Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында icon

Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында



НазваниеЖобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында
страница2/3
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3
^

3 Оқушылардың функционалдық сауаттытылығын қалыптастыруды бағалаудың критерийлерін жасау


3.1 PISA халықаралық зерттеуінің тәжірибелері


Ұлттық жоспар негізгі мәселелердің бірі ретінде оқушылардың білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесін дамытуды қарастырады [ 4 ].

Халықаралық бағалаулық зерттеудің бірі ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ОЫДҰ) жүргізетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасын (Programme for International Student Assessment - PISA) қарастыруға болады [20]. PISA 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімін, іскерлігін және дағдыларын адамзаттың әртүрлі қызметінде өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, сонымен қатар оларды тұлғааралық қатынаста және әлеуметтік қатынастарда қолдана білу қабілеттерін бағалайды.

PISA зерттеуі қазіргі кезде мектептегі білімнің тиімділігін салыстыра бағалаудың әлемдегі универсалды инструменті ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер білім беру жүйесін дамыту стратегиясын қалыптастырудың, оның ішінде білім берудің мазмұнын және әдістемесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.

PISA зерттеу шеңберінде функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығы. Зерттеу үш жылда бір рет өткізіледі. Әр зерттеуде үш саланың бірі ғана бойынша функционалдық сауаттылық бағаланады. Мысалы 2009 жылы оқу сауаттылығы зерттелді.

2009 жылы Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет қатысты.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан оқушылары мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді:

- аса күрделі емес оқу мәтіндерін қолдана және оларды күнделікті жағдайда пайдалана білетіндердің үлесі зерттеуге қатысушылардың тек 5 пайызын ғана құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 28,6 %);

- нақты модельдермен нақты жағдайларда тиімді жұмыс істей алатын, әртүрлі тапсырмаларды дамыта және кіріктіре алатын оқушылардың үлесі математикалық сауаттылық бойынша қатысқан оқушылардың 4,2 пайызын құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16 %);

- жаратылыстану ғылымдарының ролі туралы қорытынды жасауды керек ететін жағдайларда, әртүрлі жаратылыстану пәндерін біріктіріп, түсініктеме беру алатын және ол түсініктемелерді әртүрлі өмірде кездесетін жағдайларда қолдана білетін оқушылардың үлесі ғылыми жаратылыстану сауаттылығына қатысқан оқушылардың жалпы санының 3,6 % құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5 %);

Сонымен PISA зерттеуіне Қазақстанның қатысуының нәтижесі жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері пәндік білімдерді өте жақсы беретінін көрсетті. Сонымен қатар ол білімді өмірде кездесетін жағдайларда дұрыс қолдануға үйретпейтіндері анықталды.

PISA зерттеуінде алдыңғы қатардағы елдердің (Австралия, Финляндия, Япония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) көрсеткіштері оқушылардың функционалдық сауаттылығына мынадай факторлардың әсер ететінін көрсетті:

1) білім мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары;

2) оқытудың түрлері мен әдістемелері;

3) білім алушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және бағалау жүйесі;

4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысаны, оқу жоспарын реттеуде мектеп автономиясының жоғары деңгейі);

6) барлық қызығушылық танытқандармен әріптестік принциптерге негізделген достық жағдайдағы білім беру ортасының болуы;

7) балаларды оқытудағы және тәрбиелеудегі ата-аналардың белсенді ролі.

PISA зерттеуі мынадай бағыттарда жүргізіледі:

- мәтін оқу;

- математикалық сауаттылық;

- ғылыми жаратылыстану сауаттылығы;

- әртүрлі мәселелерді шешудегі құзыреттілік.

Мектептегі білім сапасына мониторинг жүргізуде негізгі назар оқушылардың жалпыоқу және интеллектуалдық дағдыларын меңгеруді бағалауға аударылады. Математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығын, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын және мәселелерді шешудегі ептіліктерді тексеру үшін кешенді және құрылымданған тапсырмалар жасалады.

Әр тапсырманың мәтіні бар, онда жеке мәселелер қарастырылады, сонымен қатар қиындығы әртүрлі 1-6 сұрақ беріледі. Тапсырманы орындау нәтижесі бойынша оқушының қойылған мәселені әр пәндерден алған білімін қолдана отырып, шешу қабілеті бағаланады.

^ Математикалық сауаттылық – қоршаған ортадағы математиканың ролін анықтау және түсіну қабілетінің деңгейі, жақсы негізделген математикалық ой-пікірді жеткізе білу және математиканы қажеттіліктен туындайтын мақсаттарда қолдана білу.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – ғылыми-жаратылыстану білімін қолдана білу қабілетінің деңгейі, мәселелерді анықтай білу және қоршаған ортаны, сонымен қатар тиісті шешім қабылдау үшін адамның әсерінен онда болып жатқан өзгерістерді түсіне білуге негізделген қорытындылар жасай білу.

^ Мәтінді оқу сауаттылығы – жазбаша мәтіндерді ой елегінен өткізу, оларға рефлексия жүргізу, мәтіндерді өз мақсаттарына қолдана білу, қоғам өміріне белсене араласу үшін білімі мен мүмкіндіктерін қолдана білу қабілетінің деңгейі. Зерттеуде мәтінді оқу техникасы, оны оқу жылдамдығы қаралмайды, оның орнына мәтінге рефлексия, оны түсіну және оқылған мәтінді әр түрлі мақсаттарға қолдана білу қабілеті қаралады.

^ Мәселені шешудегі құзыреттілік – бір қарағанда, шешу жолдары көрінбейтін пәнаралық мәселелерді шешу үшін ептілікті қолдану қабілеті.
Тестілерде әртүрлі нысандағы сұрақтар қолданылады. Олардың жартысы еркін жауап берілетін сұрақтар. 12 пайыз сұрақтарға өзіндік жауаптар берілуі тиіс, бірақ ол жауаптар жеке сөздермен және сандармен шектеледі. Жауаптары дайын сұрақтар барлық сұрақтардың 33 пайызын (1/3) құрайды.

Жалпы халықаралық мониторинг барысында математикадан 54 тапсырма (барлығы 85 сұрақ), оқудан 8 тапсырма (барлығы 28 сұрақ), жаратылыстанудан 13 тапсырма (барлығы 35 сұрақ) және 10 тапсырма мәселелерді шешуге (барлығы 19 сұрақ) беріледі. Әр оқушы оларға 2 сағат ішінде жазбаша жауап беруі тиіс. Тестілерге жауап берілгеннен кейін жарты сағаттың ішінде әр оқушы анкетаға жауап береді. Онда ол білім беру ұйымы, өзінің қызығушылығы, оқуға көзқарасы туралы ақпарат береді. Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары (директорлары) анкеталауға қатысады.

Басқа бағалау жүйелеріне қарағанда (мысалы TIMSS) PISA-да бағалау объектісі пәндерді (оқу бағдарламасын) меңгеру деңгейі мен сапасы емес, олардың үш бағыттағы: мәтінді оқу, математика, жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылықтар салаларындағы құзыреттілігін қалыптастыру деңгейі болып табылады.

«Сауаттылық» термині бағалауға жататын білімнің, ептіліктің, дағдылардың кеңдігін көрсету үшін арнайы қабылданған. Жалпы PISA дамыған сайын оқушылардың мектеп бағдарламаларынан да кең құзыреттілігін бағалаудың мәні біртіндеп артатын болады.


^ 3.2 TIMSS мектептегі білім сапасын халықаралық зерттеудің тәжірибесі


TIMSS мектептегі білім сапасын халықаралық зерттеу – Trends in International Mathematics and Science Study – әлемнің 60 елдерінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша мектептегі білімнің даму басымдылығын анықтау үшін жүргізіледі.

Білім үш деңгейлік тұрғыдан қарастырылады [7]:

- жоспарланған (мемлекет тарапынан әлеуметтік тапсырыс ретінде анықталады);

- жүзеге асырылған (мектептердегі нақты оқу процестерімен анықталады);

- қол жеткізілген (мектептердегі оқытудың нәтижелерімен анықталады).

Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық ақпараттың нақты параметрлері анықталады.

TIMSS зерттеуінің негізгі компоненті ретінде 4 және 8 сыныптар оқушыларының оқу жетістіктері қаралады. 4-ші сынып оқушыларының тестік тапсырмаларының әр варианты 44-50 тапсырмадан тұрады, 8 сынып оқушылары үшін – 55-60 тапсырма қарастырылған. Онда жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Тапсырманы орындау үшін 4-ші сынып оқушыларына 72 минут, 8 сынып оқушыларына 90 минут уақыт бөлінеді. Бағалау диапазоны 0-ден 1000 балл аралығында болады, орташа статистикалық балл 500 баллды құрайды.

Тестілеу тапсырмаларын бағалау төрт деңгейде жүзеге асырылады:

- ілгері (625 – 1000 балл);

- жоғары (550 624 балл);

- орта (475 549 балл);

- төмен (400 474 балл).

Жабық тапсырма бойынша әр дұрыс жауапқа халықаралық эксперттер 1 балл береді. Ашық тапсырмалар бойынша әр жауапқа арнайы екі таңбалы код беріледі – «дұрыс жауап», «жартылай дұрыс жауап», «жауап дұрыс емес».

Зерттеулерге арнайы сауалнамаларға жауап беру арқылы Ұлттық координаторлар қатысады. Бұл жауаптар алынған нәтижелердің кейбір себептерін түсіну үшін қосымша фондық ақпараттарды құрайды. 4-ші және 8-ші сынып оқушылары мектептегі пәндерге көзқарастары, педагогтар тарапынан сабақтарды ұйымдастыру, сыныптан тыс ісшараларға қатысу, отбасын сипаттау туралы анкеталық сұрақтарға жауап береді.

Сауалнама сұрақтарына берілген жауаптар арқылы оқушылардың нәтижелеріне әсер ететін фондық ақпарат ретінде кейбір факторлар анықталады. Мысалы халықаралық сарапшылар жасаған модель бойынша мынадай факторлар:

- оқушылардың демографиялық сипаттары (тестілеу кезіндегі оқушылардың жасы және олардың жынысы);

- жанұяның әлеуметтік-экономикалық жағдайы (жанұяда компьютердің, мобильдік телефонның, автомобильдің бар болуы және т.б.);

- жанұя мәдениеті (үй кітапханасының бар болуы, сөйлесу тілі);

- өз жетістіктерін бағалау (пәнге деген көзқараспен анықталады – «жалықтыратын пән», «жеңіл пән», «әр адамның өмірінде маңызды»);

- оқушының уәждемесі (білім траекториясы, пәнді игеруге тиісті жігердің, қызығушылықтың болуы);

- мектептен тыс іс-әрекеттер (оқушыны әртүрлі мектептен тыс шараларға қатыстыру, бос уақытты тиімді пайдалану);

- мектептегі және сыныптағы психологиялық ахуал анықталады.

Кадрлық әлеуеттің оқу процесін ұйымдастыру сапасына әсерін пән мұғалімдерінің анкета сұрақтарына берген жауаптары арқылы анықталатынын атап өту қажет. Бұның арқасында мынадай фондық ақпарат алынады: мұғалімдердің жеке мінездемелері (жынысы, жасы, жұмыс стажы, білім деңгейі), кәсіптік құзыреттілігі (сабаққа дайындалу, оқу жұмыстары, оқу жетістерін бағалау, мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығы, біліктілікті көтеру және т.б.).

Халықаралық сарапшылардың көзқарасы бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне мынадай факторлар: мектептің орналасуы, білім беру ұйымының материалдық ресурстары, тәртіп деңгейі, психологиялық «ахуал» және басқару қызметінің жекеленген аспектілері әсер етеді. Бұл сұрақтар бойынша алынған фондық ақпарат білім беру ұйымының басшыларын анкеталау барысында алынады.


^ 3.3 Кейбір елдердегі оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесі


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша әдебиеттік талдау олардың нәтижелерін бағалаудың көптеген түрлерінің бар екенін көрсетті. Мысалы, әртүрлі бағалау жүйесі бар екені белгілі: 7-баллдық, 10-баллдық, 11-баллдық, 12-баллдық, 100-баллдық, рейтингтік және т.б. Бұл бағалау жүйелеріндегі көрсеткіштердің айырмашылығына қарамастан, оларда бір ерекшілік бар екенін атап өту қажет – ол оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін дифференциациялау және бағалаудың критериалдығы.

Білім берудің құзыреттілік моделіне көшуге байланысты оқудың нәтижесі оқушылардың пәндер бойынша білімі, ептілігі және дағдылары ретінде емес, олардың нақты жиынтығын қалыпты емес, әртүрлі жағдайларда қолдана білу ретінде қарастырылатын болады және оқу жетістіктері деген термин енгізілді. Осыған байланысты білім алушылардың білімі, ептілігі, дағдылары ғана емес, сонымен қатар міндетті түрде олардың құзыреттері бағалануы тиіс болады.

Әр елдердегі оқу нәтижелерін бағалау жүйелерін сараптау мынаны көрсетті.

Ұлыбритания мен Норвегияда орта мектепте оқу жетістіктері жеті балдық жүйемен бағаланады. Мысалы, Ұлыбританияда әріптік жүйе қабылданған: А, В, С, D, F, G, мұндағы А - «өте жақсы», G- «қанағаттанарлықсыз». Норвегияда цифрлік жүйе қолданылады: 0-2 балл – ортадан төмен, 3-4 - орта, 5- 6 – ортадан жоғары, 7 - өте жақсы.

Финляндия, Исландия, Испания және Нидерланды елдерінде жалпы орта білімде 10 баллдық жүйе бар. Мысалы Италияда жалпы орта білімді бағалаудың 100 баллдық жүйесі қолданылады, алайда бұл жағдайда ең төменгі балл 60 балл болып саналады.

Бельгия мен Люксембургта 60 баллдық жүйе пайдаланады, ең төменгі балл 30 балл.

Австрия, Испания, Португалия (бастауыш және негізгі орта мектеп), Италия (бастауыш және негізгі орта мектеп), Россия (орта мектеп) және кейбір ТМД елдерінде 5 балдық жүйе кең қолданылады.

Швецияда төртбалдық бағалау жүйесі бар: «өте жақсы тапсырылды», «жақсы тапсырылды», «тапсырылды», «тапсырылмады».

Данияда 13 баллдық бағалау жүйесі кең пайдаланады (0 -13 балл), мұндағы 0 - «нашар», 13 - «өте жақсы».


^ 3.4 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында бағалау жүйесі


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (МЖМБС) шеңберінде қазіргі 11-жылдық, алдыдағы 12-жылдық мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі ретінде білім алушылардың практикалық жағдайларда, әлеуметтік бейімделу процесінде тиімді қолдана алатын түйінді құзыреттерін меңгеруі қарастырылатын болады.

12-жылдық білім беруге көшу мектептегі оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін қайта қарауды талап етеді. Қолданыстағы бағалаудың 5 балдық жүйесі оқушылардың оқу жетістіктерін, олардың даярлық деңгейлерін толық қамти алмайды. Оның үстіне орта білімде 5 балдық жүйенің орнына іс жүзінде
4 балдық жүйе қолданылады, себебі «бір» бағасы іс жүзінде қолданылмайды десе де болады.

Оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты - оқыту сапасының деңгейін анықтау, яғни бітірушілердің алған білімі, ептілігі, дағдылары негізінде құзыреттерін, оларды қалыптасқан және әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуін қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелері:

  • оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін анықтау;

  • күтілетін нәтижелерге оқытудың нәтижелерінің сәйкестігін анықтау;

  • оқушылардың білімінде ақаулықтардың бар екендігі анықталған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу;

  • оқушылардың оқуға уәждемесін арттыру;

  • сындарлы ойлау және өзіндік бағалау қабілетін арттыру

болып табылады.

Орта білім жүйесінде құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мынадай ұстанымдар ескерілуі керек:

- білімді меңгеру деңгейін саралау;

- бағалаудың критериалдылығы;

- бағалаудың объективтілігі;

- бағалауды жекелендіру;

- бағалаудың жариялылығы;

- баллдарды жинақтау.

Білім алушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін саралау ұстанымы бағалау шкаласының критериалдық-бағалау базасын жасауға мүмкіндік береді, соның арқасында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігіне қол жеткізіледі. Бағалау жариялылығы психологиялық кейбір мәселелерді: мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналарының арасындағы араздасушылықты, өзара түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік туғызады.

Баллдарды жинақтау бағалауды жекелендіріп қарауға, білім алушылардың өздерін дамытудың жеке траекториясын қабылдауына және өздерінің мүмкіндіктеріне қарай білімдірін, ептіліктерін және дағдыларын жинақтауға мүмкіндік береді. Оқушылар, олардың ата-аналары және мұғалімдер әр оқушының даму өзгерісін (тоқсанда, жарты жылдықта, оқу жылында) тұрақты бақылауға мүмкіндік алады.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген ұстанымдарды ескере отырып, құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін жасау мектеп практикасына қажеттілік пен жаңа білім парадигмасы мен бағалау құралдарының арасындағы қарама-қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

Оқыту процесінің сапасын бағалау үшін:

- мектеп деңгейінде тұрақты, үздіксіз диагностика мен бағалау болып табылатын білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі (кірістегі, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау), оқу жетістіктеріне мониторинг жасау;

  • оқыту материалдарының мазмұны мен көлемдерін ескере отырып, бақылау-өлшеу материалдарының қорын жасау;

  • оқушылардың өзіндік дамуға ұмтылыстарын, тұлғаны өзіндік бағалау, оқу және когнитивтік іс-қимылдарды сапа критерийлеріне сәйкес жасалған тапсырмаларға негізделген бағалау жүйесінің тетіктерін жасау;

  • оқу процесінің сапасын көтеру жөнінде басқару шешімдерін қабылдау үшін оқу жетістіктерін бағалау мен мониторингтік зерттеу нәтижелерінің дерек базасын жасау қажет.

12 жылдық білім берудің мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының жобасын жасауда оқушылардың түйіндік және пәндік құзыреттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады.

12 жылдық білім беруге көшу оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа критериалдық бағалау жүйесін енгізуді талап етеді. Бағалау түрлерінің көп болуына қарамастан, ол негізінде сыртқы және ішкі бағалау болып екі топқа бөлінеді.

Сыртқы бағалау оқушылардың оқуы аяқталғанда олардың оқу жетістіктерінің күтілетін деңгейге сәйкестігін тексеру үшін (БҰТ, ОЖСБ және т.б.), сонымен қатар халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA и PIRLS) қатысу арқылы жүргізіледі.

Сыртқы бағалаудың негізгі мақсаты - оқушылардың оқу жетістіктерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, оқу бағдарламаларында анықталған мақсаттарға сәйкестігін анықтау болып табылады.

Сыртқы бағалауда білімнің, ептіліктің, дағдылардың және құзыреттердің деңгейлерін өлшеу үшін мазмұны, рәсімі және тексеруі бойынша тапсырмалардың стандартталған жүйесі қолданылады.

Ішкі бақылау МЖМБС талаптарына (аралық және қорытынды бағалау) сәйкес нақты жеке жетістіктерді анықтау үшін оқыту сапасына оқу пәні бойынша диагностика жүргізу арқылы іске асырылады.

Өзіндік бағалау білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыра алу, өзін-өзі дамыта білу (өзін-өзі бағалау және білім алушылардың жетістіктерін есепке алу) жетістіктері бойынша іске асырылады.

МЖМБС-те көрсетілген талаптар (критерийлер) бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін критерийлік бағалау жүйесі енгізілетін болады. МЖМБС және оқу бағдарламаларындағы барлық оқу нәтижелері, оның ішіндегі түйінді және пәндік құзыреттер бағаланатын болады.

Ішкі бағалау стандартталған тапсырмалардан басқа стандартталмаған арнайы тапсырмалар арқылы да жүргізіледі. Бұл тапсырмалар (тапсырма-өлшегіштер) оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес жасалады.

Мониторинг нәтижесі оқушылардың функционалдық сауаттылығының динамикасын, оқушылардың, мұғалімдердің, мектептердің жетістіктерін, сонымен қатар стандарттарды, оқу бағдарламаларын және оқулықтарды жаңартудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.


^ 3.5 Білім алушылардың оқу нәтижесін бағалаудың негізгі құрамдары


Халықаралық және отандық тәжірибелерді ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда мынадай көрсеткіштер қамтылуы керек.

^ 1. Бақылау-өлшеу материалдарының қоры

Оқытудың әр мезгілінде оқушылардың когнитивтік іс-әрекеттерінің көлемін, ерекшелігін және оқу материалдарының көлемі мен мазмұнын ескеретін әртүрлі бақылаудың мақсатына сәйкес ашық және жабық тестілер түрі ретінде бақылау-өлшеу материалдарының қоры жасалуы керек.

Тестілеу тапсырмаларды бағалауды, халықаралық зерттеулерді ескере отырып, төрт деңгейде жасалуы ұсынылады:

- ілгерілі;

- жоғары;

- орта;

- төмен.

Жабық тест сұрағында әр тура жауапқа бір балл беру ұсынылады. Ашық тест тапсырмасына әр тура жауапқа екі мәнді код беріледі: «тура жауап» - 2 балл, «жартылай тура жауап» - 1 балл, «жауап дұрыс емес» - 0 балл.

^ 2. Білім алушылардың сауалнамасы

Сауалнаманың халықаралық тәжірибесі оқушылардың оқу жетістіктеріне белгілі бір жағдайларда мынадай факторлардың әсер ететінін көрсетті:

- оқушылардың демографиялық сипаты (тестілеу кезіндегі оқушылардың жасы және олардың жынысы);

- отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (компьютердің, мобильдік телефонның, автомобильдің және т.б. бар болуы);

- отбасының мәдениеті (үйде кітапхананың бар болуы және өзара қолданатын тілі);

- өз жетістіктерін бағалау (пәнге деген көзқарас – «пән қызық емес», «жеңіл пән», «адам өміріндегі пәннің маңызы»);

- оқушының уәждемесі (білім траекториясы, пәнге деген қызығушылық;

- мектептен тыс шаралар (оқушының әртүрлі мектептен тыс шараларға қатысуы, бос уақытын тиімді пайдалану);

- мектептегі және сыныптағы психологиялық ахуал.

Оқушылар үшін сауалнамаларды құрастырғанда, осы жағдайлар еске алынуы тиіс.

^ 3. Білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуеті.

Оқу сапасына, оқушылардың функционалдық сауаттылығына тікелей әсер ететін факторлардың бірі – білім беру ұйымының кадрлық әлеуеті – мұғалімдердің біліктілік сипаты. Білім беру ұйымының кадрлық әлеуеті, олардың оқу процесінің сапасына әсері пән мұғалімдері арасында сауалнама жүргізу барысында анықталатынын атап өту қажет.

Сауалнама барысында кадрлардың мынадай көрсеткіштеріне жауап алынуы қажет: мұғалімдердің жеке тұлғалық сипаттамасы (жынысы, жасы, жұмыс стажы, білім деңгейі), кәсіптік біліктілігі (сабаққа дайындалуы, оқыту қызметі, оқу жетістіктерін бағалау, мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығы, біліктілігін көтеру және т.б.), олардың категориясы, біліктілігін көтеру курстарынан өту жиілігі, мемлекет тарапынан марапатталуы және т.б..

  1. ^ Білім беру ұйымының материалдық ресурсы.

Халықаралық сарапшылар оқушылардың оқу үлгеріміне мынадай факторлардың әсер ететінін көрсетті: мектептің орналасқан жері, білім беру ұйымының материалдық ресурстары, тәртіп деңгейі, мектептегі, сыныптағы психологиялық ахуал және басқару қызметіндегі жекелеген аспектілер. Бұл мәселелерге жауап білім беру ұйымдарының басшылары арасында сауалнама жүргізу барысында алынатын болады.

^ 5. Балалардың білім мен тәрбиесіне ата-аналардың белсенді араласуын қамтамасыз ету.

Отбасы баланы ерте жасынан рухани құндылықтарға, тиімді және жемісті өмір сүруге баулуы қажет. PISA-2009, TIMSS-2011, PIRLS зерттеулері оқушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейіне ата-аналардың оқыту және тәрбиелеу процесіне араласуының оң әсер ететінін көрсетті.

Бұл халықаралық зерттеулердің барысында оқушылардың оқу жетістіктері жанұя ресурстарының: ата-аналардың білім деңгейі, олардың кәсіптік қызметтері, үйдегі кітаптың саны, Интернетке кіру мүмкіндігі, баланың өз бөлмесінің болуы тікелей есер ететінін көрсетті. Сонымен қатар балаларының жетістігіне, олардың дамуына, өмірдің құндылықтарын меңгеруіне, теріс іс-қимылдарын жеңе білуіне ата-аналардың қызығушылық танытуы аса маңызды факторлардың бірі екені анықталды.

Сондықтан ата-аналардың мектептің өміріне белсенді араласуын көздейтін іс-шараларды жасау қажет: ата-аналардың ассоциациясының, ата-аналардың кеңесінің құрылуы тиіс. Бұл қоғамдық институттар отбасының әрбір білім алушымен әріптестік қарым-қатынас орнатуына, бірін-бірі қолдау, мектеп пен отбасының мүдделерінің ортақ болуына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда мектеп қызметі мен оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат толық және ашық болады.

Осы аталған факторлар оқушылардың функционалдық сауаттылығына тікелей әсер ететін көрсеткіштер ретінде олардың оқу жетістіктерін бағалау барысында ескерілуі тиіс.

Әр оқушының оқу жетістігі (білімі, ептілігі, дағдысы, құзыреті) ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген талаптарға сәйкес критерийлер мен көрсеткіштер бойынша бағаланады.


^ 3.6 Білім алушылардың оқу нәтижесін бағалаудың критерийлері


Жоғарыда аталғандай, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушылардың білімі, ептілігі, дағдылары және құзыреті бойынша оқу жетістіктері сыртқы және ішкі бағалануға жататын болады [ 21 ].

Ішкі бағалау нақты оқушыға бағытталған және оның барысында мағынасы, рәсімі, тексеруі бойынша стандартталмаған тапсырмалар жүйесі қолданылады. Ол оқушының білімді меңгеру барысындағы кемшіліктерді анықтап, сол білімді аса тиімділікпен толықтыруға бағытталады.

Ішкі және сыртқы бағалау барысында:

- әр курстың оқу бағдарламаларында көрсетілген білім, ептілік, дағды және құзырет түріндегі оқу жетістіктері;

- оқытудың міндетті нәтижесі ретінде түйінді және пәндік құзыреттердің қалыптасуы анықталатын болады.

Оқушылардың оқу жетістіктерінің төрт деңгейін (минималды, орта, оңтайлы және жоғары) ескере отырып, оқытудың 12 жылдыққа көшуіне байланысты мынадай критерийлер ішкі бағалау үшін ұсынылады (1-кесте).


1-кестеОқушылардың оқу жетістіктерін ішкі бағалаудың критерийлері


Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Критерийлер

Көрсеткіштер

(оқушылардың күтілетін іс-әрекеті)

минималдық

Білімді, ептілікті және дағдыны қайталап көрсету

  • кейбір базалық материалдарды өзі қайталап көрсете алады;

  • мұғалімнің көмегімен оқу материалдарын толығырақ қайталап көрсете алады;

  • берілген үлгі бойынша типтік оқу тапсырмаларын орындайды;

  • объектілерді тани және ажырата алады;

  • элементарлық білімді, фактілерді негізге ала біледі: оқулықтан негізгі түсініктерді қолдана алады, мысал келтіре біледі;

  • жеке пәндік және жалпы зияткерлік ептілікті қолдануда қиындықты сезеді;

- маңызды қателерді аз жібереді.

Орта

түсіну (білімді, ептілікті және дағдыны көрсете білу және түрлендіру)

    • оқу материалын өз бетінше қайталап көрсете алады;

    • жай жағдайларда базалық материалдарды қолдана алады;

    • фактілер мен құбылыстарды суреттеу негізінде салыстыра алады, ұқсастық пен айырмашылықтың себебін анықтай алады;

    • берілген алгоритм бойынша типтік тапсырмаларды орындай біледі;

    • құбылысты түсіндіру үшін білімді қолдана біледі;

- жұмыста маңызы аз қателіктерді жібереді.

оңтайлы

меңгерілген білімді стандарттық жағдайда қолдана білу (білімді, ептілікті және дағдыны қолдана және интеграциялай білу)


    • оқу материалын стандартты жағдайды қолдана білу; белгілі фактілер мен ақпараттты жалпылау, жіктеу, жүйелеу, талдау және синтездеу;

    • құбылысты жорамалдау үшін білімді қолдана білу;

    • оқулықта бар мәліметтер негізінде себеп-салдарды анықтай білу; қолдағы деректердің салдарын жорамалдай және сипаттай білу;

    • арнайы пәндік іс-әрекеттің алгоритмін меңгеру; оқу тапсырмасы мен тапсырма ішілік есептің арасындағы тікелей байланысын ескере отырып оқу тапсырмасын орындай білу;

    • мұғалімнің аздаған көмегі арқасында арнайы пәндік және жалпыоқулық интеллектуалды ептілікті қолдана біледі;

    • маңызды емес аздаған қателіктер жібереді және оларды жөндей біледі.

жоғары

Оқу материалдарын әртүрлі жағдайда қолдана білу (модельдеу, кешенді білімді,ептілікті және дағдыларды түрлендіре және қолдана білу)

      • оқу материалдарын таныс және таныс емес жағдайда қолдана білу, сонымен қатар өз бетімен тапқан қосымша мәліметтерді қолдана біледі;

      • білімді шығармашылық деңгейде пайдалана біледі, әртүрлі дерек көздерінен және салалардан мысал келтіре білу; керекті көрнекті құралдарды, сызбаларды, графикаларды қолдана білу, қорытындыларды түсіндіре білу;

      • оқу пәнінің әр тақырыптары мен оқу пәндерінің арасындағы байланысты, сонымен қатар пәнаралық байланысты анықтай білу; ұқсастық пен айырмашылық себептерін түсіндіре білу, фактілердің, құбылыстардың, процестердің өзара байланысын таба білу;

      • негізгі және қосымша материалдарды анықтай білу; өмірдегі проблемалармен байланысы бар әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін алған білімін толық қолдана білу;

      • оқушы өзі жөндей алатын аздаған қателіктер жіберуі мүмкін;

      • оқу жағдайында, сонымен қатар күнделікті өмірде пәндік және пән аралық білімді өзінше және еркін қолдана біледі.





Ұсынылған бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін, ептілігін және дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді.

Сыртқы бағалау барысында [21] білім беру саласындағы өкілетті орган бекіткен мазмұны, рәсімі және тексеруі бойынша стандартталған тапсырмалар жүйесі қолданылады. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың топтарына (сынып, мектеп, өңір немесе республика бойынша) арналады және ол оқушылардың білімнің нақты мазмұнын игеру қорытындысын бірыңғай белгілеуге бағытталады.

Сыртқы бағалауға мемлекеттік бақылауға сәйкес мыналар:

- оқу бағдарламаларында көрсетілген міндетті түрде меңгерілуге тиіс: білім, ептілік және дағдылар;

- МЖМБС анықталған түйінді және пәндік құзыреттерді меңгеру деңгейі жатады.

Білім, ептілік және дағдылар ретінде білім нәтижесін меңгеру деңгейі мен түйінді құзыреттердің қалыптасу деңгейі жеке бағаланады. Мұндай тәсіл Блум таксономиясына негізделеді [22]. Онда мақсатқа жетудің 6 деңгейі көрсетілген.

1. Білім.

Бұл категория нақты фактіліер мен бүкіл теорияға дейінгі оқылған материалдарды еске сақтаумен және қайталап көрсете білумен шектеледі. Оқушы терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсініктерді, ережелер мен ұстанымдарды қайталап көрсете біледі.

2. Түсіну

Түсінудің негізгі көрсеткіші ретінде материалдарды айтудың бір түрінен екінші түріне айналдыра білуді, құбылыс пен оқиғалардың даму бағытын жорамалдай білуді айтуға болады. Оқушы фактілерді, ережелерді, принциптерді түсіндіре біледі; сөзбен айтылған материалдарды математикалық формулаларға айналдырады; берілген деректер бойынша келешектегі оқиғаларды суреттей алады.

3. Қолдану.

Бұл категрория оқылған материалдарды нақты жағдайларда немесе жаңа жағдайларда қолдана біледі. Оқушы заңдарды, теорияларды нақты практикалық жағдайларда қолданады; жаңа жағдайларда түсініктер мен ұстанымдарды қолданады.

4. Талдау.

Аталған категория материалдарды құрылымдық бөлімдерге жіктей білу қабілетін көрсетеді. Оқушы бүтін материалдарды жіктей алады; олардың арасындағы байланысты анықтай біледі; бүтін затты ұйымдастыру қағидаттарын біледі; түсіндіру логикасындағы қателіктер мен кемшіліктерді көре біледі; фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты біледі; деректердің маңызын бағалайды.

5. Жинақтау.

Бұл категория жаңалығы бар бүтін затты құрастыруда оның жеке элементтерін қолдана біледі. Оқушы шығарма, баяндама, реферат жазады; эксперимент жасау жоспарын құрастырады; есептің схемасын жасайды.

6. Бағалау.

Бұл категория әртүрлі материалдардың мағынасын бағалай білуді көрсетеді. Оқушы жазбаша мәтіннің тұрғызылған логикасын бағалайды; бар деректерге жасалған қорытындының сәйкестігін бағалайды; іс-әрекеттің әртүрлі өнімдерінің маңызын бағалайды.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін ішкі бағалауда бағалаудың мынадай түрдегі «білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жалпылау» төрт деңгейлі критериалдық жүйесі ұсынылады. Бұл жүйе оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін әртүрлі: типтік, вариативтік және жаңа (проблемалық) оқу жағдайында қолданылады.

Ұсынылған тәсіл төрт көрсеткіш бойынша оқушылардың іс-әрекеттерінің әдістемесін жасауды қажет етеді:

  • ой іс-әрекетінің жетістік деңгейі;

  • оқу қиыншылықтарын сезіну;

  • оқу іс-әрекетінің тиімді және жалпыланған әдістерін меңгеру;

  • оқушының өзіндік іс-әрекетінің көріну деңгейі.

Бұл көрсеткіштер әр деңгей бойынша оқушылардың жетістіктерінің нәтижелерін бағалауға және саралауға мүмкіндік береді.

Төрт деңгейлі критериалдық жүйе бойынша бағалау және саралауда әртүрлі: 5 баллдық, 12 баллдық және 100 баллдық жүйелер қолданылуы мүмкін. Соған байланысты 2 кестеде оларды критериалдық жүйеде қолдану мүмкіндігі көрсетілген.


2-кесте – Төрт деңгейлі критериалдық жүйедегі бағалау


Оқу жетістіктерінің

Деңгейлері

Балл шкалалары

5 балл

12 балл

100 балл

1 – минималды

1 - 2

1 -2

0 - 40

2 – орта

3

3 – 4

41 - 74

3 – оңтайлы

4

5 – 7

75 - 84

4 - жоғары

5

8 – 12

85 - 100


Қорытынды


1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының түрлері анықталып, оларға талдау жасалды, оларды дамытудың негізгі бағыттары (жобалау, зерттеу іс-әрекеттері) қарастырылды.

2. Білім берудің 12 жылдық моделіне көшуге байланысты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары тарапынан оқу мазмұнына қойылатын талаптардың, оның ішінде жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің функционалдық сауаттылықтың артуына тигізетін әсерлері анықталды.

3. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тетіктері келтіріліп, оларға талдау жасалды.

4. 12 жылдық білім беруде оқушылардың жобалау іс-әрекеті негізінде оларда зерттеу мәдениетін қалыптастырудың маңызы көрсетілді, оның барысында оқудың «объект-субъект» парадигмасынан біртіндеп мұғалім мен оқушының арасында әріптестік қатынасқа көшудің маңызы айқындалды.

5. Оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің түрлері келтірілді, олардың ерекшеліктері атап өтілді.

6. Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастырудағы оқу бағдарламаларының мазмұнын тиімді анықтаудың, оның ішінде интернет-технологиялардың маңызы мен ролі көрсетілді.

7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық (PISA, TIMSS және т.б.) және отандық тәжірибелеріне талдау жасалып, оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудағы олардың ерекшеліктері айқындалды. Олардың функционалдық сауаттылықтарын бағалаудың негізгі шарттары белгіленді.

8. Отандық және халықаралық тәжірибелерді талдау арқылы білім алушылардың оқу нәтижелерін критериалдық бағалаудың негізгі құрамдары анықталып ұсынылды.

9. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінде қолданылатын критерийлер ұсынылды.

10. Жобалау іс-әрекеті негізінде оқушылардың функционалдық графикалық сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығы айқындалды.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін «Графика және жобалаудың» пәнін оқыту мәселелері қарастырылды.


Қосымша


Жобалау іс-әрекеті негізінде оқушылардың функционалдық графикалық сауаттылығын қалыптастыру


Сауаттылықтың негізі ретінде графикалық (белгілік) бейнелеуді қарастыруға болады, ол адамның интеллектуалдық дамуының негізін қалайды. Зерттеулер көрсеткендей, функционалдық графикалық сауаттылығы қалыптаспаған оқушылар өзінің құрбыларынан көптеген интеллектуалдық даму көрсеткіштері бойынша қалып қоятынын көрсетті: – кеңістікте елестетуді дамыту деңгейі (кеңістіктегі кейіптерге сүйену қабілеті), белгілік кескіндемелерді, абстрактылық символдарды қолдану, креативтік ойлау және ұғыну және жаңаны жасай білу [23,24,25].

«Өте ерте замандағы жасалған кескіндемелер ақылды адамдардың іс-әрекетін көрсететін белгілердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл кескіндемелер визуалдық ақпаратты сипаттайтын өте күшті құралдарға айналды, олардың көмегінсіз қазіргі кездегі ғылымның, техниканың және өнердің бірде-бір түрін көз алдыда елестету мүмкін емес [6].

Графикалық, белгілік кескіндемелер адамға визуалдық ақпаратты тиянақтаудың, түрлендірудің және оны өзінің зерттеу және жобалау іс-әрекеттерін жүргізудегі негізгі құралы болып табылады. Сонымен қатар ол коммуникация мен ақпарат берудің маңызды құралы ретінде белгілі. Уақыт пен кеңістікте өтіп жатқан объектілер, процестер және құбылыстар тікелей бақылаумен ғана зерделенбейді, сонымен қатар олар графикалық кескіндемелерін (схемаларын, сызбаларын, графиктерін, диаграммаларын, белгілік және басқа да кескіндемелерін) терең талдау арқылы да зерделенеді. Адам қызметтерінің көптеген салаларында графикалық (көзбен көретін) ақпараттардың сақтауға, түрлендіруге, өңдеуге және беруге қойылатын талаптар сапалық өзгерістерге ұшырауда және олардың функционалдық графикалық сауаттылыққа әсері мол екені даусыз. Кескіндемелерді инструменталдық (қолмен) тұрғызу көлемі жыл санап азайып келеді, оның үстіне оларды компьютерлік графика құралдарын қолдана отырып жасауға қойылатын талаптар артып келеді. Графикалық модельдеудің негізгі әдістерімен, кескіндемелерді олардан ақпарат алу үшін түрлендірумен танысу адамға қай салада қызмет істесе де: оқуда, ғылымда, техникада және өнерде болсын қажет.

Ғылымның болжауы бойынша келешекте өңделетін ақпараттың 80–90% графикалық түрде берілетін болады. Технологиялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту қазірдің өзінде оқушылардың графикалық біліміне, ақпараттық технологияларды қолдануына жаңа талаптар қояды. Оқушылардың графикалық кескіндемелерге олардың бірыңғай мәдениет тілі (графикалық мәдениет) ретінде көзқарастарын қалыптастыру қажет.

Сонымен функционалдық графикалық сауаттылық (графикалық мәдениет) деп көзбен көретін ақпаратты графикалық түрде беру әдісі мен тәсілін меңгеруді, графиканы оқуда, ғылымда, өндірісте және жай өмірде қолданылатын ойды бейнелейтін құрал ретінде қолдана білуді айтады.

12 жылдыққа көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыруда «Графика және жобалаудың» оқу пәнін оқу процесіне еңгізудің маңызы зор. Ол оқушылардың графикалық білімін жаңа концепциясын іске асырады. Концептуалдық ереженің негізін оқушылардың графикалық мәдениеті ретінде адамзаттың көзбен көретін ақпаратты графиканың дәстүрлік құралдарымен (қолмен, инструменттерді қолданып), сонымен қатар ақпараттық технологияларды (компьютерлік графика) қолданып өңдеу, түрлендіру және тасымалдау салаларындағы жетістіктерінің жиынтығын түсінеді.

Жобалық «Графика және жобалау» оқу пәнінің жаңа бағдарламасының жобасы оқушылардың графикалық мәдениетін және жобалау іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған. 3 кестеде оқу пәнінің құрылымы мен логикасы берілген.

«Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұнын реттейтін дидактикалық негізі оқушылардың графикалық білімінің жаңа концепциясы арқылы анықталады. Оның мағынасы «графика» және «жобалау» терминдеріне негізделіп, графикалық білімнің жаңа мазмұнын педагогикалық тұрғыда белгіленетін болады.

«Графика» деп Үлкен энциклопедиялық сөздік (ҮЭС) бойынша көзбен көретін ақпаратты тиянақтау құралын, ал «жобалау» нақты тіл (графикалық) нысанында ақпараттық түрде белгіленген объектілерді жасауға бағытталған зерттеу-жобалық мазмұны бар кез келген интеллектуалдық іс-әрекетті айтады. Алайда жобалау процесі тек қана графикалық іс-әрекетпен ғана шектелмейтінін айта кету керек.

Қазіргі заманда жобалаулық ақыл-ой мәдениеттің типтік сипаттарының аса маңызды бөлігі болып табылады, ол ғылымда, өнерде, білімде және адамның басқа да интеллектуалдық, шығармашылық қызмет салаларында кең қолданылады.

«Графика және жобалау» пәні жобаланатын объектілерді тек қана жазықтықтарда кескіндеуді ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақтың кескінін, іс-әрекеттің (жобалаудың) нәтижесін кеңістікте көре білуге баулитын болады.


^ 3-кесте«Графика және жобалау» оқу пәнін құрастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі



«Графика және жобалау» - интегративтік пән болып табылады, ол «Сызу» пәнін өз компоненті ретінде қарай отырып, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетінің дамуына жағдай жасайды, кескіндемелерді оймен түрлендіруге, жобалау-зерттеу іс-әрекетін жүргізуге үйретеді.

Курсты оқудың барлық кезеңдерінде шығармашылық жұмыс жүргізу оқу бағдарламасының тұжырымдамалық идеясы болып табылады.

Жаңа оқу пәнін 7-10 сыныптарда (негізгі орта білім), 11-12 сыныптарда (жалпы орта білім) вариативтік компонент есебінен оқыту ұсынылады. Мысалы, 7-10 сыныптарды аптасына 1 сағат, 11-12 сыныптарда аптасына
2 сағат оқыту ұсынылады.

Оқушылардың жобалау іс-әрекетін жүргізу оқытудың барлық кезеңінде арнайы шығармашылық тапсырмалар («оқушылардың жобалау іс-әрекетіне жалпы даярлығын дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар», «кіші шығармашылық тапсырмалар», «жобалау іс-әрекетінің элементтері бар шығармашылық тапсырмалар») беру арқылы жүзеге асырылады.

Шығармашылық графикалық іс-әрекеттен басқа курсты оқыту барысында сызу пәні бойынша дәстүрлі есептерді шығару үшін, орындаушылық графикалық іс-әрекетті жүргізу қажет болады.

Жаңа оқу пәнінің мазмұны төмендегі білім бағыттары негізінде жасалатын болады:

- ақпаратты көзбен көрудің графикалық жүйелері, әдістері және құралдары;

- кескіндемелер. Графикалық кескіндемелердің типтері мен түрлері. Кескіндемелерді түрлендіру;

- графикалық модельдеу. Нысандарды жасау. Конструкциялау;

- жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы;

- компьютерлік графика. Автоматтанған жобалау жүйелері (САПР).

11-12 сыныптардағы «Графика және жобалау» пәнінің мазмұны жоғары оқу орындарының алғашқы екі курстарындағы графикалық пәндерді (мысалы, Инженерлік графика, Сызба геометриясы, Архитектуралық-құрылым графикасы) интеграциялау арқылы ЭЕМ базасында оқытылады. Ол курстың вариативті-модульдік негізде оқытылуы ұсынылады.

Графикалық білім мазмұнының модульдері кәсіптік жобалау іс-әрекетінің ауқымдылығына байланысты анықталады. Әр модуль екі құрамдық компоненттен тұрады:

1 модуль. (Техника, технология және графика) - «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика- I».

2 модуль. (Көркем образ және графика) - «Архитектуралық графика», «Компьютерлік графика- II».

3 модуль. (Жобалау графикасы) - «Сызба геометрияся және перспектива», «Компьютерлік графика- III».

4 модуль. (Ақпаратты, деректерді және білімді көзбен көру арқылы беру) - «Ақпараттық графика (Ақпаграфика)», «Компьютерлік графика- IV».

«Компьютерлік графика - I, II, III, IV» пәндерінің бағыттары мынадай болады:

- «Компьютерлік графика-I» - техника объектілерін конструкциялау және көзбен көру барысында «КОМПАС», «AutoCAD» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру;

- «Компьютерлік графика-II» - архитектура және монументалдық өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «AutoCAD», «Arch CAD», «КОМПАС» бағдарламаларының пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру;

- «Компьютерлік графика-III» - дизайн және декоративтік-қосалқы өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «Adobe Photoshop», «Corel Draw» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру.

- «Компьютерлік графика-IV» - уақыт пен кеңістіктегі заттар мен фактілердің ара қатынасының деректік массивтерін графикалық кескіндеудің компьютерлік технологияларын қолдану тәсілдерін және олардың даму тенденцияларын меңгеру.

«Графика және жобалау» пәні бойынша білім процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Курстың оқу бағдарламаларының негізіне курстың әр бөліміне шығармашылық жұмыстарды кіргізу арқылы графикалық іс-әрекетті оқу шығармашылығымен байыту идеясы алынатын болады. Осы мақсатты іске асырудың дидактикалық құралы болып оқушылардың жобалау іс-әрекетінің жалпы дайындығын дамытудың арнайы пропедевтикалық есептері, тапсырмалары қолданылады.

Пропедевтикалық есептердің бірінші категориясына қоршаған ортадан, жобалау-конструкторлық іс-әрекеттен, практикадан алынған есептер («қызықты проекциялар», «тілдік жұмбақтар», «модель-жұмбақтар», «ұқсастарды құрастыру», «ойша түрлендіру есептері», «эвристикалық графикалық есептер», «ойындық тапсырмалар» және т.б.) жатады, оларды оқытудың алғашқы кезеңінде қолдану ұсынылады.

Пропедевтикалық тапсырмалардың әр түрі курстың нақты бөліміне арналады, олар графикалық білімді қалыптастыруға, бекітуге және қолдана білуге көмектеседі. Мұндай есептер жүйесі М.М. Хасеновтың, Л.В. Павлованың, Г.Ф. Хакимовтың және Р.Р. Вахитовтың оқулықтары мен әдістемелік құралдарында берілген [ 26 - 30].

Екінші категорияға шығармашылық кәсіп мамандарының графикалық іс-әрекетін модельдейтін есептер жатады. Олардың ішіндегі маңыздыларының бірі - техникалық конструкциялаумен байланысты есептер, оған себеп ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарындағы мысалдар қолданылады.

Оқушыларға есептеліп және курстың логикасына сәйкес жасалған есептерге: конструкцияның жетпейтін тетігін толықтыратын; ұқсас типтер негізінде конструкцияны жетілдіру (қайта конструкциялау); техникалық шарттарға байланысты конструкциялау (пәндік-графикалық негізде) есептері болып табылады.

Осы көрсетілген ұсыныстарды еске ала отырып, архитектура мен дизайн салаларында конструкциялау ғана емес, сонымен қатар жобалау есептері де жасалып, қолданылуы мүмкін.

Ұсынылатын тапсырмалар жүйесі оқушылардың шығармашылық графикалық іс-әрекетін дамытудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан жобалау іс-әрекетінің элементтері бар шығармашылық графикалық тапсырмаларды жасау мен қолдануға қойылатын талаптар өте маңызды. Сонымен қатар мұғалімнің ондай тапсырмаларды орындаудың негізгі әдістемелерін білуі қажет болады.

Сонымен қатар шығармашылық, негізгі компонент ретінде, заттардың кеңістіктегі орнына және оны ойша нысанын өзгертуге бағытталған түрлендіру іс-әрекетінің болуын көздейді. Графикалық негізде іске асырылатын адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің бұл жағын психологтар кеңістіктік ойлау деп анықтайды. Кеңістіктік ойлаудың негізгі көрсеткіші ретінде образды пайдалану түрлері алынады.

Оқушылардың интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға уақтылы диагностика жасау графикалық және жобалау іс-әрекетін қалыптастыруға педагогикалық тиімді әсердің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

^ Функционалдық графикалық сауаттылық бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

Графикалық білімнің мазмұнының жаңаруына байланысты «Графика және жобалау» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілуі керек. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әртүрлі кескіндерді қолдану және түрлендіру бойынша графикалық барлық іс-әрекеттердің нәтижелілігін, сонымен қатар олардың жеке және тұлғалық қасиеттерін ескеруі қажет.

Оқу жетістіктерінің нәтижелері графикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін: құру, қайта конструрциялау, кескіндерді әртүрлі жағдайда (типтік, вариативтік және жаңа жағдайларда) түрлендіре білуді меңгеру деңгейлері бойынша саралануы керек.

Ол жетістіктердің әр деңгейі төрт қосынды көрсеткіштермен: 1 – ой іс-әрекеті жетістіктерінің деңгейімен; 2 – туындайтын қиындықтармен; 3 – графикалық іс-әрекеттің арнайы әдістерін меңгерумен; 4 – оқушының өзіндік қызметінің көріну деңгейімен анықталады.

Оқушылардың жобалау-графикалық іс-әрекетінің жетістіктерін бес баллдық шкаламен бағалау ұсынылады. Жүйелік-іс-әрекеттің қорытынды нәтижесі пән олимпиадаларымен, шығармашылық оқу жобаларын және басқа да жобалау-графикалық іс-әрекетті (портфолиода белгіленген) орындаумен анықталады.

Оқушылардың оқу жетістіктері әртүрлі: типтік, вариативтік және жаңа (проблемалық) жағдайда бағалануы қажет.

Жобалау-графикалық іс-әрекетте оқушылардың оқу жетістіктері мынадай түрде көрінеді:

типтік жағдайда – проекциялау әдістерін қолдана біледі, заттардың аксонометриялық проекцияларға негізделе отырып заттардың кешенді сызбаларын жасау; көз алдыға елестете білу (кескіндердің аксонометриялық және тік бұрышты координаталардағы проекциялары арқылы заттардың нысандарын анықтай білу); заттардың контурлық кескіндері (толық, жартылай) бойынша осьтік симметрияны және сызбадағы шартты белгілерді қолдана отырып, олардың нысандарын қайта конструкциялау әдістерін меңгеру; кескіндердің (берілген шарттар бойынша) құрамы мен түрлері бойынша олардың бастапқы кескіндерін анықтай білу; заттардың кеңістіктегі орындары мен нысандарын (түрлендірудің берілген шарттары бойынша) өзгерте алады;

вариативтік жағдайда – заттың нысанын анықтау үшін кескіндеменің әртүрлерін қолдану мүмкіндігін ескереді; сызбалардың вариативтігін ескере отырып, оларды тиімді жолмен сызу жолдарын біледі; заттың нысанын анықтау үшін оның кескіндемесін түрлендірудің тиімді жолдарын біледі; заттың нысанын модельдеу үшін толық емес деректер бойынша кескіндемені қайта реконструкциялауды біледі; тапсырманың алғы шарттары өзгергенде заттың нысанын және кеңістіктегі орнын өзгерте білуі керек;

жаңа (проблемалық) жағдайда – кескіндердің сипаттарын оларда белгіленген ақпаратты толық түсіну үшін еркін анықтай алады; тиісті графикалық ақпаратты толық көрсету үшін әртүрлі кескіндемелерді қолдана біледі; шығармашылық есептерді шешу үшін кескіндемелерді қайта реконструкциялау әдістерін қолдана біледі; заттың жаңа нысанының моделін жасау үшін берілген кескіндемелерді түрлендіру әдістерін өз бетімен анықтай біледі; кескіндемелер бойынша кеңістік қасиеттерін (модельдеудің, конструкциялаудың және жобалаудың сызбалары бойынша шығармашылық есептерді шешуде) түрлендіру әдістерін өз бетімен анықтай біледі.

Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жобалау-графикалық іс-әрекеттің элементтері бар тапсырмаларды орындау бойынша жетістіктерді бағалау критерийлері ұсынылады. Ұсынылатын бағалаудың деңгейлік критерийлері төмендегідей:

І деңгей - минималдық (1-2 балл)

– шығармашылық белсенділік танытады, бірақ сәтсіз болуы мүмкін деген қобалжу бар; кескіндемелерді ойша түрлендіру қабілеті бар, бірақ басқа шешу варианттарын өз бетімен іздемейді;

– мұғалімнің көмегінсіз вариативтік шешімдерді жасауда қиындықтарды сезеді; қалыпты нысандарды кескіндеуде графикалық білімді қолдана біледі; объект нысанының ерекшелігін анықтау үшін кескіндердің тиімді санын анықтауда қиындықтарды сезінеді;

– шығармашылық процесс сызбасын негіздей отырып жұмыс жүргізу және орындалатын тапсырма бойынша қосымша түсініктеме беру қабілеті бар;

– тапсырманы түсіну және орындау үшін көбінесе мұғалімнің көмегі қажет.

ІІ деңгей – орта (3 балл)

– шығармашылық белсенділік; шығармашылық процесс сызбасына сүйене отырып, жұмыс жасау қабілеті; ойша түрлендіруді жүзеге асыра алады, бірақ есепті шешудің басқа варианттарын іздеуде шектеледі;

– шектеу шеңберін ескере отырып, шешудің тек екі ғана варианты ұсынылады; кескіннің тиімді санын алуда қателіктер жібереді;

– кескіндерді орындау барысында шығармашылық ерекшеліктеріне қатысы жоқ қателіктер жіберілуі мүмкін, графикалық білімді қолдана біледі;

– есептердің шартын өзінше немесе жартылай мұғалімнің көмегімен түсіне алады; керекті қосымша білім алуға немесе тікелей мұғалімдерден анықтама алуға ұмтылады.

ІІІ деңгей – оңтайлы (4 балл)

– жалпы шығармашылық белсенділік; шығармашылық процеске сүйене отырып, жұмысты жүргізуге қабілетті;

– есептің шешуін іздеуде қиындықтарды сезіну; берілген шектеулер шеңберінде шешімнің екі, үш вариантын ұсынады;

– кескіндемелерді жасау барысында шығармашылыққа қатысы жоқ қателіктердің болуы мүмкін, оның барысында графикалық білімді қолдана білу қабілетінің бар болуы; конструкцияда негізгіні анықтауға мүмкіндік беретін кескіндемелердің тиімді санын анықтауда қателіктер жіберіледі;

– тапсырманың шартын өз бетімен немесе жартылай мұғалімнің көмегімен түсіне алады.

ІV деңгей – жоғары (5 балл)

    1. жалпы шығармашылық белсенділігі; есептің шартын өзінше түсіне білу; есеп шарттарының шектелу шеңберінде вариативтік шешім жолдарын және графикалық жұмыстар схемасын ұсыну;

    2. кескіндерді жасау барысында графикалық білімді қолдануға қиналмайды; шығармашылық процестің схемасына сүйенбей-ақ жұмыс жүргізу қабілетінің бар;

– курстың оқылған бөлімдеріне сүйеніп, айтарлықтай қате жібермей кескіндерді орындауға қабілетті; объекті нысанының ерекшеліктерін ашу үшін кескіндердің тиімді санын қолдана біледі;

– өз бетімен немесе мұғалімнің жетекшілігімен білімін кеңейту, оқулықтарды, сөздіктерді және т.б. қолдана отырып, керекті анықтаманы алу қабілетінің бар.

Бағалаудың көрсетілген критериалдық жүйесі оқушылардың графикалық сауаттылығын дамытуға байланысты 12 жылдық білімге көшуге жағдайында оқушылардың іс-әрекеті жетістіктерінің нәтижесін бағалау үшін жасалды. Соның негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің диагностикасын және бағалауды қамтамасыз етеді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». www.akorda.kz.

2. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» www.akorda.kz.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген).

4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).

1   2   3



Похожие:

Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconАудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЖарма ауданының білім бөлімінің құрылымы
Бастауыш, негізгі және орта білім беру және 12 жылдық білімге көшу қызметі Г. Садыкова
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында icon• компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту
Курстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЗерттеу мақсаты
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЗерттеу жүмысының өзектілігі
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында icon12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconБілім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны
Тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан білім беру ұйымы белгілеген сомада білім алушы оқуға қабылданғанға...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconҚұттықтаймыз!
Мектепке деінгі білім беру ұйымдары басшыларының секциясында «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді дамыту орталығы» МҚкк-ның...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЖалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына
Осы санитариялық ереже қызметі білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бағдарламасын іске асырумен байланысты меншік нысанына қарамастан...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconТереңдетіп оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты
Бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, жалпы орта білім беру ғылыми –зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы