12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары icon

12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары



Название12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары
страница2/3
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3

^ 3 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың типтік мазмұны


Қазіргі таңда білім беру саласында басты бағыт болып саналатын оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру бастапқы деңгейде болып отыр. Бұған дәлел болған PISA-2009 нәтижелері және қазір қолданылып жүрген қазақстандық оқулықтардың талдау нәтижелері.

ҚР БжҒМ бекіткен 1-11 сыныптарға арналған оқулықтарының таңдап талдауы жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі пәндік білім мен білікке бағытталығанын көрсетті.Білімге құзыреттілік тұрғыдан қарауға негізделген оқушылардың функционалдық сауаттылығын жеткілікті деңгейге көтеру үшін, әр пәннің мазмұнына түрлі өмірлік жағдайда әмбебап біліктер мен дағдыларға бағытталған кілтті құзыреттерді қалыптастыру компонентін енгізу қажеттілігі туындады.

Біз тапсырмалардың білімдік және функционалдық арақатынасын анықтау мақсатында білім берудің түрлі салаларындағы оқулықтарын іріктеп талдадық.

Бастапқы білім беру оқулықтарының талдауы келесі қорытындыларды көрсетті:

  1. «Тіл мен әдебиет» оқу пәні саласында тапсырмалардың 98% пәндік білім мен біліктерді қалыптастыруға бағытталған және 2%-ы оқу-логикалық,танымдық, бағалау біліктерін қалыптастыруға, мейірімділікке, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, өз отбасының мүшелеріне, достарына деген сыйластыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге,достарымен проблемаларды талқылауға тәрбиелеуге бағытталған.

  2. «Математика» оқу пәні саласында тапсырмалардың 92%-ы пәндік білім мен біліктерді қалыптастыруға, ал 8% оқу-логикалық біліктерін қалыптастыруға, сызбамен, суретпен жұмыс істеу біліктерін дамытуға бағытталған.

  3. «Өнер» оқу пәні бойынша тапсырмалардың 97,7% пәндік білім мен біліктерін қалыптастыруға бағытталған, ал 2,3% оқу-логикалық біліктер мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған (мысалы: ролдік ойындар, ән шығару, сыйлық орауыш, өз нышанын жасау, қазақ халық ойындарын үйрену, композиция ойлап шығару).

Орта мектептегі бастапқы білім беру ерекшелігі - бұл сатыда оқу әректінің негізгі біліктері қаланады, оқуға деген ынтасы мен қажеттіліктері бекітіледі. Қазіргі заман талабына сай қоғам бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына оқушылардың тұлғалық құзыреттілігін дамыту үшін жағдай қалыптастыру міндетін жүктейді. Бұл мәселені шешуде оқушыны шығармашылық оқу қызметіне қатыстыру керек. Оқу үдерісі арқылы функционалды сауаттылықтың қарапайым дағдыларын дарыту қажет. Бірінші сынып оқушылары мектепке келгенде, оқуға деген ынтасымен, жаңаны танып білуге, үлкендермен қарым-қатынас жасауға келеді.

Функционалды сауаттылық бойынша дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету жағдайы

Оқушымен бірлесіп істеген оқу, ойын, спорттық, көркемдік және еңбек қызметі баланың зияткерлік және психикалық дамуында үлкен роль атқару қажет, өзін-өзі жетілдіру,өзін-өз бағалау,өздігінен тану уәжін қалыптастыру және оқудың орта буынына көшуге дайындау керек.

Бастауыш мектеп кіші жастағы оқушылардың қарапайым сауаттылығына жетуге бейімделу қажет, ол функционалды сауаттылық ,әлеуметтік құзыреттіліктің қасиеттері жеке дағдылар түрінде негізін қалайды. Осыған байланысты қарапайым сауаттылық еңгейіне сөйлеудің ауызша және жазбаша түріндегі, санаудың, әлеуметтік өзара әрекеттің тірек біліктерінің қалыптасқаны жатады, (қарым-қатынас дағдылары, бірлесіп қызмет жасау біліктері, өзін қоғамда ұстай білуі және т. б.).

Функционалды сауаттылық бойынша дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету жағдайын талдау қорытындысы келесі ереже болып табылады- қазіргі заманға сай оқушылар өздеріне өмірлік маңызы бар пәндік білімдерге және типтік өмірлік жағдайда дұрыс әрекет алгоритміне негізделген біліктер мен дағдылар қалыптастыруға мүмкіндік туғызатыноқулықтарда қажетті деңгейде көрініс алуы қажет.

Негізгі орта білі беру оқулықтарының талдау қорытындылары функционалды сауаттылықты қалыптастыруға көзделген керекті жаттығулар мен тапсырмалар жүйесінін жоқтығын дәлелдейді:

  1. «Математика» оқу пәні бойынша параграфтардың соңында орындалатын барлық жаттығулардың шарттары есептеу-санау біліктерін дамытуға бағытталған.

  2. «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша тапсырмалардың 99,7%-ға жуығы пәндік білім мен біліктерді қалыптастыруға бағытталған,ал 0,3% сюжеттері өмірлік жағдайларға құрылған есептерді шешубіліктерін дамытуға(жалпы оқу біліктері), зияткерлік,коммуникативтік біліктерін қиялдарын дамытуға, физикалық және сұлбалы картамен, глобуспен, берілген тақырып бойынша мәлімдеме дайындау үшін қосымша әдебиетпен жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

  3. «Адам және қоғам» оқу пәні бойынша тапсырмалардың 99% пәндік білім,біліктерін қалыптастыруға бағытталған., ал 1%-өтіп жатқан оқиғаларды талқылау және тарих сауалдары бойынша өз ұстанымын дәлелдеу дағдыларын, әдеби шығармаларды талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

  4. «Өнер» оқу пәні бойынша тапсырмалар мен сұрақтардың 100%-ы пәндік білім мен біліктерін бекітуге бағытталған.

  5. «Технология» оқу пәнінен тапсырмалардың 99,7%-ы пәндік білім мен біліктерін қалыптастыруға, ал 0,3- шығармашылық жобаларды орындау арқылы жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен, математика, физика, тарих сабақтарында т.б. 5-9 сыныптарда пәнге тән материал негізінде жүргізіледі,ал жалпы оқу біліктерінің қалыптасуына, оқу әрекетінің меңгерілуіне қажетті тапсырмалар репродуктивтік деңгейде жүргізіледі.

Түйін: жалпы оқу біліктерін қалыптастыру үшін қосымша дидактикалық материалдарды әзірлеу қажет, ол материалдарды оқушылар күнделікті өмірде де пәнаралық сипаттағы міндеттерді шешу кезінде пайдалана алар еді. Мектепте оқытылатын пәндер бойынша білім беру стандарттарының қазіргі талаптарына сәйкес оқушылардың функционалды сауаттылығының мазмұнына базалық білімдері, репродуктивтік және репродуктивті-шығармашылық сипаттағы пәндік біліктері, пәндік және басқа да объектілерге оқушылардың құндылықты қатынастары енгізілуі тиіс.

Жалпы орта білім беру оқулықтарының талдау қорытындылары бастапқы және негізгі орта білім беру деңгейлерінде анықталған көріністері бұнда да байқалды:

1. «Математика» білім беру саласында параграфтарды зерделегеннен кейін орындалатын жаттығулардың 98%-ы есептік-есептеуіш дағдыларын бекіту, ал 2%-ы символикалы-графикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

2. «Жаратылыстану» білім беру саласындағы тапсырмалардың шашамен 99,7%-ы пәндік білім мен біліктерді қалыптастыруға, ал 0,3%-ы көбінесе қосымша әдебиетпен іздестіру және жұмыс жасауда жалпы оқу білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы түсініктегі функционалды сауаттылық – бұл әртүрлі адами қызметпен жалпы білім беруді байланыстыратын, тұлғаны әлеуметтік бағдарлау тәсілі. Жоғары мектеп оқушылары пәндік білімдерді жоғары деңгейде меңгергенімен, алынған білім мен біліктерді күнделікті өмірде тәжірибелік міндеттерді шешуде қолдана білу біліктігі тым артта қалып отыр. Осыдан, жалпы білім беру мектебінде пәндерді зерделеу кезінде оқушылардың жалпы оқу икемдерін қалыптастыруда жаңа әдіснамалық жолдарды іздестіру қажеттілігі туралы түйін шығаруға болады.

Функционалды сауатты адам моделі – бұл таңдауға және әрі қарай білім алуға, еңбек нарығында және қоғамдық өмірдегі жинақылыққа, өзіндік талдау мен өзіндік бағалау негізінде өзінің жеке ерекшеліктерін өздігінен жетілдіруге дайындалған адам. Демек, бұл түйінді құзыреттеріне ие адам. Біліктілік тәсілдеме жағдайларындағы білім беру мақсаты игерілген білім мен біліктерге сүйене отыра, алуан міндеттерді өздігінен шешуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Осылай, біліктілікті тәсілдеме жағдайларындағы білім беруде жанжақтылы тәжірибені алу, қалыпсыз жағдайларында білім мен біліктерді қолдану маңызды болып табылады.

^ Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда оқу пәнінің мазмұнын байытудағы ұсыныстар:

ФС компоненті есебінен тапсырмалар (жаттығулар) жүйесін кеңейту. Ол үшін PISA Бағдарламасындағы тапсырмалардың үлгілеріне сүйену. (Қосымша: PISA зерттеулеріндегі 15 жастағы оқушылардың функционалды сауаттылықтарын бағалаудағы тапсырмалардың үлгілері).

Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру нәтижелеріне әзірленген талаптарды пәндердің мазмұнына ФС компонентін іріктеу кезінде бағдарлау үшін оқу бағдарламаларының, оқулықтардың және ОӘК авторларына ұсыну.


^ Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үрдіс нәтижесіне қойылатын талаптар.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру концепциясында жалпы білімді модернизациялау бағытымен қатар «білім беру жүйе ретінде жалпы адамзаттық және ұлттық этникалық құндылығымен адамның қарым-қатынасқа түсу жүйесі ретінде:өз-өзімен,басқа адамдармен (отбасы,ұжыммен) қоғаммен, табиғатпен, дінмен, мәдениетпен (материалдық және рухани) қаралады.

Сонымен қатар «орта білім берудегі мақсат түлектің базалық білімі, өмірлік рөлі ретінде берілуі:мейірімді адам; отбасының қамқор мүшесі;шығармашыл жеке тұлға; жауапты азамат;дені сау және жетілген тұлға ретінде қалыптастыру.

Мектеп түлегінің базалық компетенциясы оқушының басты және пәндік компетенциясының дамуымен жетеді.Негізгі компетенция құндылық пен қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік және күнделікті адам өмірінің нормаларына: ақпаратты компетенция, коммуникативті компетенция, мәселелерді шешетін компетенция қалыптастыруға жағдай жасайды.

Негізгі компетенция білім беру салаларының әр қайсысынан күтілетін нәтижені анықтау үшін негіз болып табылады. Пәндік компетенция оқу курстарын бекіту және анықтайтын мағынасының мақсаты болып табылады. Пәндік компетенция кең көлемді спектор және оқу әрекетін сипаттаушы: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дағдылау,орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде қарау, шет тілде: туған тіліндей қарым-қатынасқа түсе алады,әдеби мұраларының құндылығын түсінеді және қажетті жағдайда пайдаланады,кең спекторде математикалық сауаттылық игереді, сондай-ақ, шығармашыл және ақпараттық,коммуникативті технологиялар мүмкіндігін тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады; әлемнің ғылыми суреттемесін терең түсіну арқылы және адамның табиғаттағы орнынын біледі;өз халқының өткен тарихын біледі, жалпы адамзаттық, отбасында әлеуметтік рөл атқаруда әлеуметтік-мәдени құндылықтарға жеке көзқарасын білдіре алады, басқа адамдармен бірге жұмыс істеумен бірігу,қазақ халқының, Қазақстан халқының және бүкіл әлем мәдениетін түсінеді және бағалайды, өздігінен бағыт таңдауда және мамандық бойынша өсу жолында өзінің бәсекелестікке сай қабілетін жоғарлата алады; денсаулығын қолдау,жұмыс істеу қабілеті мен жалпы өмірлік жолын бекіту мақсатында салауатты өмір салтын ұстанады».

Осыған сай оқытудың басты мақсаты жастарға алған білімін тәжірибеде қолдана алып,қоршаған ортаға жақсы қалыптаса алуға мүмкіндік жасайтын негізгі компетенция жүйесін қалыптастыру болып табылады

Компетентті жол таба білу заманауи кезеңде әдістемелік негіз ретінде біз ұсынған негізгі компетенция есебінде ұстаздар белгілі бағытта қалыптастыру қаралуда.

^ Бастауыш білім деңгейінде нәтижеге жету жолында оқу пәндерінің мазмұнының компоненті.

Жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім беру саласында «Тіл және әдебиет» мазмұнында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, шығармашылық жұмыс түрлеріне қызығушылығын арттыру үрдісінде тапсырмалар мазмұнын тәрбие бағытына бейімдеу,жолдастарының жұмысын тексеру дағдыларын қалыптастыру

«Математика және информатика» саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесінде тапсырмалар мазмұнында логикалық ойлау қабілетін дамытуды өз білмін және оның нәтижелерін, бағалай білуге негізделуі қажет.

«Дүниетану» саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыруда тапсырмалар мазмұны қоршаған орта әсемдігі, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде түсіну, Табиғат-Ана туралы түсінікке бағытталуы керек.

«Адам және қоғам» саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыруда тапсырмалар мазмұны Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ҚР Әнұранын жатқа білуші,ҚР мемлекеттік рәміздер, елінің тарихи қалыптасуы, көп ұлтты қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы түсінік беру бағытына негізделуі қажет.

«Өнер» саласы бойынша оқу мазмұнын шығармашылық қызметке, өнер түріне қызығушылығын ояту бағытына негізделу керек.

«Технология» саласы бойынша қажетті оқу материалдарының мазмұны өз әрекетін бағалай білу және шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын ояту және оның нәтижелілігін қалыптастыру бағытында негізделуі қажет.

«Дене шынықтыру» саласы бойынша білім беруде оқу материалын өздігінен физикалық даму жолында белсенділік таныту мен салауатты өмір салты туралы түсінік беру бағытына негізделу қажет.

« Тіл және әдебиет» саласы бойынша білім беру жолында оқу материалы мазмұны қоршаған ортаны түсіну қабілетін дамытуға негізделген бағытта жүргізілуі қажет.

«Математика және информатика», «Дүниетану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология» және «Дене шынықтыру» салалары бойынша білім беру жүйесінде оқу материалдарын белсенді азаматтық бағытқа негіздеу керек.

«Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Дүниетану», «Адам және қоғам», «Технология» және «Дене шынықтыру» саласы бойынша білім беру жүйесінде оқу материалдарының мазмұны тарихқа,мәдениет,салт-дәстүрге, қазақ халқының және Қазақстан жерінде мекен етуші басқа этностарға құрметпен қарау, мемлекеттік тілге сүйіспеншіліктерін ояту және оны күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге негізделуі қажет.

Барлық пәндер саласы бойынша білім беру жүйесінде оқу материалдарының мазмұны шығармашылық қабілетті қалыптастырумен басқаларды үйретуге негізделуі қажет.

Барлық пәндер саласы бойынша оқу материалының мазмұны қазақ,орыс тілдерін күнделікті қолданыс аясында,стандарт көлемінде ағылшын тілін күнделікті қарым-қатынаста пайдалана алу бағытында негізделуі қажет.

Барлық пәндер саласы бойынша ақпараттық құзыреттілік мазмұны дербес компьютер жұмысының бастапқы дағдыларын меңгеруге қалыптастыру бағытында негізделуі қажет (компьютердің негізгі құралдарымен); қоғам өміріндегі ақарат рөлін түсіну; ақпарат талдауын және бағалауды меңгеру.

«Тіл және әдебиет» саласы бойынша білім беру жолында технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру процесінің мазмұны ақпараттың графикалық бейнелеу құралдарына бағыттау қажет (кестелер, графиктер, сызулар).

«Математика және информатика» саласы бойынша білім беру жолында технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру процесінің мазмұны үлгілеу, қалыптастыру және құрылымдау амалдарын меңгеру дағдыларын қалыптастыру бағытында негізделуі қажет (бүтінді бөлікке бөлу, элементтерді бүтінге қосу, жаңа элементтердің пайда болуы т.б.) .

«Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене тәрбиесі» салалары бойынша білім беру жолында технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру процесінің мазмұны баяндамалар мен резентацияларды дайындау арқылы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеру дағдыларын қалыптастыру; танымдық іс-әрекетте оларды қолдана білу; зерттеу жұмысында графикалық бейнелеу құралдарын қолдана білу.

«Технология» саласы бойынша білім беру жолында технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру процесінің мазмұны электрқұралдарын, құрал-жабдықтар мен саймандарды қолдану барысында қауіпсіз еңбек ету дағдыларын қалыптастыру, сәндік қолданбалы өнер бұймдарының технолгиясын меңгеру бағытында негізделуі қажет.

^ Негізгі орта білім беру деңгейінде құзыреттілікті қалыптастыру нәтижелігіне қол жеткізу бойынша оқу пәндерін мазмұнының кешені.

Білім берудің «Тіл мен әдебиет» саласында жеке құзыреттілікті қалыптастыру процесінде оқушылардың қабілеттік деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар арқылы жазба сөзіне өздігінен бақылануын жүзеге асыру мазмұны қажет.

Білім берудің «Математика мен информатика» саласында жеке құзыреттілікті қалыптастыру процесінде тапсырмалардың мазмұнын іс-әрекеттер мен амал-әрекеттердің логикалық негізділігін талап ететін тапсырмалар арқылы математика, информатика пәндеріне деген қызығушылығын дамыту жұмыстарының танымдық-эстетикалық нормаларын қалыптастыруға бағыттау.

Білім берудің «Жаратылыстану» саласында жеке құзыреттілікті қалыптастыру процесінде тапсырмалардың мазмұнын адам ағзасын, жеке гигиенасын, тамақтану, тыныс алу гигиенасын және адам ағзасына қоршаған орта факторларының әсер етуі жайын зерттеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағыттау.

Білім берудің «Адам және қоғам» саласында жеке құзыреттілікті қалыптастыру процесінде тапсырмалардың мазмұнын ұлтаралық қарым-қатынас саласында әдеттегі тапысрмаларды шешу үшін қоғамдық өмірде өзіндік белсенді жайғасымды анықтай білуді қалыптастыруға бағыттау. Білім берудің «Өнер» саласында жеке құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі тапсырмалардың мазмұнын тапсырмалар мен мәтіндер арқылы адамның тәртібін бағалауда жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарына бағытталу болып табылады.

Білім берудің «Технология» саласында жеке құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі туындаған мәселелердің шешу жолдарын табу және оларды құрбыларымен, мұғаліммен талқылау; технология негіздерін тану процесінде жобалық-зерттеу жұмыстарына қатысу болып табылады.

Білім берудің «Дене тәрбиесі» саласында жеке құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі спорттық секциялар мен жарыстарға қатысу арқылы өздігінен дене дамуына белсенді қатысу болып табылады.

Барлық білім беру салаларында азаматтық құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: бағалау тасырмалары мен мәтіндер арқылы елдегі болып жатқан оқиғаларды нақты қабылдай алу, жоғары әдетілік құндылықтар негізінде ұжымдағы өз рөлін зерделей білу, ахзаматтық пен патриоттық қабілеттерін қабылдай алу болып табылады.

Білім берудің «Тіл мен әдебиет» саласында әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру процесінде әлеуметтік құжаттарды толтыру барысында тапсырмалар мазмұнын орфография мен жазу дағдысына бағыттау қажет. (түбіршектер, чектер, өтініштер т.б.).

Білім берудің «Математика мен информатика» саласында әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: түрлі банктік операцияларды орындау, сатып алуды жүзеге асыру барысында т.б. арифметикалық іс-әрекеттерді қолдану болып табылады.

Білім берудің «Жаратылыстану» саласында әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: мектеп алды учаскелерін көгалдандыруға, түрлі табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу арқылы туған өлкесінің, өз елінің табиғатын қорғау және көбейтуге ұмтылу, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Білім берудің «Адам және қоғам» саласында әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: мәтін мен тасырмалар арқылы деструктивті іс-әрекеттерге идиологиялық, құқыққа қайшылық пен діни іс-әрекеттерге төзбеушілікті таныту болып табылады.

Білім берудің «Өнер» саласында әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: дәстүрлі өнер мен қол өнерді, мектептің дәстүрлі әндерін білу арқылы Қазақстан төңірегінде қазақ халықының және басқа да ұлттардың тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеу болып табылады.

Білім берудің «Технология» саласында әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: әлеуметтік қарым-қатынас саласында дәстүрлі мәселелрді шешуде технологиялық білімді қолдана білу болып табылады (тұрмыстық сантех құралдарына, тұрғын – үй бөлмелеріне, жиһазға жөндеу жұмыстарын істеу, тұрмыстық заттарды өндіру т.б.).

Білім беру барлық саласында басқару құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесі: рефераттар мен баяндамаларды дайындау арқылы, зерттеу жұмыстары арқылы қиын жағдайлардың мәнін түсіндіру, тәжірибеде білімдерін қолдану, ақпатаратты қабылдай білу; шығармашылық тәсілдерді құру және енгізе білу болып табылады.

Білім берудің «Тіл мен әдебиет» саласында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: сөздік қорлары, стильдік сезімділікті қалыптастыру, өзінің ой-пікірін нақты қоя білу; сауаттылығы арқылы бөгде адамдарды өзіне тарта білу арқылы күнделікті және оқу саласында қазақ тілін, орыс тілін дұрыс қолдана білу болып табылады.

Білім берудің «Математика және информатика» саласында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: математикалық тапсырмаларды жұппен, топен жұмыс істеуде қарым-*қатынастың оқу саласында қазақ, орыс тілдерін қолдана білу; ғаламторда ақпаратты алу үшін және хабардар болу үшін ағылшын тілін қолдана білу болып табылады.

Білім берудің «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене тәрбиесі » салаларында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: проблемалық сөйлесімді қамтамасыз ете алатын мәніндермен жұмыс істеу арқылы білім саласында қазақ, орыс тілдерін дұрыс қолдана білу болып табылады.

Білім берудің барлық саласында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: сырттағы мәселелердің техникалық дағдысын меңгеру (тындағыш, колонкалар, мультимедиялық проектор); түрлі табыс көзінен ақпатарратды қабылдай алу, өндеу, синтездеу, қолдану, сақтау және жіберу.

Білім берудің барлық саласында технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі: ақпаратты көрсететін графикалық құралдарды игеру (сызба, кескіндеме, графика) және зерттеушілік қызметте оларды пайдалану.

^ Жалпы орта білім деңгейінде жеке тұлға құзіреттілігін қалыптастырудағы оқу пәндерінің мазмұны

Білім берудің «Тіл және әдебиет» саласындағы жеке тұлға құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: жеке тұлғаның өзін-өзі тану қабілеті; әдебиеттегі кейіпкерлерге психологиялық талдау жасай отырып, заманауи тұлғаның қалыптасуына қажетті қасиеттерді таңдай білу; мәтін мазмұнын талдап, әрі меңгере отырып, ойлау мәдениетін игеру.

Білім берудің «Адам және қоғам» саласындағы жеке тұлға құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қоғамдағы маңызды жағдайларды ескере отырып, өзі таңдауын жасай алу; өз шешімін қорғай алу; қоғамдағы өз орны мен маңызын тани білу қабілеті; қандай да бір шешем қабылдауда қоғамның құқықтық және адамгершілік нормаларын басшылыққа алу; жеке басының құндылығын көрсете білу; әлеуметтік және тарихи көзқарасы жан-жақты дамыған ел азаматы ретінде өзін таныта білу.

Білім берудің «Математика және ақпараттану» саласындағы жеке тұлға құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: логиканы дамытуға арналған есептерді шығару арқылы дұрыс шешім қабылдай алу қабілеті.

Білім берудің «Жаратылыстану» саласындағы жеке тұлға құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: өз әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға қажетті құндылыққа бағытталған (өмірдің маңызы, биологиялық нысаналарға қамқорлықпен қарай білу, т.б.) шарттарды таңдай білу; өндіріс орындар мен күнделікті өмірде биология, жағрафия, химия саласынан алған білімдерін тиімді қолданан алу қабілеті.

Білім берудің «Технология» саласындағы жеке тұлға құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қоғамның әлеуметтік саласында кездесетін жағдайларда технолгияны қолдана білу;көлік құралдары механизмдері мен тораптарымен танысу кезінде, тігін шеберханаларында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін ескеру;

Білім берудің «Дене тәрбиесі» саласындағы жеке тұлға құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: заманауи тұлғаның қалыптасуына қажетті спорттық дайындық дәрежесі; түрлі деңгейдегі спорттық сайыстарға қатыса отырып, салауатты өмір салтын насихаттау; психологиялық мәселелер арқылы жеке басының эмоциясын игере алу қабілеті.

Білім берудің «Тіл және әдебиет» саласындағы азаматтық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қоғамдағы қарама-қайшы құбылыстарға құрылған жаттығулар мен мәтіндермен жұмыс жасау арқылы азаматтық-құқықтық әлеует саласын меңгеру; азаматтық белсенділік таныту; әлеуметтік жағдайлар мен қазіргі замандағы қазақстандық авторлардың шығармаларын талдай отырып, жоғары деңгейдегі патриоттық сезімін ұштау; жазба жұмыстары мен рефераттар орындау арқылы қазіргі саяси жағдайды меңгеру.

Білім берудің «Адам және қоғам» саласындағы азаматтық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: құқықтық жағдайларды (конституциялық, азаматтық, еңбек құқығы) шешу арқылы Қазақтсан Республикасының Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтеу; азаматтық белсенділік таныту, жоғары деңгейдегі патриоттық сезімін ұштау.

Білім берудің «Математика және ақпараттану» саласындағы азаматтық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген:азаматтық-қоғамдық саладағы білім мен тәжірибе, кәсіби бағытталған мәтіндер арқылы әлеуметтік маңызы бар шешім қабылдай алу; болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға беру қабілеті; өмірде кездесетін түрлі жағдайларда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктеріне қатысты мәтіндерді қолдана отырып, мемлекеттің құқығын қорғай білу.

Білім берудің «Жаратылыстану» саласындағы азаматтық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қоршаған орта құбылыстарын қабылдауда физика, география, әлеуметтік-экономика заңдылықтарын ескеру; өз әрекеттерінде экологиялық мәселелерді басты назарда ұстау.

Білім берудің «Технология» саласындағы азаматтық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: шағын кәсіпкерлік пен халыққа қызмет көрсетуге бағытталған мәселелерді шеше отырып, айналада болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға беру және дұрыс шешшім қабылдау алу.

Білім берудің «Дене тәрбиесі» саласындағы азаматтық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: құтқару жұмыстарын ұйымдарстыра білу; медициналық көмек көрсете білу арқылы әлеуметтік маңызды шешім қабылдау.

Білім берудің «Тіл және әдебиет» саласындағы әлеуметтік құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: мемлекеттік тілді қатынас құралы ретіндегі маңызын дұрыс бағалай білу, тілді адамдардың танымдық, мәдени және әлеуметтік қарым-қатынас көрстекіші екенін монолог ретінде жеткізе білу.

Білім берудің «Адам және қоғам» саласындағы әлеуметтік құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: мәдени және тарихи маңызы бар дататлар мен оқиғаларды меңгеру арқылы қазақ халқы мен Қазақстан территорясында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тарихына, мәдениетіне және салт-дәстүрі мен басқа да құндылықтарына деген құрмет, ҰОС ардагерлері мен басқа да трихи оқиғаларға қатысты ақпараттарды жинақтау арқылы жас үлкендерге құрмет көрсету.

Білім берудің «Математика және ақпараттану» саласындағы әлеуметтік құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қалыптан тыс математикалық есептерді шешуде әлеуметтік білім қорын қолдана алу, адамадар арасындағы қарым-қатынас кезінде мәдениеттіліктің жоғары деңгейін көрсете алу, ақпараттық жобаларды орындауда ұжымдық түсінушіліккке қол жеткізу.

Білім берудің «Жаратылыстану» саласындағы әлеуметтік құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қоршаған ортаға қатысты қалыптан тыс мәселелерді шешуде биология, экология заңдылықтарын ескеру, ел аймақтарына физика-экономика-географиялық баға бере отырып, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік таныту.

Білім берудің «Технология» саласындағы әлеуметтік құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген:ағаш ұсталары мен кескіндемешілердің сәндік-әшекейлік жұмыстарын танып-білу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсете білу, үй шаруасындағы сантехникалық құрылғыларды жөндей білу.

Білім берудің «Дене тәрбиесі» саласындағы әлеуметтік құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қорғаныс ісі және спорт саласындағы мәселелерді шешуде әлеуметтік білімдерін қолдана білу.

Білім берудің «Тіл және әдебиет» саласындағы басқару құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: әдебиет пен тілді меңгеруде шығармашылық қабілеттерді қолдану.

Білім берудің «Адам және қоғам» саласындағы басқару құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: шешім қабылдау кезінде бұрыннан белгілі тарихи және саяси оқиғаларды, терминдерді қолдана білу, күрделі жағдайларды түсіну алу, тарих пен құқық саласындағы білімдерін тәжірибеде қолдану.

Білім берудің «Математика және ақпараттану» саласындағы басқару құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: таңдалған шешімге математикалық тұрғыдан сауатты негіздеме жасау.

Білім берудің «Жаратылыстану» саласындағы басқару құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: биология, география және экология саласына қатысты зерттеу жұмыстарын жоспарлауда өзінің нақты мүмкіндіктерін көрсете білу.

Білім берудің «Технология» саласындағы басқару құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: топтық шығармашылық жұмыс жасау кезінде көшбасылық қабілдет таныта білу.

Білім берудің «Дене тәрбиесі» саласындағы басқару құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: әскери-спорттық ойындардың нәтижелерін талдау арқылы көшбасылық қабілетін көрсете білу.

Білім берудің «Тіл және әдебиет» саласындағы қарым-қатынас құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: қоршаған адамдармен қарым-құатынас жасау кезінде ең тиімді қатынас құралын қолдана білу, іскери немесе телефон арқылы жасалатын қарым-қатынас кезінде қазақ, орыс және шете тілдерін қолдана білу.

Білім берудің «Адам және қоғам» саласындағы қарым-қатынас құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: тарихи матералдар мен құжаттарды талдау кезінде қазақ, орыс және ағылшын тілін қолдана білу.

Білім берудің «Математика және ақпараттану» саласындағы қарым-қатынас құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: өз бетінше және топта жұмыс жасау кезінде дұрыс математикалық есептеулер таңдай алу, күнделікті ғаламторда жұмыс істеу кезінде ағылшын тілін қолдана алу, шет тіліндегі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасай білу.

Білім берудің «Жаратылыстану» саласындағы қарым-қатынас құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: экологиялық және қоршаған орта мәселелеріне қатысты жеке және топтың шешімдерін дұрыс таңдау.

Білім берудің «Технология» саласындағы қарым-қатынас құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: техникалық мәселелерді шешуде өз көзқарасы мен жеке шешімін айта білу.

Білім берудің «Дене тәрбиесі» саласындағы қарым-қатынас құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген: командалық әскери-спорттық сайыстарда өзара түсіністікке қол жеткізу.

Білім берудің «Тіл және әдебиет», «Адам және қоғам», «Математика және ақпараттану», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене тәрбиесі» салаларындағы ақпараттық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде төмендегі шарттар белгіленген:орфография және пунктуация, құқықтану, қоғамдық білімдер, тарих, математика және ақпараттану, биология, география, химия, физика, технология, әскери ғылымдар салаларынан жүйелі білім алу және оны қолдана білу қабілеті болып табылады.

Білім берудің «Тіл және әдебиет», «Адам және қоғам», «Математика және ақпараттану», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене тәрбиесі» салаларындағы технологиялық құзіреттілігінің нәтижесі ретінде жобалау негіздері мен ақпараттың графикалық нұсқасын (сызба, кесте, графика, т.б.) құра білу болып табылады.

1   2   3



Похожие:

12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары icon12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары icon• компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту
Курстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін...
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары icon12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары iconЖобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары iconБілім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны
Тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан білім беру ұйымы белгілеген сомада білім алушы оқуға қабылданғанға...
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары iconҚұттықтаймыз!
Мектепке деінгі білім беру ұйымдары басшыларының секциясында «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді дамыту орталығы» МҚкк-ның...
12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары iconАудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы