Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері icon

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері



НазваниеОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері
страница3/4
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4

^ 3 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері


Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығына үлкен рөл бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында «Білім туралы» Заңды ойдағыдай жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Алайда ата-аналардың педагогика негіздерін нашар білуі қазіргі кезеңде әлеуметтік тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп ұйымдастыруы тиіс. Осыған орай бұл істі ұйымдастыруда мектеп мұғалімі, психологы, әлеуметтік педагог жұмысының маңызы артады, көптеген маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты.

Тікелей балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог, өзінің кәсіби қызметіне орай, отбасын нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуы керек. Мектепте отбасы мен сынып жетекшісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыра отыра, ол соңғы нәтижеге – әр баланың барынша тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Әлеуметтік педагог бүгінгі күні отбасын тұлғаның балалық шағындағы даму жағдаятын анықтайтын әлеуметтік орта ретінде қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог қазіргі кезеңде қандай да бір проблеманың мәнін белгілеуде, жөнсіздіктің себебін анықтауда қиындықтар көреді.

Сынып жетекшісі деген арнайы мамандық болмағандықтан, сыныпқа жетекшілік жасау міндетін оқу жүктемесі бар пән мұғалімдері атқарады, ал, кейбіреуі жарым-жартылай орындайтыны да жасырын емес. Сол себепті, әлеуметтік педагог мұғалім, отбасы мен баланың өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінде ата аналардың тәрбие процесіндегі белсенділігін арттыруда қажет өзекті формалары мен әдістерін ашуда олармен жұмыс жүргізеді.

Сынып жетекшісінің міндеті − ата-аналарға көмектесу. Ата-аналар кез-келген сұрақтың жауабын білетін, өз тәрбиеленушілерін жақсы көретін, яғни мектеп оларға екінші үй болатындай барлық мүмкіндікті жасауға дайын сынып жетекшісін көргісі келеді.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі – отбасы мен мектепті біріктіруге күш салу, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешу үшін олардың іс-әрекетін үйлестіру отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтасу жолдарын анықтау, «отбасы-мектеп» бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру болып табылады.

Ал ата-аналар – отбасында бала тәрбиесіне қажет қолайлы жағдай тудыру және отбасылық тәрбиеде қателікке жол бермеу үшін белгілі бір психологиялық-педагогикалық білімдерді, педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдылары мен біліктерін толық көлемде меңгеру бойынша жұмыс жүргізеді.

Қойылған мақсатқа орай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасының өзара әрекеттесу формасын анықтау міндетін шешу қажет.

Отбасымен, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату – барлығының бастауы. Отбасына «ену» қажет қана емес, сонымен қатар, ата-аналардың барлық арман-тілегінің басты шарты – өз баласының тәлімгері бойынан ең алдымен, өзіндегі қымбатты сеніп тапсыруға болатын Адамды көргісі келетіні.

^ Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар:

– ақыл үйретпей, кеңес беру керек. Бірлескен іс-әрекеттер туралы бірге ойласу, кеңесу;

– ата-аналармен қарым-қатынас жасай отыра, олар бізге қажет, біздің одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету;

– ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;

– балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту қажет;

– ата-аналардың тұлғасына, олардың еңбектегі жетістіктеріне жоғары құрмет көрсету;

– ынтымақтастық, ортақ шығармашылық.

Мамандар баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасымен іс-әрекеттің барлық түрлерін пайдалануды ұсынады. Педагогтар ата-аналарға іс-әрекеттің бірдей түрлерін күштеп ұсынбастан, негізінен, ата-аналарды шыдамдылықпен мектеп және сынып жұмыстарына қатыстыра отыра, олардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарлануы қажет. Отбасымен жұмыстың негізгі түрлері – дербес және топтық жұмыстар.

Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі.

Жұмыс жоспарына оқушылардың отбасына бару, ата-аналармен жүргізілетін жеке әңгімелер, оқушыларды дамытудың келешегі мен құралдарын бірге анықтау, педагогикалық консультациялар, дербес тапсырмалар кіргізіледі.

Ата-аналармен жүргізілетін дербес жұмыс отбасы мүшелерінің әрқайсымен тікелей қатынас орнатуға, бала тұлғасы дамуына ықпал ететін жолды іздестіруде үлкен түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

^ Отбасымен жұмыстың топтық түрі.

Өзара іс-әрекеттің топтық түрін қолдана отыра, ата-аналардың жекелеген топтарын келесі белгілері бойынша саралауға болады:

  • ата-аналар активі (сыныптың, мектептің);

  • мүдделері бойынша ұйым жұмыстарының жетекшілері-ұйымдастырушылары (үйірме, секция жетекшілері);

  • мектепте, немесе сыныпта қандай да бір мәселені әзірлейтін және шешетін ата-аналар;

  • бала тәрбиесінде ұқсас проблемалары бар ата-аналар;

  • қыз (ұл) балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар;

  • жалғыз (көп) бала тәрбиелеуші ата-аналар;

  • дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар баланың ата-аналары.

Жақсы отбасы көрсеткішінің бірі – ондағы қолайлы ахуал болып табылады. Дегенмен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жоғары сынып оқушылары арасында «Біз өз балаларымызды білеміз бе?» тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижелері қуантарлық емес. «Отбасында біз күн сайын отбасылық өмір мәселесі, мектептегі істеріміз, күнделікті оқиғалар туралы ой бөлісеміз бе?» деген сауалға респонтенттердің 62% «иә» десе, 38% «жоқ» деп жауап берген. «Каникул кезінде отбасымен бірге демаламыз ба?» сауалына жоғары сынып оқушыларының 18% – «иә» десе, қалған 82% – «жоқ» деген және т.б. [18].

Мектептің отбасымен өзара іс-әрекет формалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен сауықтыру үшін қажет іс-әрекеттің оңтайлы түрлері мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады.

Бұл үшін отбасында бала тұлғасының қалыптасуына және дамуына кері әсер ететін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық проблемаларды диагностикалау және анықтау қажет.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс- әрекеттің негізгі басым бағыттары: отбасына практикалық көмек және педагогикалық қолдау көрсету; ата-аналарды отбасы тәрбиесі мәселесі бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы сәтсіздіктің себептерін, отбасындағы балаға деген қарым-қатынасты зерттеу; қамқоршы, қабылдайтын отбасыларын және т.б. құру бойынша ақпарат тарату, көмек көрсету.

Бұл үшін қажет:

^ Тиімді технологиялар: балалар мен ата-аналардың тұтынушылық- құндылық аясы туралы деректер банкін құру, топтық кеңестер жүйесі, мақсатты конференциялар, іскерлік ойындар, баспасөз-конференциялары, бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру.

^ Ерекше жағдайлар мен ерекшеліктер: ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтары, практикалық психологтары, мектеп және басқа оқу орындары педагогтарының, қоғамдық-мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру.

Аса маңызды мәселе – мектеп және отбасы тәрбиесін, білім алушылар тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау. Бұл мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады:

  • белгілеуші (ақпараттық);

  • болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау);

  • құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы);

  • дамытушы (тәрбиелік).

Оқушылардың тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау әдістері: бақылау; сауалнама жүргізу; тест өткізу; тәрбиеленушімен әңгіме; педагогтармен әңгіме; ата-аналармен әңгіме; қызмет нәтижелері мен өнімдерін талдау; социометриялық әдістер; аяқталмаған тезис; педагогикалық консилиум.

Мысалы, балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында ата-аналардың осы мәселе бойынша сұраныстары мен қажеттіліктерін зерттеу үшін сауалнама жүргізіп, қойылған сұрақтар бойынша талдау жасауға болады:

1. Сіз заманауи білім берудегі маңызды міндеттердің бірі – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру екенін білесіз бе?

2. Сіздің балаңыз қосымша білім беру мекемелеріне, музыка мектебіне, спорттық-сауықтыру мекемелеріне барады ма?

3. Сіздің балаңызды не қызықтырады? Оның қызығушылығы тұрақты ма?

4. Сіз балаңыздың ерекше қабілеттері бар деп ойлайсыз ба?

5. Сіз мектепте қосымша (ақылы) қандай қызмет алғыңыз келеді (екінші шетел тілін оқыту, пәндерді тереңдете оқыту, жаңа пәндерді (курсты) оқыту)?

6. Сіз білім беру процесін ұйымдастыру туралы қандай қосымша ақпарат алғыңыз келеді (мектеп әкімшілігінен, мұғалімнен, педагог-психологтан, әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен)?

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру процесінде педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтау үшін сауалнама:

1. Сіз жаңа буын стандарттары туралы жеткілікті дәрежеде хабардарсыз ба?

2. Сіз оқытуда жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан жүзеге асыру біліктерін пайдалана білесіз бе?

3. Сіз білім алушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру әдіснамасын меңгеруде қиналасыз ба?

4. Сіз басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін жинақтауға және пайдалануға қабілеттісіз бе?

5. Функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру үшін Сізде өз кәсіби деңгейіңізді көтеру қажеттілігі бар ма?

6. Сіз педагогикалық қызметте стереотиптерден бас тартуға және вариативтілікті қолдануға қабілеттісіз бе?

7. Сіз оқыту әдістерін таңдауда және оқыту әдістерін, тәсілдері мен түрлерін үйлестіруде қиналасыз ба?

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлері туралы талдау жүргізуде қолдануға болатын сауалнамалар үлгісі А және Ә қосымшаларында берілген.

Диагностика нәтижелеріне дұрыс талдау жасау маңызды. Оларды белгілеу формаларына: кестелер, диаграммалар құрастыру; сипаттамалар құрастыру; диагностикалық карталар, күнделіктер жүргізу жатады.

Еліміздің білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекеттерінің тиімді де нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері:

^ Ата-аналар жиналысы. Бірлескен әрекеттерді, педагогикалық көзқарастарды келісу, проблемалар туралы бірін бірі хабардар ету, қол жеткізген нәтижелерді талдау.

^ Педагогикалық практикум. Шынайы тәрбие жағдаяттары арқылы ата-аналар мен педагогтардың тәжірибелерін пайымдау, тәрбие әрекетіндегі олардың білім, біліктерін келісу.

^ Отбасыларына бару. «Отбасы» рейдін ұйымдастыру. Баланы және ата-ананы отбасы жағдайында зерттеу, отбасы ахуалымен танысу. Қажет болған жағдайда құзыретті мекемелерге ақпарат жеткізу (ата-аналар комитетіне, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясына, немесе инспекциясына).

^ Психологиялық-педагогикалық кеңестер. Отбасыларға проблемалық жағдаяттан шығар жол іздеуде көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру, жауапкершілігін арттыру және оның әлемді шығармашылықпен меңгеруге даярлығын қалыптастыру.

«Сенім телефоны» қызметі. Телефон арқылы шұғыл, кәсіби, құпия көмек. Абоненттерге дағдарыс жағдайынан шығуы үшін шығармашылық, тұлғалық, рухани және дене бітімі жағынан дамытудағы көмек.

^ Психологиялық-педагогикалық консилиум. Бала дамуы, оның мінез-құлқын түзету проблемаларын шешу бағдарламасын әзірлеуде ұсыныстар, көзқарастар мен іс-әрекеттерді келісу мақсатында бала тұлғасының ерекшеліктерін бірлесе отырып талқылау.

^ Баспасөз конференциясы. «Сұрақ-жауап» түріндегі қатынас, ата-аналар және педагогтардың психологпен, әлеуметтік педагогпен, құқық қорғау және әділет органдары өкілдерімен кездесуі.

^ Дөңгелек үстел. Өзара түсіністікке, бір немесе бірнеше проблема бойынша педагогикалық келісімге қол жеткізу (қатынастың дискуссиялық түрі).

Тәжірибе алмасу. Нақты тәрбие мәселесін талқылау.

Клубтың отырысы. Психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың демалысын ұйымдастыру.

^ Педагогикалық ринг. Педагогтар мен ата-аналардың зияткерлік, педагогикалық шеберлігі мен білігін көтеру.

Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық, функционалдық, құқықтық және т.б. сауатын көтеру.

^ Ата-аналар хабаршысы. Мектеп оқушыларының даму, оқу, отбасы тәрбиесі мәселелерін баяндау.

Ашық есік күні. Танысу, тәжірибе алмасу, ата-аналарды мектептегі оқу- тәрбие процесіне қатыстыру.

^ Кіші педагогикалық кеңес. Мектептің өзекті мәселелерін шешу ісіне ата-аналар жұртшылығын тарту.

Ата-аналар комитеті. Ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие, мәдени-көпшілік және шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын шешуге қатыстыру.

^ Мектеп кеңесі. Жұртшылықтың, ата-ана, педагогтік және білім алушылар ұжымдарының мектепті басқару, мектептің тиімді жұмыс жасауы мен дамуы үшін қажет көмек көрсету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мемлекет және қоғам қойған маңызды талаптарды жүзеге асыру ісіне қатысуы.

^ Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. Бірлескен мәдени демалыс ұйымдастыру, саяхат–ойын, мектептік туристік слет және т.б. өткізу.

Ата-аналар конференциясымен толық оқу жылына сайланған білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі, ата-аналар комитеті және әкелер кеңесімен өзара іс-әрекет жұмыстың ерекше де басты түрі болып табылады [19].

Ата-аналар активі – бұл педагогтардың тірегі, өзара дұрыс іс-әрекетте олардың ойының жолбасшысы болады.

Жұмыстың топтық түрінен біз ең тиімдісі деп ата-аналар жиналысын атай аламыз. Әр ата-аналар жиналысы мұқият дайындалады, ол қызықты да, ата-аналардың белсенді қатысуы жағдайында өтуі үшін арнайы «сценарий» әзірленеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің жоғарыда аталған түрлері:

  • педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға бірін бірі жақсы білуіне;

– отбасылардың бала тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін анықтауға;

  • педагогтық ұжым мен ата-аналардың өзара іс-әрекетінің міндеттерін анықтауға;

  • ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын түзуге;

  • ата-аналардың педагогикалық оқытуын ұйымдастыруға;

  • оқушылардың ата-аналарын оқыту-тәрбиелеу процесіне қатыстыруға;

  • мектептегі өзін-өзі басқару органдарының жұмысына оқушылардың ата-аналарын қатыстыруға;

  • оқушылардың сапалы білімін қамтамасыз етуде, балалардың саналы түрде кәсіп таңдауында кәсіби мүддемен даярлығын дамытуда, адамгершілік және мәдени мінез-құлқын, салауатты өмір салты қажеттілігін тәрбиелеуде, мектеп оқушыларын отбасылық өмірге дайындауда педагогтар мен ата- аналардың бірдей көзқарасын қалыптастыруда;

  • оқушыларды тәрбиелеу процесінде, біртұтас педагогикалық көзқарас негізінде мектеп және отбасының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда педагогтар мен ата-аналардың шынайы ынтымақтастығын құруға көмектеседі.

Еліміздің көптеген мектептерінде тәрбиенің әлеуметтік институты ретінде отбасымен өзара әрекеттесудің формалары және әдістерінің жүйесі қалыптасқан. Тақырыптық ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің мәжілістері, ата-аналар университеттері, ата-аналармен мақсатты кездесулер, «Сенім телефоны» қызметінің жұмысы, ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер олардың психологиялық-педагогикалық, функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттырады.

Қорытынды


Қазіргі таңда білім тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты – шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде: «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті.

Мектептің тәрбиелік әлеуетін күшейту, әрбір білім алушының дара психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету – заманауи мектептің жетекші басымдықтары ретінде көрсетілген. Патриоттық, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім және толеранттылық, дене бітімі және рухани даму, заң сыйлаушылық сияқты құндылықтар, меншік түріне байланыссыз, барлық білім беру мекемелері қалыптастыруы тиіс.

Авторлар осы әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерінің әдіснамасын анықтады. Анықталған әдіснама негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің мазмұны ашылды. Осы бағыттағы назар аударуға тұрарлық және қызығушылық тудырып отырған шетелдік тәжірибелер құралдың екінші бөлімінде талданған.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатындағы мектеп және отбасы әрекеттестігі бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында да нақты жұмыстар атқарылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің талдауы мен республикадағы бар тәжірибелерді зерттеу қазіргі таңда педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлері мен әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермегенін көрсетті.

Сондықтан бұл жұмыс білім алушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын пайымдауға, осы бағыттағы отбасы және мектептің әрекеттестігінің жаңа формалары мен әдістерін айқындауға және әдістемелік негіздеуге бағытталғандықтан, педагогтар мен ата-аналарға практикалық көмек болады.


^ А қосымшасы

Мұғалім үшін сауалнама

Құрметті әріптес, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлері туралы талдау жүргізуде Сіздің көмегіңізге сенеміз. Ұсынып отырған сауалдарға қатысты пікіріңізді білгіміз келеді.

1.

^ Сіз қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектептің отбасымен өзара іс-әрекет етуі қажет пе?

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Иә




ә)

Жоқ




б)

Кейде (қажет кезде ғана).




в)

Басқа




2.

^ Төменде келтірілген пункттерді оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлеріне жатқызуға болады ма? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Ата-аналар жиналысы




ә)

Психологиялық-педагогикалық кеңестер




б)

«Сенім телефоны» қызметі




в)

Басқа




3.

Сіз келтірілген пікірлердің қайсысымен келісер едіңіз?

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Мектептің отбасымен қарым-қатынасы әр тараптың қызығушылықтарын ескеру негізінде құрылуы тиіс




ә)

Ешқандай арнайы қарым-қатынас орнатудың қажеті жоқ, себебі қажет деген адам мектепке өзі келеді, ал қалғандарын «күштеп әкелудің» қажеті жоқ




б)

Барлық отбасылар мектеппен жүйелі түрде қатынас орнатуы қажет




в)

Басқа




4.

Қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп жүргізіп отырған жұмысты барлық ата-аналар қолдайды ма? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Көп жағдайда, иә




ә)

Көп жағдайда, жоқ




б)

Жоқ




в)

Басқа




5.

^ Сіздің ойыңызша, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің біртұтас жүйесі бар ма?

а)

Иә




ә)

Жоқ, ол қажет те емес




б)

Жоқ




в)

Басқа



1   2   3   4



Похожие:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері icon12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері icon12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері iconБастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері icon12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері icon«ОҚушылардың білім деңгейін, Қабілетін анықтай отырып, танымдық ҚҰзреттілігін қалыптастырудағы топтық ЖҰмыстың орны»
Беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан...
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері iconКонкурс өткізу кезінде әкімшілік іс-әрекетінің өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын...
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері iconКонкурс өткізу кезінде әкімшілік іс-әрекетінің өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын...
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері iconОқ ушыларды ң функционалды қ сауаттылы ғ ын дамыту ж ө ніндегі 2012 2016 жылдар ғ а арнал ғ ан ұ лтты қ іс- қ имыл жоспарын бекіту турал ы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы