|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ![]() 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары Әдістемелік құрал Астана 2013 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама). 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б. Бұл әдістемелік құралда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары ұсынылады. Функционалдық сауаттылықтың мектеп жағдайына сәйкес келетін түсініктемесі мен құрылымы, функционалды сауатты оқушының пішіні, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған білім мазмұнының компонентін анықтауға ықпал ететін күтілетін нәтижелер және керекті оқу материалын теру ұстанымдары анықталды. Бұл құрал білім беру жүйесіндегі әдіскерлерге, мектеп мұғалімдеріне арналған. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 ![]() Кіріспе Қазіргі ғылыми-әдістемелік зерттеулеріндегі оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру мәселесін ғалымдар әртүрлі аспектілерде қарастырып жатыр. Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыруда тұжырымдамалық тәсілдемелерді әзірлеу саласындағы зерттеулері қызығушылық тудыртады. Педагогикалық зерттеулердегі функционалды сауаттылық С.А.Тангянның [1], С.Г.Вершловскийдің, М.Д.Матюшкинаның [2], Б.С.Гершунскийдің [3], В.В.Мацкевичтің, С.А.Крупниктің [4], А.В.Хуторскийдің [5], Н.Н.Сметанникованың [6], Ж.Ж.Ордабаеваның [7], А.К.Рауандинаның [8] және т.б. жұмыстарында қарастырылды, дегенмен, мектеп оқушыларының функционалды суаттылығын қалыптастыру мәселесі әлі де болса, педагогикалық ғылымда тиісті көрініс таппағанын атап өткен жөн. 12-жылдық білім беруге ауысуды қамтамасыз ететін, жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеу және жүргізу жағдайларында қазіргі әдістемемен мектепте әртүрлі білімдік салалардан пәндерді оқыту, икем мен дағдыға сәйкес келетін нақты пән мен жүйе туралы белгілі білім жүйесін меңгеру үрдісі ретінде ғана емес, сонымен қатар, мектеп оқушыларының жеке басының рухани даму үрдісі және социомәдениетті жағдайларда олардың қалыпты тіршілік әрекетін жүзеге асыру ретінде де қарастырылады. Осыған байланысты мектепте пәндік салаларды зерделеу функционалдық бағыттылықты нығайтуды болжамдайды және бұның негізінде қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында тиісті құралдарды нормативті және орынды пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Сорос-Қазақстан Қорының білім беру мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сәуле Қалықова өз мақалаларының бірінде былай деп жазған: «Өзінді кең халықаралық мәнмәтінде көрмей, бүгінгі таңдағы өмірде білімділік саясатты жетілдіру қиынға түсер». Осылай, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (ОЭСР - организация экономического сотрудничества и развития) 2010 жылы PISA-2009 [9] нәтижелелерін жариялады, бұнда осы зерттеулерге қатысқан, жалпы рейтингтегі 65 елдің ішінде Қазақстан 59 орынға ие болды. ҰБТ нәтижелерінің талдауы да жалпы білім беру мектептерінің түлектері оқу бағдарламаларын толыққанды игермейтінін және мектеп тәжірибесінде түйінді құзыреттерді қалыптастыруда көрініс табатын функционалды сауаттылықты дамыту мен арттыруда жоспарлы жұмыстың жоқтығын көрсетеді. 12-жылдық мектепте оқыған кезде оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне қарау өзектілігі негізделген:
^ 12-жылдық білім беру жағдайларында мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін ашу. Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер белгіленді:
Қойылған міндеттердің сипаты зерттеу әдістерінің таңдауын анықтады:
Күтілетін нәтижелер:
^ Нарықтық экономикалық ортаға қалыптасуының қажеттілігін тудырған XXI ғасырдың әлемдік экономикасының өзгерістері білім сапасының проблемаларын шиеленістірді, алайда халықтың «білімдік интеллекті (зият)» (адами капитал) мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болып қарастырылады. Білімді әлеуметтік қажеттіліктің жай шығындары емес, оны экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет. Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жаңа параметрлерді қойды, білімнің мақсаттарын, нәтижелерін, оқытудың дәстүрлі әдістерін, қолжеткізген жетістіктер бағалауының жүйелерін қайта қарастыруды талап етті. Қазақстандық мектеп білімінің дамуы Қазастан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан кейін – Мемлекеттік бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарлама, отандық білім саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру негізі ретінде, білім және тәрбиенің мазмұны мен технологияларында, мектептің құрылымында, басқару жүйесінде, білім беру іс-әрекеті субъектілерінің құқықтық-ұйымдастыру түрлерінде, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қаржылық механизмдерінің даму деңгейлеріндегі өзгерістерді нақтылайды [10]. Қазастан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында білім тек қана жастарға білім беру емес, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу процесінде білімді пайдалана алу керектігін мәлімдеді. Осыған байланысты Елбасы болашақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту керектігін көрсетті [11]. Қазақстан Республикасындағы нормативтік, оқу-әдістемелік, ақпараттық салаларында, педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру жүйелеріндегі іс-шаралар кешенін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары айқындайды [12]. Ұлттық жоспар Қазақстанның өрлеу факторы, ұлт өркендеуінің, азаматтардың тұлғалық және әлеуметтік жетістіктерінің фундаменті мен капиталы ретінде отандық білімді жайғастыруға бағытталған. Ұлттық іс-жоспарда функционалдық сауаттылықтың даму базалық механизмдері көрсетілген:
Қазіргі ақпараттық қоғамда сауаттылық ұғымы қоғамның барлық топтарының негізі болып табылады. Оның үстіне сауаттылық ұғымы анағұрлым кеңейтіліп (ақпараттық, техникалық, музыкалық сауаттылық және т.б.) мәдениеттің атрибут мәртебесін иеленеді. ^ – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады [13]. Орта білімнің бір тұтас жүйесіндегі бастапқы кезеңінің ерекшелігі дәл осы сатыда оқу іс-әрекетінің негізгі икемділіктерін игеру, оқудың қажеттілігі мен ықыласына тиісті жағдай жасау болып табылады. Баланың психикалық дамуында бала орындайтын нақты осы іс-әрекет басқа жұмыстардың түрлері кешенінде (ойын, спорттық, мәдениеттік, еңбектік) жетекші рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерден белгілі болғандай оқушының субъектілік қасиеттері пайда болуының негізгі көрсеткіші еріктілік болады. Оқу іс-әрекетінің біліктілігі, басқа танымдылық іс-әрекеттер түрлерінен айырмашылығы, оқу процесіне дейін және одан тыс қалыптаспауында. Сондықтан, бастауыш мектепте кез келген пәнге оқытудың мақсатты функциясының бірі, келешектегі функционалдық сауаттылықтың негізі ретінде алынатын, оқушылардың өзіндік оқулық іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру. Функционалдық сауаттылық феноменінің пайда болуы адамның сауаттылық компоненттерін: білімдерін, дағдыларын, қабілеттерін, іс-әрекет тәсілдерін, тәртіптік және көзқарас қасиеттерін игеруде уақыттың шектелуін кеңейтті. Көп зерттеушілердің пікіріне сәйкес функционалдық сауаттылықтың компоненттерін игеру процесі іс жүзінде өмір бойы жалғасуы мүмкін. Функционалдық сауаттылық халық пен мемлекеттің толық әл-ауқатына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады. Шартты түрде функцоналдық сауаттылық В.В Мацкевич пен С.А. Крупниктің атағанындай, олардың нақтылауында жазылған: «Қазіргі еуропалық (азамат) білуі және меңгеруі қажет...» және әр елдің мәдени және өңірлік ерекшелігін ескере отырып қалыптасады [4]. Заманауи педагогикалық теориясы мен тәжірибесінде «функционалдық сауаттылық» ұғымы тұжырымдамалық тұғыр (тәсілдеме) шеңберінде қарастырылады. Өмірде және іс-әрекетте қажетті әмбебап дағдылары болатын функционалдық сауаттылыққа және құзыреттілікке басымды мағына беретін Болон келісімінің жүзеге асуы қазақстандық жоғары білім беру жүйесін модернизациялаудың негізі болды. Функционалдық сауаттылық, адам іс-әрекетінінің көпаспекттілік құзыреттілігі болғандықтан, сауаттылық құрылымын талдауға жеке тұлға (индивид) айналысып атқаратын түрлі іс-әрекеттер көзқарасынан жақындауға болады. Бұл ретте білім мен ептілік, біліктіліктен және тәжірибелік оқулық пен өндірістік-техникалық есептер шығару әдістерінен тұратын іс-әрекеттердің түрлерін кең мағынада түсінуге болады. Адамның іс-әрекетінің құрамы мен тұлға қасиеттері өзара қатысты. Ю. Г. Фокин іс-әрекеттің құрамын төмендегідей сипаттайды: қажеттілікті сезіну; себепті қалыптастыру; іс-әрекетті жүзеге асыру әдісін таңдау; іс-әрекетті жоспарлау; іс-қимыл тізімі; іс-қимылды орындау [14]. Бұл ретте құрамдас деректердің тұлға қасиеттерімен байланысы дәлелденеді. Ю.Г. Фокиннің пікірі бойынша қажеттілікті сезіну және себепті қалыптастыру «қажеттілікті қанағаттандыратын, саналы таңдау адамнан нақты білгірлікті талап етеді [14]. Іс-әрекет субъекті өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын әдіс таңдауында «өзінің құндылық бағдарына, әлеуметтік қөзқарасында не істеуге болатындығын, қайсы өнегесіз немесе заңға қарсы» екендігіне сүйенеді. Іс-әрекетті жоспарлау үшін «таңдалған әрекетті жүзеге асыру әдісінің заңдылықтарын және бұл ретте пайдаланылатын процестерді білу қажет» [13]. «Нақты іс-әрекеттің мақсатына жеткізетін және осы әрекетті жүзеге дұрыс асыратын саналы түрде таңдап алынатын операцияларымен белгіленетін білімдер жиынтығысыз» әрекеттерді орындау мүмкін емес. «Операцияларды жүзеге асыру үшін субъект нақты дағдыларды керек етеді». В.Г.Онушкин мен Е.И.Огарёвтің көзқарасын есепке ала отырып, іс-әрекеттінің табыстығын қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылық келесі 4 компоненттен тұрады: 1) жалпы теориялық, арнаулы және қолданбалы қасиеттері бар білімдер; 2) іс-әрекет процесіне тартылған немесе сонымен түйіскен іс пен нақтылықтың нәрселік мәнісін түсіну; 3) қойылған мақсатқа сәйкес құралдарды таңдай білу және мақсаттың мазмұнына сәйкес іс жасай білу; 4) шеберлі іс-қимыл жасау және ой-пікірлерін айту дағдылары [15]. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы құрылымының компонеттері ретінде зерттеушілер [15] мыналарды нақтылады: мотивациялық, когнитивтік, әрекеттік және рефлексивтік компонеттер. Осымен функционалдық сауаттылық оқушылардың оқу-танымдылық құзыреттіліктерінің одан әрі даму негізін құрайды. Фунционалдық сауатты оқушының моделін ғалымдардың ғылыми еңбектерінде айтылған жағдайларынан анықтаймыз. Функционалды сауатты оқушы – бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға. Әлемдік білім кеңестігіне кіру жағдайында қазақстандық білім беру жүйесінің алдында келесі міндеттер тұрады:
Колледжде және жоғары оқу орнында білім алу кезінде, маманның кәсіби әрекетінде өмірдегі өз нақтылығының жоғары деңгейіне жету болашақтағы оқу іс-әрекетінің тиімділігін анықтайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы оқу-танымдық құзыреттілігінің базалық құрылымы болып табылады. Тұжырымдамалық тұрғы шеңберінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы оқу пәнінің негізгі мазмұндық компоненті ретінде алынатын оқулық міндеті арқылы пайда болады. Функционалдық сауаттылық құрамының мотивациялық компоненті өзіндік білімділік қажеттерін, мақсаттарын, мазмұнының құнды-мағыналы көз-қарасын және іс-әрекеттің нәтижесін ұғынуға бағытталуымен, білім ұйымының білім кеңістігіне белсенді енгізілуімен, гуманитарлық пәндерді оқу шеңберінде жаңалықтармен танысу және құзыреттілікті білдіруде тиімді уәждемеге бағыттаумен сипатталады. Функционалдық сауаттылық құрылымындағы когнитивтік компонент құзыреттілік өзегі болатын қолданбалы қасиетті қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыс және жалпытехникалық білімдердің жиынтығын игеруге бағытталып, оқу және тәжірибелік іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырылатын әдісін тандау заманауи ақпараттық қоғамның негізгі жүйесін айқындайды. Функционалдық сауаттылықтың әрекеттік компоненті біліммен, өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бар білімдердің қорында орындалатын тиімді тәжірибесімен, оқу-танымдылық құзыреттіліктің дамуына мүмкіндік беретін түрлі есептер шығаруын жоспарлау және іске асыру әдісін таңдауымен сипатталады. Функционалдық сауаттылық құрылымының рефлексивтік компоненті өзінің нақтылы мүмкіндігіне, мақсаттарына, жағдайларын түсінуіне сәйкес, түрлі жоспарлардың қалыптасуына қабілеттілігімен, жеке ісін аналитикалық қарастыруымен, жеке көзқарасын жаңа ақпаратпен бар білімді салыстыру процесінде өзіндік көзқарасын тудырумен сипатталады [15]. ^ Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі қалыптасуда. Білім берудің жаңа жүйесі, халықаралық білім беру стандарттарына сүйене отырып, алғашқы міндеттерінің бірі ретінде қызметтік сауаттылықтың қалыптасуын қарастырады. Нормативтік құжаттарда қызметтік сауаттылықтың қалыптасуы шұғыл түрде дамитын, креативті, жауапкершілікті, бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасу жағдайы ретінде қарастырады. Қазіргі қоғамда көп әр түрлі өзгерістер болып жатыр, жаңа технологиялар мен адам қызметінің түрлері пайда болып жатыр, осыған байланысты барлық елдің сауаттылығына қажетті талаптарға қарай жеке индивидуумдардың сауаттылығына деген талаптар өсуде. Елдің сауаттылығына деген талаптар уақыт ағымымен өзгереді, сондай адамға индустриалды кезеңге дейін ауыз-екі сөйлеу, оқу дағдыларымен, жай есептеу операцияларымен меңгеру талап етілді. Бірақ сауатты адамға талаптар ұзақ уақыт өзгерген жоқ. Бірнеше ғасыр бойы оқуға қабілетті адам сауатты деп есептелген. Күнделікті өмірде адамға сауаттылық қажет болмаған, мұнда сауаттылық адамның әлеуметтік мәртебесіне және оның кәсібіне көрсетіліп отырды. Бүгінде оқушылардың, қызметтік сауаттылықтың жоғары деңгейіне жету мүмкіндіктері бола тұрып, сондай-ақ социумда органикалық түрде қызмет ету қабілеттілігін, өзін-өзі тану қабілеттілігін, өз тұлғасының дамуына, адамның бойындағы әлеуеттілігін іске асыруға қабілеттілігін де алады. Қазіргі қоғамға қызметтік түрдегі сауатты, анық нәтиже алу үшін жұмыс істей алатын, мәнді жетістіктер мен табыстарға қабілетті тұлғалар қажет. Қызметтік сауаттылық концепциясында негізделген танымал халықаралық бағалау зерттеулердің бірі – Экономикалық серіктестік пен дамуының ұйымының жетекшілігімен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауының Халықаралақ бағдарламасы (Programme for International Student Assessment - PISA) болып табылады. 2009 жылы Қазақстан алғашқы рет PISA зерттеуіне қатысты. Зерттеуде 184 жалпы білім беру мектептері мен 16 колледж, кәсіби-техникалық училищелердің (қазақ және орыс тілінде) оқушылары қатысты. күрделі оқулық мәтіндерді қолдануға дайын және күнделікті жағдайларда олардың көмегімен бағыт алатын қазақстандық оқушылардың үлесі оқу сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 5% құрады (салыстыру үшін – ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш - 28,6 %); нақты жағдайлар үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеуге, әр түрлі тапсырмаларды дамыту мен үйлестіруге қабілетті математикалық сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 4,2% құрады (салыстыру үшін – ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш - қатысушылардың 16 %); жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасай алуда талап етілетін жағдайлармен тиімді жұмыс істеген, әр түрлі жаратылыстану ғылыми пәндерден түсіндірмелерді таңдау және біріктіретін, осы түсіндірмелерді өмірлік жағдайлар аспектілерінде қолдана алатын жаратылыстану ғылыми сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 3,6% құрады (салыстыру үшін – ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш – қатысушылардың 20,5 %) нәтижелер куәландырады. Сонымен қатар TIMSS зерттеулерінде (Математикалық және жаратылыстану ғылыми білім беру сапасының халықаралық мониторингтік зерттеуі) қазақстандық мектеп оқушылары жоғары нәтижелер көрсетуде. Қазақстан үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулерде (TIMSS-2008 және PISA-2009) қайта бағалау қиынға соғады. Еліміздің білім беру саясатын жасаушылары білім беру сапасына заманауи талаптары мен халықаралық стандарттар есебімен стратегиялық жоспарлауға әсер ететін бай эмпирикалық материал алды. Сорос-Қазақстан Қорының білім беру мәселесі бойынша кеңесшісі Сәуле Каликованың пікірі бойынша, PISA-2009 (сондай TIMSS-2008) Қазақстан нәтижелерінің талдауы білім берудің жаңа стандарттары мен «2011-2020 жылдарға ҚР білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасы» [9] аясында білім беру саясатының бастапқы бағыттарының санына енген білім беру сапасының ұлттық жүйесін құру сияқты салаларда жұмыс істеу үшін өзекті перспектива береді. Мектеп оқушыларында қызметтік сауаттылығының даму мәселесіне жеткілікті назар аударылғаны, бірақ іске асыруда осы идеяның мәселелері жеткіліксіз көрсетілмегенін атап айтуға болады. Әсіресе, жасөспірімдерде коммуникация саласында қалыптасу әдістемесі толық жасалмаған, бұл мыналармен байланысты:
Коммуникация саласындағы қызметтік сауаттылық білімділік деңгейі, тұлғаның негізгі коммуникативтік құзіреттілігінің дамуының негізі болатын ақпаратымен жұмыс дағдысы, сөздердің, мәтіндер құрудың қарым-қатынас пен қағидалардың білім нормаларын қолданумен стандартты және стандартты емес жағдайлардағы коммуникация мен қатынасқа тұлғаның қабілеттілігімен сипатталатын оқытуда жеке-тұлғалық нәтижесі ретінде қарастырылады. Білім берудің мектеп курсындағы гуманитарлық пәндер оқушыларға коммуникация саласында қызметтік сауаттылығының қалыптасуына келесі жолдармен көмектеседі:
Гуманитарлық пәндерді зерделеу үдерісінде жасөспірімнің қарым-қатынаста сәтсіздігін сипаттайтын коммуникативтік қиындықтардан өте алады(айтуда- тыңдауда- оқуда- жазуда) және ақпаратты қайта жасауда:
Коммуникация саласында жасөспірімдердің қызметтік сауаттылығының қалыптастыру әдістемесі коммуникативтік қиындықтардың пайда болатын есебімен гуманитарлық пәндерді зерделеуде:
Қызметтік сауаттылықты тиімді қалыптастыру үшін коммуникативті, шығармашылық, ойын әдістері қолданбалы: дискуссиялар, дебаттар, жобалар, жаттығулар мен жеке тапсырмалар, өлең мәтіндері, алгоритмдер, ойын тапсырмалары. Жасөспірімдер оқу еңбегімен айналысатын 30% жуығы гуманитарлық пәндердің мүмкіндігі қазіргі кезеңде оқытудың бастапқы мақсаты ретінде жасөспірімдердің коммуникация саласында қызметтік сауаттылықты анықтайды, сонымен қатар осы үдерістің ұйымдастырушылық және мазмұнды күрделігін анықтайды. Негізгі мектепте жаратылыстану-матемтикалық бағыт оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын қалыптастырады. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық келесі компоненттерден тұрады: жаратылыстану ғылыми білімдер қолданылатын жаратылыстану ғылыми ұғымдар мен жағдайлар, жаратылыстану ғылыми пәндер аясында қалыптасатын «жалпыпәндік» (жалпы оқулық) біліктер. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық, ғылыми және инновациялық қызметтің қолдауына қабілеттілігін енгізе отырып, қоғамның мәдениет деңгейін көрсетеді. ҚР технологиялық модернизациясын іске асыру үшін елге жаратылыстану ғылыми сауаттылығына сәйкес білімділер де қажет – ғалымдар, конструкторлар, инженерлер. Өкінішке орай, PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелері көрсеткендей, оқушылар жаратылыстануғылыми сауаттылығының қалыптасуымен біздің білім беру жүйесі қанағаттанарсыз емес түрде жұмыс істейді. Тұжырымдамаларға қарасақ, жаратылыстану ғылыми сауаттылығының құзіреттілігі мен МБС метапәндік білім беру нәтижелері таза пәндік білімдер мен біліктермен салыстыру бойынша жаңа қорытындалған сапа сипаттайды, сондықтан жаратылыстану ғылыми пәндерді оқытуда осы нәтижелердің жетістіктерін жалпы тәсілдерді қолдануда күтуге болады. Өз кезегінде, метапәндік жаратылыстану біліктермен меңгеру (зерттеу процедураларын қолдану, модельдер арқылы құбылыстарды түсіндіру, мәліметтерді талдау негізінде қорытынды жасау) таза пәндік міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік береді. В.Н.Максимованың пікірі бойынша, пәнаралық біліктер - бұл «ұқсас пәндерден білім мен біліктерді қорытындылау және ауыстыру үдерісінде байланыстарды орнату және меңгеруде оқушының қабілеттілігі» Пәнаралық байланыстар теория мен практиканы біріктіреді, қоршаған болмыста білімдерді қолдануға ықпал етеді (табиғатта, тұрмыста, өндірісте) [16]. Өмірлік маңызды міндеттер мен мәселелерде пәнаралық мазмұнын түсінуге болатыны мәлім. Физиканы оқытудағы теориясында осындай міндеттерге екі немесе бірнеше пәндерден оқушылардың білімі мен біліктерін қолданатын жаттығулар жатады. [17]. Осы пікірді Г.П.Стефанова да ұстанады [18], міндеттерді шешуде қорытынды әдістерін меңгерген оқушылар тиісті оқытуда физикалық білімдерді қолданумен кез келген практикалық мағыналы міндеттерді сауатты шешеді. А.В.Усованың пікірі бойынша [19], оқушыларда міндеттерді шешудің қорытынды біліктілігі қалыптасу керек. Оның қалыптасуы нақты тақырып бойынша міндеттерді шешу үдерісінде басталады, сосын оны қорытындылауы және нақты мазмұнымен қорытылған құрылымды толықтырыуы болады. Жаратылыстану ғылыми сауаттылығы қалыптасуының тағы бір тәсілі жаратылыстану пәндері оқу тапсырмалары бәріне жалпы номенклатурасын анықтау болып табылады. Бұл номенклатура әр пән бойынша оқу тапсырмаларының барлық типтерін қамти алмайды, бірақ жаратылыстану ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзіреттілікті қалыптасуына бағытталған осындай тапсырмаларды сипаттайды. Төменде тағы да осындай негізгі құзіреттіліктер тізімі беріледі: - жаратылыстану ғылыми зерттеудің негізгі ерекшеліктерін түсіну (немесе жаратылыстану ғылыми әдістерін тану); - бар ғылыми білімдер негізінде жаратылыстану ғылыми құбылыстарды түсіндіру және сипаттауды білу, сондай-ақ өзгерістерді болжай алу; - ғылыми дәлелдемелерді қолдана білу және бар мәліметтерден қорытынды алу үшін, оларды талдау және дәлелді бағалау. Осы үш негізгі құзіреттіліктерге сәйкес тапсырмалардың үш жалпы топтарын анықтауға болады. 1-ші топқа енетін тапсырмалар ғылыми тану әдістеріне жататын, ғылыми білімдерді алу тәсілдеріне жататын құзіреттілікке тиісті. Осы тапсырмаларда оқушыға қандай болмасын фактілерді орнату тәсілдерін табу ұсынылуы мүмкін, физикалық өлшемді анықтау, гипотезаларды тексеру; ұсынылған мәселенің зерттеу жоспарын белгілеу. 2-ші топ тапсырмалары үдеріс барысы немесе өзгерістерді болжауға, құбылыстарды түсіндіру және сипаттау біліктерін қалыптастырумен байланысты құзіреттілікке тиісті (құзіреттіліктің екіншісі). Осы біліктер анық ғылыми білімдер мөлшерінде негізделмей, сондай құбылыстардың модельдерімен қызмет ету қабілеттілігінің, және сол тілде түсіндірме және сипаттама беріледі. Үшінші құзіреттілікке тиісті тапсырмалар бар мәліметтер негізінде қорытынды алуға біліктілікті алуды қалыптастырады. Осы тапсырмалар сандар, суреттер, кестелер, схемалар, диаграммалар, сөз сипаттамасының көпшілік түрінде беріледі. Жаратылыстану ғылыми сауатылығы қалпытасу міндеттері мен МБС білім беру нәтижелеріне сабақта оқу қызметінің мазмұнына және мұғалімнің қажетті құзіреттілігіне белгілі талаптар қойылады. Біз осы зерттеулердің талдауы негізінде 12 жылдық білім беру мазмұны қамтамасыз ететін және бүгінгі түлектің қызметтік сауаттылығын белгілейтін компоненттерді анықтадық. 12 жылдық білім беру мазмұнында функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін компоненттер:
^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: бейіналды (9-10 сынып) және бейіндік (11-12 сынып) оқушыларды осы бағытта филология, журналистика, аударма ісі, педагогика, баспа ісі, іс жүргізуші барлық салада дайындау. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: бейіналды (9-10 сынып) және бейіндік (11-12 сынып) осы бағытта филология, журналистика, бейнелеу өнері, дизайн, мүсінші, театр, кино, психология, педагогика. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: бейін алды (9-10 сынып) және бейіндік (11-12 сынып) оқушыларды осы бағытта: тарих, халыққаралық қатынас, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, философия, юриспруденция, педагогика, кітапхана жұмысы, мәдени-ағарту жұмысы. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: бейіналды (9-10 сынып) және бейіндік (11-12 сынып) бағыттары бойынша оқушыларды дайындау: математика, информатика, механика, физика, ядролық физика, гидрометеорология, астрономия, экономика, есеп және аудит, қаржы, басқару автоматизациясы, ақпараттық жүйе, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделі, металлургия, машина жасау, транспорт, транспорт және авиация технологиясы, аспап жасау, жылуқуаты, электрқуаты, радиотехника, телекоммуникация электроникасы, құрылыс, стандартизация, метрология және сертификация. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: бейін алды (9-10 сынып) және бейіндік (11-12 сынып) бағыттары бойынша оқушыларды дайындау: басқару және өңдеу саласындағы ақпараттық жүйелер: бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және оны жүргізу, ақпараттық жүйені дайындау, ақпарат қауіпсіздігі және ақпаратты қорғау; экономикалық және әлеуметтік аядағы ақпараттық жүйелер; ақпараттық технологиялар менеджменті, бухгалтерлік есеп, салық және салық салудың автоматтандырылған жүйелері; банк ісі; электронды коммерция және құжат алмасу, архитектура және бизнес жүйелерінің құрылымы, стандарттау, сертификаттау және метрология; есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, техник-бағдарламашы, информатик, инженер-бағдарламашы, инженер-әзірлеуші. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: оқушыларды география, картография, экономикалық өлкетану, геология негіздері, мәдениеттілік география және индустрия, табиғи ықпал географиясы, тарихи география, жаһандық география, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыттары бойынша бейіналды (9-10 сыныптар) және бейіндік (11-12 сыныптар) дайындау. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: химия, химиялық технология және өндіріс, тұрмыстық химия, экологиялық химия, медицина және фармакология негіздері, табиғи ресустарды қорғау, нанотехнология бағыттары бойынша оқушыларды бейіналды (9-10 сыныптар) және бейінді (11-12 сыныптар) дайындау. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: оқушылардың биология, биотехнология және өнеркәсіп, экология, медицина, фармацевтика, табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын қорғау, нанотехнология, өсімдік және мал шаруашылықтары бағыттары бойынша бейіналды (9-10 сыныптар) және бейіндік (11-12 сыныптар) дайындықтары. ^
Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: дизайн, компютерлік дизайн, кітап графикасы, өнертану, архитектура, скульптура, жеңіл өнеркәсіп (тігін), агротехника бағыттары бойынша оқушыларды бейіналды (9-10 сыныптар) және бейінді (11-12 сыныптар) дайындау. ^ Салауатты өмір салты тұжырымдамасы жүзеге асырудағы білім беру жүйесінің негізі тұлғаны адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес үйлесімді дамыту, денсаулықтарын сақтау мен нығайтуда жатыр:
Функционалдық сауаттылықты пәндер мазмұнында жүзеге асыру үшін қажетті ұстанымдар белгіленуі тиіс. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған оқу материалдары пән мазмұнына төмендегідей ұстанымдары қоылады:
Аталған ұстанымдарды оқу бағдарламалары мен оқулық авторларының пән мазмұнындағы функционалдық компонентті күшейтуге жетекшілікке алынуына болады. |
![]() | 12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | • компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту Курстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін... | ![]() | 12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы |
![]() | Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны Тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан білім беру ұйымы белгілеген сомада білім алушы оқуға қабылданғанға... |
![]() | Құттықтаймыз! Мектепке деінгі білім беру ұйымдары басшыларының секциясында «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді дамыту орталығы» МҚкк-ның... | ![]() | Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі... |