылардың, педогогтардың, оның ішінде психологтардың, ата-аналардың, қамқорлық көрсететін білім беру ұйымы әкімшілігінің қатысуы керек.

Портфолионы құру үдерісіне мыналар кіреді:

- оқушының өзі жеке дамуы үшін портфолионы құрудың маңыздылығын саналы түрде сезінуі;

- портфолионың мазмұнын айқындауда педогогтың бағыт берушілік рөлі;

- пән мұғалімінің жетекшілігімен пән мазмұнын ескере отырып, тоқсан, жартыжылдық және жыл аяғында оқушы өзінің жеке портретін жасауы (пәндік нәтижелерге бағдарлау) және сынып жетекшісінің, пән мұғалімі мен ата-анасының басшылығымен жеке тұлғалық даму мазмұны;

- мақсаттар қоюда педогогикалық жетекшілік және олардың күтілетін нәтижелер өлшемдеріне сәйкестігі;

- педогогтың алдын ала портретті жасауда түрлі формаларды елестетуі (эссе, сурет, коллаж, сызба және т.б.) және де оқушының ұнаған форманы өз бетінше таңдауы;

- педогогтың «Жинақтаушы» деген білім мазмұнын ашып беруі, онда оқушының жұмыс кезінде пән бойынша пайдаланатын материалдары – оқулықтар, қосымша әдебиеттер тізімі,үлгі ретінде басқа оқушылардың жұмыстары, негізгі теориялық ережелер, глоссарий, статистикалық деректер, ақпараттың басқа да дереккөздерінің болуы;

- осы аталған бөлімді құруда мұғалімнің көмегі;

- ақпаратты іздеу негіздерін үйрету, оның топтамасын, жазылуын, конспектілеуін үйрету;

«Жұмыс материалдары» бөлімінің типтік мазмұнын ашу, оған оқушының міндетті және қосымша жұмыстары кіреді;

- ұжымдық жұмысқа оқушылардың жеке үлесін көрсету;

- «Жетістіктер» бөлімінің мазмұнын түсіндіру, онда пән бойынша (білімдік, когнитивтік) мақтау қағаздары, сертификаттар, рефлексивтік талдау, рейтингтік бағалау парақшалары салаларындағы жеке тұлғалық, азаматтық, басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, технологиялық, әлеуметтік құзыреттіліктер, сыныптастар тарапынан өзара бақылау негізіндегі мінездемелер, мұғалімдердің, ата-аналардың және де қандай да бір жұмысты орындау барысында оқушының өзара әрекет еткен басқа мекемелердің мінездемесі кіреді.

^ 5 Тұлғалық құзыреттілікті қалыптастыру нәтижелері


3-кесте – Тұлғалық құзыреттілікті бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері

А) бастауыш білім беру деңгейінде:



Құзыреттілік параметрлері

Бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері

1

қоршаған ортаны көру және түсіну қабілеті,оған бейімделу

Сауалнама сұрақтарына жауап және өз жауаптарына нұсқаулық бойынша балдар қою; оқытылатын пәндер шеңберінде бақылау тапсырмаларын орындау, жауаптарына нұсқаулық бойынша балдар қою және алынған нәтижелерді талдау; әңгімелесуге қатысу және өзінің жетістіктерін көрсету.

2

Өз іс-әрекеттерінің мақсаты мен міндеттерін анықтай білу,олардың нәтижелерін болжау

Ситуациялық міндеттерді шешу және жайын дұрыс жауаптардың негізінде жауаптарды талдау, өз білімін бағалау

3

Қоршаған орта шегінде туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін таба білу,ұсыну,қабылдау

Педагогпен әңгімелесу кезінде ситуациялық міндеттерді шешу және ұсынылған тәсілдің дұрыс/бұрыстығын анықтау

4

Өз іс-әрекеті мен оның нәтижелерін бағалай білу

Өз іс-әрекеті мен өз іс-әрекетінің нәтижелерін сынап талдау

5

Зерттелмегенді тану ынтасын қалыптастыру

Оқылатын тақырыптар шеңберінде сұрақтар топтамасын анықтау

6

Адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін анықтай білу

Жағдаят кезіндегі адамның іс-әрекетін бағалау (мысалға көркем мәтін үзіндісінен)

7

Өзінің жағымды тұлғалық қасиеттерін дамытуға ұмтылу

Өзінің жақсы қасиеттерін анықтау және өзін-өзі жетілдіруге міндеттер қою

8

Жеке адамгершілік қасиет сезімін таныту

Әдеп ережелерін сақтай отырып, жағдаяттарда рөлдерде ойнау және өз іс-әрекеттерін негіздеу

9

Әлеуметтік ортада эмоционалды жағымды микроклимат тудыра білу

Тартысты жағдаяттардан шығудың тәсілдерін ұсыну және оларды негіздеу

10

Жас ерекшеліктеріне сәйкес логикалық ойлауды игеру

Логикалық тапсырмаларды шешу және жауап эталондарымен салыстыру

11

Өзін жасына сай түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға қабілетті, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өзін елестету

Сауалнама сұрақтарына жауап беру және күтілетін дұрыс жауаптармен салыстыру

12

Жеке қауіпсіздікті сақтау ережелерін меңгеру

Өз замандастарының өмірінен алынған оқиғаларды көру/оқу және олардың іс-әрекетін бағалау, осындай жағдаяттағы дұрыс іс-әрекеттермен салыстыру

13

Салауатты өмір салтын түсіну

Өмірлік жағдаяттарды бағалау және өзіндік пікірлер

14

Шығармашылық жұмыс түрлеріне ұмтылу

Оқытылатын тақырыптар бойынша рефераттар орындау және кемшіліктерді анықтау, оларды қалпына келтіру тәсілдері, зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысу

15

Дене тәрбиесі жағынан өзін-өзі дамытуға белсенді қатысу

Спорттық секцияларға қатысуды есепке алу, үй жағдайында өз бетінше спортпен шұғылдану (жаттығу, тренажерде жаттығу)


16

Өнер түрлеріне қызығушылық таныту және нақты объектіні зертеу

Өнер саласынждағы қызығушылықтарды анықтау, өнердің әлемдік жауһарлары туралы хабардар болуды талдау, өнер туралы білімді кеңейтуді жоспарлау, мұражайлар мен басқа да мәдени орындарға баруды есепке алу

Б) негізгі орта білім беру деңгейінде:

1

Қоршаған ортада бағдарлау қабілеті, қалыптасқан құндылықтар тұрғысынан жағдайттарды объетивті бағалау

Жауаптарға балдар қойылған сауалнамалық сұрау, оқытылатын пәндер бойынша бақылау жұмыстарын өткізу және нұсқаулық бойынша жауаптарға балдар қою; алынған нәтижелерді талдау; жеке жетістіктерді анықтау

2

Жеке дамыту траекториясын қалыптастыра білу және оны іске асыру бойынша өз іс-әрекетін жоспарлау

Жеке таңдау бойынша міндеттерді шешу, дұрыс жауап эталондарымен салыстыру негізіндегі шешімдерді талдау және өз білімін бағалау

3

Пайда болған мәселені шешудің тиімді жолдарын таба білу және оны айналадағы адамдармен талқылау

Оңтайлы шешу жолдарын табу арқылы ситуативтік міндеттерді шешу

4

Өз іс-әрекеті мен олардың нәтижелерін объективті бағалау қабілеті, өзір-өзі жетілдіруге ұмтылу

өз қызметінің нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау және дәйектеу, және оны жетілдіру

5

Адамның тәртібін бағалауда жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бейімделе білу

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұрғысынан өз замандастарын тәртібін бағалаудағы пікірді негіздеу

6

Өзінің жағымды тұлғалық қасиеттерін, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ұмтылу

Жақсы қасиеттерді анықтау және көшбасшылық қабілеттерді бағалау

7

Өз елінің азаматы екенін, өзінің жеке қадір қасиетін таныту

Сауалнама арқылы өз елі азаматының және өзінің қадір қасиеті арасындағы байланысты анықтау

8

Тәртіптің этикалық нормалары тұрғысынан әлеуметтік ортада эмоционалды жағымды микроклиматты қалыптастыра білу

Өз замандастарының өмірінен алынған оқиғаларды көру/оқу және олардың эмоционалдық-құндылық ұстанымдарын бағалау

9

Іс-әрекеттері мен амалдарының логикалық негіздерін таныту

Нақты оқу жағдаяттарында логикалық іс-әрекеттер мен амалдарды негіздеу

10

Жасына сәйкес әртүрлі әлеуметтік рөлдерді саналы түрде орындау

Тұлғаның әлеуметтік тәртібінде жас ерекшеоіктері мен құндылық арақатынастарына сәйкес нақты әлеуметтік рөлдерді орындау

11

Жеке қауіпсіздікті қорғау ережелерін сақтау

Жеке қауіпсіздікті қорғау ережелерін сақтаудағы жағдаяттарды белгілеу

12

Салауатты өмір салтын енгізу және насихаттау

Қоғамдық іс-шараларға қатысу, газет беттеріне салауатты өмір салты туралы мақалалар жариялау, мектеп газетін шығару

13

Ғылымның негіздерін тану және қосымша дамыту процесіндегі жобалау-зерттеу қызметіне қатысу

Оқу жобалау-зерттеу жұмыстарының бір түрін орындау

14

Дене тәрбиесін өзін-өзі дамытуға белсене қатысу

Жарыстарға, спорттық сайыстарға және мектепішілік сауықтыру іс-шараларына қатысу

15

Өнер түрлері мен ғылым салаларына деген қызығушылығын таныту

Ғылым және өнер салаларымен байланысты мектепішілік және мектептен тыс іс-шараларға қатысу

В) жалпы орта білім беру деңгейінде:

1

Өз іс-әрекеттері мен амалдарына мақсатты және мағыналы нұсқаулларды таңдай білу

Таңдалған мақсатты және мағыналы нұсқаулар негізінде алынған іс-әрекетері мен амалдарын талдау

2

Заман талабына сай адамға қажетті жеке бас қасиеттерін дамыту,өзін-өзі тану қабілеті

Кәсіптік-тұлғалық қалыптасу үшін білім алушылардың қабілеттерін дамыту

3

Психологиялық сауаттылық

Одан арғы қызмет саласын таңдауға байланысты емес психология саласындағы хабардар ету, ұсыну,білім деңгейлері туралы тест

4

Ойлау мәдениетін меңгеру

Психологиялық сауаттылықты қалыптастыру үшін сауалнама өткізу, шығармашылық ойлау мәдениетін дамыту

5

Өзінің рөлін сезіну қабілеттілігі және қоғамдағы орны

Сауалнама,эссе,әңгіме

6

Қалыптасқан жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау қабілеті

Берілген жағдаяттар бойынша міндеттерді шешу

7

Салауатты өмір салтын енгізу және насихаттау

Спорттық секцияларды қадағалау, келушілерді есепке алу,спортпен шұғылдану

8

Жеке қауіпсіздігін қорғау тәртібін сақтау

Берілген жағдаяттар бойынша мәселені шешу

9

Жеке адамгершілік қасиетін, елінің қадірлі азаматы екенін таныту

Берілген жағдаятта р бойынша пікірін анықтау

10

Өздігінен білім алуға және өзін-өзі дамытуға, жасампаз еңбекке деген қабілеттілік

Портфолиодағы қызмет жоспарының мазмұны

11

Физикалық, рухани және интелектуалдық өзін-өзі дамыту қабілеттілігі

Төз бетінше танымдық және физикалық қызметтерді есепке алу

12

Эмоционалдық өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау қабілеті

әдетте болмайтын жағдаяттарда оқушының тәртібін қадағалау


^ 6 Азаматтық құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері


4-кесте – Азаматтық құзыреттілікті бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері



А) бастауыш білім беру деңгейінде:




Күтілетін нәтиже

Бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері

1

Өзін өз елінің азаматы ретінде тану, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тудыру

Сауалнама, тиісті тақырыпты, шығарма-эссені талқылау кезінде қадағалау

2

Өз елінің әлем картасындағы орналасқан орнын білу

Картадан көрсету,өз елін сипаттайтын тапсырма

3

Ұлттық батырлар мен негізгі тарихи оқиғаларды білуі

Тестілеу, ауызша мазмұндау,сұрақтарға жауап беру

4

Өз елінің жетістіктеріне қызығушылық таныту

Көрме туралы пікірі, көргендерімен таныстыру,талқылау

5

Өз елінің әнұранын білу, мемлекеттік нышандарын сипаттай білу, Қазақстан Республикасының Конститутциясына құрмет көрсету, күнделіктіқарым-қатынас тілі ретінде мемлекттік тілді меңгеру

Әнұранды орындау,сұрақтарға жауап беру, мемлекеттік нышандар туралы жазбаша және ауызша мазмұндау

6

Отансүйгіштік сезімды таныту, өз Отанына қызмет етуге дайын болу және оның мүдделерін қорғау

Амалдарды қадағалау, шығарма-эссе, көпшілік алдында сөйлеу

7

Болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға қызығушылық тудыру

Сауалнама, елде болып жатқан оқиғаларды талқылау кезінде оқушылардың пікірін қадағалау

Б) негізгі орта білім беру деңгейінде:


1

Елдегі болып жатқан оқиғаларды қарапайым қабылдау, жоғары этикалық құндылықтар негізінде ұжымда өзіңнің рөлін түсіну, азаматтылық мен отансүйгіштік

Болып жатқан оқиғаларды бағалаудыесепке алу,оқиғаларға қатысты өзінің ұстанымын білдіру, халық даналарына шағым айту (мақал-мәтелдер, дәйексөздер келтіру)

2

Азаматтық-қоғамдық қызмет саласында білімді меңгеру

Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша пікірталастарға, дебаттарға қатысу, өз ұстанымын білдіру және дәлелдеу

3

Өзінің іс-әрекеттері мен амалдары үшін әлеуметтің маңызды нұсқауларды таңдай білу

Әлеуметтік тану әдістерін қолданумен бірге қазіргі әлеуметтік өмірде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды талдау

4

Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен құқықтарын білу және сақтау

Талдамалық шолу, азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беру

5

Мемлекеттік нышандар мен мемлекеттік тілді білу

Берілген жағдаяттарда тілді қолдану,мемлекеттік нышандардың мәнін түсіндіру

6

Белсенді азаматтық ұстаным, жоғары отансүйгіштік сезім таныту, өз Отанына қызмет етуге және өзінің жас ерекшелігі мен әлеуметтәк қатынастар мүмкіндіктеріне қарай оның мүдделерін қорғауға дайын болуы

Қоғамдық іс-шараларға,патриоттық әндер сайысына және т.б. қатысу, шығарма-эссе; тапсырылған тақырыптар бойынша рефераттар жазуға дайындалу

7

Болып жатқан әлеуметтік оқиғаларды бірдей қабылдай білуі, қоғамның мүдделерін қорғау тұрғысынан түрлі өмірлік жағдаяттарда қырағылық таныту

Берілген әлеуметтік жағдаяттарды түсіндіру және бағалау

8

Саяси жүйеге қызығушылық таныту

Әр түрлі елдердің саяси жүйесі туралы хабардар болуды есепке алу, әрбір елдің саяси жүйесін салыстыра бағалай білу

В) жалпы орта білім беру деңгейінде:


1

Қоршаған ортаны бірдей қабылдау қабілеті, жоғары этикалық, азаматтық және отансүйгіштік құндылықтар негізінде қоғамда өзінің орнын таба білу

Қоршаған әлемдегі бірдей бағдарлаулар үшін өзара талдау, өзін-өзі тексеру пайдалану тәжірибесін сыни тұрғыдан бағалау

2

Азаматтық-қоғамдық қызмет саласындағы білім мен тәжірибені меңгеру

Бұқаралық ақпарат құралдарына құндылықтар жүйесі мен азаматтық қоғамның идеалдарын қалыптастыру бойынша мақсатты аудиторияларды есепке ала отырып, мақалалар дайындау

3

Өз іс-әрекеттері мен амалдары үшін әлеуметтік маңызды нұсқауларды таңдай білу

Берілген мәселелерді шешудің тәсілін таңдауды бағалау

4

Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік нышандарына, мемлекеттік тіліне құрмет көрсету, заңдары мен құқықтарын сақтау

Оқушылардың азаматтық ұстанымдарын қадағалау,мемлекеттік нышандарды білу және мемлекеттік заңдарға қатысты ойларын білдіру конкурсы

5

Белсенді азаматтық ұстанымды, жоғары отансүйгіштік сезімді таныту, өз Отанына қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға дайын болуы

Оқушылардың азаматтық ұстанымдарын қадағалау, шығарма-эссе арқылы анықтау, БАҚ-тарға жарияланымдар, көпшілік алдында сөйлеу

6

Болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға бере білу, мемлекеттің мүдделерін қорғау тұрғысынан әртүрлі өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдай білу

Өмірлік жағдаяттармен байланысты практикалық міндеттерді шешу үдерісінде өзінің ұстанымын дәлелді қорғау тәжірибесін талдау

7

Саясаси жүйені түсіну және бағалау

Тапсырмалар бойынша салыстырмалы талдау және бағалау



^ 7 Әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижелері


5- кесте – Әлеуметтік құзыреттілікті бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері


А) бастауыш білім беру деңгейінде:




Күтілетін нәтиже

Бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері




Ұжымның қоғамдық, әлеуметтік-еңбек өміріне белсене қатысу

Қоғамдық іс-шаралардағы белсенділігін есепке алу




Қоғамдық қатынастардың стандарттық жағдаяттарында шешім қабылдау қабілеті

Оқушыларды тұлғалық бағдарланған педагогикалық жағдаяттарға (әңгімелесу) қосу және қабылданған шешімдерді талдау




Қоғамда, мәдениеттану негіздерінде жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениеттің, этномәдениет құбылыстары мен дәстүрлерінің негіздерін білуі

Жазбаша жұмыстар өткізу (бақылау, конкурстық), түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу




Қазақ халқының және Қазақстан аумағында тұратын басқа да ұлыстардың этностардың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін және басқа да құндылықтарын құрметтеу

Мәдени іс-шараларға қатысуды есепке алу, басқа ұлттардың замандастарымен қарым-қатынасты қадағалау, қазақ халқы мен басқа да ұлыстардың тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін білуге арналған бақылау және конкурстық тапсырмалар




Мемлекеттік тілге құрмет көрсету және оны күнделікті қарым-қатынас тілі ретінде меңгеру

Күнделікті қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді қолдануды бақылау (берілген жағдаяттар бойынша диалогтар құрастыру, мемлекеттік тілді білуге арналған конкурс)




күнделікті қарым қатынас тілі ретінде орыс тілін және тұрақты қарым-қатынас формуласы деңгеінде ағылшын тілін меңгеру

Алынған білімдерін практикалық қызметте және стандартты емес жағдаяттарда пайдалану (берілген жағдаяттар бойынша диалогтар құрастыру, тілдерді білуге арналған конкурс)




өз өлкесінің, елінің табиғатын қорғауға ұмтылу, оршаған ортаны қорғауда азаматтық ұстанымын таныту

Қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысуды қадағалауғ есепке алу. Саяхат




Айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасау кезінде этикалық нормаларды сақтау, отбасы мүшелеріне және айналасындағы адамдарға мейірімділік таныту; отбасы дәстүрлерін құрметтеу, отбасындағы міндеттерді орындау

сауалнама

Б) негізгі орта білім беру деңгейінде:





Қоғамдық қызмет саласындағы, әлеуметтік-еңбек саласындағы, отбасылық қарым-қатынаста және экономика мен құқық мәселелеріндегі міндеттерді игере білуі


Сауалнама, әңгімелесу




Бейіналды даярлық саласындағы тереңдетілген және кеңейтілген білім көлемін және практикалық дағдыларды меңгеруі

Түрлі жобалау жұмыстарын орындау




Қоғамдық қарым-қатынастар саласындағы стандарттық мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік білімді қолдана білу

әлеуметтік сипаттағы берілген жағдаяттар бойынша мәселені шешу




Қоғамдағы жалл\пы адамзаттық жетістіктер мен ұлттық құндылықтар,этномәдени құбылыстар мен салт-дәстүрлер ерекшеліктері, мәдениеттану негіздерінде жеке, отбасы және әлеуметтік өмір туралы білімді меңгеру

Берілген мәселені ұжымдық талқылау кезінде оқушы пікірін ескеру




Қазақ халқының және Қазақстан аумағында тұратын басқа да ұлыстардың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін және басқа да құндылықтарын құрметтеу

Шығарма-эссе,сауалнама,әңгімелесу




Мемлекеттік тілді меңгеру және Қазақстандағы қарым-қатынас құралы ретінде мемлекеттік тілді қолдануға саналы оң көзқарас қалыптастыру

Берілген тақырыпқа немесе жағдайға диалог немсе монолог құрастыру




Таным, өзін-өзі дамыту, мәдени алмасу құралы ретінде орыс тілін меңгеру, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері туралы ақпарат алу құралы ретінде ағылшын немесе басқа шет тілдерін өзге елдермен мәдениетаралық байланысты және ақпарат алу үшін меңгеру құралын орнату ретінде

Берілген тақырыпқа немесе жағдайға диалог немсе монолог құрастыру




Өз өлкесінің, елінің табиғатын қорғау мен оны байытуға талпынуы, қоршаған ортаны қорғауда азаматтық ұстанымды көрсету

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға оқушылардың қатысу белсенділігін есепке алу




Адами қарым-қатынастын жоғары мәдениетін таныту, этикалық нормаларды сақтау

Сауалнама, берілген жағдаят бойынша диалог құрастыру




Отбасындағы әдептілік ережелерін сақтау, үлкенді сыйлау мен кішіні құрметтеу, отбасы мүшелері мен айналасындағы адамдарға мейірімділік таныту, оларға қамқор болу

Әңгімелесу: берілген жағдаятқа байланысты пікір қалыптастыру






Әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін бағалай білу, қоғамға қарсы құбылыстарға қарсы тұра білу

Берілген жағдаят бойынша оқушылардың пікірін бағалауды есепке алу




Идеологиялық, құқыққа қайшылық және діни сипаттағы бүлдіргіш күштердің өзара іс-әрекетіне төзбеушілікті көрсету

Сауалнама

В) жалпы орта білім беру деңгейінде:





қоғамдық қызметте, әлеуметтік-еңбек саласында, экономика және құқық бойынша отбасылық қарым-қатынастар мен міндеттері, кәсіптік өзін-өзі анықтауда білімі мен тәжірибесі болуы

Кәсіптік өзін-өзі анықтауда, экономика және құқық мәселелері бойынша пікірталас кезінде оқушының пікірін есепке алу




қоршаған ортаның стандартты емес мәселелерін шешуде әлеуметтік білімдерін қолдану білу қабілеті

Қоршаған ортаның стандартты емес мәселелерін шешу кезіндегі ой-талқы




жалпыадамзаттық мәдениеттің, ұлттық ерекшеліктердің, этно-мәдени құбылыстар мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің дәстүрлерінің жетістіктері негізінде қызметтегі тәжірибе мен танымның болуы

Жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің дәстүрлерін зерделеуге арналған іскерлік ойындар




қазақ халқы мен Қазақстан аумағында тұратын басқа да халықтардың тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін және басқа да құндылықтарын құрметтеу

Жазба жұмыстары арқылы ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерін бағалау мен талдау




мемлекеттік тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға, оның танымдық, мәдени және әлеуметтік өзара қарым-қатынастар саласында қолдануға дұрыс қарау

Әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді талдау, жазба жұмыстары, көпшілік алдында сөйлеу, БАҚ-та жариялау арқылы адамның, қоғамның, мемлекеттің өміріндегі тілдің рөлі туралы түсінікті қалыптастыру




ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері туралы мәлімет алу үшін және мәдени алмасу, өзін-өзі дамыту, танымдық құрал ретінде орыс, ағылшын және басқа да шет тілдерін білу

Берілген жағдаяттар бойынша ойындық, оқу-танымдық, әлеуметтік-мәдени салаларда (жасына сәйкес) қарым-қатынас жасауда тілдерді қолдану




өз елінің, туған өлкенің табиғатын, қоршаған ортаны қорғауда белсенді ұстаным таныту

Ұсынылған экологиялық жағдаят бойынша болжам жасау (реферат, баяндама, баяндама тезистері, жоба)




Этикалық нормаларды сақтау, адамдық қатынастың жоғары мәдениетін көрсету

Жағдаяттарды талдау және ұсынылған жағдаяттардағы қатынас әдісін таңдау




отбасында әдеп тәртібін сақтау, үлкенді сыйлау мен кішіні қамқорлық көрсету, айналадағы адамдарға және отбасы мүшелеріне мейірімділік пен кішіпейілділік көрсету

Өмірдегі жағдайларды, шығармаларды, көрсетілімдер эпизодтарын талдау арқылы пікірді анықтау




Әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін бірдей бағалай білу, қоғамға қарсы құбылыстарға, идеологиялық, заңға қарсы және діни кереғар әсерлерге қарсы тұру

Моральдық нормалар көзқарасынан іс-әрекетті дәлелді бағалау


^ 8 Басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру нәтижелері


6-кесте – Басқарушылық құзыреттілікті бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері


А) бастауыш білім беру деңгейінде:





жас ерекшеліктеріне қарай оқу, қоғамдық және еңбек қызметін ұжымда және отбасында жоспарлай білу

Өзін-өзі дамыту бойынша оқушылардың құрастырған жеке жоспарларын талдау




Ұжымда ұйымдастырушылық қабілетін көрсету

Ұжымдық орындауға тапсырма беру және берілген іс-шараға әр оқушының қатысуын есепке алу




алдағы қызмет түрінен күтілген нәтижені көре білу- ал нәтиже болмаған жағдайда қызметті іске асыру үшін басқа әдістер мен тәсілдерді қолдана білу

Тапсырманы орындаудың әртүрлі әдістерін беру және оларды мәні мен әсері бойынша саралау




қоғамдық өмірдегі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу

Сауалнама жүргізу: сауалнамада түрлі жағдайларды және мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларын көрсету




қоршаған ортадағы байланыс қарым-қатынасын, қатынастың көптігін түсіну

Кесте,сызбалар арқылы құбылыстың маңызын ашу




Шығармашылық қызметке ұмтылу

Шығармашылық іс-шараларға қатысуды есепке алу

Б) негізгі орта білім беру деңгейінде:





ұжымның қызметін жоспарлай және ұйымдастыра білу

Іс-шараны жоспарлауға тапсырма беру




Әртүрлі өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдай білу және мүмкін болатын баламалармен салыстыруда таңдалған шешім түрін негіздей білу

Тапсырманы орындаудың әртүрлі әдістерін ұсыну және оларды мәні мен тиімділігі бойынша саралау




Алғашқы арадағы байланысты, қатынастың көптігін логикалық көру, күрделі жағдаяттарды түсіну, білімін практикалық қызметте, алынған мәліметті өңдеуде пайдалану

Жоспар, кесте, сызбалар, алгоритмдер арқылы құбылыстың маңызын ашу




Талдамалық және инновациялық ойлау қабілетін айқындау, жобалық-зерттеу қызметіне белсенді қатысу

Жоспарды беру, шешімнің маңызды түрін ұсыну, теорияға көрнекілік материалды таңдау, баяндама, тезисті дайындау




Қызметтің мақсатын анықтай білу (күтілетін нәтиже) және қойылған мақсатқа жету үшін тактикалық әрекеттерді таңдай білу

Қандай да бір әрекетті орындаудың стратегиясы мен тактикасын көрсету




Шығармашылық әдістерді таба және енгізе білу

Эскизді көрсету, шығармашылық әдісті негіздеу және оның практикалық нақтылы түрде көрсету

В) жалпы орта білім беру деңгейінде:




Өз мүмкіндіктері мен нақты перспективалық жоспарлаудың және қызметті ұйымдастырудың ара қатынасын белгілей білу

Өз мүмкіндіктерінің көзқарасынан берілген тапсырмалардың негізінде қызметті жоспарлау




Әртүрлі өмірлік жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білу

Маңыздылығын негіздей отырып шешім түрін ұсыну




Мүмкін болатын альтернативалармен салыстыруда таңдалған шешім түрін негіздей білу

Дәлелдеу, негіздеме




Көшбасшылық қабілетін көрсету

Берілген ситуация бойынша ұжымның қызметін ұйымдастыра білуді бағалау




Алғашқы арадағы байланысты , қатынастың көптігін логикалық көруде концептуалдық ойлай білу, күрделі ситуацияларды түсіну, білімін тәжірибелік қызметте, алынған мәліметті өңдеуде пайдалану

Жобалық-зерттеу қызметінің күтілетін нәтижелерінің өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, тақырыбын, гипотезасын анықтау




Аналитикалық және инновациялық ойлай білу, инновациялық қызметке ұмтылу

Дәстүрлі емес есептерді шығару




Әрекеттердің стратегиясын анықтай білу және нәтижені көру

Мәселе есептерді шешу, өмірден алынған ситуацияларды талдау




Шығармашылық әдістерді таба және енгізе білу, оларға басқаларды үйрету

Эскизді көрсету, шығармашылық әдісті негіздеу және оның практикалық нақтылы түрде жобалық-зерттеу қызметінде көрсету, көпшілік алдында қорғау және басқаларға кеңес беру



^ 9 Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижелері


7-кесте – Коммуникативтік құзыреттілікті бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері


А) бастауыш білім беру деңгейінде:





Күнделікті қатынаста қазақ, орыс тілдерін қолдана білу

Күнделікті қатынаста берілген ситуациялардағы тіл деңгейі мен коммуникативтік біліктілікті бақылау




Күнделікті стандартты қатынаста ағылшын тілінде қарапайым қатынас жүргізе білу

Күнделікті қатынаста берілген ситуацияларда диалог құрастырып білу

Б) негізгі орта білім беру деңгейінде:





Тұрмыстық және оқу саласындағы қатынаста қазақ, орыс тілдерін қолдана білу

Тілдерді тұрмыстық және оқу саласындағы қатынастарда пайдалануға бақылау тапсырмалары

(берілген қатынас ситуациялары)




Күнделікті қатынаста ағылшын тілін қолдана білу

Тілдерді тұрмыстық және оқу саласындағы қатынастарда пайдалануға бақылау тапсырмалары

(берілген қатынас ситуациялары)

В) жалпы орта білім беру деңгейінде:





Оқу және өмірлік мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша коммуникациялардың әртүрлі тіл құралдарымен қолдана білу

Өмірлік және оқу мәселелерін шешуге бағытталған ауызша, жазбаша сөйлеуді бақылау




Коммуникативтік мәселелерді шешумен теңбе-тең әртүрлі стильдер мен жанрларды таңдай білу

Берілген ситуацияларға диалог құрастыру




Оқу және әлеуметтік- мәдени қатынас ситуациясында тиімді әрекеттесуді іске асыра білу

Рольдік ойындар




Коммуникативтік қызметте өз қатынасын және осы негізде өз-өзін түзетуді бағалай білу

Видеожазу бойынша өз пікірін сыни талдау




Тұрмыстық және оқу мәдени және бағдарлы бағытталған қызмет салаларында қазақ, орыс тілдерін қолдана білу

Рольдік ойындар




Күнделікті қатынаста және бағдарлап оқытуда ағылшын тілін қолдана білу

Рольдік ойындар



^ 10 Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру нәтижелері


8-кесте – Ақпараттық құзыреттілікті бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері


А) бастауыш білім беру деңгейінде:




Дербес компьютермен жұмыстың алғашқы ілімдерін (компьютердің негізгі құрылымын) білу

Тапсырмалар арқылы компьютерлік сыныпта біліктілікті бақылап тексеру




Қоғам өміріндегі ақпараттың ролін түсіну

Ситуацияларды талдау




Ақпараттық процесстердің өту заңдылықтарын есепке ала білу

Оқушының ақпаратты жинақтаудағы әрекеттердің жүйелілігін талдау




Ақпаратты бағалау және талдау дағдыларын білу

Тапсырма бойынша ақпаратты іздеу, іріктеу және жинақталған материалды талдау

Б) негізгі орта білім беру деңгейінде:




Сыртқы құрылғылармен және құралдармен (құлаққа киетін аппарат, дыбыс шығарғыш, принтер, сканер, цифрлік фотоаппарат, мультимедиялық проектор) жұмыс жасаудың техникалық дағдыларын білу

ЭЕМ ішкі және сыртқы құрылыс жұмысын талдау кезінде алгоритмдік модельдеу әдісін білуін тексеру




Әртүрлі ақпарат құрылғылармен және құралдармен (электрондық оқулықтар, мультимедиялық энциклопедиялар мен анықтамалар, интернет- қаржы) жұмыс жасау дағдыларын білу

Құралдардың ақпаратты өңдеуді жобалау тапсырмаларын және техникалық тапсырмаларын талдау




Ақпаратты өзіндік алуды, талдауды, өңдеуді, сүзуді, пайдалануды, айналдыруды, сақтауды және беруді білу

Тапсырма бойынша ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау, ұйымдастыру, беру мен интерпретациялау




Келешекте өзін-өзі жетілдіру үшін ақпараттық технологиялардың көмегімен алынған ақпаратты маңыздылау тәсілдерін білу

Мультимедиялық презентациялау арқылы қазіргі ақпарат құралдарымен қолдана білу деңгейін тексеру




Әртүрлі пәндерден (online, қашықтан оқыту, e-learning) оқу тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу

Ғылыми және инженерлік білімдерді пайдалану бойынша практикалық тапсырмаларды орындау




Құрастыру, модельдеу және тану әдістерін білу

Бұйымды модельдеу, құрастыру және эстетикалық безендіру, шығармашылық тапсырмаларды орындау

В) жалпы орта білім беру деңгейінде:




Ғылыми жетістікре қолдану салалары және ғылым негіздері бойынша білім жүйесін білу

Ғылыми терминологияны, негізгі ұғымдарды, әдіс-тәсілдерді білу деңгейін анықтау бойынша бақылау жұмыстары




Ақпараттық технологиялардың және нақты объектілердің көмегімен қажет ақпаратты іздеу және іріктей білу

Жинақталған ақпаратты көрсету




Ақпаратты өзіндік алуды, талдауды, өңдеуді, классификациялауды, сүзуді, пайдалануды, айналдыруды, сақтауды және беруді білу және оқу қызметінде қолдану

Ақпаратты талдау және жинақтау




Құрастыру, модельдеу және тану әдістерін білу

Жоба қызметінің бұйымын (модельдің, эскиздің, схеманың, кестенің, суреттің) талдау және бағалау




Оқу қызметінің процессінде өңделген ақпаратты қолдана білу

Сілтемені талдау (орындылығын, өз пікірін негіздеудегі мәнін, безендірудің дұрыстығын, авторлық құқықтың сақталуының); ақпаратты жаңа түрде көрсету ( кесте, схема,алгоритм, слайд түрінде)




Оқу қызметінің алдына қойған мақсат пен міндеттеріне сәйкес іріктелген материалдарды классификациялай білу

Классификация сапасын бағалау (барлық қажетті белгі мен параметрлерді есепке алу, толықтығы)


^ 11 Технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру нәтижелері


9-кесте – Технологиялық құзыреттілікті бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері


А) бастауыш білім беру деңгейінде:





Адамның еңбек қызметін автоматизациялау мен механизациялау бастамасы ретінде еңбектің қол құралдарымен пайдалану және қол ( құралдармен) еңбегінің технологияларын меңгеру

практикалық жұмысты еңбектің қол құралдарын пайдаланып орындауға тапсырмалар




Бұйымды модельдеу, қалыптастыру, құрастыру әдістерін (бүтінді бөліктерге бөлу, элементтерді бір бүтін етіп құрастыру, бөлшектерді кіріктіру, бөліктерді алып тастау, жаңа элементтер пайда болуы,т.б.)

өз шығармашылығын жүзеге асыру тапсырмалары (өз үйін және сынып бөлмесін безендіру, достарына және жақындарына сыйлық дайындау, ойыншық модельдер, суретті-декорациялы және басқа бұйымдар).





Жобалау қызметінің элементтерімен және ақпаратты көзбен көру мен бейнелеудің графиктік тәсілдерін білу

Бұйымды (нәрсені) жобалау, схемасын, суретін салуға тапсырмалар

Б) негізгі орта білім беру деңгейінде:





Еңбекті механикаландыру мен автоматтандыру негіздерін меңгеру

Электрлік, механикалық және автоматтандырылған құралдарды және нақты жағдайдағы құралдарды меңгеру білімін бағалау




Негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру және оларды танымдық қызметте қолдану

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды ұсынатын танымдық сипаттағы тапсырма




Күнделікті өмір үшін өнімдерді өндірудің жаңа технологиялары туралы кіріктірілген жаратылыстану-ғылыми білімдерін меңгеру

Ғылыми жоба, реферат, баяндама жазу

В) жалпы орта білім беру деңгейінде:




Оқытудың таңдалған бейіні шеңберінде өндірістік қызметте пайдаланылатын негізгі технологиялардың жадпы сипаттамасын білу (жалпы орта білім беру деңгейінде)

Зертханалық жұмыстарды орындау




Оқу қызметтері шеңберінде зерттеулерді құрылымдау және жобалауда қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Жинақталған, өңделген, жүйеленген ғылыми-техникалық ақпаратты бағалау




Жобалау қызметі мен ақпаратты графикалық құралдармен бейнелеудің негіздерін білу және оларды зерттеу қызметтерінде пайдалану.

Ұсынылған жобаны бағалау
1   2   3   4   5



Похожие:

12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі icon12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі iconБастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі icon12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі iconКәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі iconОқ ушыларды ң функционалды қ сауаттылы ғ ын дамыту ж ө ніндегі 2012 2016 жылдар ғ а арнал ғ ан ұ лтты қ іс- қ имыл жоспарын бекіту турал ы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі icon• компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту
Курстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін...
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі химиялық Қауіпті объектідегі және көЛІКТЕГІ АВАРИЯ КЕЗІНДЕ химиялық жағдайды болжау және бағалау әдістемесі астана 2010
Химиялық қауіпті объектідегі және көліктегі авария кезінде химиялық жағдайды болжау және бағалау әдістемесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы