Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында icon

Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында



НазваниеЖобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында
страница1/3
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы





Жобалау және зерттеу қызметі негізінде

12 жылдық білім беру жағдайында

оқушылардың функционалдық

сауаттылығын қалыптастыру


Әдістемелік құрал


Астана

2013

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).


Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. –
45 б.


Бұл әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығын жобалау және зерттеу қызметі негізінде қалыптастыру, оның ішінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың мәселелері қарастырылған. Отандық және халықаралық бағалау әдістеріне талдау жасалып, соның негізінде білім алушылардың құзыреттерін қалыптастыруды бағалаудың критерийлері ұсынылды.

Әдістемелік құрал мұғалімдерге, мектеп басшыларына, педагог зерттеушілерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

Кіріспе


Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында
2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты тапсырма берілді [1].

Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында [2]. көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.

Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті [2].

Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты ретінде жалпы білім беру мектептеріндегі азаматтардың интеллектуалдық, рухани және дене дамуы, олардың білімін әлемдегі жылдам өзгеріс жағдайында әлеуметтік жағдайға бейімдеу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген [3].

Жолдаудағы тапсырмаға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) [4].

Ұлттық жоспарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін ғылыми-әдіснамалық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің кешенді іс-шараларын жүргізу көзделген. Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды Қазақстан Республикасында білім сапасын жетілдірудің өзекті мәселесі ретінде қарап, оның бірөзектілігін, толықтығын және іс-әрекет жүйелігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоспарда:

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық тәжірибелерін зерделеу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі жүйелік шараларды іске асыру тетіктерін анықтау;

- білім беру мазмұнын: стандарттарды, оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жаңартуды қамтамасыз ету;

- оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

- оқушылардың білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізуді жетілдіру;

- қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту көзделген.

«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет ЮНЕСКО-ның құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады. Функционалдық сауаттылықтың ең кең анықтамасы бойынша оны тұлғаның әлеуметтік бейімділігінің, адамзаттың әр салалы қызметі мен білімі арасындағы интеграциялық байланыс деңгейін анықтайтын шама ретінде қарастыруға болады. Қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналады.

Сауаттылықтың жаңа деңгейін қалыптастыруға көптеген әлеуметтік факторлар және қазіргі кезеңдегі қоғамдық басымдылықтар: өндірістер мен гуманитарлық процестердің терең технологияландырылуы, даму процесінің жаһандануы, қызметтердің жүйелендірілуі және кәсіпкерленуі, әлеуметті қатынастардың нарықтануы және т.б. әсер етеді.

Елімізде жалпы сауаттылықтың мынадай: тілдік, компьютерлік және ақпараттық, графикалық, заңдық, азаматтық, қаржылық, экологиялық және т.б. параметрлері маңызды болып отыр.

Қазіргі қоғамға постиндустриалдық әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделетін мамандар керек. Адамның білім деңгейіне, оның білімділігіне қойылатын талаптардың арттуы объективті тарихи заңдылық болып табылады. Осы жаңа жағдайда мектептегі оқыту процесі оқушылардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін құзыреттерінің қалыптасуына және артуына негізделуі тиіс.

Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады.

Сондықтан Қазақстанда орта білімнің 12-жылдыққа көшуіне байланысты функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор.

Мақсаты: Оқытудың 12-жылдық жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын зерттеу және жобалау жұмыстарының негізінде қалыптастыру және дамыту.

Міндеттері:

- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негізін анықтау;

- 12-жылдық жағдайда оқушылардың зерттеу және жобалау іс-әрекеттерін дамыту;

- функционалдық сауаттылықты бағалау жүйесінің критерийлерін жасау және оларға түсініктеме беру.

^ 1 Ғылыми-әдістемелік негізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


1.1 Білім берудің мазмұнын жаңарту – функционалдық сауаттылықтың негізі


«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік жоғарыда айтылғандай 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды, одан кейін осы түсінік ғалымдар мен педагогтардың еңбектерінде көптеп қолданыла бастады. Функционалдық сауаттылық деп кең жағдайда адамзаттың сан салалы іс-әрекеттері мен білімнің (бірінші кезекте жалпы білімнің) интеграциялық байланысын, тұлғаның әлеуметтік бейімделу тәсілдерін айтады. Әлем тез өзгеріп жатқанда функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекеттерге белсенді араласуын анықтайтын, «өмір бойы оқу» парадигмасын іске асыру жолындағы негізгі базалық факторларына айналды.

Халықаралық зерттеулердің нәтижелері оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасындағы білімнің даму стратегиясын анықтауға жәрдемін тигізді [3].

Солардың бірі ретінде жаңа қабылданған 11 жылдық білім берудің, сонымен қатар қабылданатын 12 жылдықтың мемлекеттік стандарттарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім беру саласының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр [5].

Функционалдық сауаттылықтан күтілетін нәтиже білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерді (практикалық жағдайларда және әлеуметтік бейімделу процесінде оларды тиімді қолдана білу) меңгеруі болып табылады.

Бұл жағдайларда түйінді құзыреттер орта мектеп бітірушілерінің білім нәтижелеріне мемлекет тарапынан мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары арқылы қойылатын талаптар арқылы анықталады.

Былайша айтқанда, түйінді құзыреттер – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларында көрсетілген білім берудің нәтижесі ретінде орта мектепті бітірушілердің жеке тұлғасының сапасына қойылатын мемлекет талаптар.

Орта мектепті бітірушілерге мынадай:

- басқарушылық (мәселелерді шешу қабілеті);

- ақпараттық (өзіндік тану іс-әрекетін жүргізуге және өмір бойы оқуға қабілеттілігі);

- коммуникативтік (қазақ, орыс, ағылшын (шетел) тілдерінде ауызша, жазбаша, продуктивтік коммуникация қабілеттілігі);

- әлеуметтік (әлеуметтік өзара әсерлесу қабілеттілігі);

- жекетұлғалық (өзіндік ұйымдастыру, өзіндік жетілдіру, өмірде кәсіптік тұрғыдан өзін көрсете білуі, толерантты болу қабілеттілігі);

- азаматтық (қазақстандық мәдениет және патриоттық тұрғыда өз елі үшін жауапкершілік міндетін алып жүру қабілеттілігі);

- технологиялық (технологияларды, оның ішінде тиімді пайдаланушы деңгейінде ғылыми, сандық технологияларды қолдана білу қабілеттілігі) түйінді құзыреттер ретінде белгіленеді [4].

Одан басқа жеке пәндер шеңберінде пәндік құзыреттер: оқу пәні шеңберінде арнайы білім, ептілік және дағдылар анықталады.

Түйінді және пәндік құзыреттер білім берудің нәтижелері ретінде нақты, өлшенетіндей, қол жетімді және уақыт бойынша анықталған шамалар болуы керек.

Оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттерді қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының орта білім жүйесіндегі орта мектеп бітірушілерін даярлауды халықаралық стандарттарға, Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру талаптарына сәйкестендіру көзделіп отыр.

PISA халықаралық зерттеуі мектептердің типтік оқу жоспарларды реттеудегі, инварианттық және вариативтік компоненттердегі оқу сағаттары көлемдерінің ара қатынасын анықтаудағы автономиялығы функционалдық сауаттылыққа әсер ететінін анықтады.

Оларды жоспарлауда оқу, математика және жаратылыстану, ақпараттық, тілдік пәндерді оқыту үшін оқу сағаттарын тиісті деңгейге көтеру көзделген.

Білім нәтижелерінің жетістіктерін қамтамасыз ететін логикалық, критикалық және конструктивтік ойлауды қалыптастыру, алынған ептілікті оқу және практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу үшін жаңа тиімді нысандар мен әдістемелерді енгізу қажет.

Айтылғандарға байланысты педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру бағдарламаларын және оларды қайта даярлаудың мазмұнын жоғары оқу орындарының, педагогикалық іскерлік орталықтарының және біліктіліктерді көтерудің өңірлік орталықтарының базасында қайта қарау және іске асыру қажет.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту мәселесі оның міндетті түрде ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз етілуін қажет етеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуы білім беру мазмұнын жаңартуды, жаңа оқу бағдарламаларын жасауды мен оқулықтарды қайта қарауды, алынған білімді оқу және практикалық жағдайларда қолдана білуді талап етеді.

Сонымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша іс-әрекеттер оқытудың әдіснамасын және мазмұнын түбірлі қайта қараумен, 12-жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жасаумен және оны іске асырумен анықталады.


^ 1.2 Сауаттылықтың жаңа нысандары. Қазіргі кездегі сауаттылықтың жаңа түрлері


Мектептегі білімнің қазіргі кездегі моделінде сауаттылықтың екі нысаны бар екенін атап өтуге болады, олар – жалпы және функционалдық. Жалпы сауаттылық жүйеленген білімнің негізінде қалыптасады және адамның қоршаған ортаны дұрыс түсінуіне негізделеді.

Функционалдық сауаттылық деп құзыретті және тиімді іс-әрекетті айтады. Оған адамның қызығушылығын жүзеге асыру және адамның қоғаммен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы байланысты болады.

Білім саласында жалпы және функционалдық сауаттылықтан басқа базалық жалпымәдениет сауаттылығы деген түсінік бар. Оған адам, табиғат және қоғам туралы іргелі ғылымдардың, көркем мәдениеттің негізгі түсініктерін меңгеру жатады. Осы түсінікке қарама-қарсы термин – білімсіздік. Білімсіздік деп ғылым мен мәдениетте болып жатқан көптеген мәселелерді түсінбеуді айтады.

Үздіксіз білім негізіне жаңа білімдерді өздігімен меңгеру жатады. Мұндай білім алудың негізінде функционалдық сауаттылық жатыр. Функционалдық сауаттылықтың мәні танып білу әдістерін, ойлану операциясын, аналитикалық практикалық тәсілдерді, барлық іс-әрекеттерге тән әдістерді меңгеру болып табылады.

Қазіргі таңдағы әртүрлі сауаттылыққа өзіне тән функционалдық сауаттылық сәйкес келеді. Сауаттылықтың мынадай түрлері бар:

а) жалпы мәдени – жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша, сонымен қатар тарих және қазіргі көркем мәдениет бойынша білімнің болуы;

б) іс-қимылдық – жай адамдық қасиеттердің нормалары, қызметтік және басқа да этика, жағдайға қарай іс-қимыл жасау туралы білім және оларды түсіну;

в) әдіснамалық – теориялық білім мен әлеуметтік тәжірибенің интеграциясы негізінде білімді және өмірді түсінуді терең меңгеру. Соңғы сауаттылық басқалардың негізі болып табылады;

г) әлеуметтік-коммуникативтік – басқаларды түсіне білу, сөйлеу тілі арқылы және басқалай берілетін «тілдерді» түсіну, өзара түсіну дағдылары және бірге іс-қимыл жасау;

д) технологиялық – кәсіптік қызмет саласында мәселелерді тиімді және құзыретті шеше білу қабілеті;

е) экономикалық – шаруашылық қызметтердің теориялық білім негіздерін, экономикалық байланыстар мен қатынастың негізін түсіну; нақты қаржылық-экономикалық жағдайды талдай білу;

ж) азаматтық-құқықтық – кең қоғамдық аспектіде өз құқықтарын және міндеттерін білу және түсіну;

з) саяси – билік пен мемлекеттің әлеуметтік табиғатын түсіну, жалпы істерді жүргізу және ортақ мүддені қорғау туралы ептілік және дағдылар.

Компьютерлік, экологиялық, кұқықтық, саяси, экономикалық, географиялық сауаттылық туралы айтқанда, олар туралы тиісті түйінді жүйелерді меңгеруді және олардың элементтерін қолдана білуді ескереді. Зияткерлік қызметтің барлық түрлері – әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шеше білуді көздейді, бұл деңгей неғұрлым биік болған сайын іс-қимылдың зияткерлік-түсіну компоненті соғұрлым маңызды болады және алдын ала оқытуды қажет етеді. Қазіргі жағдайда адамның барлық қажетті қызығушылығын іске асыру зерттеу және жобалау жұмыстары арқылы атқарылады.

Жоғарыда айтылғандай, сауаттылықтың түрлерін жіктеудің әртүрлі жолдары бар, мысалы, оны жатық өлшеу, ол толықтырылуы және кеңеюі мүмкін. Сауаттылықты бұлай жіктеу оның негізгі компоненттерін түсініп білуге мүмкіндік береді. Сауаттылықты сипаттайтын аса маңызды параметрлердің бірі – функционалдық, құзыретті және тиімді іс-қимыл жасай білу, оның ішінде зерттеу және жобалау іс-қимылдарды көрсете білу. Сондықтан функционалдық сауаттылықтың деңгейі туралы мәселе қазіргі кезде аса маңызды.

Жоғарыда ұсынылған сауаттылықты жіктеу түрі тұлғаның үздіксіз дамуына негізделген және осы процестің негізгі кезеңдерін белгілейді.

Мысалы, сауаттылықтың негізі ретінде бейнелеуді қарастыруға болады. Бұл сауаттылық адамның интеллектуалды дамуының негізін қалайды. «Ертедегі адамдардың бейнелеу өнері - олардың ақылды адам ретінде өзгешеліктердің бірі еді. Қазіргі кезеңде ол бейнелер визуалды ақпараттың аса күшті құралына айналды, бұл құралсыз ғылымның, техниканың және өнердің ешбір түрлерін көз алдында елестету мүмкін емес» [ 6 ].

Оқушының функционалдық графикалық сауаттылығын оларды зерттеу және жобалық жұмыстармен қамтудың алға шарты ретінде қарастыруға болады. Жұмыстарды зерделеу мынаны көрсетті: функционалдық графикалық сауаттылығы жоқ оқушылар өз құрдастарынан кейбір мынадай интеллектуалдық даму көрсеткіштері: кеңістікте денелерді кескіндей білу; жалпылама символдарды, белгілік кескіндерді пайдалана білу; креативтік ойлану қабілеті бойынша қалып қоятынын көрсетті [ 7, 8 ].

Графикалық бейнелеуді меңгеру адамға зерттеу және жобалау жұмыстарында визуалдық ақпаратты қолдана білуге, оны түрлендірудің негізгі құралы болады. Сонымен қатар олар коммуникацияның және ақпаратты берудің негізгі құралы бола алады. Уақыт ағымында кеңістікте болып жатқан барлық объектілер, процестер және құбылыстар тек бақыланып қана қоймай, сонымен қатар олар түсірілген графикалық кескіндерін (схемаларын, сызуларын, графикаларын, диаграммаларын, бейнелік кескіндерін) терең талдау арқылы зерделенеді. Адамдардың практикалық кәсіптік қызметтерінде графикалық (визуалды) ақпаратты сақтауға, түрлендіруге, оларды өңдеуге және тасымалдауға қойылатын талаптар сапалы өзгерістерге ұшырауда. Соған байланысты функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Жылдан-жылға бейнелеуді аспаптық (қолмен) тұрғызу азайып, бұл мақсатта компьютерлік графика құралдарын қолдану артып келеді.

Графикалық модельдеудің, бейнелеуді түрлендірудің негізгі әдістерімен танысу адамдардың барлық саладағы қызметтерінде: оқуда, ғылымда, техникада және өнерде аса қажет. Ғылымның болжауынша, жақын арада өңделетін ақпараттың 80 - 90% графикалық түрде берілетін болады. Біртіндеп технологиялық қоғамның ақпараттық қоғамға өтуі оқушылардың графикалық біліміне және оларды жаңа ақпараттық технологиялар құралдарында қолдана білулеріне жаңа талаптар қояды.

Графикалық бейнелеуді мәдениеттің бір тілі (графикалық мәдениет), бейненің алғашқы функциясын ойлану құралы деп түсіну, екіншіден ақпаратты белгілеу және түрлендіру құралы ретінде оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру қажет.

12 жылдыққа көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін вариативтік сағаттар есебінен мектепте жаңа «графика және жобалау» пәнін оқыту қарастырылды, ол оқушылардың графикалық білімінің жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. (қосымша ).

Функционалдық графикалық сауаттылық тұрғысынан қарағанда графикалық бастауыш сауаттылық деп графикалық бейнелердің әртүрін тұрғыза білу және оларды түсіне білу қабілетін айтады.

Халықаралық зерттеу көрсеткендей [7] оқушылардың жетістіктерінің математикадан және жаратылыстану пәндерінен жоғары болу себептерінің бірі олардың зерттеу және жобалау жұмыстарында функционалдық графикалық сауаттылығының қалыптасқандығы болып табылады.

Функционалдық сауаттылық немесе құзыреттілік деп көп жағдайларда теориялық білім мен қоғамдық өмірдің әр саласындағы (экономика, технология, саясат, мәдениет) практикалық тәжірибені тиімді үйлестіру арқылы білім алушылардың әлеуметтік өмірдегі мәселелерді нормативтік тұрғыда талдау, шешу қабілетін айтады. [10, 11] Функционалдық сауаттылық терминімен қатар жоғары функционалдық сауаттылық термині де қолданылады. Оған функционалдық талаптардан жоғары білім көлемінің, интеллектуалдық әлеуеттің, рухани әлемнің дамуы жатады.

Шығармашылық сауаттылық деп жаңаша іс-қимылға, жаңаны жасауға іскерлік танытуды, әлеуметтік тәжірибені өз тәжірибесімен толықтыра білуді айтады. Шығармашылық сауаттылықтың да бірнеше деңгейі бар. Олардың негізгілері: а) қоғамдық тәжірибедегі жаңашылдыққа қабілеттілік; б) жаңа сапалы білім ойлап табу қабілеттілігі.

Олардан басқа метасауаттылық деген түсінік қолданылады. Бұл түсінік шығармашылық әлеуеттің оқытудан, өзіндік білімнен және басқа да білім алудың нысандарынан да жоғары даму деңгейін көрсетеді. Ол көбінесе туа біткен қасиеттерге, интуицияға, тану объектісіне эмоционалдық көзқарасқа байланысты материалдық-рухани өндіріс салаларында зерттеу процесіне ізденісті тиімді жүргізуге мүмкіндік тудырады. Қабілеттілік деп жиі өзіндік білім алу, теориялық білімді пайдалана отырып, ойланып іздену процесін құру ептілігін айтады.

Шығармашылық сауаттылық деген түсінік белгілі жүйелерді белсене қолдана отырып, жаңашыл қадамдарды жасау қабілетін анықтайды. Алайда шығармашылық (жаңашылдық) іс-қимылға қабілет жалпы және функционалдық сауаттылық қалыптасқан жағдайда ғана іске асады. Ол сауаттылықтар жобалау-зерттеу іс-қимылы негізінде ғана қалыптасады.

Сонымен, 12-жылдық мектеп аясында оқушылардың құзыреттілігі олардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жалпы және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға негізделеді.


^ 1.3 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері


Елімізде функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған реформа жүргізілуде. Оның негізі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары болып табылады. Осы жоспарда көрсетілген тапсырмаларға сәйкес Қазақстан оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың барлық факторлары ескеріліп, тетіктері ұсынылатын болады.

Ұлттық жоспар алған білімді практика жүзінде қолданып қана қоймай, сонымен қатар орта білім парадигмасын тұтас өзгертуді көздейді. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты арттырудың негізгі төрт механизмі қарастырылған. Оның біріншісі – оқытудың мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту.

Соған байланысты оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рольдерін дамытуға және функционалдық құзыреттілікке бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі енгізу жұмыстары басталды. Соның негізінде оқытудың 12-жылдық моделінің әдіснамасы мен мазмұны қалыптасуда.

Екінші тетік – оқытудың нәтижелерін бағалаудың жүйесін жаңғырту. Функционалдық сауаттылықтың дамуы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға жаңа критерийлер: «білім – түсінік – қолдану – жүйелеу және жалпылау» арқылы қол жеткізуді көздейді. Мұндай жүйені енгізу әлемдік тәжірибелерді талдауды талап етеді. Мысалы, бүгінде Қазақстанда неліктен «5», «4» немесе «3» бағаларын қою керек екендігі туралы нақты анықтама жоқ. Бағалаудың критериалдық жүйесі мұндай әр деңгей үшін нақты анықтама беретін болады. Сондықтан барлық мектептерге арналып пәндер бойынша әртүрлі деңгейлі бақылау тапсырмалары жасалуы керек.

Үшінші тетік балалардың білімдерінің қалыптасуына, тәрбиесіне ата-аналардың белсенді араласуын талап етеді. Ол үшін ата-аналарға арнап семинарлар, тренингтер, жаңа әдіснамалар жасау қажет. Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғамның басқа да секторлары қатысады. Нәтижесінде білім беру мен қоғамның арасында жаңа байланыс жүйесі жасалатын болады

Төртінші тетік қосымша білім беруді дамыту қажеттігіне арналады. Жаңа технологиялар мен инновациялық нысандар: интерактивті балабақша паркі, технопарктер, музейлер, ғылыми үйірмелер және т.б. іске қосылады. Аталғандардың барлығы тұлғаның кәсіптік өзіндік дамуына және оқушылардың шығармашылық жұмысқа деген қажеттіліктің туындауына ықпал етеді.

Ұлттық жоспарды жүзеге асыру оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізін қалайтын болады. Соның арқасында әлемдік талаптарға сәйкес орта мектептің жаңа моделі қалыптасады.

Оқытудың аса маңызды бағыттарының бірі оқытушылардың жеке бастарының әртүрлі жұмыстарды, оның ішінде зерттеу және жобалық жұмыстарды жүргізе білуін, сонымен қатар оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған қабілеттерін дамыту болып табылады. Функционалдық сауаттылықты арттыру жаңа критерийлер: «білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жалпылау» бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жүйесіне негізделеді. Сонымен қатар, әр деңгей бойынша бағалаудың жаңа критериалдық жүйесін анықтау қажет болады.

2 Жобалау қызметі негізінде оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту жолдары


^ 2.1 Жобалау және зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидалары


Қазіргі кезде білімнің жаңа парадигмасына байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «зерттеу мәдениетін» меңгерудің маңызы зор.

Ғылыми әдебиетте «зерттеу мәдениетін» түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар.

Зерттеу мәдениеті деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыретті және теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады [12]. Зерттеу мәдениетінің жалпы құрылымында үш инварианттық: когнитивтік-бағалау, операциялық-әрекеттік және бағалық-мотивациялық компонент бар. Оқушылардың зерттеу мәдениеті негізінде жоғары сыныптарда қалыптасады [13]. Осы анықтамаға сүйене отырып, оны жобалау іс-әрекеті мәдениетіне бейімдеу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті мынадай негізгі критерийлермен сипатталатынын байқауға болады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, зерттеуге ақпараттық және технологиялық дайындық, шығармашылық белсенділік. Аталған критерийлер оқушылардың жобалау іс-әрекетінің табыстылығын анықтауға бағытталған.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет.

^ Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті — шешімі алдын-ала белгісіз (табиғаттың заңдарын көрсету тәжіріибесінен өзге) шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қоя білу, осы проблематиканы шешуге байланысты теорияны зерделеу, зерттеу әдісін таңдай ала білу және оны өз мақсатында қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны талдау және жинақтау, өзіндік қорытынды) болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады.

Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті – оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру, жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады.

^ Жобалау-зерттеу іс-әрекеті – жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады.

^ Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқулық зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындаңы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту, субъективтік жаңа білімге (әр оқушыға маңызды да жаңа болып табылатын, өзіндік іс-әрекеттермен жинақталған білім) байланысты білім процесіндегі оқушылардың тұлғалық позициясын жандандыру.

Сондықтан зерттеу іс-әрекетінің негізінде білім беру процесін ұйымдастыруда бірінші орынға зерттеуді жобалау мәселесі шығады. Оқушылардың зерттеу жұмысын жобалаудың негізіне соңғы жүздеген жылдарда қалыптасқан зерттеудің моделі мен әдіснамасы алынады. Бұл модельде кез келген зерттеуге тән бірнеше қалыптасқан кезеңдер бар. Алайда оқушылардың зерттеу жұмыстары оқулық зерттеу жұмыстарына ғана тән, ғылыми қоғам дайындаған дәстүрлер негізінде жүргізіледі және дамиды.

^ Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы. Қалыптасқан оқу процесінде стандарттық позициялық схема «мұғалім — оқушы» жүзеге асырылады. Мұғалім білім береді, оқушы білім алады, ол процесс қалыптасқан дәстүрлі сынып-сабақ тәсімі түрінде өткізіледі. Зерттеу іс-әрекетін дамыту барысында аталған тәсімде қарама-қайшылықтар туады: сынып тақтасында көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын тәсімдермен түсіндіруге жатпайды, нақты жағдайларға байланысты өзіндік талдауды қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсінудегі білім саласындағы объект-субъектілік парадигманың эволюциялық өзгеруіне, біртіндеп «әріптес-әріптес» бірлестігінің туындауына әкеліп тірейді. Мұғалім «жетекші-кіші жолдас» жұбы тәсімі бойынша практикалық әрекеттегі дағдыларды оқушыларда қалыптастырады. Мұндай ұстаз бен шәкірт аралығындағы қатынас жетекшінің жоғары беделі арқылы жүзеге асырылады.


^ 2.2 Қазіргі кездегі оқушылардың зерттеу іс-әрекетін түсіну


Кейбір ТМД елдерінде оқушылардың зерттеу іс-әрекетінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрі бар. Мысалы, бір кездерде жасөспірімдердің ғылыми-техникалық қоғамдары, кіші ғылым академиялары жұмыс істеген болатын. Бұл іс-әрекеттердің негізгі мақсаттары мектеп бітірушілерін жоғары оқу орындарына түсуге және болашақта ғылыми-зерттеу институттарына жас кадрларды даярлау болып табылатын. Қазіргі жағдайда балалардың оқу жүктемесін азайту мәселесі өзекті болып тұрғанда «оқушылардың зерттеу іс-әрекеті» деген терминнің мағынасы аздап өзгеріске ұшырады. Онда кәсіптік бағдарлау компоненті, зерттеу жұмысының жаңалық факторлары азайып, білім беру сапасын арттыру аспабы ретінде ғылыми іс-әрекет түсінігіне байланысты білім беру мазмұнының маңызы артты.

^ Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы. Зерттеу іс-әрекетінің негізгі нәтижесі зерттеу рәсімінің негізінде әртүрлі шындықты анықтайтын интеллектуалдық өнім болып табылады. Зерттеудің негізгі жетістігі - шындықты анықтау екенін баса көрсету қажет. Конкурстар мен конференцияларда практикалық мәні бар талаптар, зерттеу нәтижесін практикалық жағдайда қолдану мүмкіндігі, зерттеудің әлеуметтік мәні (мысалы табиғатты қорғаудың мәні) ғана айтылады. Мұндай іс-әрекет (әрине, өзіндік мәні бар) зерттеу іс-әрекетінің құралымен әлеуметтік-практикалық атқарымдарды іске асыруды көздейді.

^ Зерттеу мәселелерін іске асырудың ерекшеліктері. Зерттеу тақырыбына жастардың жасына, психологиясына байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Жасөспірімдердің білім деңгейінің әлі де жеткіліксіздігіне, көзқарастың толық қалыптаспағанына, өзіндік талдау деңгейлерінің толық дамымауына байланысты оларға зерттеу саласында көп тапсырма беру олардың жалпы білім деңгейіне, дамуына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан ғылымның кейбір мәселелерін зерттеуді мектептерде жүргізу тиімді болмауы да мүмкін. Мұндай ғылыми мәселелер оқушылардың жобалау, зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы талаптарын қанағаттандыруы қажет.

^ Күрделігі бойынша мәселелерді жіктеу. Мұндай мәселелерге қойылатын талаптарға эксперименттік материалдардың көлемінің, математикалық аппараттардың, пәнаралық талдаудың шектеулігі жатады. Эксперименттік деректерді талдау күрделігі бойынша мәселелер практикалық, зерттеулік және ғылыми болып бөлінеді.

^ Практикалық мәселелер нақты құбылысты суреттеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда нақты параметрдің (мысалы, температураның) өзгеруі, соған байланысты басқа параметрдің (мысалы көлемнің) өзгеруі зерттеледі. Егер, нәтиже тұрақты болса, онда талдауды қажет етпейді.

^ Зерттеу мәселелері білім беру ұйымдарында қолданылатын мәселелердің жиынтығын анықтайды. Оларда зерттелетін шама бірнеше қиын емес факторлардан тұрады (мысалы, жердің ластануының зауыт құбырына дейінгі ара қашықтыққа, метеожағдайға, желдің бағытына тәуелділігі). Факторлардың зерттеу нысанына әсері оқушылардың шамасы келетін талдауының жақсы мысалы бола алады.

Ғылыми мәселелерде зерттеу шамаларына әсер ететін факторлар көп және күрделі болады. Мұндай мәселелерді талдау кең білімді және ғылыми интуицияны қажет етеді, оларды білім процесінде қолдану аса қиындықты тудырады, сондықтан тиімді болмауы мүмкін.

^ Зерттеу нәтижесін көрсете білу. Қазіргі кезеңде зерттеу нәтижесін көрсете білудің маңызы барлық жұмыстар үшін аса зор. Зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетудің бірнеше қалыпты көрсеткіштері бар: тезистер, ғылыми мақала, ауызша баяндама, диссертация, монография, мақала. Осы әр көрсеткіштің тілі, көлемі, құрылымы анықталған. Нәтижелерді көрсетуде жетекші мен оқушы алдын ала қай жанрда жұмыс істейтінін анықтап алулары керек, содан кейін сол жанрдың талаптарына сәйкес жұмыс істеулері тиіс. Қазіргі кездегі жастар конференцияларында қолданылатын жанрлар: тезистер, мақалалар, баяндамалар. Жанрлардың бұл түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелелері ғана емес, сонымен қатар рефераттар немесе сипаттау жұмыстары да берілуі мүмкін.

^ Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі. Конференциялар мен конкурстарға берілген жұмыстарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

- проблемалық-реферативтік — бірнеше әдебиет көздеріне негізделіп жазылған, әр көздердің деректерін салыстырып, қойылған мәселе бойынша өз көзқарасын қалыптастыратын шығармашылық жұмыстар;

- эксперименттік — ғылымда сипатталған және белгілі нәтижесі бар шығармашылық жұмыс. Көбінесе суреттеу түрінде беріледі және нәтиженің ерекшеліктеріне өзіндік түсініктеме бере алатын шығармашылық жұмыстар;

- табиғи және суреттемелік — белгілі бір құбылысты бақылауға және сапалы сипаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстар. Ғылыми жаңалықтың элементтері болуы да, болмауы да мүмкін. Айырмашылық ерекшелігі зерттеудің әдістемесінің болмауы мүмкін. Табиғи жұмыстардың бірі ретінде қоғамдық-экологиялық бағыттағы жұмыстарды атауға болады. Соңғы кезде «экология» терминінің тағы бір лексикалық мағынасы пайда болды: қоршаған ортаның антропогендік ластануына қарсы қозғалыс экологиялық деп айтылатын болды. Бұл бағытта жасалған зерттеу жұмыстары, көбінесе, оларда ғылыми әдістің жоқтығын көрсетеді.

- зерттеулік — ғылыми тұрғыдан қарағанда нақты әдістемелік негізде жасалған және осы әдістеме бойынша алынған эксперименталдық материалдар бар және осы материалдар негізінде зерттеу құбылысы бойынша талдау және қорытынды жасалған шығармашылық жұмыстар. Мұндай жұмыстардың ерекшіліктері – зерттеу бойынша анықталатын нәтижелердің алдын-ала белгісіздігі.

^ Жалпы білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырып оқыту – жалпы және қосымша білімнің интеграцияланған бағдарламалар шеңберінде жүргізілетін зерттеу іс-әрекеттері болып табылады. Бұл жағдайда зерттеулік іс-әрекет типтік оқу жоспарына кірген курстар (инварианттық компонент), мектеп компонентіндегі курстар; қосымша білімдегі курстар, теориялық және практикалық даярлық жүйесі, каникулярлық уақытта сыртқа шығатын ісшаралар (экскурсиялар, экспедициялар) кезіндегі өзіндік зерттеу жұмыстары негізінде жасалады. Зерттеулік іс-әрекеттер технологиясының негізінде бейіндік мектеп моделі жалпы мектеп немесе қосымша білім ұйымы мен жоғары оқу орындарының базасында іске асырылатын болады.

Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті қосымша білім технологиясына ұқсас болып табылады, себебі оның қосымша білімге тән екі белгісі бар:

- жұмыс қойылған мәселенің ерекшелігіне байланысты нақты білім алушының икемділігіне қарай жасалады;

- педагог пен оқушының жеке жұмыс түрі ретінде топтық және жеке сабақтар мен консультациялар, семинарлар мен конференциялар есепке алынады.

Мәскеу қаласында (РФ) оқушылардың зерттеу іс-әрекетін дамыту үшін жобалау-зерттеу мектептері салынуда. Мысалы, онда оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жүргізу дәстүрі және мәдениеті қалыптасқан білім беру ұйымдарының тобы (мектептер, балаларға қосымша білім беретін білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар жанындағы балалар ұжымдары және т.б.) қызмет істейді. Осы топқа кіретін әр ұйымның белгілі бір тақырыптармен, немесе әдістемемен, немесе зерттеу жұмысын жүргізу орнымен ерекшеленетін өзіндік сипаттары бар. Оларды жобалау-зерттеу мектептері деп атайды және олар әртүрлі салаға маманданған. Жобалау-зерттеу мектептері арасындағы тығыз байланыс инновациялық желі арқылы жүзе асырылады, ол арқылы білім ортасындағы оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің технологиялық моделі таратылады [14].

Білім беру процесіндегі әр қатысушы оқушылардың осы іс-әрекетін жоспарлауда және ұйымдастыруда өз жұмысын жақсы меңгеруі қажет.

Мұғалімнің :

- оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін жүргізуі көзделген курстың оқу-тақырыптық жоспарын жасай білуі;

- оқу жобалау немесе зерттеу жұмысына оқушыны даярлай білуі;

- белгілі оқу жобасын немесе зерттеу тақырыбын өз сыныбына, білім беру ұйымына және нақты жағдайға бейімдей алуы;

- оқу жобасын жасай немесе зерттеу тақырыбын ала білуі;

- оқу жобалау немесе зерттеуді орындау нәтижесінде педагогикалық мәселелердің орындалуын бағалай білуі;

- оқу жобалау мен зерттеуді іске асыра және білім іс-әрекетінің түрлерін қолдана білуі;

- жобалау-зерттеу жұмысының мазмұны бойынша консультация жүргізе білуі қажет.

Бұл мәселені қарастыруда жарияланым материалдары, әдістемелік және ақпараттық сайттар көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінде курстық және модульдік даярлықтан өтуі талап етіледі.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізудегі мұғалімдердің ролі аса зор. Бар білімді, ақпаратты білетін тұлғадан гөрі мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушыға, әртүрлі көздерден керекті білім мен ақпаратты таба білу бойынша консультантқа, әріптеске айналады. Оқу жобалау және зерттеу жұмыстары даусыз педагогиканы ұйымдастыруға, оқу процесін жалықтырғыш міндеттіліктен гөрі өнімді, шығармашылық жұмысқа айналдыруға мүмкіндік береді.

^ Оқушы көзімен қарағандағы оқу жобалау және зерттеу - өзінің шығармашылық әлеуетін толық ашу мүмкіндігіне ие болу деген сөз. Бұл іс-әрекет жеке және топта оқушылардың өзін көрсете білуіне, өз білімін қолдана білуіне, жария жағдайда қол жеткізілген нәтижені көрсете білуіне толық мүмкіндік береді. Ол жұмыс кей жағдайда оқушылардың өздері ойлап тапқан қызықты практикалық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталады,

^ Мұғалім тарапынан қарағанда оқу жобалау және зерттеу – оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті бойынша арнай білімі мен дағдыларын қалыптастыратын және дамытатын оқыту және тәрбиелеудің интегративтік дидактикалық құралы болып табылады. Ол мыналарға үйретуді:

- проблемалық мәселелерді (проблемалардан туындаған мәселелерді қоя білу);

- мақсатты тұжырымдау және оқушының мазмұнды іс-әрекетін жоспарлауды;

- өзін-өзі талдауды және рефлексияны;

- өз іс-әрекетінің нәтижесін және жұмыс барысын көрсетуді;

- арнайы дайындалған жобалаудың өнімін әртүрлі жағдайда көрсетуді;

- маңызды ақпараттты іздеу және жинауды, қажетті білімді меңгеруді;

- мектептегі білімді әртүрлі жағдайда, оның ішінде типтік емес жағдайда, практикалық тұрғыда қолдана білуді;

- жобалау өнімін дайындаудың керекті технологиясын таңдай білу, қолдана білуді;

- зерттеу жүргізуді (талдау, жинақтау, болжам ұсыну, нақтылау және жалпылау) көздейді.

Білімнің барлық деңгейлерінде бағытталған жүйелі жұмыс ретінде білім беру ұйымдарында оқушылардың өзіндік жобалау және зерттеу іс-әрекетін меңгеру іске асырылуы тиіс.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижесі [15] білімді меңгеру төрт сатылы екенін көрсетті: түсіну, жаттау, ереже бойынша білімді қолдану және шығармашылық есептерді шығару. Білімді меңгерудің аталған сатылары белгілі бір іс-әрекеттерде: тани білу, қайталап қолдану, типтік есептерді шешу және білімді жаңа жағдайда, типтік емес есептерді шеше білуде анықталады. Сондықтан білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу оқытудың нәтижесі ретінде қаралады. Егер оқу бағдарламалары білімді шығармашылық тұрғыда қолдануды ескермеген жағдайда, білім беру процесі аяқталмаған деп санауға болады. Бұл қорытындының дидактикалық маңызы зор.

Қолданыстағы оқу бағдарламаларын талдау олардың көбінде шығармашылық (жобалық) тапсырмалардың аз берілетінін, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындауда оқушылардың қиналатындарын көрсетті. Оның себептерінің бірі - оқушылардың алдыңғы оқылған пәндер бойынша да шығармашылық тәжірибесінің жоқтығы.

Қазіргі кезде мұғалімдер оқушыларға шығармашылық, жобалық тапсырмалар берудің маңызын жақсы түсінеді. Сондықтан оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқу процесінде жобалау-зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерінің элементтерін көптеп қолданудың маңызы өте зор. Бір айта кететін мәселе, осындай шығармашылық тапсырмалар берудің алдында оқуларға пропедевтикалық есептер беру тиімді, себебі мұндай есептерді шығару оқушыларда негізгі ережелердің есте қалуына ықпал етеді және оларды қолданып жоғары деңгейдегі шығармашылық, жобалау-зерттеу іс-әрекеттерін атқаруға мүмкіндік береді.


^ 2.3 Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру жүйесі


Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті мәдениетін қалыптастыру жүйесін оқу зерттеуі жұмысын тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін мазмұны, әдістемесі және түрлері ортақ педагогтар мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің нәтижесі деп қарастыруға болады. Оқушының өзі құрастырған тұлғалық білім моделін оқытудан ілімге қарай бағыттаудың маңызы зор [ 16, 17, 18 ].

Жобалау және зерттеу іс-әрекетін, білім жобаларын ұйымдастыруда типтік оқу жоспарының вариативтік компонентін тиімді пайдалану қажет. Осыған байланысты педагогтардың алдында мынадай, шешуін қажет ететін маңызды мәселелер тұр:

- білім беру, тәрбие, ғылыми қоғамның аспаптарын білім саласында қолдану мәселелерін шешу үшін оқушылардың зерттеу іс-әрекеті білім беру технологиясының бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс;

- оқушылардың шығармашылық зерттеу белсенділігін арттыруға жағдай жасау, білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін қалыптастыру механизмдерін жасау;

- білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетінің негізінде білімді, ептілікті, дағдыларды және құзыреттілікті қалыптастыру үшін негізгі және қосымша білімді интеграциялауға қол жеткізу.

Осы мақсаттарға жету үшін әртүрлі деңгейде: мектептен халықаралық деңгейге дейін жүргізілетін конференциялардың, олимпиадалардың, конкурстардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет.

Мектепте оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де, оларды дамытатын зерттеу ортасын қалыптастыру керек. Осы мақсатта мектептің нормативтік актілері білім алушылардың зерттеу іс-әрекетін дамытатын білім беру процесін жүзе асыруды көздеуі шарт. Олар ғылыми-зерттеу іс-әрекеті туралы ережелерді, мектептің ғылыми қоғамы, мектептің ғылыми-практикалық конференциясы, мектеп жобасы туралы ережелерді қамтиды.

Мұғалімдерді даярлау, оқу-зерттеу іс-әрекетін жүргізу жөнінде мұғалімдердің кәсіптік құзыретін жетілдіру үшін педагогтарға жобалау мен зерттеудің жетекшілері мен консультанттары ретінде қарап, әдістемелік ұсынымдар жасау керек. Ол үшін түрлі оқытатын семинарлар, курстар ұйымдастырылатын болады, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысуы көзделген.

Әдістемелік құралдар жобалау және ғылыми іс-әрекеттер жүргізетін оқушылар үшін де жасалуы қажет.

Оқу-тәрбие процесінде, білім оқу бағдарламаларында зерттеу бағытында жұмыстар жүргізілетіндігі ескерілетін болады. Осыған байланысты оқу процесіне вариативтік: математикалық пәндермен, химиямен, тарихпен, географиямен және өлкетанумен интеграцияланған жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделген курстар еңгізу маңызды орын алады.


^ 2.4 Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруда интернет-технологиялардың қолданылуы

Оқушылардың оқу-зерттеу мәдениетін қалыптастыру үшін әртүрлі жағдайда (интернетпен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты) педагогикалық практикада интернет-технологиялар қолданылады [17].

Интернет-технологиялар негізінде зерттеу мәдениетінің қалыптасуын бағалау үшін мынадай критерийлер ұсынылады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, оқу-зерттеу іс-әрекетіне технологиялық дайындық, білім алушылардың шығармашылық белсенділігі [19] .

Оқушылардың зерттеу мотивациясы мынадай көрсеткіштермен: тану қажеттілігінің қарқындылығымен, зерттеудің құндылығын түсіну және зерттеумен әуестенумен сипатталады.

Оқушылардың ойлауының ғылыми стилі олардың оқу-зерттеу мәдениетінің критерийі ретінде мынадай көрсеткіштерді қамтиды: өзіндік зерттеу іс-әрекетінің құрылымдық бөліктерін ой елегінен өткізу, ойлаудың ғылыми стилінің нормасы мен талаптарын орындау.

Зерттеуге технологиялық дайындық зерттеу проблемасының түсініктеме аппаратын білуді, ғылыми ілім әдістерін қолдану ептілігі мен дағдыларының болуын, оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыру ережелерін сақтауды көздейді.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігі идеялар мен олардың арасындағы байланысты түрлендірудегі тәуелсіздік деңгейімен, ғылымның тарихы және олардың проблемаларымен таныстық деңгейімен анықталады.

Оқу-зерттеу мәдениетін қалыптастыру бойынша қойылған мәселелерге сәйкес оқу процесінде және оқушылардың ғылыми қоғамының қызметінде интернет-технологияларды қолданудың негізгі бағыттары белгіленді. Оларға: интернет желісінде ғылыми жұмыстар үшін материалдарды іздестіру; конференциялар, конкурстар және гранттар туралы ақпараттар алу; конференцияларға сұраным, баяндамалар жіберу; мектептің сайтында зерттеу жұмысының нәтижесін жариялау; оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын ұйымдармен байланыс жасау; басқа қалалардағы, елдердегі әріптестермен хат жазысу; үй тапсырмасын орындау үшін ізденіс ұйымдастыру; оқу жылы барысында оқушылардың таңдаған проблемасы бойынша жүйелі түрде рефераттар жазу жатады.

Бұл мақсат үшін мыналар: зерттеу жұмысын жасауға қатысты сайттар тізімдері жасалады; үй жұмыстарын орындау үшін ақпараттарды іздеу ұйымдастырылады; іздеу тапсырмаларын орындау бойынша оқушылардың пікірталастық тобы құрылады; Интернет желісінде коммуникация әдістерін оқытатын әдістемелік ұсынымдар жасалады; оқушылар үшін конкурстар туралы ақпарат жиналады. Педагогтерге көмек көрсету, оқу-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру үшін арнайы сайттар жасалуы мүмкін.

Интернет-технологияларды педагогикалық практикада, оның ішінде жалпы орта білімде, қолдану оқу процесі мен оқушылардың ғылыми қоғамын тиімді байланыстыруға, оқушылардың оқу-зерттеу мәдениетінің көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу мәселелерін шешу үшін Интернет желісін қолдану арқылы оқушылар гипермәтінмен жұмыс әдістемесін, бағдарламалық өнімдерді қолдану арқылы коммуникативтік дағдыларды меңгереді. Оқушылардың ғылыми қоғамдары іс-әрекеттерінің барысында 12 жылдық білім жағдайында бейінді сынып оқушылары қашықтан жүргізілетін (дистанциялық) олимпиадаларға, конкурстарға, гранттық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Интернеттегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін зерделенетін оқу тақырыбына байланысты проблемалық сұрақтарды тіркеу үшін картотекалар қолдану тиімді болады. Картотекалар арқылы керек ақпаратты Интернеттен іздеу жеңілдік туғызады.

Интернет желісінде ақпараттық технологияларды зерттеу жұмыстарында кең қолдану орта мектеп оқушыларының оқу-зерттеу мәдениетін қалыптастырудың тағы бір критерийі болып табылады.
  1   2   3



Похожие:

Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconАудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЖарма ауданының білім бөлімінің құрылымы
Бастауыш, негізгі және орта білім беру және 12 жылдық білімге көшу қызметі Г. Садыкова
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында icon• компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту
Курстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЗерттеу мақсаты
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЗерттеу жүмысының өзектілігі
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында icon12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconБілім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны
Тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан білім беру ұйымы белгілеген сомада білім алушы оқуға қабылданғанға...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconҚұттықтаймыз!
Мектепке деінгі білім беру ұйымдары басшыларының секциясында «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді дамыту орталығы» МҚкк-ның...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconЖалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына
Осы санитариялық ереже қызметі білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бағдарламасын іске асырумен байланысты меншік нысанына қарамастан...
Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында iconТереңдетіп оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты
Бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, жалпы орта білім беру ғылыми –зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы